Құстұмсық мүсіні.
Биіктігі 5 см, диаметрі 2 см. Қызыл түсті қыштан жасалған,
құс мүсіні салынған қыш сынығы. Бала ойыншығы немесе тиын салғыштың
жоғарғы бөлігі болуы мүмкін.
Сырлы тостақ ернеуі.
Көлемі 305 х 3 см. Ақ ангоп үстіне көк және қара
бояумен, геометриялық ою өрнек салынып, үсті мөлдір шынылы сырмен
көмкерілген.
Қыш сынығы.
Көлемі 5 х 2,5, қалыңдығы 0,5 см, бетінде басылып салынған
гүл тектес өрнегі бар. Сұр түсті саздан жасалған.
Құмыра тұтқасы.
Көлемі 7 х 2 см. Құмыра тұтқасының сынығы, беті жасыл
глазурмен қапталған.
Қыш ыдыс сынығы.
Көлемі 7 х 3 см, қалыңдығы 2 см. Қызғылт қыш беті
көгілдір глазурмен қапталған.
Моншақ.
Қара пастадан жасалған. Диаметрі 2 см, қалыңдығы 1,2 см. Ортасында
тесігі бар. Бетіне қызыл көздер орнатылған.
Хұм.
Сапалы қыштан жасалған. Биіктігі 80 см, диаметрі 70 см ,қызыл түсті.
Күйдірілуі бірқалыпты.Сыртында сызылып салынған өрнектері бар. Түбі
ойылған. Жақсы сақталған.
Түйін:
Атырау облысында орналасқан ортағасырлық Алтын Орда қаласы
Ақтөбе – Лаэти қаласындағы зерттеу нәтижесінде тың деректер жиналған.
Зерттеулер көрсеткендей бұл қала ортағасырда әлеуметтік – саяси орны бар,
ірі қалалардың бірі болған. Алтын Орда кезеңінде Ұлы жібек жолы бойында
жатқан , Еуропа мен Азияны байланыстырған керуен жолының маңызды
бөлімінде орналасқан қаланың маңызы зор болды. Транзиттік сауданың
арқасында қала жылдам өркендеп дамыған. Бірде – бір керуен қалаға соқпай
кетпейтін. Сонымен бірге қалада қол өнеркәсібі дамып, өз тауарларын
саудагерлерге саудалады. Алтын Орда қалаларының бір ерекшелігі, олардың
қорғаныс қамалдары болмаған. Қала халқының саны жылдам өскен.
Сарайшықтан 50 шақырым жерде орналасқан қала серіктес қалаға айналған.
Қаланың құлдырауына Каспий теңізінің көтерілуі мен Алтын Орданың ыдырауы
себеп болған. Сонымен бірге Еділ мен Жайық бойындағы қалалар мен мекендер
Темірдің шапқыншылығынан соң жаппай қиратылған. Сол жердегі
отырықшылық толық дағдарысқа түсіп, көтерілмеген. Ақтөбе – Лаэти
қаласындағы зерттеулер арқылыөңірде отырықшылықтың қ алыптасып,
дамығандығын көреміз. Келешекте аймақтағы отырықшылық нысандарын
жүйелі және кешенді зерттеу арқылы өңірдің тарихын қалыптастыру қажет.
Мәңгі өлмейтін, ел санасынан мәңгі өшпейтін, тарихи және мәдени мұралар
өлкемізде көбейе түсіп, өлкеміз тарихи – мәдени мұраларға баий түссе, келер
ұрпақ елін, жерін, халқын сүйіп өсер еді.
160
Вывод:
Средневековая Золотая Орда, расположенная в Атырауской области,
накопила свежие данные в результате исследования в городе Актобе - Лаэти.
Исследования показывают, что этот город был одним из крупнейших городов
средневековья с социально-политическим прошлым. Во времена Золотой Орды
город располагался на Великом шелковом пути, который является важной
Do'stlaringiz bilan baham: |