189
факторлармен салыстыру арқылы сол тақырыпты есінде қалдырады. Өлкетану
жұмыстарын жандандыру үшін мынандай жұмыстар атқарған жөн.
1)
Карталар сызу (пайдалы қазба, археологиялық қазба орындары мен
көмбелерді анықтау)
2)
Ауыл ішіндегі заттарды жинау, шежірелер мен әңгімелер, құжаттар, т.б.
3)
Өлкетану үйірмелерін ұйымдастыру, секцияларға бөлу.
Осындай жұмыстар оқушылардың ғылыми жұмысқа, ғылыми жоба
жұмыстарына қатысуларына жиналған материалдар септігін тигізеді. Мектепте
тарихи
археологиялық
өлкетану
жұмыстарын
жүргізу,
жиналған
материалдарды тарих сабақтарында пайдалану өте маңызды. Өлке тарихын
зерттеу Отан тарихының мазмұнын байытады,
тарихи санамызды
қалыптастырады.[4]
Индер ауданының жері тұнып тұрған қазына, жер үсті баға жетпес байлық.
Шөбі дәрі, суы бал, сондықтан бұл өңір Асан қайғы бабамыз айтқандай
«Жерұйық»
деп
аталады.
Біздің
туып-өскен
Құрылыс
ауылының
территориясында құпиясы мол тарихи қорғандар мен жер-су атаулары көптеп
кездеседі. Соның бірі - «Тасоба »қорғаны болып саналады. 2008 жылы 15
маусымда Мұратов Нұрлан, Есқалиев Амангелді, Садиров Тоқтар,Орахов
Фархат, Шотықбаев Бағдат және тарих ғылымының кандидаты, археолог-ғалым
Хасенов Мараттың жетекшілігімен Құрылыс ауылынан күншығыс жақ беттегі 12
шақырым жерде «Тасоба »қорғанынан өздерінің жоспарланған далалық ғылыми-
зерттеу жұмысын бастады. Біздің территориямыздағы аталған шығыс өңір бүгінгі
күні аз зерттелген, тарихи құпиясы мол және қызықты өңір болып отыр. «Тасоба
»қорғаны бұрынғы 6 ауыл қасынан 4000 метр қашықтықта орналасқан. Обаның
орналасқан жері биіктеу, көтеріңкі. Үйіндісі тас және топырақ. Биіктігі 1,5
метр.Аумағы 14 метр. Обаға тән белгілердің барлығы бар.
Барлау тобы обаны
суретке түсіріп, жоспарға белгілеген. Осы «Тасоба »қорғанынан ежелгі
замандағы нан пісіретін пеш, көне тиындар, қыш құмыралар табылған. Ғылыми-
зерттеу тобының қысқа мерзім ішінде жүргізген жұмысының нәтижесі міне
осындай болды.
Атырау облысының археолог ғалымдарының жүргізген нәтижелі
жұмыстарының арқасында «Сармат ханшайымы» немесе «Қылыш» қорғандары
өз құпиясын аша бастады.[14]
Облыс әкімінің қолдауымен «Қазақстан» РТРК» АҚ Атырау филиалының
ұсынысын қабыл еткен «Хазардан – қазаққа дейін» атты телеэкспедиция жолға
шыққан болатын. Құрамында тарихшылар мен археологтар бар топ Индер
ауданына сапарында «Қылыш» жеріндегі қорғандардың бірін қазып, Сармат
ханшайымының мәйітін тапты.
Жарсуат ауылынан шығысқа қарай 20-30 шақырымдай қашықтықта
орналасқан бұл қорғандардың барын археологтар білгенмен анықтау мүмкін
болмаған. Біздің эрамызға дейінгі Ү ғасырға жататын қорған ішіндегі үлкенінің
190
биіктігі 5 метр, диаметрі 120 метр. Негізі бұл әуел баста пирамида істеттес әлде
қайда биік болуы мүмкін. Археолог Марат Хасеновтің айтуынша, мұндай қорған
елімізде сирек әрі Атырау облысында ең ірі қорғандардың бірі және бұл
айналасындағы кішігірім қорғандарға қарап болжам жасағанда патша қорғаны
екені сөзсіз дейді. Бұдан басқа жалпы 30-40 қорған бар көрінеді. Бұл бір тұтас
тайпаның қонысы, заманында құтты мекен болған деседі.
– Кейін сарматтар ыдырағанда ғұндар, оғыздар, сосын қыпшақтар басқан.
Бірақ ешкім ешқайда көшіп кеткен жок. Бүгінгі халықтың тамыры осы.
Сондықтан сарматтарды зерттеу біздің арғы тегімізді, этникалық мәдениетімізді
тану деген сөз. Сол арқылы өлкеміздің жаңа тарихи беттерін ашамыз.
Оларды
зерттеу арқылы тұтас қазақ елінің шығу тегін айқындауға болады. Мысалы,
қолданған тұрмыстық заттарында аң -құс, т.б бейнеленген,– дейді ол.[15]
Сонымен үлкен қорғанды қазу көп қаржыны қажет еткендіктен әрі әліміз
жетпейтіндіктен кіші қорғанды қазу басталды Бұған «Дендер» қоғамдық жастар
бірлестігі мүшелері де көмекке келді. Метрден аса қазған соң археолог қазу
тәртібін қатаң сақтауды айтып, өзі өлшеп беріп, қай жерге күрек салу керектігін
бағыттап жүрді. Сәлден соң жерді шұқылап үріп, «міне жатыр» деді де осы жерді
жаймен қазуды тапсырды. Осылайша көзге адамның мәйіті көрініп, оның
топырағы мұқият алынды. Оның жанынан екі құмырасы, айнасы және садақтың
қоладан жасалған жебесі табылды. Археолог М.Хасенов: – Бұл сарматтың
жауынгер әйелі – амазонка. Мына бойы 1,6-1,7 метр. Өте жаксы сақталған.
Сарматтарда амазонкалар болған. Олар әскербасылық қызметтер атқарған. Бұл
біздің еліміз үшін үлкен жаңалық, – дейді ол.
Жалпы сармат мәдениеті өте аз зерттелді, олар осы батыс өлкені
мекендеген дейді тарихшылар.
Ендеше, бұл қазаққа дейінгі кім болғанымызды, мәдениетімізді танудағы
алғашқы қадамдардың бірі болмақ. Ал сармат көсемінің қорғанын қазуға
мемлекет тарапынан көмек қажет-ақ. Қасиетті Құрылыс өңірі Индер ауданының
әсем бұрыштарының бірі. 2012 жылы 10-сынып оқушысы Бағытжанова
Ақмөлдір «Құрылыс ауылының тарихы» атты тақырыпта «Дарын» ғылыми
жоба байқауына қатысып, облыстан жүлделі ІІ орынды иеленді.
Ауылымыздағы төрткүл қорған орнындағы орта ғасырлық көне қалашықтың Х-
ХІ ғасырлардағы тарихи-мәдени ескерткіштің сырын ашуды, зерттеуді
көпшіліктің назарын аударуды мақсат етті. Аталған жұмыс оқушының
археология ғылымы туралы түсінігін байытса, екінші жағынан өлкетану
бағытында Құрылыс ауылының тарихына жаңа бет ашуға, жас ұрпақтың
отаншылдық сезімін дамытуға үлкен үлес қосады. 7-
сыныпта орта
ғасырлардағы Қазақстан тарихы пәнінде «Қалалық мәдениеттің дамуы»
тақырыбында өткен уақытта осы ауылымыздағы аталған қорған орнындағы
қалашықтың аумағын, алып жатқан орнын, көлемі жағынан нешінші топқа
жататынын айтып салыстырамын. Тақырыпты байланыстыра отырып түсіндіру
191
арқылы оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырып, тарихи біліктері
мен дағдыларын жетілдіру.[11]
Do'stlaringiz bilan baham: