«сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы атырау облысы білім беру басқармасының Әдістемелік орталығЫ



Download 3,74 Mb.
Pdf ko'rish
bet82/162
Sana26.06.2022
Hajmi3,74 Mb.
#705534
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   162
Bog'liq
Jinaq123

А.Б.Сатанова 
№13жалпы орта білім беретін мектебі, 
тарих пәні мұғалімі 
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы 
 
 
АТЫРАУ ӨЛКЕСІНДЕГІ САРАЙШЫҚ 
 
Зерттеуші ғалымдар Сарайшықтың іргетасы ХІІІ ғасырда қаланған деседі. 
Бұл ескі қала шығыс пен батысты байланыстыратын Ұлы керуен жолының 
бойында жатыр. Еуропа мен Азияның арасына су жолы шығыста Қытайдан 
басталып, Үнді, Орта Азия арқылы Сарайшық тұсынан Еуропаға өтіп, одан 
Венеция, Генуя, Флоренция т.б. өңірлерге жеткен. Жібек матасы Қытайда ғана 
пайда болып, ол көпке дейін құпия сақталып келгені белгілі. Сондықтан Қытай 
жібегін батыс елдеріне жеткізетін керуен жолы «Жібек жолы» аталған. Осы 
«Жібек жолы» Сарайшық арқылы өтетін болған. [8,15б.] 
Көне Сарайшық жөнінде тұңғыш жазба дерек қалдырған арабтың белгілі 
саяхатшы, әрі географ-ғалымы Ибн-Батута болды. Ол 1334 жылы Сарайшықта 
болып, төмендегіше жазба қалдырған: «Еділдегі үлкен Сарай қаласынан шығып 
(ол Алтын Орданың астанасы болатын) атқа жеккен арбамен он күн жүріп, 
Сарайжүк-кіші Сарай қаласына келдік. Ол «Ұлы су» деп аталатын үлкен, ағысы 
қатты, терең өзеннің жағасына салынған керуен жолының бойындағы қолөнері 
мен саудасы дамыған, гүлденген әсем қала екен. Дүние жүзіндегі Бағдаттан 
кейінгі жүзбелі көпір де осында екен. Кіші Сарай қаласынан шыққаннан кейін 
Азияға сапарымызды түйеге ауысып міну арқылы бастауымызға тура келді» 
Сарайшық жөнінде екінші бір жазба дерек қалдырған ағылшын көпесі 
Антоний Дженкинсон еді. Ол орыс патшасы ІV Иван Грозныймен жақсы қарым- 
қатынаста болған, соның нәтижесінде 1558-59 жылдары патшаның рұхсатымен 
солтүстік және солтүстік шығыс Каспий жағалауына саяхатқа шығады. Сол 
саяхат сапарында ол Сарайшыққа соғады. Бұл жөнінде ол төмендегілерді жазған: 
«Теңізден бір күндік сапар қашықтықта үлкен де терең өзеннің жағасына 
салынған Сарайшық деген әсем қала бар екен. Онда сауда, қолөнері дамыған. Ол 
орыс патшасы ІV Иван Грозныймен достық қарым-қатынастағы татар князі 
Измаил мырзаның қоластында екен». 
Бұл алтын Орда мемлекетінің бірнеше ұсақ феодалдық мемлекеттерге 
ыдыраған кезде Ноғай Хандығының астанасы Сарайшық болған тұсты айтып 
отыр. [1,46б.] 
Сарайшық туралы Хиуаның ханы-Әбілғазы баһадур да (ХVІІ ғасыр) 
жазған. Ол өзінің «Ежелгі түріктер тарихы» деп аталатын еңбегінде 
Сарайшықтың ХІV ғасырдың ІІ-жартысындағы жәйін жазған. Оның айтуынша, 
Алтын Орда мемлекетінің даңқты ханы Әз-Жәнібек Сарайшықтың да ханы 


