«сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы атырау облысы білім беру басқармасының Әдістемелік орталығЫ



Download 3,74 Mb.
Pdf ko'rish
bet96/162
Sana26.06.2022
Hajmi3,74 Mb.
#705534
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   162
Bog'liq
Jinaq123

Сарайшық қаласы 
— ортағасырлық 
Қазақстан тарихында өзіндік ерекше орны бар қалаға жатады. Егерде еліміздің 
оңтүстік өңірі мен Жетісу өңіріндегі қалалық мәдениеттің көрінісін көптеген 
ортағасырлық үлкенді-кішілі қалалардан, қамалдардан, бекіністерден, елді- 
мекендерден көре алсақ, батыс өңірдегі қалалық — Сарайшық қаласы арқылы 
байқалады. Бұл — қаланың көп ерекшеліктерінің бірін құраса керек. XIV 
ғасырдың алғашқы жартысында, Қыпшақ даласы арқылы Хорезмге сапар 
шеккен араб саяхатшысы Ибн-Баттута былай дейді: «Сарайдан шыққан соң он 
күннен кейін Сарайжук қаласына келдік, ол — Ұлы су (Жайық) жағасына 
орналасқан. «Жук» — деген сөз бұл жерде «кіші» — деген мағынада, сонымен 
бұл қала — «Кіші Сарай»). жасақтарымен дайын тұрған Баймағамбет, 
Мұхамедқали Таукинге хабар береді. Бұл жасаққа жүзбасылар Попов мен 
Понамаревтің жазалаушы отряд қосылады. 14 желтоқсанда жазалаушылардың 
қолына Исатайдың әйелі Несібелі, балдызы Бағлан, Еділ Сартұлының балалары 
Ерше мен Нұрша түседі. Ал Исатай біраз сенімді жігіттерімен жазалаушыларды 
адастырып кетеді. Тастөбе маңындағы шайқастан кейін көтерілістің бірінші 
және екінші кезеңі жеңіліспен аяқталады. Ал Орынбор губернаторы Перовский 
болса Кіші жүздегі көтерілістің басуға қосымша әскер жібереді. Полковник 
Гекке мен Баймағамбеттің отрядтары Ақбұлақтың жағасына орналасады 
Ақбұлақ 
– Ақтөбе облысына қарайтын шағын өзен. Ол солтүстік- 
батыстағы Жосалы жотасынан бастау алып, Қиыл өзенімен жарыса ағады да, 
шығысқа бұрылып Қарағанды өзеніне құяды.[ Ақтөбе.Энциклопедия.2001] 1836- 
1838 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілістің тағдырын шешкендіктен «Ақбұлақ» 
немесе «Қиыл қырғыны» деп тарихқа енген. 
И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған көтерілісті үш кезеңге бөліп 
қарастыруға болады. Бірінші кезең - 1833-1836 жылдар аралығы қарулы 
көтеріліске даярлық ретінде сипатталса, екінші кезең - 1837 жылдың басында 
көтерілісшілердің ханға қарсы аттануынан бастап, олардың осы жылдың күз 
айларына жеңіліске ұшырауына дейінгі аралық. Үшінші кезең - 1837 жылдың 
желтоқсанында Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілердің шағын 
тобының Жайықтың сол жағалауына өтіп, күш жинап көтеріліске қайта 
шығуынан бастап, 1838 жылдың шілде айының ортасында Ақбұлақ өзенінің 
маңында болған шайқаста біржола жеңіліске ұшырауына дейінгі уақытты 
қамтиды. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс - 
қоғамдағы әлеуметтік теңдік үшін болған, қазақ халқының Ресей империясының 
отаршылдық саясатына қарсы халықтың азаттық рухын жігерлендірген 
көтеріліс. Сондықтан да, бұл көтеріліс халқымыздың тарихында өзіндік орны 
бар, маңызы зор көтерілістердің бірі. 


185 
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басқарған көтерілістің 
орасан зор тарихи маңызы болды. 
Еркіндік Тәуелсіздік-қай заманда да арманның арманы болған мәңгілік 
мәселе. Ал осы категорияны Ел, Ұлт тұрғысынан мәңгілік тұғырға қондыра 
жырлаған ақынның ақыны бар. 
Еркіндік идеясын бір өлеңіне өзек еткен ақын да құрметке лайық шығар,ал 
осы ұғымды бүкіл ғұмырының тіні еткен ақынды Ұлт Ақыны десек те болады.Ел, 
Мемлекет тәуелсіз болмаса , ұлт тәуелсіз бола алмайды, ал ұлт тәуелсіз 
болмаса,сол ұлттың әрбір өкілі де -ерікті адам болмасы анық. 
Еркіндік жолындағы еңбек,күрес ,іс-қимыл,арман ,ой-толғау ,сағыныш-мұң-бәрі 
де -ерлік. 
Ал ерлік, азаматтық, адамгершілік-бірімен-бірі біте қайнасқан, бірінсіз бірі 
болмайтын, бірін-бірі құбылыстар. Бұларсыз ұлттық сана, ұлттық санасыз 
ұлттық мемлекет қалптаса алмайды. Арғы бергі тарихымызда халықтың өзін-өзі 
билеуге, жат жерліктерге қарсы қозғалыс, кқтерілісі жүздеп-мыңдап саналар 
халық жадында да ,тарих беттерінде айқынырақ қалғаны – орыс отаршылдығына 
қарсы күрес екені белгілі.Себебі:бұл жария түрі бар,жасырыны,жымысқысы бар 
күні кешегі -Қазақстан тәуелсіздігіне дейін жалғасып келген Уақыт көшіндегі 
империя өктемдігіне деген наразылық көрністері еді.Халық жадында мәңгі орын 
алған Тәуелсіздік рухы өн бойынан жалындап тұратын Тәуелсіздікті 
жақындатқан ұлтымыздың Еркіндікке ұмтылған ерекшелеу тарихының көркем 
шежіресін біз Махамбет өлеңдерінен табамыз. 
Махамбеттің халық көтерілісі алдындағы ,1836-1838 жылдар,тіпті өмірінің 
соңғы күндеріне дейін: «Жайықтың бойы көк шалғын,
Күзерміз де жайлармыз. Күлісті сынды күреңді, Күдірейтіп күнде байлармыз. 
Құдай істі оңдаса, Ісім жөнге келгенде, Әлі де болса, қойдай қылып айдармыз» 
-деп арманның Ақбоз атынан түспеуі ұлы ақын , күрескердің ғана емес 
,халқының да келешекке деген үміті мен сенімінің бір белгісіндей. 
Ақын азаттық жолындағы күрестің төгілгең қан мен тер арқылы 
өтетіңдігін, сол жолдағы күрескер, ерлердің белгісі "қабырғасын қаусатып 
бірбіріндеп сөксе де қабағын шытпайтың" қайсарлық пен қаһармандық екенін 
шегелейді, нықтай жырлап осындай Ер керек деп түйеді. "Бұл заманның 
шағында Махамбетпен зарығып, Мұңды болған қайда бар?!"-деп жырлағандай, 
егер Махамбетті оған дейінгі арғыбергі замандағы Азаматтық жолында 
алысқандардың шыңы да, шоңы да десек,ақынның мұңынан асқан мұң да, 
қайғысынан қалың қасірет те жоқ. 
Ақын мұны-қорасынан малын жоғалтқан көп пенденің сар уайымы емес, 
халық пен елдің жоғын жоқтаған абыз жанның, ойшыл, күрескер жанның 
жүрегінен шыққан жалынды сөз. 
Халықтың арыстан ұлдары Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы 
бастаған Ішкі Бөкей Ордасындағы ұлт-азаттық көтеріліс – осының айғағы. 


186 
Берқайыр Аманшин осындай өмірлік фактіге сүйене отырып, өз шығармасының 
арқауына сол дәуірден сыр шертетін архив деректерін, мерзімді баспасөз 
материалдарын, ел аузынан естіген естелік әңгімелерін қорыта отырып, өзінің 
нысанаға алған ойын әдебиетке қоса отырып, көркем туынды – романды өмірге 
әкелді. Романның тақырыбы "Махамбеттің тағдыры" деп аталуының өзі 
Махамбет тағдырының халық тағдырымен ұштасып, өзектес болуында жатыр. 
Махамбет өмірі, арман-тілегі, үміті, мақсаты, халықпен бірге, Махамбет жүрегі 
"халқым" деп соғады. Халқы Махамбетке сенеді. 
Халықтың хан-сұлтандарға деген наразылығының күшейіп, тасыған тұсы 
-
Исатай-Махамбет сынды батырларға мұңын шағып, солардың қол астына 
бірігуінен көрінеді. Исатай мен Махамбет халық талабын хан алдына қанша 
жеткізсе де, одан нәтиже шықпайтынын ұғып, ақыры үлкен тоқтамға келеді. Бұл 
романда Қарауылқожамен қақтығыс, кейін Қарауылқожа мен Балқы бидің 
ауылын шабуы, хан ордасын шаппақ болып, азаттық үшін көтеріліп, кейін 
алданып, жеңіліске ұшырауымен сипатталады. Көркем шығарма Исатай 
тобының жеңіліске ұшырауымен аяқталса да, жазушының нені айтқысы келетіні, 
қандай ойға жетектегені роман эпилогынан көрінеді. Романның Махамбеттің ер 
Исатайды жоқтап тұрып «Уай, жігіттер, мұңайма! Атадан ұл туса игі еді, ата 
жолын қуса игі еді. Тарттық Жайыққа!» деген сөздері арқылы аяқталуы жазушы 
ойының асыл арманға, үлкен үмітке жетектеген Махамбет сөзімен астасып 
келуінде жатыр. 
Тегінде атақты адамдардың еңбектерінің бағаланып, халыққа танылуында 
бір-біріне ұқсамайтын тағдыр-талиғасы, бақыт-баяны болады. Олардың 
бірқатарының сөзі мен ісі бірден еліне жетеді, ал кейбіреулері зерттеушісі мен 
жоқтаушысын күтіп жатып қалады. 
Мәселен, Махамбет өлгенде, Шоқан 9 жаста, Ыбырай 5 жаста болатын. Ал 
ұлы Абай бесікте жатқан бір жасар ғана сәби еді. Яғни, Махамбет жырлары ХІХ 
ғасырдағы біртуар қазақ ұлдарының сөздерінен көп бұрын-ақ өмірге келді. 
Оларды Махамбетпен салыстыруға келмейтін басқа да өлшемдер бар. 
Дарын мағынасы терең, көркемдік мағынасы үздік шығармалары 
оқушыларды табандылыққа, жауға мейірімсіз болуға, қиыншылықты жеңуге 
тәрбиелейді. Махамбет өлеңінде туған ел, жер-су атауларын жырға қосып 
дәріптеген. 

Download 3,74 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   162




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish