Пайдаланған әдебиеттер:
1.
Мақаш Әкім кітаптары.[242]
2.
Атырау облысы тарих және мәдениет ескеркіштерінің жиынтығы//70,71,72,-
83 беттер
О. Қ. Тұмақ
Б. Бегалиев атындағы жалпы орта мектебі
Құрманғазы ауылы
ТУҒАН ЖЕРДЕГІ ТӨЛ ТАРИХТЫҢ ЕСКЕРТКІШІ
Мақсаты: Сарайшық қаласының ашық көрме мұражай екендігін ескере
отырып,Сарайшық қаласынан алған өз әсеріммен бөлісу.
Қазақ жері адамзат өркениетінің көне жәдігерлеріне өте бай.Біздің
халқымыздың мәдениетінің тамыры терең, көшпелі өмір салтын ұстанған, кейінгі
140
ұрпағына мол мұра қалдырған халық екендігі белгілі. Осындай бір де бірегей көне
ашық аспан астындағы мұражай деп тануға тұрарлық ескерткіштер алаңы –өз
өлкеміздің мақтанышына айналған, республикалық ескерткіштер санатына енетін
Сарайшық
қаласы.
Қазақ
хандығының
астаналарының
бірі,
өткен
бабаларымыздан қалған тарихи-мәдени мұра ретінде бұл кешенді сақтап, келер
ұрпаққа аманаттау қазіргі ұрпақтың міндеті. Зерттеуші ғалым-археологтар
Ә.Марғұлан, З.Самашев деректері бойынша Сарайшық қаласының ірге
көтергеніне мың жылдай уақыт өткендігін білемін. Сарайшық екінші
мыңжылдықтың басынан ХҮІ ғасырдың ақырына дейін орта ғасырдың барлық
жетістігін бойына жинаған,сол дәуірде өз мәрттігімен, имандылығымен, көркімен
танылған шаһар.[1]
Қазіргі Сарайшық өткен ғасыр ғұламаларынан бастау алып барлық зиялы
қауым өкілдерінің еңбектерінің нәтижесінде халқымыздың өткен тарихының
бұлағымен сусындатар археологиялық тұрғыда аспан астында жасалған музей
қала ашық мұражайға айналған.
Сарайшық киелі мекен. Сарайшық топырағында Алтын Орданың
хандары: Мәңгі Темір, Тоқтағу Жәнібек, Тәнібек,Бердібек, Маңғыт жұртынан:
Едіге, Ізмайл, Ораз бектер, Қазақ хандығын нығайтушы, айбарлы да жеңімпаз
ханымыз Қасым жерленген.Осы ашық мұражайдың әсем ғимараттарының бірі-
Сарайшықтан мәңгі орын алған тарихи тұлғаларға арналған Сегіз қырлы күмбез
сәулет ескерткіші маған ерекше әсер етті. Деректерден білгенімдей қала қазақ
даласындағы ең көне тарихи орын. Бұл жерде кезінде үш жүзге толықтай
мойындалған 12 әулие жерленген. Кезінде Сарайшықта жүзден аса хан билік
басында болып билік еткен. Сарайшық жерінде жеті ханның сүйегі мен бір
ханның басы жерленген екен.
Қалаға келушілер хандар жерленген қасиетті жер
күмбез астындағы алып бәйтерекке ақтығын байлап әруақтарға тағзым етеді екен.
Бұның биіктігі 17 метр, 8 қабырғалы. Қабырғалар арасына Сарайшықта
жерленген жеті ханға арналып құлпытастар қойылған. Бұл құлпытастарға, қара
мраморға жазылған хандардың аттары мен хандық құрған жылдары жазылған.
Бұл хандар:
1.Мөңке темір (1266-1282ж.ж)
2.Тоқтағу (Тоқты) (1291-1312ж.ж.)
3.Жәнібек (1343-1353 ж.ж.)