151 
болған. Мұнысы шындық, ол кезде Алтын Орда тұтас бір құдіретті мемлекет 
болды да, ханның өз қол астындағы көрікті, гүлденген қалаларында арнаулы 
сарайлары болған. Соның бірі - Сарайшық еді. Әбілғазы төмендегіше жазады: 
«Сарайшық хандарының бірі әз-Жәнібек білімді адам болды. Ол өз сарайына 
ғұлама-ғалымдар мен дана адамдарды, ақындарды, т.б. өнерпаздарды жинады. 
Әз-Жәнібек соғыс ісі жағынан да қуатты болды, ол әзербайжан ханы Мелик- 
Этрьфты өлтіріп, баласы Бердібекті 1361 жылы Тебриздің билеушісі етіп қойды», 
-дейді. 
Көне Сарайшық хақында шежірелер осылайша сыр шертеді. Енді 
Сарайшықтың тарих санасынан кету жайында сөз етсек, Украин ғалымы 
В.Дариенко былай деп жазады: Орыс патшасы ІV Иван Грозный 1552 жылы 
Қазан хандығын, 1556 жылы Астрахань хандығын жаулап алып, Еділ бойына 
қожалық етіп, Каспий теңізіне шықты. Бұл кезде Гирейлер басқарған Қырым 
ханы күшті болатын. Ал астанасы Сарайшық болған Ноғай хандығының 
билеушісі Измайл мырза (жоғарыда айтылған) өліп, Ноғай хандығын оның туысы 
Жүсіп мырза билеген кезде ол орыс мемлекетімен қатынасты салқындатып, 
Қырым хандығымен қарым-қатынасты күшейткен. Егер Қырым хандығы мен 
Ноғай хандығы бірлесіп кетсе, осының алдында ғана орысқа бағындырылған 
қазақ, Астрахан солар жағына шығып кетуі әбден мүмкін болатын. [7,86б.] 
Осыны түсінген ІV Иван патша Қырым ханынан көп әлсіз Сарайшықты 
талқандап, өзіне бағындыруды алға қояды. Сөйтіп 1573 жылы Сарайшыққа 
зеңбірекпен қаруланған қол аттандырады. Осы ұрыста Сарайшықтың ең соңғы 
ханы - Орыс хан өледі. 
Бұдан кейін Жайық бойындағы қирап, тек ескі орны ғана қалған 
Сарайшықтың жер ауып келген казактардың қолына көшкені тарихтан белгілі. 
Көне Сарайшықтың аты бүгінгі Сарайшық селолық округі мен сондағы орта 
мектептің атында ғана сақталған. 
Қазір ескі Сарайшықтың жайы қыл үстінде тұр. Бір кезде гүлденген 
қаланың болмашы шет-пұшпақтарынан қалған археологиялық экспонанттарды 
жинап, өзім құрастырған осындағы тарихи-өлкетану мұражайы бар. 
Сарайшық тұрғындары Жайық өзеніне 1909 жылы ау салғанда, оған 
сиымдылығы 30-40 литрдей үлкен, әдемі керамика құмыра ілініп шығады. 
Құмыраның сыртында ескіше бірнеше сөздерден тұратын жазу болған. Құмыра 
сол кездегі орталық - Гурьев қаласына тапсырылады да, одан губерния орталығы 
Орал қаласындағы тарихи-өлкетану мұражайына жеткізіледі. Сол мұражайдағы 
құмыраны көрген Орал әскери горнизонының басшысы генерал Дубасов құмыра 
құпиясын ашу үшін 1915 жылы Санкт-Петербургтегі Шығыс тану мамандарына 
жібереді. Ондағы жазулар көне қыпшақ алфавитімен шағатай тілінде жазылған 
төмендегі сөздер екен: «Адам көркі-жүз, ал жүз көркі-көз, ауыз көркі-тіл, тіл 
көркі-сөз». 


152 
Құмыраның бүйірінің төменгі жағында: «Бұл күбіге көз жасын құяр болар» 
деген сөздер жазылған. Бұл сол құмыраны құюшы, басында еркі жоқ, ақыл иесі 
майталман шебердің қожасының сауатсыздығын пайдаланып кестемен өз ойын 
білдіргені болса керек.[1,5б.] 
1938 жылы Гурьев өз алдына облыс орталығы болып шаңырақ көтергенде, 
жоғарыдағы құмыра облыстық мұражайға келтіріледі. Өз көзімізбен талай көрген 
сол құмыра соңғы жылдары із-түзсіз жоқ болды, оның жоқтаушысының болмауы 
өкінішті-ақ. 
Осы құмыраның өзі-ақ Жайық бойының кімдердің мекені екендігін 
айғақтап тұрған жоқ па?... 
Батыс Қазақстан аймағын басып өтетін сауда жолы туралы алғашқы 
деректер VІ-VІІІ ғасырларда белгілі бола бастады. Осы кезеңде Жібек жолының 
негізгі бағыты Сирия-Иран, Орта Азия - Оңтүстік Қазақстан - Талас аңғары - Шу 
- Ыстықкөл ойпаты - Шығыс Түркістан - Қытай болды. Оның бір тармағы 
Византия - Дербент арқылы Каспий өңірі - Маңғыстау даласы Арал-Сырды 
бойлап, Оңтүстік Қазақстандағы негізгі жолға қосылды. 
Қытай жібегімен бірге түрік және Соғды қалаларында да жібек дайындала 
бастады. Жібекті ең ірі мөлшерде тұтанушы Византия болды. Ол жалдамалы 
әскерге төлейтін валюта есебінде болды. Византия жалдамалы әскерінен 
қорыққан Иран өз елі үстімен өтетін жібек жолын жапты. Жетісудан Оңтүстікке 
бұрылатын жібек жолы енді батыс Сырдария бойын бойлап, Арал-Маңғыстау 
арқылы Солтүстік-Каспий, Солтүстік-Кавказ жотасы арқылы Константинопольге 
бағыт ұстады. [3,151б.] 
ХІІІ-ХІV ғасырда Жібек жолы Сырдарияның сол қанатымен қапталдай 
жүретін керуен жолы Зернук, Үзгент, Қызтөбе, (Баршынкент) арқылы, Түркия, 
Хорезм бағытының тармақтарымен, Аралдың солтүстігімен батысқа бағыт алады 
екен. Ол Маңғыстау, Солтүстік Каспий өңірі, Сарайшық арқылы Алтын Орда 
астанасы Сарай қаласынан әрі Каффа қаласына бағыт ұстайды. 
Жібек жолдың жаңа тармағы Шаш-Үргеніш-Үстірт-Сарайшық-Батыс 
тармағы, ХІІІ-ХІV ғасырда жанжана түсті. Негізгі себеп Дешті Қыпшақ, 
Мауреннахр жері монғол жаулауынан соң біртұтас мемлекет болды. Еділ бойына 
Алтын Орда Сарайы мен салынуы Европа мен Азияны байланыстырды. Қытай 
мен сонау Дунайға дейінгі кеңістік біртұтас тұрақталып мемлекет құрамында 
болды. Бұл сауда қақпасына жол ашты. 
Сауда жолындағы Сарайшық қаласының маңызы артты. Қала керуендерді 
Азиядан Европаға өткізетін қақпа болды. Сарайшық пен Үргеніш арасында екі 
сауда тармағы қалыптасты. Біріншісі: Сарайшық - Тасқұдық - Таскешу керуен 
сарайы (Таскешу көпірі) - Қайнар бұлағы - Бақашы әулие - Ұшқан қаласы - 
Маңсуалмас (Қосқұдық) тармағы арқылы жүрген. [1,59б.] 


