«сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы атырау облысы білім беру басқармасының Әдістемелік орталығЫ



Download 3,74 Mb.
Pdf ko'rish
bet90/162
Sana26.06.2022
Hajmi3,74 Mb.
#705534
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   162
Bog'liq
Jinaq123

Қазақстан 
тарихының 
өлкетану 
жұмысында 
зерттелетін 
негізгі 
тақырыптарының үлгісі. 
1.
Экономика мен мәдениет мәселелері. Өлкенің ертеден осы кезенге дейінгі 
шаруашылығымен таныстыру. Тұрмысы мен кәсібі. Осы салаларда өлкеде болған 
өзгерістер. Мәдениеттің дамуы. Өлкенің аталған салаларындағы белгілі 
қайраткерлер. 
2.
Мектеп тарихы. Қазақстанның көптеген мектептерінің ұзақ тарихы бар. Мектеп 
бітірушілер арасында қаншама қайраткерлер шықты. Халыққа білім беру 
саласындағы ардагерлердің ерен еңбегін көрсете отырып, оқушыларымызды 
олардың үлгісінде тәрбиелеу. 
3.
Ескерткіштер мен белгілі тарихи орындар. Әрбір қалада,аудан территориясында 
сол өлкенің материалдық және рухани өмірін көрсететін тарихи, мәдени 
ескерткіштер баршылық. Сондай-ақ тарихи фактілер, оқиғалар болған тарихи 
орындарда жеткілікті. Тарихи тұлғаларға қойылған, салынған ескерткіштер, 
қайраткерлер есімдері берілген ауылдар, қоныстар, көшелер, мектептер бар. Жоғары 
сынып оқушылары осындай белгілі орындардың, қайраткерлердің тарихын білуі 
тиіс. Мұның бәрін өлкетану жұмысы таныстырады. 
6-сыныпта: «Топонимдер – өткен заманның куәгерлері», Мәдени-тарихи 
дәстүрді сақтаушылар: өлкенің ұлттық қолөнері», Туған өлке тарихының қазіргі 
кездегі куәгерлері» тақырыптары берілген. Өлкедегі жер-су атауларының 
тарихын, ұлттық қолданбалы өнері мен қолөнерді, қазіргі кездегі өлкедегі атақты 
тұлғалардың ерлік істері мен еңбегі туралы білім беруде білім алушылардың 
өлкенің негізгі ерекшеліктерін анықтауға және терең түсінуіне ықпал ету 
ұсынылады. 
Өлке тарихын оқу-тапономика ғылымынсыз мүмкін емес,өйткені жер тілі- 
сол жердің тарихын білдіреді. 
7-сыныпта: «Өлкенің туристік маршруттары», «Туған жердің Атымтай 
жомарттары», «Туған өлкенің шежіресі», «Мектебімнің тарихы» тақырыптарын 
оқытуда білім алушыларға оқу мазмұнына сәйкес материалдарды анықтау, 
талдау, бағалау дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар беру ұсынылады. 
«Туған жердің Атымтай жомарттары» тақырыбын өту барысында, осы сабақ 
арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары өлкені дамытуға қолдау көрсеткен 
тұлғалардың қызметіне баға беру. Сабақ сайыс түрінде өткізіліп, өлке тарихына 
байланысты сұрақтар беріліп, түрлі танымдық сұрақтар берілді. «Туған өлкенің 
шежіресі» тақырыбы, ел тарихы мен өз ауылымның тарихының сабақтасуы 
бағытында айтылады. Өлке тарихына арналған, материалдарды түсіндіріліп, осы 
бағытта қосымша тапсырмалар берілді. 
Негізгі орта білім беру деңгейінің «Қазақстан тарихы» пәні бойынша оқу 
бағдарламаларын әзірлеуде туған жерге қатысты өлкетанулық материалдар 


172 
күшейтілген. Бұл материалдар тарихи білім мазмұнымен кіріктіріліп беріледі. 
5,6,7 – сыныптарда өлкетану материалдарын меңгеруге 12 сағат (әр сыныпта 4 
сағаттан) бөлінген. 
Жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасының бір ерекшелігі сағат 
санын бөлуде мұғалімдерге еркіндік берілген. Бұл мұғалімге кез келген тарихи 
оқиғаларды туған жерге қатысты материалдармен кіріктіріп оқытуға мүмкіндік 
береді. Мысалы, Қазақстанның ежелгі, орта, жаңа, қазіргі заман тарихын оқу 
барысында білім алушылар сол кезеңдегі өз туған жерінің тарихымен және 
ескерткіштерімен танысады. 
Өлкетанулық материалдар жалпы орта білім беру деңгейінде келесі 
бөлімдерді оқытуда қолданылады: «Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында» 
(Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесу, тарихи естеліктерге талдау жасау); 
«Қазақстан мемлекеттілігінің қайта жаңғыруы» («Туған жерді дамытуға үлес 
қосқан менің өлкемнің тұлғалары» тақырыбында зерттеу жұмысы ) бөлімдері . 
[2,1] 
7-сыныпта «Туған өлке тарихының қазіргі кездегі куәгерлері» 
тақырыбын 
өту барысында , 
өлкетану материалдарында пайдалану қажет. 
Оқу мақсаттары: туған өлке тарихының қазіргі кездегі куәгерлерінің ерлік істері 
мен еңбегін сипаттау. 
Оқушылардың ізденімпаздығы мен зерттеулері барысында жинақталған 
материалдар «Біздің жерлестеріміз-Ұлы Отан соғысында», «Алғашқы құрылысқа 
қатысқандар» атты өлкетануға арналған семинар сабақтарда пайдаланады. «Ұлы 
Отан соғысы» бөлімі екіге бөлінген «Ұлы Отан соғысына қатысқандар», «Жеңісті 
тездеткен-тылдағылар». 
Біріншісінде жауынгерлердің орден, медалъдары, документтері, хаттары, 
газет қиындылары, тағы басқа жинақталған. Сабақ барысында өлкемізден 
шыққан батыр Боран Нысанбаев туралы деректермен таныстыру. Тарихта өшпес 
із қадырған Совет Одағының Батыры Боран Нысанбаевтың ерлігі теңдесі жоқ 
ерлік. Жау дзотын кеудесімен жауып, ажал оғына қарсы жүрді. Ленинград 
шайқасы туралы айтқанда ауылымыздың тұрғыны Әбілов Шалмұқанды айтуға 
болады. Ол кісінің қоршауды бұзуға қалай қатысқаны жөнінде әңгімесі айтылды. 
Берлинге барған ауылдасымыз Р.Аймешовтың көзбен көргендері туралы 
айтылды. Рсалы ағай «Берлинді» медалімен марапатталғаны, Берлиннің өзінде 
үш жыл күзетінде болғаны туралы айту арқылы оқушылардыың қызығушылығын 
ояту. [3,35] 
Екіншісінде «Жеңісті тездеткен-тылдағылар» бөлімі бойынша тыл 
ардагерлері, социалистік еңбек ерлері туралы түснік берілді. 
Сонымен қатар, жоғары сыныпта Қазақстан тарихы бойынша өңірлік 
компонент келесі міндеттерді шешуге бағытталған: 
туған жер тарихын Қазақстан тарихы материалдарымен өзара байланысын ескере 
отырып тұтас қабылдауын қалыптастыру; тарихи қалыптасқан ұлттық мәдени 


173 
дәстүрді, әлеуметтік және адамгершілік нормаларды білім алушылардың түсінуі 
негізінде оларда қазақстандық бірегейлікті, дүниетанымдық ұстанымдарды 
тәрбиелеу; 
өлке тарихын зерделеу, өлкетанулық зерттеу жұмыстарын жүргізу дағдыларын 
дамыту. 
«Туған жер» тарихын зерделеу келесі оқу мақсаттарында көрсетілген: 
халықтың тарихи мәдени мұрасының маңызын зерттеуде «Туған жер» ұғымын 
қолдану; 
Туған жердің мәдениеті, салт дәстүрінің маңызына баға беруде «мәдени 
генетикалық код» ұғымын қолдану. Бұл мұғалім мен білім алушыға болашақ 
қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға 
мүмкіндік беретін бірізділік пен сабақтастықты көрсетеді. 
Өлке тарихына арналған тақырыптардың басым бөлігі «Туған жер» 
тарихын зерделеуге арналған. 
Қазақстан тарихы және туған жер тарихына қатысты материалдар 
хронологиялық және тарихи даму заңдылық байланыстары ескеріле отырып 
берілуі қажет. Туған жер компонентін Қазақстан тарихының жалпы курсымен 
кіріктіріп оқыту білім алушылардың Қазақстан тарихы аясында туған жердің 
тарихи даму ерекшеліктерін анықтау, өткенді саралау, бүгінгі күнді сипаттау 
және болашақты бағдарлау қабілеттерін қалыптастыруда маңызы зор. 
«Қазақстан тарихы» сабағында мүмкіндігінше тақырыптарға өлкетану 
ұстанымы арқылы шығу ұтымды болады, игерілетін материал оқушыларда 
қызығушылық тудырады және одан әрі зерттеуге (ізденуге) жол ашады. 
Өлкетанулық тарихи материалдар, фактілер тарихи оқиғалар мен процестерді 
нақтылайды, суреттейді және олардың қазіргі заманғы оқиғалармен ара 
қатынасын белгілеуге көмектеседі. [4,3] 
«Туған жер» тарихын зерделеу білім алушылардың гуманитарлық 
мәдениетін дамытуға, шынайы патриотизмді қалыптастыруға мүмкіндік береді. 
Пән мазмұнындағы Туған жер компоненті білім алушылардың тарихи 
санасын, тарихи ойлауын дамытатын, өткен және қазіргі тарихи оқиғаларды 
салыстыру, талдау, бағалау түрлі дереккөздермен жұмыс істеу дағдысын 
дамытады. 
Өлкетанулық материалдар білім алушының шығармашылық қызмет 
түрлерін (белгілі тақырып бойынша ақпарат жинау, оның ішінде естелік 
жазбаларды дайындау, өлкетанулық фактілерді талдау және бағалау, оларға 
қатысты сыни көзқарасты негіздеу және т.б.) меңгеруге мүмкіндік береді. 
Білім алушыларға елінің тарихын өз көзімен көріп, сезіну үшін 
мүмкіндігінше мұражайларға, тарихи ескерткіш орнатылған немесе тарихи- 
археологиялық орындарға экскурсия ұйымдастырған орынды. Себебі «Туған 
жер» тарихын зерделеуде білім алушылардың білімін жаңа мәліметтермен 
толықтырып, нақтылайтын, теориялық білімді тәжірибемен байланыстыратын 


174 
сыныптан тыс және мектептен тыс тарихи өлкетану (тақырыптық экскурсиялар, 
мұражайларға бару т.б.) маңызды болып табылады. Бұл оқу процесін жоғары 
сапалық деңгейге көтереді. 
Білім алушылардың әлеуметтік нормалар мен дүниетанулық 
құндылықтардың тарихи тамырын білуі, өз халқының тарихи тәжірибесін түсінуі 
саналы түрде ұлттық бірегейлікті анықтауына мүмкіндік береді. Білім 
алушылардың өзін тұлғалық анықтауы ұлттық мәдениет пен тарихи дәстүрді 
қабылдауымен тығыз байланысты. 
Бұдан шығатын қорытынды, рухани жаңғыру талабына сәйкес қазіргі 
қоғам мен өткенді байланыстыратын тарихи сана өскелең ұрпаққа бүгінгі күнгі 
оқиғалардың мәні туралы түсінік қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. 
Тарихи сана – бұл тарихты білу, тарихи тәжірибе мен оның сабақтарын 
ұғынып түсіну, әлеуметтік болжау (бүгінгі күн жағдайының мәнін, өткеннің 
инварианттылығы мен болашақтың баламалығын түсінуден), өз іс-әрекеті үшін 
тарихи жауапкершілікті түсіну. Оған қоса оқу-тәрбиелік процесінің маңызды 
құрамдас бөлігі болып табылатын тарихи білім тұлғаның, азамат пен патриоттың 
қалыптасуына жәрдемдесуі тиіс. 
Сондықтан да «Қазақстан тарихы» пәні білім алушыларды тарихи 
оқиғалармен таныстырып қана қоймай, оған қоса ғасырлар бойы Ұла Дала 
кеңістігінде қалыптасқан ұлттық құндылықтарды түсінуге жетелейді. Пән 
мазмұны ата-бабаларымыздың бірегей мәдениетін, әлем тарихындағы 
Қазақстанның алатын орны мен рөлін, оның жалпыәлемдік өркениеттің дамуына 
қосқан үлесін туған жер компонентімен кіріктіре түсінуге мүмкіндік береді. 
Өлкетану-оның өткенін мақтаныш ету еліміздің әрбір аймағын, ауданы, 
тіпті қала, ауылының тарихын насихаттау Қазақстан Республикасын дәріптеу 
болып табылады. Өлке тарихын жасау, қазіргі және келер ұрпақтың оны жақсы 
білетіндей, білім берілуі-кезек күттірмейтін міндет. 
Өлке тарихын оқыту арқылы жеткен нәтижелерге тоқталсам,оқушыларым 
аудандық,облыс көлемінде ғылыми жобалар сайысында жүлделі орындар 
иеленіп, мақалалары баспасөз бетінде жарияланып жүр. 
Өлкетану бағытында оқушым Қоныскереева Альбина «Аналар ерлігі- 
жадымызда» жергілікті тыл ардагерлері жөнінде ,Талғатов Нұрасыл «Біздің 
жерлестер- Ұлы Отан соғысы жылдарында» тақырыптарында ғылыми 
жұмыстарын қорғап , ауданнан І орын, облыстан ІІІ орын алды. Ғылыми жобасы 
Қазақстан тарихы әдістемелік журналында жарияланды . 
«Ауылдағы-ескерткіш тарихы» тақырыбымен Қисметуллин Саят
ғылыми жұмысын қорғап, ауданнан І орын, облыстан ІІІ орынды иеленді. 
Биылғы оқу жылында Қисметуллин Саят « Ауылым-алтын бесігім» әлеуметтік 
жобалар байқауында 
«
Туған өлкем-тұнған тарих» тақырыбында қатысып, 
«Алғыс хат» иеленді. 


175 
Өлке тарихын жасау ,казіргі және келер ұрпақтың оны жақсы білетіндей, 
білім берілуі –кезек күттірмейтін міндет. Қорыта айтқанда тарих сабағында 
оқушылардың елін,Отанын сүю сезімін қалыптастыру, ерлік рухын ояту- тарих 
пәні мұғалімнің басты борышы. 
Краеведение-гордость за его прошлое пропаганда истории каждого региона 
страны, района, даже города, села-популяризация Республики Казахстан. 
Создание истории края-задача, которая требует знаний, чтобы нынешнее и 
будущее поколение знало его хорошо. 
В связи с тем,что в нашем районе,в областном конкурсе научных проектов, 
наши ученики заняли призовые места, статьи публикуются в печати. 
По направлению краеведения ученица Коныскереева Альбина « Аналар ерлігі- 
жадымызда» заняла І место по району. Научный проект был опубликован в 
методическом журнале по истории Казахстана . 
По теме « Ауылдағы -ескерткіш тарихы» Кисметуллин Саят защитил научную 
работу, занял І место по району, ІІІ место по области. В этом учебном году 
Кисметуллин Саят принял участие в конкурсе социальных проектов «Ауылым- 
алтын бесігім» тему на тему « Туған өлкем-тұнған тарих» и получил 
благодарственное письмо. 
Создание истории края –это задача, которая необходима для того, чтобы 
нынешнее и будущее поколение знало его. В итоге на уроках истории 
формирование у учащихся чувства любви к Родине, чувства мужества - главный 
долг учителя истории. 

Download 3,74 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   162




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish