176
9.
Ысқақов Е.С. Тарих сабағында өлкетану арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу,
/Қазақстан тарихы, 2007ж №7/.
10.
Ысқақов Е.С. Мектепте тарихи-өлкетану жұмысын ұйымдастыру
/Қазақстан тарихы, 2006ж №8/.
Ж. М. Қорғанбаева
Индербор кенті Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі,
тарих пәнінің мұғалімі
ӨЛКЕДЕГІ МАЗАРЛАР ТАРИХЫНЫҢ СЫРЫ НЕДЕ?
Тәуелсіздік алғаннан бері қаншама жылдарды артқа тастап, әр белесіне көз
жүгіртіп отыратын болсақ, халқымыздың өткенін зерттеуге де және
тарихи-
ескерткіштерді қорғауға қатысты ауқымды жұмыстар атқарылғаны да сөзсіз
ақиқат. Ал еліміздегі тарихи – ескерткіштерге бай өлкелер мекені екенін білуге,
әрі осы ескерткіштердің сақталуын қайта қалпына келтіруге жол ашуына септігі
тиген «Мәдени мұра» бағдарламасының маңызы зор.Бүгінде санамызда қайта
түлеп, тарихи- ескерткіштер қайта жаңғырып, көз алдымызда олардың тарих
белестерін еске түсіретін киелі дүние екенін сезінудің жолдарын сан мәрте
айқындатты.[2.1-6 б] Тарихи- ескерткіштер құндылығын олардың сақталуына аса
мән беруге ынталандыру мақсатында өз өлкеміздегі тарихи- ескерткіштердің
барлығы бұл өз өлкесінің әр тұлғасын ойландыруы тиіс.Әр адам өз өлкесінің бір
перзенті ретінде туған жерінің тарихына назар салып, оны бағалауға ұмтылудың
жолдарына аса мән берсе ғана игі істер жүзеге асады. Осыған орай өзіміздің
жергілікті жеріміздің табиғи байлығы мол, тарихы терең елді мекенімізде
ескерткіштер көптеп кездеседі. Соның ішінде Индер көлінің маңында тарихи-
мәдени ескерткіштер саны жетерлік. Ең қызықты ескерткіштер деп Индер –
Қарабау жолының бойында кездесетін Ақшадыра, Қарабала – Қантемір,
Сұлтанәлі, Тағай бейіттерін, Төребай тамын есептеуге болады. Бұл ескерткіштер
уақыт керуенінде бір ғасырды артқа тастап әлі күнге дейін сол күйін жоғалтпай
тұрғаны таңғаларлық жағдай деп айтсақ қателеспеймін. Бұндай тарихи –
ескерткіштер өлкедегі атақты бабаларымыздың ерекше дара тұлғаларына деген
үлкен құрметпен салынған. Осы мазарлардың тарихына шолу жасасақ:
Ең алдымен, көне молалар өз құрылысының қарапыйымдығы мен салыну
шеберлігі жағынан екі топқа - халық молалары (үйінділер) және құрметтілер
177
молалары (сарайлар) болып бөлінуі керектігін еске алған жөн. Жалпы, ертеректе
мазарды биік қылып салуға тыйым салынған. «Елу жылда ел жаңа демекші»
жарты ғасырдан кейін жермен жексен болуы қажет деп есептеген. Әсіресе,
төбесінің ашық болуы шарт деп шешкен. Күн сәулесі түсіп, жаңбыр тию үшін деп
салынатын болған.Соған қарамастан мазарлардың сәулеті мен көлеміне қарап
оны құрметті адамға арнап салғанын байқауға да болады. Осындай мазарлардың
болуы әрі киелі орындардың жие кездесуі тектен- тек еместігі, яғни осы Индер
топырағы талай ұлылардың дүниеге келген мекені екенін сан мәрте еске
салуда.Атап айтсақ, ХІХ ғасырға жататын Шелек мола, Ақшадыра, Қарабала-
Қантемір қорымындары тарих беттерінен сыр шертеді.
Мысалы, Ақшадырда мұнара типтес сегіз қырлы қабырғалы шикі кірпіштен
салынған кесене ерекше. Оның қасында пирамида тәрізді там орналасқан.
Ақшадыра қорымында Ысық руының мәйіттері бар. Қазіргі уақытта Ақшадыра
құлыптастары құлаған әрі сынған. Кейбірі жоғалған.
Қарабала – Қантемір бейітіндегі шошақ дулығалы кесене көңіл бөлуге
тұрарлық. Сонымен қатар Қарабала- Қантемір қорымында саз балшықтан
соғылған екі кесене бар. Мұнда өз заманының беделді тұлғалары
жерленгендігіне еш күмән туғызбайды. Осы Қарабала- Қантемір қорымына
жақын жерде б.э.д ІІ ғасырына жататын Кетебай қорғандар тобы бар.Қорған
маңында үлкен бір оба және шағын обалар бар.
Шелек мола қорымында Есенқұл Беріш руының адамдары жерленген. Бұл
қорымдардағы құлпытастардың көлемі мен пішіні сан-алуан. Олар құмды-
әктасты блоктардан қашалған және араб эпиграфикасымен жазылып, әртүрлі ою-
өрнектермен безендірілген. Бұл құлпытастар Батыс Қазақстанның тас қашау
өнерінің жоғары деңгейін айқындайтын ғұрыптық
ескерткіштер болып
есептеледі. Сонымен қатар мазарлардың сан- алуан пішінді салынуы
құрылыстың жаңа қырына бет алдыртады. Саз балшықтан салынған бұл
қорымдардың топырағының құрамына да айрықша мән беруге болады. Саз
балшықтың құрамына қымызбен жылқының қылымен салынса мықты
болады
деген тұжырымдарда баршылық. Бұл кесенелер осы уақытқа дейін жаңбырмен,
желмен желінгенмен өз қалыптарын жақсы сақтаған. Алайда бұл қорымдар
мемлекеттік бақылауда есептелгенімен, қоршалмағандықтан, мал тұяғымен
тапталған, сондықтан жергілікті орындар тарапынан қорғауға алынса, жақсы
болар сөзсіз. Бірақта біз бабаларымыздың ерекше дара тұлғаларына деген үлкен
құрметпен тарихи ескерткіштер кезінде салынғанын біле тұрсақта бүгінде
олардың өз дәрежесінде сақталуы әлі де болса, енжар қалуының себебін анықтай
алмай жүрміз.Өйткені біз ата – бабамыздан қалған мәдени мұрамызды қадірлеу
оған деген үлкен құрмет әр адам санасында жаңғыруы аса қажеттіліктен
туындауы тиістігін әсте естен шығарып алудамыз. Соның ішінде туған өлкедегі
тарихи- мәдени ескерткіштерге аса мән бермей оларға деген қамқорлықты өз
ықпалымызбен іске асыру қажет деп санамай жататынымыз да әр өлкенің