tarikh-lketanu/article…sarayshyk…
А. Г. Беккалиева
Ф.Энгельс атындағы жалпы орта мектебі,
жоғары санатты тарих пәні мұғалімі
ӨЛКЕТАНУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы туған
жерге, оның мәдениеті мен салт – дәстүрлеріне айрықша іңкәрлік пен шынайы
патриотизмді, өскелең ұрпақтың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруды
мақсат етеді.
«Бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді,
экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді,
жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына
келтіруді көздейді. Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің
тарихын оқудан көрініс тапса игі. Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы
мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай
аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая
болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас
ұрпақ біліп өсуге тиіс».-деген болатын Н.Ә.Назарбаев.[1,2б]
Өлкетану – белгілі бір өңірдің табиғатын, халқын, шаруашылығын,
тарихын, мәдениетін зерттеумен шұғылданатын ғылым мен мәдениет саласы;
шағын аумақтың табиғатын, халқын, шаруашылығын, тарихын және мәдениетін,
елді мекендерін олардың таяу төңірегімен қоса зерттейтін ғылым мен мәдениет
саласы. Өлкетану, салалық өлкетану (тарихи, этнографиялық, топонимиялық
және т.б.), табиғи және әлеуметтік-мәдени құбылыстардың өзара байланысын
147
зерттейтін кешендік географиялық өлкетану болып бөлінеді. Өлкетанудың
негізгі әдісі – аумақ туралы ақпаратты, табиғи үлгілерді (геологиялық, топырақ,
биологиялық, зоологиялық), материалдық мәдениет заттарын және т.б.
деректерді жинау және жүйелеу.
Мектеп өлкетануы – мектептердегі оқу бағдарламалары және олардан тыс
атқарылатын өлкеге қатысты жұмыстар бойынша білімді жетістіруге, сондай – ақ
әртүрлі өлкетану шаралары барысында – түрлі тәрбие беруге байланысты
жұмыстар.
5-сыныпта «Өңірдің тарихи тұлғалары:Билер,батырлар және ақындар»
тақырыбын оқыту барысында оқушыларға Самай би жайлы дерек ұсынамын.
Самай би- Есен-Беріш руының абыз-ақсақалы. Бөкей сұлтан Еділ-Жайық
арасына халқын қоныстандырғанда Самай би көшбастаушылардың бірі болып
аттанған.Кейін Бөкей ханның ақылшысы,кеңесшісі болады.Ханға кеңес
беріп,халқына
қайырымды
болуға
жетелеп
отырған.Өзінің
ақылдылығы,даналығы арқасында Самай бидің даналығы ел арасында берік
сақталып қалған.Сазды-Қошалақ арасындағы қасқа жолдың «Самай шағыл »
бойында ол халқымен күнде табысып тұрады. 2006 ж «Самай шағылға» аруақты
әулие ұрпақтары ескерткіш белгі орнатты.Жақсының аты өлмейтіні осылай
көрініс тапты.[2,201 б]Самай би айтты деген мына бір сөз ұрпақтан-ұрпаққа үлгі
болып келеді. Сырымға қарсы шыққысы келген Бөкей Самай биге ақыл
салады.Сонда Самай би: «Бөкейжан, маған ақыл салсаң,осы Сырымға қарсы
күреске сенің араласпағаның дұрыс.Ел іші Сырым екеуіңнің араларындағы қыз
дауын біледі.Сондықтанда Бөкей сұлтан қыз үшін кек алуға қол жинады деген
атаққа қаласың ба деп қорқамын»,-дейді.Самай бидің ақылдыда жүйелі сөзіне
тоқтаған Бөкей Сырымға қарсы шықпаған екен.Оқушылар Самай би жайлы
біледі, түсініктері қалыптасады.
5сыныпта туған жер тарихын оқып үйрену мақсатында таңдау курсы
берілген. «Киелі мекен - Сазды» сабағымда Құрманғызы топырағында
шипагерлік қабілетімен танылған халық емшілері Қарлығаш, Қаби, Серікбай
аталар жайлы түрлі аңыз ,әңгімелермен таныстырамын.Мысалы төмендегідей
мәтінді оқуға беремін.
Асқардың үйінде ойламаған оқыс оқиға болды. Шай ішіп отыр едік, сол
босағадан ұзын, жуан, ұзындығы екі құлаш әдемі, күмістей жарқыраған жылан
кірді. Бұл ата – бабалар аруағы еді. Бұрын менен басқа адамдарға көрінбейтін.
Мен оны сезіп, көріп отырмын, маған қарай киіз үйді бойлап келе жатты. Мен
төрде отырмын. Бір кезде бір келіншек көріп қалып, «Ойбай жыланды қара»,- деп
ыршып түсті. «Әкетіңдер, шағып алар»,- деп жатыр. Мен сол кезде шыдай
алмадым. «Тимеңдер, ол ешнәрсе істемеді,залал жасамайды, маған келе жатыр
ғой»,- дедім. Киіз үйдің іші тым – тырыс, бәрінің көзі жыланда. Шай ішу, тамақ
жеу жайында қалды.
148
Бәрі де зәрелері зәр түбіне кетіп, қорқып отыр, Оны менде сезіп отырмын.
Бейнетаспаға түсіріп тұрған жігіт жыланды түсіре бастады. Екі құлаш, ақжылан
керегемен өрлеп менің дәл төбеме келіп, асылып, салбырап тұрды да, арқа
жағыма келіп, иіріліп жатты. Бәрінің де екі көзі жыланда. Тек мен саспай отырған
соң амалсыз отыр. Асықпай шәйімізді ішіп, ас қайырдық. Сәлден соң ет келді,
етті де асығып, тездетіп жеп, тұра қашқылары келіп отыр. Сорпа ішіліп, бата
жасалды.
