«сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы атырау облысы білім беру басқармасының Әдістемелік орталығЫ



Download 3,74 Mb.
Pdf ko'rish
bet107/162
Sana26.06.2022
Hajmi3,74 Mb.
#705534
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   162
Bog'liq
Jinaq123

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
Сдыков М.Н. Батыс Қазақстан облысының тарихи-мәдени және табиғат 
мұралары ескерткіштері. – Орал: БҚО Тарих және археология орталығы, 2009. – 
Жәнібек ауданы. – Т.10. –Алтын Орда. – 2002, 22 наурыз 
2.
Сапаргалиев М.Г. Распад Золотой Орды. – Мордовское книжное 
издательство, 1960 с 65-71. 
3.
Сборник материалов, относящихся к истории Золотой Орды. – Изд-во: 
Санкт-Петербург,1941. – Т. 2. – С.62. 
4.
Материалы по истории казахских ханств в ХV-ХVІІІ вв. – Алма-Ата: изд-во 
Наука Казахской ССР, 1969. – С. 33. 
Г. А. Есенғалиева 
М.Мөңкеұлы атындағы орта мектебі, 
9-сынып оқушысы 
 
"ЖЕР-СУ АТЫ-ТАРИХТЫҢ ХАТЫ" 
 
Елбасының "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру" және «Ұлы даланың жеті 
қыры» атты тарихи мақалаларына орай : 
Құлазыған сенің жүздерің, 
Не білмеген,не көрмеген ізгі елім. 
Жазылмаған тарихымның жолдарын, 
Ауыз екі аңызыңнан іздедім... 
М.Мақатаев. 


208 
"Елу жылда-ел жаңа"деген дана халқымыз.Сондықтан да өткенді айтпай , 
бүгінгі еске түспейді.Шындығында да қай өңір,қай өлкенің арғы-бергі 
тарихы,шертер сырлары көп. "Әркімнің туған жері-мысыр шаһары"деген екен 
бұрынғылар.Өзіміз туып өскен Жайық өңірі-қазір республикамыздың өзіндік нәр 
беріп отырған территория.Ақын жырларына арқау болған мына өлең жолдары 
соның айғағы іспеттес: 
Ежелден атам-Каспий,анам-Жайық, 
Өрістеп келе жатқан даңқын жайып. 
Мекені атамыздың құтты қоныс, 
Мақтаныш етуіме мың лайық,- 
деп шырқалса,енді бірде: 
Жем,Сағыз,Тайсойған мен Дендеріміз, 
Кір жуып,кіндік кескен жерлеріміз. 
Қамы үшін қарындастың жауға шапқан, 
Сырымдай өтті даңқты ерлерміз,-деп өрнектейді 
Жайық өзенінде қоныстанған елді-мекендердің әрқайсысының өзіндік тарихы 
бар. Соның бірі өзіміз тұратын - Құрылыс ауылы.Ауылдың ірге тасын қалап,қада 
қағушылардың бірі- Иманғазиев Балахмет. Бұған дейін осы территория 11-ші 
ауыл қарамағында юолған. 1927 жылы Балахмет ағай сол кездегі Махамбет 
ауданына барып,арнаулы жер бөліп,шекарасын белгілейтін ұлты орыс екі 
агроном жігітті ертіп әкелген. 1928 жылы осы территорияда алғашқы 
артель,ұйымдастару 
қолға 
алынып,конфискеленген 
мал-мүліктер 
осы 
территорияда түратын халыққа бөлініп берілген. Дегенмен бірден шаруашылық 
жолына түсіп кете алмады. Артель 1929 жылы тарап,1930 жылы қайта 
ұйымдасқан. Алғашқыда колхоз "Бірлік күш" ,ал 1932 жылдан бастап "Бірлестік" 
деп аталған. Алғашқы колхоз төрағалары болған Алашбаев Ықсан,кейін 
Иманалин Нығымет,Шерубаев Рақым,ал ауыл советінің хатшылары болып 
Ниязғалиев Қалам,Таласбаев Жапар деген жергілікті адамдар болған. Бұдан кейін 
1936 жылдан бастап село Құрылыс деп аталған. 
Отан,туған жер,атамекен,елім, ауылым жүрек тебірентіп,шаттық сезімді 
оятатын қасиетті сөздер. Елін,жерін сүю үшін ең алдымен оның тарихын жақсы 
білу қажет. 
Маған бүгін керек емес ертегі, 
Ертегіні балам өзі шертеді. 
Тарих керек-іргетасы қазақтың 
Іргетассыз қаланбайды ертеңі,-деп Қадір Мырза Әли ақын 
айтқандай тарихты білу - өзіңнің отбасыңның , әулетіңнің,туып өскен жеріңнің 
тарихын білуден басталады. Туған жер деген сөзде терең ұғым бар, әрі ол әрбір 
адамның жарық дүниеге шыр етіп келген мекені. Ең алғаш жұтқан ауасы,аялаған 
өмір бесігі,туғн жердің барлық табиғи қадір-қасиеті ананың ақ сүтімен тұла 


209 
бойына тарайды. Әр адамның азаматтық арының тазалығы туған жерін,өзінің 
ұшқан ұясын ұлағаттаудан басталады. Ол үшін әр адам өзінің туып өскен жерінің 
тарихын,туған өлкеміздің тау-тасын,өзен-көлін,қазба байлығын өзімдікі деп 
сезініп,оны қорғай білуі керек. Туған өлкенің тарихын жас кезде меңгеріп,ол 
қайда жүре де,өз халқын туған жерін,салтын мақтаныш ете алатындай ұлтжанды 
азамат болу парызы деп айтуға болады. Туған өлкеміз Индер ауданы Ақжайық 
суымен ғана емес ата-бабалар тарихына да толы.Өйткені,осы мекенді азат 
халқына атамекен етсем екен деп талай аталарымыз,аяулы ардагерлеріміз қанын 
төкті. Бұл жерден қалың қазағына жерұйығын іздеген Асан Қайғы 
бабамыз,алмастай өткір сөзді Сырым би,жауға шапқан Исатай,қара бала қамы 
үшін қылышы мен жырын қоса көтерген Махамбет өтті. М.Мөңкеұлы жырға 
қосса , Малайсары би әділ іске төрелік етті. Кез-келген өзінің туып өскен жерін 
яғни Отанын жақсы көреді. Бұған дейінгі мұрағат деректері мен көнекөз 
қариялардың айтуына қарағанда сол кездегі колхоздың шаруашылығы шағын 15 
мың 
қой,сиыр,түйе,жылқы 
болған. 
Жердің 
топырағы 
күлгін,сұрғылт,құнарлылығы орташа болғандығына қарамастан қолмен суару 
арқылы егістік жұмысы жүргізіліп,тары егумен айналысқан. Қазақстан 
Журналисттер 
Одағының 
Бағытжан 
Қаратаев атындағы 
сыйлықтың 
лауреаты,аудандық «Дендер» үнқағазы бас редактордың орынбасары-жауапты 
хатшы Сансызбай Базарбаев өзінің туған ауылы Құрылыс ауылын төмендегіше 
жырға қосады. 
Құрылысым 
Естігенде кеудемді жыр қысатын, 
Белгілі бесінші ауыл-Құрылыс атың. 
Сен едің қажыр берген,қайрат өрген, 
Сеңгірлі шың басына тырмысатын 
Шағын ауыл Жайықтың жағасында, 
Шашын жайған терек пен тал осында. 
Шалғай емес тіпті де шығар күні, 
Шәрбаты бар бір жұтым ауасында. 
Адамдары мейірбан басқалардан, 
Жүректерін кернеген асқақ арман. 
Зередей бір бойымда талап болса, 
Осы ауылдың төрінен бастау алған. 
Добия
- Жайық бойындағы шаруашылыққа ыңғайлы құтты мекен. (Оның атауы 
қыздардың мойнына, білегіне тағатын моншағы деген мағынаны білдіреді) 
Тоғай желісінен екі, Жайық арнасынан үш шақырым,Талас көлі,Добия 
қарасуы,Қашқын төбесі, «Бекіре сойған жыра», Төлеп төбесі, Қашаған, Жарық, 
Дошман төбесі, Байғұлдармен орайлас орналасқан алқап. 


210 
Добиядағы тұңғыш мешітті діни қайраткер Тегісбай Әлімбаев ашқан. 

Download 3,74 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   162




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish