134
2.
“Жүз жылдық жол”
3.
Ұлағаты ұрпағына ұласқан
Тағылымы тарих тау тұлға.
Өтегенов Тағанқожа Өтеғалиұлы-1933 жылы Гурьев қаласында дүниеге келген.
1953 ж. Гурьев мемлекеттік мұғалімдер институтын озат дипломмен бітірген.
1959 ж. Гурьев педагогикалық институтының физика-математика факультетін
бітірген. Құрманғазы аудандық білім бөлімінің меңгерушісі, Құрманғазы
ауданының құрметті азаматы,
мектеп директоры, физика-математика-
информатика пәнінің жоғары санатты мұғалімі, Қазақ ССР, СССР ағарту ісінің
озық қызметкері төсбелгісінің иегері.
Әкесі Өтеғали тірісінде темірден түйін түйген ағашқа жан бітірген шебер
болған. Анасы Өтегенова Ақзия –үй шаруасымен айналысқан. Аса сабырлы,әр
нәрсенің байыбына барып,он ойланып, бір пішетін жан болған.
Ағасы –Өтегенов Мүти Фин соғысына қатысып, елге аман оралып, қатардағы
мұғалімдіктен халық ағарту бөлімінің меңгерушісі қызметіне көтерілген.
Қарапайым мұғалімдігінен мектеп директорлығы, басқада басшылық
қызметтерде болған жылдары көп екен. Ұстаз ретінде бірнеше қалаларда өткен
педагогикалық оқуларға қатысып, республикада бірінші орын иеленген кездері
де бар. Оқу тәрбие жұмысындағы жетістігі үшін 1961,1972 жылы Мәскеудің
Бүкіл Одақтық халық шаруашылығы жетістіктері көрмесіне қатысып күміс
медалін иеленіпті. Бірнеше мәрте мерекелік медальдар алған. Құрманғазы
ауданының құрметті азаматы.
2.“Жүз жылдық жол”
Ауданымыздың білім беру саласында жарты ғасырға жуық қызмет
атқарып, оның отыз жылдайын басқару ісіне арнаған белгілі ұстаз, КСРО Халық
ағарту ісінің озық қызметкері, арының қылаусыз тазалығымен ел ауызында жиі
айтылатын, үлкен отбасының бәйтерегі Тағанқожа Өтегенов ағамыз көзі
тірісінде 125 жылдық тарихы бар Абай атындағы орта мектептің көне
шежіресінен күні бүгінге дейінгі кезеңін біраз зерттеп қағазға түсірген. Бұл білім
ордасының тарихы түгенделіп,түптелуіне өзіндік жол салған.Өзі
осы мектепте
біраз жылдар директор болған атамыз аталмыш білім ошағының қадір-қасиетін
тайға таңба басқандай дәлелдей алған. Оған дәлел сырқаты меңдей түскен
күндердің бірінде: Шырағым, әлім келгенше айтулы мектептің тарихын
зерделеген болдым, ар жағы саған аманат деп қол жазбасын Абай атындағы орта
мектептен білім алған шәкірті, өлкетанушы –тарихшы ғалым, жазушы
Өтепберген Әлімгереев ағамызға тапсырған.
«Тағанқожа ағай өзі қалаған оқуын үздік бітірген соң ауданның Нұржау,
Абай,
Ломоносов, Карл Маркс аттарындағы орта мектептер мен Ганюшкин
мектеп- интернатында қатардағы мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, мектеп
директоры қызметтерін атқарған. Қайда жүрсе де тек адалдық пен әділдікті, терең
135
білімдарлық пен өз пәнін жетік меңгеру, соны тәрбиелеген әр шәкірттің жүрегіне
жеткізе білуді мақсат тұтқан ол өз өмірінде қылаудай қаралық, оймақтай өтірікке
тіпті де төзбейтін. Әділеттілікті әркез мақтан тұтатын және ұнамаған нәрсесін
сол бойда бетің бар, жүзің бар демей айта салатын да, оны дер кезінде айтқанын
өзгенің де өзінің де абыройлы борышы деп түсінетін. Негізгі мамандығы физика
пәні болса да соған жуықтайтын пәннен
мейлі математика, геометрия,
тригонометрия, астрономия, сызу, информатиканың бәрінен де еркін және жетік
түрде сабақ жүргізе беруші еді. Қосымша үйірмелер десеңіз- фото, кино, жас
техниктер, авто моделшілер, тағысын тағылар оның күнделікті жұмысындай көз
жұмып жүргізетін. Бір ғажабы бірде- бір сабағы көрнекті құралсыз өтпейтін.