Қолға су құйылып болған кезле ақ жылан орнынан қозғалып, керегеге
өрмелеп шығып, менің дәл төбемнен салбырап тұрды да аузына тістеп келген бір
нәрсесін менің алдыма тастап жіберді. Мен асықпай ала бергенде баласы аурып,
емдетіп жүрген бір әйел баласын сол таспен сипап, маған алып берді.
Мен орамалға түйіп, салып қойдым. Содан соң үй иесіне бата беріп, үйден
шықтық. Ақ жылан киіз үйдің босағасынан менімен бірге шықты. Мен
автокөлігіме мініп кеткенше дейін аяғымның жанында тұрды. Бейне бір шығарып
салып, қоштасып тұрғандай. Кейіннен үй иесі: «Сіздер кеткен соң, ақ жылан үйге
кіріп, Сіз отырған жерге жатты. Біз қозғаған жоқпыз. Сәлден соң қарасақ, кетіп
қалыпты. Содан үш күнен соң тағы көрінді. Кейіннен келген жоқ »,- деді.
Қасиет деген осы. Ата – баба аруағының риза болғаны шығар бұл. Себебі
кез келгенге көрінбейтін ата – баба аруағы ақ жыланның сол күні көрінуі тектен
– тек емес.- деп жазады ата жолын жалғаушы Даметкен Серікбайқызы «Ақталған
аманат» атты естелік кітабында.[3,45 б]Мәтінмен таныса отырып ,оқушылар
сыни ойланады ,болжамдайды ,бағалайды.
6сыныпта «Топонимдер – өткен заманның куәгерлері» тақырыбын оқып үйрену
барысында оқушылар ауылымыздың Сафон, Солдат, Затон, Мальцев, Дамбы,
Кәмшәт, Жаңа ауыл, Қиғаш, Құтыми т.б атауларын тізіп жазып,мағыналарына
түсінік беремін.
Сафонов – ауылға алғаш қоныстанған, балық батағасын ұстаған орыс
көпесінің фамилиясы.
Солдат, Затон, Мальцев, Дамбы,Новинск атаулары кеңестік жүйе кезінде
аталып кеткен орыс атаулары. Азамат соғысы кезінде пайда болған атаулар.
Құтыми,Кутуми – құтты мекен атауы болуы мүмкін. Себебі Құтыми өзегі суы
балыққа толы,жағасында аққу-қазы жүзген ,тал,терегі сыңсыған жер.Талай
қиыншылық замандарда халық осы өзектің балығымен күн көрген. Күні бүгінде
осы маңызын жойған жоқ.
Өзек – түркі тілді «өзен», «өзінше». Қ.қалп. «өзен», «сала», «жазықтағы
ағын» тув. «ө»зен тарамы», «сай», қаз. «созылып жатқан өзекше», тат. «өзен
саласы». [4, 43 б]
Дамбы – бөгеттер. Кезінде елді мекен болған. Судан қорғану үшін
салынған бөгеттер.
Нәтижесінде оқушылар туған өлкенің тарихына қызығушылықтар артады,
ізденіс
жұмыстарын
жүргізеді,талдайды,сұрыптайды.Мектебімізде
149
оқушылармен аудандық, облыстық мұражайларына, «Сарайшық» музей -
қорығына саяхаттар ұйымдастырылды. Ф.Энгельс мектебінде еңбек еткен
жылдары өлке тарихын зерттеуді бастаған Мақсот Жолжановты танып - білу
сабағы өткізілді.
Мен
өз
сабақтарымда
өлкетану
жайлы
деректерді
кеңінен
пайдаланамын.Оқушылар бойында туған жердің қадір-қасиетін ұғындыру,туған
ел тарихын тану мақсатында мектеп мұражай бұрышын ұйымдастыру
жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.Әліде зерттелмей жатырған тың деректерді
іздестіруде оқушыларымды баулудамын.Өйткені ауыл тарихы туралы сыр
шертетін кітаптар,естеліктер,шежіре жинақтар жоқтың қасы. Ауыл, мектеп,
орман шаруашылығы тарихынан жан – жақты мәліметтер жиналуда. Болашақта
менің оқушыларым туған жер тарихын білетін, қастерлейтін,түрлі
дереккөздермен жұмыс істей алатын, бойларында отаншылдық қасиеттері
қалыптасқан азамат боларына сенемін.
Я широко использую на своих уроках данные об краеведении.С целью
формирования у учащихся чувства уважения к родному краю,познания истории
родного края, мы проводим работу по организации уголка школьного музея.Я
учусь в поиске новых данных, которые еще не изучены.Ведь нет
книг,воспоминаний,летописных сборников, рассказывающих об истории села. В
настоящее время ведется сбор информации по истории села, школы, лесного
хозяйства. Я уверен, что в будущем мои ученики станут гражданином,знающим
историю родного края, почитающим, умеющим работать с различными
источниками, у них образованы патриотические качества.
Пайдаланған әдебиет:
1.
Назарбаев Н.Ә. «Болашаққа бағдаp: рухани жаңғыру» мақаласы 12.04.17ж.
2.Құрманғазы ауданы.Шежіре.А.,2008ж.
3.
Серікбайқызы Д. «Ақталған аманат».А.,2007ж.
4.
Жанұзақ Т. «Жер - су атаулары». А.,2011ж.
5.
Жолжанов М. «Ұлы дала ұлағаты». А.,2013ж.
150
Do'stlaringiz bilan baham: