М. М. Газизова
Абай атындағы жалпы орта мектебі
«ТУҒАН ӨЛКЕ - МӘДЕНИ ЕСКЕРКІШТЕРІ СЫР ШЕРТЕДІ»
І.Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласында
еліміз жаңа тарихи кееңге аяқ басқаны және Қазақстанның үшінші жаңғыру
басталғанын ариялай отыра,жаңғырудың маңызды айырықша екі процесінің
жүріп жатқанын бірақта адамзат баласының ең маңызды жаңғыруына өтуі үшін
алдымен рухани жаңғырудың маңыздылығына тоқталады.
2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстан аумағындағы
тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандарды жаңғырттық.
2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстан аумағындағы
тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандарды жаңғырттық.
137
Осы мақалада рухани жаңғыру аясында ұсынылған жобалардың ішіндегі
«Туған жер»бағдарламасының мәні патриотизмнің шынайы үлгісі орта мектепте
туған жердің тарихын оқытудан көрініс тапса игі деп атап өткендей,әрбір жас
ұрпақ өінің туған жерінің қыр-сырын, тынысын, жешіресін біліп өссе, сонда ғана
ұлттық рухани болмысы қалыптасқан құндылы қасиеті бойына сіңген патриотты
ұрпақ тәрбиеленіп өсер еді.
Сондықтан қазіргі таңда Елбасымыздың «Туған жер» бағдарламасын жүзеге
асыруға ат салу мақсатында мектепте «Өлкетану» оқу бағдарламасы бойынша 6-
7 сыныптарында «Туған өлке тарихы» факультативтік сабағының жоспарында
«Туған өлке -мәдени ескеркіштері сыр шертеді» тақырыбында ауданымыздағы
мәдени-тарихи ескерткіштер кешені туралы деректермен оқушыларды
таныстырып қоймай,оларды өара сабақтастыра біртұтас ұлттық кешендер
ретінде мәдени мұраның озық туындыларының үлгісіндей бағалап,сақтауға
тәрбиелеуге баулу.
Осы мақсатта ауданымыздағы өзіндік тарихи шежіресімен орны бөлек
тарихи –мәдени ескерткіштер туралы деректерге тоқталдық.
Елбасымыздың рухани жаңғыру бағдарламасында айтылғандай туған жердің
әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді.Әрбір өлкенің
халына суықта пана,ыстықта сая болған,есімдері ел есінде сақталған біртуар
перзенттері бар.Осының бәрін жас ұрпақ біліп өтуге тиіс,-деп айтқандай
өлкеміздің киелі топырағында небір асыл тұлғалар дүниеге келгені белгілі сол
тұлғаларға арнайы ескеркіштер тұрғызылған.
Тәуелсіздік жылдарында еліне елеулі азаматтарды еске алып, олардың
бастарына белгі қойылды. Ия еліміз қылышынан қан тамған замандарды
өткерді, сол заманда азулымен айқасып,туған жеріміздің рухани-экономикалық
дамуына үлес қосқан тұлғаларымыздың ерен еңбектері мәдениетіміздің мол
қазынасы іспеттес ұрпағымыз санасында мәңгі сақталып, жалғасын
тауып,жасарып отырады деген сеніммен үлгі етуде өлке тарихымен оқушыларды
сусындату барысында «Өлкетану» сабақ бағдарламасының маңызы зор деп
ойлаймын.
ІІ.Құрманғазы ауданының тарихи- мәдени ескерткіштері бөлімі.
Кеңес дәуірінде 1918жылы 12 сәуірінде «Республика ескерткіштері» туралы
қарар қабылданған еді. Осы құжаттың негізінде тарихи және көркемдік
құндылықтан «ада» ескеркіштерден дереу арылып,ең бастысы ескерткіштердің
әлеуметтік –тарихи маңызы мен көркемдік сапасы болу керектігі айтылды.
Ал,бүгінде, тәуелсідік таңы атқан жылдарында ұлт тарихына бей- жай қарай
алмайтын,болашағымы үшін аса маңызды іс- мәдени мұра бағдарламасы мен
«Туған жер» бағдарламалары аясында көптеген жұмыстар атқарылып келеді.
Құрманғазы өңірі-ежелден ел қонысы болған қасиетті,киелі мекен.
Құдіретті күйші Құрманғазы бабамыздың кіндік қаны тамған, Махамбет
батырдың табаны тиген,Жұмекеннің өлең жырларына арқау болған киелі де
138
шалқар өлке Құрманғазы ауданы да рухани мұра, тарихи-мәдени
ескерткіштерден кенде емес.Ауданның тарихында ел үшін күрескен, азаматтық
істермен халық жадында қалған тұлғаларды, тарихи-оқиғаларды бейнелейтін
ескерткіштер жетерлік.
2012 жылғы есеп бойынша ауданымызда барлығы 80 тарих және мәдениет
ескерткіштері бар.Олардың 42-і мемлекеттік тізімде, 38-і алдын-ала есепке алу
тізімінде тіркелген.
Құрманғазы Сағырбайұлына арналған бюсті. Сәулетшісі О.Н. Лавринов.
Уақыты: 1967 . Мекен-жайы:Жыланды селосы, Құрманғазы көшесі. Түрі: Қала
құрылысы және сәулет ескерткіші. Ескерткіш Астрахань шеберханасынан ақ
тастан қашалған. Мүсіннің биіктігі 120 см, кірпіштен қаланған тұғырының
биіктігі 145 см, ені 120 см.
Құрманғазы Сағырбайұлына арналған белгі.Уақыты: 1974жж. Мекен-
жайы: Қошалақ ауылынан батысқа қарай 45 км. Түрі: Қала құрылысы әне сәулет
ескерткіші. Ескерткіш Құрманғазы ауданындағы «Ақжонас» мекенінде,
Құрманғазы Сағырбайұлының туған жеріне, орнатылған. Биіктігі 5 метр болатын
ескерткіш темірден жасалынған. Ескерткіш белгі биік төбеде орналастырылып
айналасы, темір шарбақпен қоршалған.Тарих және мәдениет ескерткіштерінің
алдын-ала есепке алу тізіміне алынған.
Құрманғазы Сағырбайұлының бюсті.Уақыты: 1993 ж . Мекен-жайы: Ганюшкин
селосы, А.Құнанбаев көшесі. Түрі: Қала құрылысы және сәулет ескерткіші.Мүсін
гипстен соғылған. Биіктігі: 3метр. Түғырыныың биіктігі 2 метр, ені 93 см,
мүсіннің биіктігі 1,5 метр. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің алдын-ала
есепке алу тізіміне алынған.
Ақын Жамбыл Жабаевтың бюсті.Уақыты 1967ж.Мекен-жайы: Сафон
селосы,саябақта.Түрі: қала ұрылысы және сәулет ескерткіші.Жалпы биіктігі 2
метр,ені 1,25м, гипстен жасалынған мүсіннің биіктігі 90см. Тарих және мәдениет
ескерткіштерінің алдын-ала есепке алу тізіміне алынған.
Мақаш кесенесін тұрғызған атақты сәулетші, маңғыстаулық Мақсот
Нұрқабаев-халыққа өрнекті өнерімен танылған қас шебердің бірі.Мақаш
Шолтырұлы 1902 жылы 74 жасында дүние салды. Оның 42 жыл ел басқарғанын,
халық үшін жасаған игілікті істерін халық шежіресі күні кешегедей баяндайды.
Ақын Нәімеденов Жұмекен Сабырұлы туған жердегі белгі.Уақыты 1985ж.
Мекен-жайы: Қошалақ ауылынан шығысқа қарай 18 км. Түрі: қала ұрылысы
және сәулет ескерткіші. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің алдын-ала есепке
алу тізіміне алынған.
Азамат соғысына қатысқандарға арналған обелиск.Уақыты: 1987 . Мекен-жайы:
Теңіз селосы, клуб алдында. Қала құрылысы және сәулет ескерткіші. Обелиск
темірден жасалынған. Жоғарғы жағында жұлдыз орналасқан. Биіктігі 3 метр,
темірден асалған. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің алдын-ала есепке алу
тізіміне алынған.
139
Кеңес Одағының батыры Александр Никифоравич Афанасьевтің бюсті.
Уақыты: 1966 ж. Мекен-жайы: Ганюшкин селосы, Ломоносов атындағы мектеп
алды. Түрі: Қала құрылысы және сәулет ескерткіші.Ескерткіштің жалпы
биіктігі:3,10 метр болатын кірпіштен қаланған тұғырдың биіктігі 2,40 м, гипстен
соғылған мүсіннің биіктігі 70см.Материалы бетон.
Еңбек ері Алипов Ғизат Мұқашұлына арналған обелиск. Уақыты: 1986ж.
Мекен-айы: Мақаш селосы,саябақта. Түрі: Қала құрылысы және сәулет
ескерткіші.Ескерткіштің жалпы биіктігі 3,5 метр, кірпіштен қаланған.
Тұғырының биіктігі 70 см, ені 1,2м.
Түйін.
Елбасымыздың рухани жаңғыруға, руханиятқа, білім, ғылымға маңыз беруі
– үлкен көрегендік пен ұлттың алға ілгерлеуін жылдам қарқынмен жылжытатын
қозғаушы күш. Бұл – тәуелсіз еліміздің бақытты болашағы мен алаңсыз келешегі
үшін жасалып жатқан жұмыс. Өйткені, рухани байлықтың кемел болғаны бұл
жеке азаматтарымыз үшін де, әрбір жеке тұлғадан құралған қоғам, туған еліміз
үшін де өте маңызды үдеріс.
Туған жерге деген сүйіспеншілікті ата-бабамыз бесікте жатқан баладан
ересек балаға дейін санасна ұлттық-рухани дәстүрмен тәрбиелеп келген, міне
сондықтан қазіргі дамыған технология заманда ұлттық болмыстын
жоғалып кетпеуіне жасалып жатырған Елбасының бағдарламасы жас ұрпақты
тәрбиелеуде маңызы зор. Өз жерінің тарихын, шежіресін біліп өскен баланың
патриоттық сана сезімі жоғары құндылықтарға толы болады деп ойлаймын.
Do'stlaringiz bilan baham: |