153 
Екінші тармақ: Қосқұдықтан оңтүстік батысқа қарай бұрылып Көптам - 
Сам - Чурук - Белеулі арқылы жүрген. Чурук, Белеулі, Қосбұлақ, Бұлақ, 
Үшқұдық, Пулжай - Үстірт - Дәукескен - Үргеніш. 
Тарихшылар бұл керуен сарайларды ХІІІ-ХІV ғасырларда салынған дейді. 
Бірақ соңғы зерттеулер көрсеткендей олардың көбі Х-ХІІ ғасырларда да 
салынған. Оларды толық анықтау үшін археологиялық зерттеулер қажет. 
Ал енді кейін пайдаланған Ноғай жолы деген атпен белгілі керуен жолы 
қашан аталғаны белгісіз. Кейбір зерттеушілер ол Ноғай ордасы кезеңінде ХV- 
ХVІ ғасырда шыққан дейді. 
Ноғай жолын зерттеп картаға түсірген А.И.Левшин болды. Ол 
Сарайшықтан Хиуаға Каспий мен Арал теңіздерінің арасынан өтетін үш жол 
туралы жазды. 
Бірінші жол: «Сарайшықтан Тентек Сорға келеді, одан Білеулі алқабы 
арқылы, көне бекініс Ұзынтамының жанынан Сағыз өзенінен өтеді, одан Қайнар 
тауын жағалап, Жем өзеніне келіп, одан Боқаш Әулие қорымының жанынан өтіп, 
Ұшқанға келеді, одан Желді тауының оң жағымен Үстіртке жетеді. Үстіртте Сам 
құмы арқылы Айбықұр алқабымен Айдабол құдығына жетіп, одан Ақтөбе 
Күркүреуге жетеді». [8,68б.] 
Екінші жол: «Жем өзенінен Үстірт арқылы Желді тауының жанынан жүріп 
Көптам арқылы Қосбұлақ құдығына жетеді, одан Есекқырған даласымен керуен 
Үстірттен түсіп ежелгі Үргенішке келеді». 
Үшінші жол: «Сарайшық бекінісінен Хиуаға баратын жол Қайнар тауының 
жанынан жоғарыдағы баяндалған жолдардан бөлініп, шығысқа бұрылып, 
Сарықасқа құдығы мен Біркүндік алқабы арқылы Аққаудан бұлағына жетеді. 
Үстіртке Арсай мен Қарсай жырлары арқылы көтеріліп, Аралға жетеді. Аралды 
жағалап, Дуаналы - Құлама мен Құлмағыр шығанақтары арқылы Амудария 
жағасындағы Қоңырат қаласына келеді», - деп бүкіл «Ноғай жолын» А.И.Левшин 
суреттеп жазады. Бұнда Ноғай атауы кейін ХІV ғасырдан аталса керек. Бұл жол 
ежелгі Жібек жолының үстінде жатыр. ХVІІ-ХІХ ғасырларда ноғай жолы 
керуендер үшін пайдаланылып сауда-саттық жолы болды. 
Археологиялық зерттеулердің нәтижесінде көптеген керуен сарайлар мен 
мекендер Х-ХІІ ғасырларда салынғаны анықталды. Таскешу керуен сарайы мен 
Ұшқан қаласы Х-ХІV ғасырларда салынған. Ұзынтамның 2005 жылы 
археологиялық барлау көрсеткендей Ұзынтам емес Таскешу керуен сарайы және 
Таскешу көпірінің орны анықталды. [3,63б.] 
Батыстағы сауда жолында тұрған Сарайшық қаласы ірі сауда орталығы 
болды. Құрлықтағы сауда жолымен бірге, Сарайшықта теңіз сауда жолының 
ашылуы үлкен маңызға ие болды. Қала құрлық пен теңіз портының тоғысқан 
орталығы болып, оның жылдам дамуына себепкер болды. Ол кезеңде құрлық пен 
теңіз саудасының тоғысқан жері Сарайшық қаласы ғана болды. Франческо 
Пеглотти мен Итальяның солтүстігіндегі Тосканалық беймәлім автордың 


154 
жазбасында: «Еділдегі Сарайдың тұсында тауарлар тиелген кемелердің Дон 
өзеніне дейін құрлық арқылы астына бөрене төсеп сүйреп жеткізетін бекет 
тұрған, одан әрі тауарлар Қара теңіз бен Жерорта теңізіне жеткізілген. Каспий 
теңізінің кез-келген жағалауына Сарайшықтан шыққан кемелер бара алатын 
болған деп көрсетеді». [5,42б.] 
Батыстағы Сарайшықпен ХІІІ-ХІV ғасырларда тұрақты сауда жасаған 
қалалар қатарында Хаджы - Тархан болды. Ол туралы ағылшындардың Ричарда 
Джонсон жазбаларында кездеседі. [7,21б.] 
« …. Из Хаджи - Тархана до Сарайчика при медленном путешествии, как 
обыкновенно едут купцы с товарами, было 10 или даже 15 дней пути, до 
Туркменских берегов Каспия на судах было 10 дней, до гиляна морем 7-8 дней». 
Ал, Батыстан Сарайшыққа бірнеше сауда жолы келіп тоғысты. Оның бағыты
көрсетілген: «Один на Хаджи - Тархан через степи Маджар с 
ответвлением на Дербент и далее по Волге и Ахтубе до Сарая, другой по Дону до 
места наибольшего сближения с Волгой и далее по Ахтубе вниз на Новый Сарай 
и степью до Сарайчика. Были торговые пути от Приозовья на Волгу в доль Кумы 
и Кубани». [3,174б.] 
Сауда жолы қашықтығы әр авторларда әр түрлі болды. Бір авторда ол жол 
ұзындығы: «Путь из Сарая в Хорезм через Уст-Юрт занимал 40-45 дней, до 
Сарайчика 10 дней» деп көрсетілген. Ал, Пеголотти мен Тосканалық беймәлім 
автор жазбасында Сарай мен Сарайшық арасындағы сапар 8 күнге созылады, ал 
Сарайшықтан Хорезмге сапар бұқа жегілген арбамен 20 күн, ал қашырмен 40 
күнге созылатынын атаған. [2,32б.] 
Сауда дамуы үшін теңге қажет болды. Алтын Орда теңге шығару ісі қолға 
алынды. Айырбас саудадан гөрі ақша қатынасы болуы, сауданың өркендеуіне 
жол ашты. Алтын Орда орта ғасырлардағы тиын теңгелерін алғаш ХІV ғасырдың 
орта тұсында Бұлғар қаласында Берке хан соқтырған (1257-67 ж.). Алғашқы 
теңгелерге Бағдад халифы ән-Насырдың аты, кейін монғол хандары Меңгу, 
Арық- Бұғының, Орда хандарының аттары жазылды. ХІY ғасырдың 70 
жылдарында Алтын Орда да сауда мен экономиканың дамуына байланысты оның 
құрамындағы Сарай әл-Жадид, Сарай әл-Махрус, Хажы Тархан, Сарайшық, 
Гүлстан, Хорезм, Жент, Баршын т.б. қалаларында теңгелер соғылды. 
Сарайшықтағы қазба жұмыстары кезінде табылған тиындардың ең көнесі- 
Тоқтамыс хан теңгесі (1295-1296 жж.). Ал кейінгілері Сарайда соғылған Өзбек 
хандікі. Әр қалада соқтырылған теңгелердің өзіндік ерекшеліктері бар. Кейбір 
теңгелерде соқтырған ханның аттары мен жылы жазылса, кейбіреуінде әртүрлі 
таңбалар, аңдар мен құстардың, балықтардың суреттері, геометриялық өрнектер 
бейнеленген. Табылған тиындарда көне түркі тілінде «құтты болсын» деген 
жазулар, арыстанның, сұңқардың, шығып келе жатқан күннің бейнелері 
кездеседі. Теңгелер мыстан және күмістен соғылды. Сол кезеңдегі тауар 
бағалары туралы мәлімет өте тапшы. 1330 жылдардағы Сарайшықтағы жылқы 


155 
бағасы туралы Ибн-Батута былай дейді : «Бір жылқыны 4 динарға (37 гр күміс) 
өте арзанға алуға болады ». Саудагерлер мен керуеннің қауіпсіздігін сақтау үшін 
жол бойына қарауыл бекеттер мен шолғыншы жасақтар қойылды. Сарайшықтан 
тіке Қытайға шыққан керуендер Отырар мен Алмалықты басып өтті. Дербент 
Сарай - Сарайшық Қытай жолының сапары 5 айға жеткен. [6,16б.] 
Әлкей Марғұлан атындағы археология институты Астана бөлімшесінің 
директоры, профессор Зейнолла Самашев Сарайшық қаласын сақтаудың екі 
нұсқасы бар дегенді айтады. «Біріншісі – ұзындығы бір жарым шақырым болатын 
қорған төсеп, өзен жағасын бекіту болса, ал екіншісі – Жайықты көне ағысына 
қайтадан бұру болып табылады. Бірінші нұсқа шамамен 11 млрд теңгедей қаржы 
жұмсауды талап етеді. Жағада алып құрылыс жұмыстары жүргізілуі тиіс. Және 
де бұл жұмысты жүргізгенде жағада орналасқан археологиялық маңызы бар 
құнды жәдігерлерді жойып жіберуіміз мүмкін. Ал екінші нұсқа бойынша 
жұмсалатын қаржы одан екі-үш есе арзан. Әрі Сарайшықтағы қазба 
жұмыстарына ешқандай зияны тимейді. Тек бір қолайсыздығы, сол жерде 
орналасқан қазіргі Сарайшық елді мекенін басқа жерге көшіру керек», –
дейді. Сарайшық қаласы жыл сайын археологиялық зерттеулер нәтижесінде 
қазылып келеді. Содан бері ұлы ордамыз болған шаһардан көп қабатты қонақ 
үйлер, ХІІІ ғасырдың моншасы, құбыр кәріздері, үлкен алып мұнаралардың 
қалдықтары, қазіргі біздің қолданысымызға табан кафелдері, түрлі көздің жауын 
алар тұрмыстық заттар табылды. Сондықтан хан ордасы болған, Алтын Орданың 
ресми маңызды қаласы Сарайшық туризм тұрғысынан әлі де мыңдаған туристі 
өзіне шақырып, сан қырлы сиқырын ұсына алады. Ол үшін мемлекет басымдық 
берген «100 нақты қадам» бағдарламасы аясында тұралаған Сарайшықтың 
туризм әлеуетін дамытып, күрделі жөндеуден өткізуге болады. [8,6б.] 

Download 3,74 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   162




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish