«сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы атырау облысы білім беру басқармасының Әдістемелік орталығЫ



Download 3,74 Mb.
Pdf ko'rish
bet99/162
Sana26.06.2022
Hajmi3,74 Mb.
#705534
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   162
Bog'liq
Jinaq123

«Мен ұлтты күшейтудің бірінші тетігі – тіл болса, ал екіншісі – тарих, 
ал тарих ғылымы ғылымдардың атасы» 
деген қағиданы басшылыққа ала 
отырып шығармашылықпен жұмыс істей білетін, өтілген тақырыптан дұрыс 
қорытынды жасай алатын тарих деректерімен өздігімен жұмыс істеуге
қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеуге баса ден қоямын. «Дүниеде туған еліңнен 
артық ел де, жер де жоқ» деген еді сөз зергері Ғабит Мүсірепов. Туған жер 
тарихынан аға ұрпақтың өнегелі істерінен хабардар ұрпақ патриоттық - 
азаматтық рухта өсіп – жетіледі.[6] 
Оқушылар халқымыздың өткені мен болашағы туралы тарихты жете 
білмесе, қазіргі қоғамның даму заңдылықтарын толық түсіну мүмкін емес. 
Асылды алыстан іздеп әуре болмай, иегіміздің астындағы барымызды бағалай 
білсек. Сайып келгенде үлкеніміз бен кішіміз ежелгі Рим шешені, саясатшы 
Цицеронның: «Өзің туғанға дейінгі дүниеде не болғанын білмесең ғұмыр
бойы нәресте қалпында қалдым дей бер» деген қағидалы сөзді
ұмытпағанымыз жөн. [7] 
«Жаңа тарих мәселелері бойынша тақырыптық зерттеулер аясын кеңейту 
қажет. Соның ішінде өлкетануға байланысты жұмыстарды жан-жақты зерттеу 
керек», - деді Марат Тәжин. Патриоттық сезімнің нысаны мен қайнар көзі
Отан десек, мазмұны туған жер, табиғат оның байлықтары, тілі, дәстүрі, тарихи 
ескерткіштері туған өлкедегі тамаша киелі орындарын насихаттау. Осы 
мақсатта оқушыларға Елбасымыздың «Мәдени мұра» бағдарламасын 
басшылыққа алуға болады. Жас ұрпақ – біздің өміріміздің тікелей 
жалғастырушы өкілі ғана емес, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы. 
Елжандылық рухта тәрбиелеу – жастарды ерлікке, Отан сүйгіштікке, ар 
намысты қорғауға, адамгершілікке баулиды. Осындай халықшылдық идея, 
елжандылық сезім жастардың жүрегінен терең орын алып, оларды белсенді іс-
әрекетке тәрбиелейді.[8] Осындай мақсатқа туған жерінің қадір-қасиетін 
ұғындыру, туған жер тұлғаларына деген құрметтерін арттыру, туған ел тарихын 
тану мақсатында М.Мөңкеұлы атындағы орта мектепте 2006-2007 оқу жылынан 
бастап «Зерде» атты оқушылардың кіші ғылыми қоғамының жетекшісі ретінде 
«Өлкетану» үйірмесін ашып, мектептегі дарынды, қабілетті оқушылармен 
жүйелі жұмыс жасап келемін. Нәтижесінде туған жер тарихы жайлы біраз 
мағұлматтар жинақталды. Атырау облысы оның ішінде Индер ауданы небір 
тарихи тұлғалар мен талантты ұл –қыз өрбіткен бұл мекеннің тарихы мол. Туған 
жерінің тарихи тұлғаларын, тарихи мәдени ескерткіштерінің құндылығын 
қастерлеуге 
үйрету, 
шығармашылық-ізденімпаздыққа 
баулу. 
Ата-баба 
шежіресін, аймақтың ақтаңдаққа толы кешегі тарихын, өткен ақиқатын білгіміз 
келсе, алдымен халық санасына, ғұламалар тұжырымдамаларына, сондай-ақ 
сартап болып сарғайған көне шежіре бетіне үңілеміз. 


192 
Әрбір адам үшін өзінің туған жерінің тарихын танып білу – перзенттік 
парыз. Асқар-асқар таулары көкорай белдері болмаса да, біз үшін ми қайнатар 
ыстығы сағым болған туған өңірімізден артық ештеңе жоқ. Сол өңірдің талай 
тарихты қойнауына бүгіп жатқанын білу, зерделеудің өзі бақыт. Осы орайда 
Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жазғы 
демалыс күндері бір топ мектеп оқушылары мектеп әкімшілігінің 
ұйымдастыруымен «Тарихымды танып білгім келеді» тақырыбында тарихи 
танымдық өлкетану жорығы шежірелі, бай тарихы бар, қасиетті Сарайшық 
жеріне бастау алды. Оқушылар экспедициясының құрамына мектебіміздің 
үздік, белсенді, түрлі жарыстардың жеңімпаз оқушыларынан құралған 30 
оқушы қамтылды. Сонымен қатар бұл жорыққа мектеп директоры Р.Рысбаева, 
мектеп директорының тәрбие істері жөніндегі орынбасары С. Қайырлиева, 
жоғары санатты тарих пәнінің мұғалімі С.Керешов, алғашқы әскери дайындық 
пәнінің мұғалімі Н.Қадірімбетов бастап апарды. Жорық барысында оқушылар 
қасиетті де қастерлі Сарайшық өлкесінің тарихымен жан-жақты танысып 
қайтты. 
Республикамыздың мәдени мұраларын қорғау патриот ұландардың, 
келешек ұрпақтың айнымас міндеті. Саяхаттан түйгеніміз, бүгінгі балғын 
ұрпақ топырағында көмулі жатқан тарихымыздың тағылымы орасан екенін 
білді. Иә, бүгінгі қоғам алдында тұрған міндет, әрбір ұстаз алдында тұрған 
міндет. Дарын – адам бойындағы асқан талант, ерекше қабілет. Яғни дарынды 
бала, асқан талант иесі. Меніңше адамды танып білу – оның бойындағы
ерекше қабілетті көре білу мұғалім үшін аса қажет қасиет. Ол үшін ерінбей 
еңбектеніп, баланың ерекше қабілетін байқауда күнделікті сабақта, үйірме 
жұмысында оқушыны үзбей бақылап, бала бойындағы дарындылықты немесе 
жүйелі білім алуға қабілетті тұлғаны анықтауға болады. Соңғы уақытта білім 
ошақтарында ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысатын шәкірттерімізде 
ауданымыздың мәртебесін асқақтатуда. Қызығы мен қиындығы біте қайнасқан 
мектеп өмірінде сабағын оқи жүріп, зерттеу жұмыстарына белсене араласқан 
шәкірттеріміздің саны күннен – күнге көбейіп келеді. Жаңалыққа жаны құмар 
үйірме мүшелері, көп ізденіп ғылымға деген қызығушылықтары бейімделіп, 
келешекте осы саланы жетік игеріп, білікті маман атанғысы келеді. «Білімді 
ұрпақ ел болашағы» демекші ғылым көкжиегіндегі жасыл құрақтай желкілдеп 
өсіп келе жатқан «Өлкетану» үйірмесінің 5 оқушысы, атап айтқанда, олар: 
Орахова Айгерім, Орахова Ақсана, Шаукирова Гүлзира, Бағытжанова 
Ақмөлдір, Итенова Ақсұңқар аудандық және облыстық оқушылардың
дарынды, қабілетті оқушылардың ғылыми жобалар байқауында «Ұлы 
Жеңіске үлес қосқандар», «Туған өлке – тұнған шежіре», «Құрылыс ауылының 
тарихы», «Жер – су атауларының тарихы», «Ауданым – қасиетті мекенім, 
мақтанышым» атты тақырыбындағы ғылыми жоба жұмыстарын сәттілікпен 
қорғап, қорытындысында І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталып, 


193 
мектебіміздің және ауданымыздың мәртебесін жоғары көтеріп, біздің 
мақтанышымызға айналды. Аталған оқушылардың жоғарыда аталған ғылыми 
жоба жұмыстары республикалық ғылыми-әдістемелік және педагогикалық 
басылым саналатын «Қазақстан тарихы» әдістемелік журналында 
жарияланды. [10] «Өлкетану» үйірмесінің мүшелері қандай да ғылыми 
конференция болса, тақырыптар бойынша қызығып, оқушылардың ғылымға 
деген көзқарастарының өте жоғары деңгейде екені анықталады. 
Елбасымыз тарихтың маңызы туралы «Өркениетті алға бастырар ғылым 
десек, соның бірден –бір саласы жас ұрпақты дәл тарихтай отаншылдыққа, 
ұлтжандылыққа, әділдікке тәрбиелей алмайды»- дейді. Өйткені ол бүкіл 
адамзаттың тарихын, жүріп өткен жолын, жинаған тәжірибесін баяндайды. 
Тарихты білу – өзінің отбасының, әулетінің, туып-өскен өлкесінің тарихын 
білуден басталады. Ел ертеңіне нық сеніммен қарайтын, жан-жақты дамыған, 
патриот, жүрегі елім, жерім деп соғатын, өмір сүруге құштарлығы мол 
тұлғаны еліміздің кетігіне кірпіш етіп қалай білсек, бұл біздің көздеген 
мақсатымызға жеткеніміз. Елбасымыздың «Қазақстан 2050» бағдарламасында 
әрбір пән мұғаліміне өлкетануда анық бағыттар берген. Келешек ұрпақтың 
Отанына деген сүйіспеншілігін, өзінің туған жеріне деген сезімін тәрбиелеу 
– әрбәр мұғалімнің парызы. Ғасырлардан –ғасырларға кетер тарихты және 
мәдени ескерткіштерді қазіргі ұрпақ осы бастан жинап жасай бастау керек. 
Келер ұрпақ халқымыздың әргі-бергі тарихына, мәдени құндылықтарына 
мағұлмат беретін дәлелді дәйектерді өз дәрежесінде оқу үшін өлкетану 
жұмыстарына байланысты барлық шараларды жандандыру қажет. [12] 
Қорыта айтқанда ғасырлар бойы халықтық мәдени мұраның 
құндылығын түсіну үшін, бабалар есімін құрметтеуден бастап 
жерлестеріміздің дарындылығын мақтаныш етіп туған жерге деген 
сүйіспеншілікті тәрбиелеу мақсатында өлкетану жұмыстарын жыл бойы 
жүргізіп отырамын. 

Download 3,74 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   162




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish