Қолданылатын әдебиеттер
1.
Халықаралық ғылыми – танымдық тарихи журнал, №12
2.
Мәдени мұра сайты. http//www.madenimura.kz/
3.
Дендер газеті: 7 қараша 2014ж, 18 шілде 2014 ж.
4.
Жандарбекқызы Г. «Мәдени мұра рухани қазына» мақала//Ақ жайық
газеті. 25 сәуір 2013 жыл.
205
5.
Атырау облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы.
Қызылқоға, Индер аудандары. 2012 ж, «Тарихи–мәдени мұра» ғылыми
өндірістік орталығы.
6.
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық
құқықтық жүйесі. Сайты: http//adilet.zan.kz/
А.С. Султанғалиева
Жамбыл атындағы орта мектебі,
тарих пәні мұғалімі
Индер ауданы Есбол селосы
ХАН ОРДАЛЫ - САРАЙШЫҚ
«Сарайшық топырағы қасиетті, өйткені исі түркі әлеміне ортақ Алтын Орда
хандары Тоқта, Жәнібек, Бердібек, ноғайлының билеушісі Оқас, одан бергі
Қасым хан сияқты атақты хандарымыз бен батырларымыздың жаны мәңгілік
жай тапқан жер, оны еліміздің алғашқы Пантеоны десек те болады»
(Н.Ә.Назарбаев)
Еділ – Жайық өңірінің тарихы - Қазақ мемлекетінің бастау бұлағында тұрған
шежірелі өлке, ұлт тарихының арналы саласы. Қазіргі таңда қос өзен
бойындағы
тарихымызды
түгендей алмай жатқанымыз ащы шындық.
Шын мәнінде, Сарайшықтың қазақ халқының тарихында алатын орны ерекше.
Алтын Орда дәуірінде тарихшы В.Л.Егоровтың айтуы бойынша 110 қала
мен елді мекендердің болғандығы белгілі. Ол Бату салдырған (1254-1255 жж)
Сарай қаласы замандастарын айран-асыр, таң-тамаша етті деп жазады. Оған XVI
ғасырдың бірінші жартысында араб саяхатшысы Ибн Батутта келіп, Алтын Орда
аумағы енді жаппай көшпенділер мекенжайы ұшы қиырсыз кең дала ғана емес,
қала салу мәдениеті бар отырысты мемлекет болғандығына куә болады.
Қазіргі қазақ жерінде монғол хандары салған қалалардың ішіндегі кезінде
ішкі және халықаралық сауданың ірі орталығы болған Сарайшық қаласын атауға
болады. Бір айта кететін жағдай ол Жайық бойындағы жалғыз қала емес.
Мәселен, итальян саудагерлері ағайынды Пицеганиздер шамамен 1367 жылы,
осы өңірге келіп, Еділден шығысқа қарай Каспий теңізінің жағасында, Хорезм
аумағынан едәуір қашықтықта, сегіз қаланың бар екендігін жазып қалдырады.
Көреген бабаларымыз Жайық өзенінің сұғымын табиғи бекініс ретінде
пайдаланып, сұғымға кірер ауызды қалаға кірер қақпа ретінде пайдаланғаны
тарихи шаһардың қалпына келтірілген макетінен анық көрініп тұр. Сарайшық бір
206
кездері Еуразия даласының ең маңызды қалаларының бірі болған.
Сарайшық жайында алғашқы нақтылы деректі атақты араб саяхатшысы
Ибн Батутта береді. Ол 1332 жылы Алтын Ордаға келіп Бестау маңындағы Өзбек
ханның Ордасында болып, одан соң Қажы Тарханға (Астрахан), одан Сарайға,
әріқарай Бұлғарға барып, Сарайға қайтып оралғанын жазады. Кейін оның жолы
Хорезмге түсіп, «Сарайдан шығып он күн жүргеннен кейін Саражук («жук» -
кішкентай деген ұғымды береді) қаласына келдік» - жазады, (ойтш. ол Сарайшық
қаласын Кіші Сара деп атайды. Оның сипаттауынша, «бұл қала арнасынан асып
жатқан өзеннің жағасында екен. Оны Ұлысу атайды, өзеннің үстінен Бағдаттағы
сияқты қайықтарды қаз-қатар тізігш көпір жасаған. Бұл қалада Зәбия
(дәруіштердің тұрағы, әсіресе тәуіш етіп келген жолаушы тегін азықтандыратын
орын) бар, оның иелері түркі шалдар. Оларды «ата» дейді екен. Ол бізді сыйлап
батасын берді. Сондай-ақ бізді қаланың қадиы қабылдады» - деп жазады. [1, Т
10].
XIX ғасырдың 20 жылдарында «қазақ тарихының болашақ Геродоты»
А.Левшин қала тарихы туралы былайша мәлімет береді: «Қазақтар мен татарлар
Сарайшықтың жұртын қатты қастерлейді. Боз-бір обаны Мұхаммед
уағызшысының қабірі деп тәуіп етеді. Және әдейі арнап тәуіп етуге келіп,
құрмалдық береді». Бұл жерде Сарайшық қаласының кезінде Алтын Орда ханы
Өзбектің ресми мемлекеттік дін ретінде ензізген ислам дінінің ірі орталығы
болғандығын, ал адамдар тәуіп ететін орын Сейіт ата қабірі екендігі сөзсіз.
Сарайшық XVI ғасырдың 40 жылдарында Ноғай Ордасының астанасына
айналған қала. Ол төрт құбыласы тең, бай ірі қала болды. Мәрмәрдің сынықтары.,
өрнекті кірпіштер, әшекей бұйымдар мен теңгелер, шыны және күйдірген
балшық ыдыстардың қалдықтарының табылуының өзі осының дәлелі. Тіпті, бір
балшық ыдыстың сыртында Жүсіп Баласағұнның «Құдатғу білік» еңбегінен
келтірілген өлең жолдары да кездеседі. Сарайшықтың астана ретінде қызмет
атқаруына оның орналасқан геосаяси жағдайы, яғни Хорезм, Иран, Монголия,
Қытай және Үндістанмен арадағы сауда жолының түйіскен торабында жатқаны
да себеп болды. Сарайшық Алтын Орда, қазақ хандары, басқа да ірі саяси
тұлғалары жерленген қасиетті орын. Мұнда қазақ ханы- Қасым хан, Алтын Орда
хандары Жәнібек ханның, Тоқты ханның, Сейіт- бабаның т.б. жерленгендігі
туралы тарихи деректер жеткілікті. .[2, 65-75 б]
Жалпы Алтын Орда, оның ішінде Ноғай Ордасы тарихын мұқият зерттеу
арқылы қазақ тарихын дұрысырақ түсінуге мүмкіндіктің мол екендігіне, ал
ежелгі астана – Сарайшықтың тарихына терең үңілу арқылы оның аймағындағы
халықтың тұтастығы идеясының туғандығына, қоғамдық- саяси және
философияның ой- пікірлердің қалыптасуына негіз қаланғандығына көз жеткізу
онша қиындық туғызбайды. Шындығында, қазақтың батырлық дастандары – Ер
Көкше, Ер Сайын, Ер Тарғын, Шора, Қамбар батырлары мен Мамай, Тоқтамыс,
Едіге жайындағы жырлары осы кезеңнен бастау алады. Оларды жырлау арқылы
207
бір рудың ер азаматы ғана емес, елін біріктіруге күш салған, Отанын қорғаш
қылған батырлар ретінде мадақтауы басшылыққа алынған. [3, 62 б, 4,33 б]
Сол сияқты осы кезеңде, осы өңірден қазақтың тұңғыш ойшылы, философ,
әрі ақыны Асан қайғының, ақын -жыраулар Қазтуған, Доспанбет, Шалкиіздің
(XV-XVI ғғ) шығуы да заңдылық. Олардың бәріде Еділ мен Жайықтың бойында,
қазіргі Батыс Қазақстан жерінде дүниеге келегн тарихи тұлғалар.
Сарайшық қаласының, қай жылы, кім салдырғанын анық айту әлі мүмкін
болмай отыр. Бұл тұрғыда әр жақты пікірлер де кездеседі. Дегенмен де, оның XVI
ғ. 40 жылдарында Ноғай Ордасы мемлекетінің ресми түрде астанасы болғандығы
тарихы шындық. Әрине, күні бүгін Сарайшық қаласы тоналған, қираған, бүлінген
қалалардың қатарында. Дегенмен де ел жадында сақталған «Сарайшықтың аққу
көлі», «Жәнібек ханның алтын қайығы», «Хан қызының алтын табыты»,
«Хұмдан», сонымен қатар Сарайшықтың атауына байланысты аңыз- әңгімелер
жеткілікті.
Do'stlaringiz bilan baham: |