144
Баласағұн, Тараз, Сайрам, Созақ, Түркістан, Сығанақ, Сауран, Жаңакент,
Қозыбасы, Ақмешіт, Сарырқадағы Ұлытау мен Ордатау, Көкшетау мен Алаштың
аттары аталғанда ет жүрегіміз еріксіз елжіреп қоя береді» деген жолдары
оралады.
Ол – рас, Сарайшық – талай туды төбесіне қадап, тағдыр мен тарихты ішке
бүккен шежірелі қала. Ол – бір кездегі сән-салтанаты асқан Алтын Орданың Кіші
Сарайы, діни астанасы, тоғыз жолдың торабында орналасқан сауда қаласы. Бірақ
ол жайлы сыр мен жыр әлі толық айтыла қойған жоқ. Айтылса да, қазақ
топырағында Тәуелсіздіктің таңы атып, көгімізде көк байрақ желбірегеннен кейін
ғана тиегі ағытылып, көбесі сөгілді. [5]
Алтын Орданың күйреуіне қарай қала әлсірегенімен артынша Ноғай
ордасының астанасы атанып, қайтадан дәуірледі. Қасымхан тұсында Қазақ
хандығының алғашқы астанасы болды. [2.189 б] 1580
жылы Дон, Еділ
казактарының Жайық бойына дендеп кіріп, тағылық шапқыншылық жасау
нәтижесінде Сарайшық біржолата қирады. Кейін гүлденген кала орнына Ресей
патшалығы отаршылдық бекініс салды. Ол осы мақсатта Қазан төңкерісіне дейін
сақталып келді. Көне Сарайшық орнына соңғы ғасырда археологиялық қазба
жүмыстары жүргізіле бастады. Солардың ішіндегі ең нәтижелісі 1937, 1950 жылы
Ә.Марғұлан жүргізген зерттеу. Кезінде қалада үлкен қыш күйдіру, темір қорыту
цехтары мен ұстахана, ақша жасау шеберханалары болған. Тұрғындар егін, балық
шаруашылығымен айналысқан. Жаз кездерінде
Алтын Орда хандары осы
Сарайшықты саялаған. Үстірт пен Жайық бойындағы тоғайда саят құрған.
Қазақ хандығына әкесі Керей ханмен бірге негіз қалаған Бұрындық хан мен
Қазақ хандығын барынша кеңейтіп, нығайтқан хан Қасым неліктен Сарайшықты
алғашқы Қазақ мемлекетінің астанасы етті? Бұл сауалға жауапты төмендегі
тұжырымдауларымыздан шығаруға болады:
Біріншіден, Сарайшық шаһарының жайқалған жұғымды жайылымдары мен
шәрбәттай дәмді, мөлдір сулы, өмірге қолайлы Жайық өзенінің бойына
орналасуы;
Екіншіден, еуразияның ең төте, сондықтан да ең тиімді байланыстырушы
шебіне ірге орнықтыруы;
Үшіншіден, теңіздей толқыған, сан ғасырлар бойы ұрпақ үшін, ел үшін, жер
үшін қиян-кескі арпалыспен күн кешкен көшпелілердің шаруашылық-тұрмыстық
мүдделеріне сай;
Төртіншіден, халықаралық мәнге, яғни, еуразиялық сауданың
дамуы тек
Қазақ халқына ғана емес, барша осы құрлықтарды мекендеушілердің
экономикалық мүдделіктеріне орай;
Бесіншіден, Сарайшық шаһары — Қазақ хандығына дейін-ақ, Алтын Орда
мен Маңғыт жұртының даңқты хандары мен билерінің, мәңгіге топырақ
бұйырып, жергілікті тайпалар мен рулардың имандылығы мен ата-баба аруағына
бас иер қасиетті орталығы болуы.
145
Міне, осындай Қазақ болмысы үшін аса мәнді Сарайшық қаласы Қазақ
хандығының — алғашқы астанасы болды — деген қорытынды жасауымызға
әбден болады. Өйткені, қандай мемлекет болмасын, қай дәуірде де өз басшылары
мен сыйлы тұлғаларына мәңгілік орынды астанасынан, яғни, мемлекеттің
орталығынан әзірлеген. Бұған дәлел ретінде, сол дәуірдегі тарихшылар пікірлерін
ескере отыра, кейіннен XVI ғасырдың аяғында Түркстанның Қазақ хандығының
астанасы болғанынан кейін, Есім ханнан бастап Қазақ хандары мен зиялы билері,
сұлтандарын Түркістанға, Ел ордаға жерлегендігін айтуымыз керек.
Көп жылғы ғалымдардың зерттеулері, қала орнына жүргізілген қазба
қорытындылары, әсіресе 1996-2000 жылдары Батыс Қазақстан археологиялық
экспедициясының Сарайшық қаласының орнына жүргізген зерттеулеріне сүйене,
көп жылдардан жинақталған жәдігерлерді толықтырып, 1999 жылы 3 қыркүйекте
Көне Сарайшық қаласының тарихын, жалпы ХІ-ХУІІ ғасырдағы қазақ халқының
тарихына арналған «Хан Ордалы Сарайшық» мұражай қорығы ашылды. Музей
Атырау қаласынан 50 км қашықтықта, Махамбет ауданында орналасқан. [1.23-24
б]
Сарайшық қаласы — ортағасырлық Қазақстан тарихында өзіндік ерекше
орны бар қалаға жатады. Сарайшық қаласының кезіндегі батыс пен шығысты
жалғастырған, әлемге атақты қала. Сарайшықтың кішігірім қала болмаған,
өзіндік ерекшелігімен тарихта аты қалып, талай жиханкездердің тамсана
қызыққан, әсем де сәулетті қала болған.
Біз өткенге құрметпен қарап, тарихи құндылықтарымызды көздің
қарашығындай сақтауға міндеттіміз. Себебі, бұл – ұлтымыздың өткені мен бүгіні,
баға жетпес қазынасы. Ұрпақ рухани байлық пен ұлттық жәдігерлерді танып-білу
арқылы өзіне сабақ алады, өмірлік бағыт-бағдар ұстанып, елінің жарқын
игіліктерін таниды. Ал, осындай өлкеміздегі киелі жерлердің тарихын , кейінгі
ұрпаққа жеткізу басты парызымыз.
Город Сарайшык занимает особое место
среди городов в истории
средневекового Казахстана. В свое время известный всему миру город соединял
запад и восток. Сарайшык сохранился в истории не как маленький городок, а как
своеобразный, со своими особенностями, город на который с завистью
заглядывались. Очень красивый и архитектурной город.
Заглядывая в
прошлое, мы как зеницу ока должны хранить исторические
ценности. Потому что, они прошлое и настоящее, его неисчерпаемое богатство.
Благодаря духовному наследию и национальному достоянию мы должны учиться
на этих примерах и верить в светлое будущее. Знать историю своего края и
донести их до следущего покаление наша общая забота.