4.Әмір Оқас (14 -1447ж.ж)
5.Қасым Хан (1511-1518 ж.ж)
6. Ших Мамай (1549-1554 ж.ж)
7.Жүсіп Хан ( 1549-1554 ж.ж)
Ұрпақ үшін тарихтың үлкен-кішісі жоқ. Сарайшық ортағасырдың бірегей
куәсі. Тарих парақтарымен танысқаннан бері біз өлке тарихын оқып үйреніп
келеміз.Ұлттық тарихымыздың мақт
анышына айналған Сарайшық тарихы
ұлтымыздың айнасы, ғасырлар құпиясын өз бойына жинаған асыл көмбе десек
141
те артық емес. Қала туралы жиһангездердің, зерттеуші-ғалымдардың жазбалары
арқылы біз тереңде қалған тарихымыздың парақтарын ақтара аламыз.Өлкетану
дәрісінен білгеніміздей Сарайшық қаласы –Махамбет ауданында,
Атырау
қаласынан 50 километрдей жерде, Жайық өзенінің оң жағалауында орналасқан
.
Сарайшық туралы алғашқы жазба дерек қалдырған арабтың белгілі географ –
ғалымы, саяхатшысы Ибн-Батута. Ол өзінің саяхаттарының бірінде, 1334 жылы
«Үлкен Сарай» қаласынан шығып (Сарай-Берке-Алтын Орданың астанасы),
Азияға жасаған сапарында Сарайшық қаласында болған. Бұл жөніндеол, «Біз
Сарайшық қаласынан атжеккен арбамен он күн жол жүріп, Сарайжүк қаласына
жеттік. Бұл «Ұлысу деп аталатын» үлкен, терең, ағысы қатты өзеннің
жағасындағы гүлденген әсем қала екен және дүние жүзіндегі Бағдаттан кейінгі
екінші жүзбелі көпір осында екен»
[2].
Сарайшық қаласы Қазақстанның жалпыұлттық деңгейдегі қасиетті
орындары мен кешендерінің тізбесіне енген. Алыс-жақын шетелдер мен
республикамыздың әр өңірлерінен келген қонақтардың қызығушылығын
туғызып отырған өткеннің құнды мұрасы, көне қала. Қаланың іргесі ХІ ғасырда
қаланған екен. Қазақ хандығының негізін қалаған Жәнібек ханның ұлы Қасым
хан қаланы 1513 жылы астана деп жариялаған. 1580 жылы Дон, Еділ
казактарының шапқыншылығынан қала біржола қирап күлге айналған. Кейіннен
Ресей патшалығы отаршылдық бекіністер салдырған.
[2]
Сарайшық — біздің ата-бабаларымыз мекендеген өзіндік тарихы бар
қасиетті қала. Қалада кезінде 1 миллиондай тұрғындар тұрған X-XVI
ғасырлардағы әлемдегі ең сұлу қаланың бірі болған
. Қалада өз қолөнерлерімен
шетелдіктерді таң қалдырған зергерлер мен қышшылар жұмыс істеп,
су
құбырларының жүргізілгендігі қала мәдениетінің жан-жақты болғандығын
айқындаса керек.Сондықтан
Сарайшық шаһарының тағдырын – бүкіл қазақ
елінің тағдырымен тағдырлас салмақты тарихи көмбе деп тануға болады.
«Көне тарих парақтарын жинақтаған Сарайшық,
Өткен,кеткен деректерді білдірген де Сарайшық.
Ғасырлардың қойнауынан сырын шертер Сарайшық.
Туған жерде төл тарихтың туын тіккен Сарайшық»-деген менің
көкірегімнен шыққан дара жолдар туған өлкемде адамзатты қызықтыра
алатындай тарихи мекеннің болғандығына мақтаныш сезімнен туды. Мен туған
жерімде орта ғасырдан бері желісін үзбей сан ұрпақтың көз қуанышына
айналып, ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа аманаттаған ғасырлар куәсіне
айналған тарихи кешен ретінде танылып сақталып келе жатқан әлі де талай
ұрпаққа қызмет етер Сарайшықтай қалашықтың болғанын мақтаныш етемін.
Сарайшықтың керемет әдемі және өте жақсы дамыған қала болғандығын
жарыса жазған ортағасырлық саяхатшылар мен жиһангездердің берген бағалары
тарих парақтарынан өшпейтіні шындық.
142
Сарайшықтың киелі қасиетін арттыратын тағы бір жағдай-жиһангез Ибн-
Баттутаның Сарайшықта құрметпен еске алатыны ислам дінін уағыздаушы әулие
Сейіт ата туралы дерегі. Жергілікті үлкендердің айтуы бойынша әулиеге тәуап
етушілер арқылы да Сарайшықтың беделі артып,айшықтана түсері сөсіз.Өзім
танысқан барлық деректерден байқағанымдай, Сарайшық қаласы бүкіл
европалық мәдениет, экономика және өркениеттің далалық кіндігі болғандығы.
Тарихи ақиқаттығы сонда қала ортағасырда сауданың, өнердің, құрылыстың
орталығына айналғандығы.Ғаламтор деректеріне сүйенсем: қазба жұмыстары
кезінде 702 монета табылған, бұл Сарайшық тұрғындарының жеке валютасы
болғандығын растайды және де қала сауда қорғаны болған дегенге қосымша
дәлел. Қаланы жан –жақты білу мақсатында жүргізілген зерттеу жұмыстарының
нәтижесінде табылған жәдігерлердің сан алуандығы (керамикалық ескерткіштер,
Сарайшықта соқтырылған немесе айналысқа түскен ақшалар, әртүрлі құрылыс
және қолөнер туындылары) мен көптігі халықтың тағзым етіп, ғибрат алар
орнының қасиетін арттырып отыр деп ойлаймын. «Сарайшыққа адамдар "Әулие
ағашқа сиыну үшін келеді. Аңыз бойынша, ағаш қасиетті оның қасында міндетті
түрде дұға оқу керек» дегенді көңіліме тоқыған едім. Сарайшық қалашығына
барған сәтте менің жан дүнием өткен тарихпен байланысқандай болды, өйткені
қасиетті орынға тәу ету, туған жеріңнің құдыреттілігін сезіну ерекше сезім
туғызады екен. Мұражай деректерімен еркін таныса алмасам да мен үшін тарихи
тұлғаларға, «Әулие ағашқа» тағзым жасау өз елімнің өткен тарихына құрмет
көрсетуім болды дап есептедім. Соңғы жылдары басылым деректерінен оқып
білгенімдей Сарайшық қаласы жедел де жүйелі зерттелу үстінде. Археолог-
ғалымдардың зерттеулері бойынша Сарайшық қаласының ортағасырлық ірі
қолөнер,сауда орталығы болғандығы белгілі болып отыр. Қазақстанның
ортағасырлық қалаларында кездесе бермейтін, керамика мен терілерге
салынатын үшбұрышты, дөңгелек, төрт бұрышты өрнек мөрлері, қыштан
күйдіріліп жасалған шығырқау,сәби бесігіне пайдаланатын қыш түбектер
Сарайшық қаласының өзіндік ерекшелігін байқатып тұрғандай. Деректерден
білгенім-ерекше жәдігерлердің бірі түрлі-түсті асыл тастардын тізіп жасалған
алқалар мен құран сүресі жазылған күміс сақина.[2] Сарайшық өткен ғасырдан
тылсым сыр ашатын, халықтың бай қазынасын келешекке жалғайтын, еліміздің
дамуында ерекше орны бар, жерімізде біртұтас өмір сүріп жатқан ұлттар мен
ұлыстарға, жастарға, мектеп оқушыларына ортақ тарихи қазына деп ойлаймын.
1999 жылы қала орнына ескерткіш-пантеон, мешіт,мұражай кіретін Сарайшық
мұражай-қорығы бой көтеріп, Сарайшық «мемориалдық кешені»деп танылған.
1999 жылдың 3 қыркүйегінен бері Сарайшық кешені мұражай ретінде халыққа
өткен тарихтың бойтұмарындай қызмет етіп келеді. Жалпы халықтық мұраға
айналған Сарайшық өткен ғасырлар тереңінен сыр ашып, ашық аспан астындағы
мұражай екендігіне ешбір шүбәм жок.
143
Do'stlaringiz bilan baham: |