Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Назарбаев Н. Ә., «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жолдауы 2014 жыл 11
қараша; « Мәңгілік ел» Ұлт идеясы
2.Назарбаев Н.Ә. «Баршаға бірдей осы заманғы мемлекет: Бес институционалдық
реформа» 100 қадам Ұлттық жоспары - Астана – 2015. – 11 наурыз
3.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22
сәуірдегі № 227 санды бұйрығымен бекітілген «Тәрбиенің тұжырымдамалық
негіздері»
4.Назарбаев Н.Ә., «Қазақстанның үшінші жаңғыруы:Жаһандық бәсекеге
қабілеттілік» жолдауы.2017ж.31.01.
5.
Назарбаев Н.Ә.”Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру»мақаласы.2017ж.сәуір
Ә. Шамбузова
Абай атындағы жалпы орта мектеп,
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы
ӨЛКЕТАНУДАҒЫ ЭТНОГРАФИЯ
Қазақстан тәуелсіз ел болғаннан кейін өткен тарихымызды, әдет-ғұрпымыз
бен салт-дәстүрімізді, материалдық мәдениетімізді жаңғыртуға бетбұрыс
жасалуда. Орталық Азияның ірі этностарының бірі, Евразияның үлкен кеңістігін
алып жатқан қазақ этносының өткен тарихы мен мәдениетіне байланысты
көптеген мәселелерді зерттеуге назар аударылуда. Отарлық пен Кеңес дәуіріндегі
қатаң жүйе халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі мәдениетіне
елеулі өзгерістер енгізді.
Сондықтан ХХ ғасыр қазақ халқының ежелгі мәдениеті, дүниетанымы,
әдет-ғұрпы, шаруашылық дәстүрі қандай өзгерістерге ұшырады, оларға әлемдік
өркениеттің ықпалы, халқымыз XXI ғасырға қандай дәрежеде аяқ ала
127
бастағаны жөнінде арнайы зерттеу жүргізіп, қорытынды жасаудың маңызы
ерекше.
Жалпы этнография дегеніміз - тарих ғылымының бір саласы. Ол тайпалар
мен халықтардың шығу тегін, тұрмысын, кәсібін, әдет-ғұрпын, ерекшелігін
зерттейді.
Бүгінде келін түсіру, қыз ұзату дәстүрі әр аймақта әртүрлі өткізіледі. Әрине
ескі салттың қалдықтары бар, алайда заманның ағымына қарай көптеген ескі
дәстүрлер ұмыт болып, оның орнына жаңа дәстүрлер енген.
Мысалы, Дәстүрлі қазақ қоғамында мұндай салтанатқа бүкіл ауыл болып
дайындалған. Ауыл әйелдері жасаулы көштің алдынан шығып, шашу шашқан.
Көш бастар түйенің бұйдасын ұстап, ауылға жетектеп енген әйелді
“мұрындық
ана”
деп атап, оған арнайы сый берілген. Ауыл адамдары келінмен бірге келген
төсек-орнын түсіріп, отау тігуге кіріскен. Шаңырақты көтеру бала-шағалы, үрім-
бұтағы өскен, елге беделді салиқалы анаға жүктеледі. Мұнымен жаңа түскен жас
келінге
“жағың түскенше жамандық көрме, осы абыройлы ананың жолын
берсін”
деген ырым көзделеді. Аттан түсіп, жеңгесімен бірге келген ауылдан
хабар күтіп тұрған келіннің алдынан ауылдың қыз-келіншектері шымылдық алып
шығып, шашу шашады. Шымылдықты келіннің бетіне жауып, бет-жүзін
үлкендерге көрсетпей, қайын атасының үйіне алып кіргізеді. Келін үлкен
шаңырақтың босағасын оң аяғымен аттай кіріп, тізе бүгіп сәлем береді. Сонан
кейін келінді от басына төселген тулаққа отырғызады. Ол –
“жаңа түскен жас
келіннің мінезі иленген тулақтай (тері) жұмсақ, биязы болсын”
деген ырым.
Келіннің қолына әйелдердің біреуі ішінде май құйылған ыдысты ұсынып, отқа
май құйғызады.
“От-Ана, Май-Ана, шапағатыңды жаңа түскен жас келінге
тигізе көр, жарылқа!”
дегізеді. Осы рәсім орындалып болған соң, келінді өзіне
арнайы тігілген ақ отауға енгізіп, күйеудің шешесі тиын ақша, құрт, ірімшік
аралас шашу шашып, бата береді. Қонақтарға табақ тартылғанда, үлкендер жағы
келінге арнап үлпершек, төс салып жібереді. Ол “ұл тап, төстей қайқайып жүріп
қайын жұртыңа қызмет ет, майдай бат, судай сің” дегенді білдіреді. Келін сәлем
етіп, тағамды қабылдап, өзі ауыз тиіп, жанындағыларға береді. Тамақ ішіліп
болған соң, ауыл адамдарына жаңа түскен жас келінді таныстыру, келіннің
міндетін түсіндіру мақсатында ел жиылып,
“Беташар”
жыры айтылады.
Беташар айтушы келіннің келген жеріндегі қайын ата, қайын енеден бастап
туыстарының үлкен-кішілерін жеке-жеке таныстырып, келінге олардың
әрқайсысына иіліп сәлем еткізеді. Жаңа түскен жас келінді ауылдың үлкендеріне
таныстырғанда, олар көрімдікке, еншіге мал атайды.
Енді бұл салт қазір өзінше бұрмаланған, келін түсіріп жатырған жақтың
қонақтары жиналғанша жастар қала ішін аралап, әдемі жерлеріне саяхат жасап
көңілдерін көтереді. Жаңа түскен келін бірден тойханаға келіп,сол жерде беташар
айтылады. Келінді ортаға екі жағынан екі жеңгесі алып кіреді. Беташар айтылып,
жаңа түскен келін жинаоған қонақтарға ата-енесінен бастап салем салады.
128
Беташарға халық келіннің көрімдігі деп ақшаларын салады. Келін түсіру, қыз
ұзату салты Қазақстанның батыс аймағын алатын болсақ Маңғыстау өңірінде
жақса сақталған. Жаңа түскен келінді шымылдықпен қарсы алу, отқа май құю,
күнде ата-ене, қайынаға, қайынапағ басқа қонақтарға келіннің салем салуы
барлығы сақталған. Ал, Ресей территориясы жақын жақын жатқан Атырау,
Ақтөбе, Орал өңірлерінде бұл салттардың көпшілігі ұмыт болған.
Тағы да ұмыт болған дәстүрлерді айта кететін болсам,
Do'stlaringiz bilan baham: |