Кейінгі жылдары ол уақыт талабына сай ауданда алғашқылардың бірі болып,
орта мектепте информатика пәнінен сабақ берді. Бұл жолда ол облыстағы
оқулардан басқа Қостанай, Мәскеу қалаларында ұйымдастырылған курстардан
өтті. Нәтижесінде жеке өзінің ұстаз ретіндегі аталған пәнді оқыту турасындағы іс
тәжірибесі облыс мектептеріне таратылды. Қайтыс боларынан алты ай бұрын
Тағанқожа ағай облыстық қатерлі ісік аурулары ауруханасына түсті. Сөйтіп ол
Өтепберген Әлімгереев ағайды өзіне шақыртқан еді. Ол өзінің ештеңеге де
өкінбейтінін, өзінің Көшәлі ағасы еңбекке
берілген, халық үшін туған асыл
адамдар екенін айтты және реті келсе, ол жайлы материалдар жинақтап көруін
сұрады. Онымен қоса, өзі білетін біраз деректерді айтты. Кейін Өтепберген
Әлімгереев әлгі айтқандарын мұрағат мәліметтерімен салыстырып көріп еді, бәрі
де қолмен қойғандай дәл келеді екен. Содан соң өзінің де өмірбаяны жазылған
бір парақты алдына қарай жылжытып, бірде болмаса, бірде кәдеге жарап
қалатынын айтты. Осындағы әңгіме ағам жайлы жоба қорғауға, айтуға бағыт
берді. Ағайдың қарапайым мұғалімдігінен мектеп директорлығы, басқа да
басшылық қызметтерде болған жылдары көп екен. Ұстаз ретінде біраз қалаларда
өткен педогогикалық оқуларға қатысып, республикада бірінші орынды иеленген
кездері де бар. Түрлі білім жетілдіру курстарынан өтіп, алты жыл аудандық оқу
бөлімін басқарған, СССР және Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері
атақтарын, В. И. Лениннің туғанына 100 жыл толу құрметіндегі «Еңбектегі ерлігі
үшін» медальін алған. Оқу- тәрбие жұмысындағы жетістіктері үшін
екі рет
Бүкілодақтық халық шаруашылығы жетістіктері көрмесіне қатысып, күміс
медальін иеленген. Бірнеше мәрте мерекелік медальдар алған. Құрманғазы
ауданының Құрметті азаматы. Тағанқожа ағай үйірмелердің біразын өзі
жүргізеді. Оның өзі кейде екі- үш сағатқа созылып та кететін кездері бар. Кино,
фото үйірмелерінің қызығы көп. Тіпті, балалар қимай қоштасады. Онымен қоса,
оқу жағынан да әрі тәрбие жағынан да бағыт берген. Мысалы. Балалар мырс-
мырс күлсе, мәдениетті адамның дауыстап күлмейтінін ескертер еді және де
нанды қалай болса, солай тіле салған бір қызға, қыз баланың нан тіле білмеуі ұят
екенін, нан тілудің өзіндік заңдылықтары бар екенін, оны халық қабылдаған
тәртібімен кескен дұрыс екенін айтқан. Сол сияқты қонаққа су құюдың да
136
тәртібін ежелеп айтып бергенді. Бір қарағанда бұны кейбіреулер «бұл қарапайым
мұғалімнің міндетіне жатпайды, ата- ананың парызы» деуі мүмкін. Тәрбиенің әр
адамға бөлініп қойған түрі жоқ. Оны жастың болашағын ойлаған әр адам айта
алды. Өз басымыз Тағанқожа ағайды еш уақытта ешкімнің ала жібін аттамаған,
адамзатқа тән ортақ тәртіптен еш ауытқымаған нағыз періште жан деп ойлаймыз.
Ағай 2001 жылы 68 жасында дүниеден өтті.
Ұлағаты ұрпағына ұласқан дегендей қазіргі таңда бұл есімге ерекше тоқталудың
тағы бір себебі ұстаздық жолы ұрпақтары жалғастырып келеді, бұл үлкен
мақтаныш деп айтуға болады.
Қорытынды түйінім: Өлке тарихына өзіндік үлесін қосып, ұлтжандылық
пен патриоттықтың таңбасын қалдырған ұстаз қандай болса да ұлықтау мен
мақтаныш сезімге лайық, өзіндік орны бар атамыздың атын өшірмей, ұрпақ
санасында қалдыру, оны үлгі тұту - кейінгі аға буынның міндеті деп санаймын.
Ұстаздың халқына сіңірген еңбегі қалай дәріптеуге де тұрарлық. Оның есімі
халқымен жасай беруі тиіс және де есімін өмір деректеріне лайықты ұрпақ
санасында қалдыру үшін өлкетану сабақтарында
сыныптан тыс шараларда
жүргізіліп келеді, мектеп тарихында кітаптың үлкен көлемінде тұсаукесері
болып өтті
Пайданылған әдебиеттер тізімі:
1.
Серпер газеті «Жүз жылдық жол» 2019ж 10 қаңтар 16бет
2.
Өтегенов Т. «Жүз жылдық жол»
Do'stlaringiz bilan baham: