І тур Оқылым. 20 балл



Download 119,43 Kb.
Pdf ko'rish
Sana13.03.2023
Hajmi119,43 Kb.
#918532
Bog'liq
11-сынып олимп тапсырмалары-Каз яз в русс школе



І тур 
Оқылым. 20 балл
Халқымыз «сәлем-сөздің анасы» деп бекер айтпаған. Сәлемдесу – 
адамның бір-біріне құрмет көрсетуі. Күнделікті өмірде біз қанша адаммен 
кездесеміз, солардың бәрінде де бірінші кезекте сәлемдесу жүреді. 
Әлемдегі адамдар бір-біріне әртүрлі тілдерде сәлемдесу сөздерін 
айтады: Ассалаумағалайкүм! Бонжур! Хеллоу! Привет! Сәлеметсіз бе! 
Адамзат тарихы өзінің даму жолында бірнеше мыңдаған жылдардан 
өтті. Бірақ жер бетінде өтіп жатқан ұзақ тарихта әр халықта адамдардың бір-
бірімен сәлемдесу салттары бар. 
Көшпенділер бірін-бірі көргенде бірінші өздерінің тіршіліктеріне жақын 
нәрселерді сұрайтын. Сәлемдесу барысында «Ел-жұртың, мал-жаның аман 
ба?»-деген сәлемдесу негізгі мал бағып жүрген қазақ халқына да тән салт 
екенін біз жақсы білеміз. 
Сәлемдескенде, үйге кіргенде бас киімді шешу де бұрыннан келе жатқан 
салт. Орта ғасырларда ел аралаған батырлар үйдің босағасынан аттай бере 
темір дулығаларын шешіп, өздерінің үй иесіне сенетіндігін, оны 
құрметтейтінін көрсетеді екен. Қару ұстаған батырлар әлдеқашан жоғалса да, 
бұл қағида біздің сәлемдесу салтымыздың бір белгісі ретінде қалып қойды. 
Адамзат тарихына көз жүгірткен сайын сәлемдесудің түр-түрлерін, 
әртүрлі ерекшеліктерін кездестіреміз. Мушкетерлар сәлемдесетін адамның 
алдында сәнді иіліп, қалпақтарын желпиді. Король маңайындағы әйелдер екі 
қолымен көйлектерінің етектерін ұстап, тізе бүгеді. Орта Азия халықтарында 
сол жақ кеудесін ұстап, иіліп сәлемдесу қалыптасқан. Үнділер екі қолын 
біріктіріп, маңдайға тигізіп, бас иеді. Кейбір түркі халықтардың ескі 
дәстүрінде келіндер өздерінің жолы үлкен қайын жұртына сол тізесін бүгіп, 
үш рет сәлем беретін. 
Алайда әр халық дәстүрінде әртүрлі орындалып, әр тілде айтылғаны – әр 
түрлі ұғымды білдіргенімен бұл жерде әрекет біреу. Ол – бір-бірінің саулығын 
сұрасу, өздерінің аман-есен екендіктерін сездіру. Барлық замандар мен барлық 
халықтарда сәлемге сәлеммен жауап бермеу әдепсіздік, сол ортаны, жұртты 
құрметтемеу болып табылады. Өйткені сәлемдесудің сөздері мен 
тіркестерінде үлкен мағына жатыр. 
 
Тапсырмалар. 
1.Берілген сұрақтарды мәтін мазмұнына сәйкес ретпен (бірізділікпен) 
орналастырыңыз. (10 балл) 
А) Сәлемдескенде бас киім шешу салты нені білдіреді? 
Ә) Барлық халықта сәлемге сәлеммен жауап бермеу не деп саналады? 
Б) Әр түрлі халықта сәлемдесудің қандай ерекшеліктері бар? 
В) Көшпенділер сәлемдескенде не туралы сұрайтын? 
2. 
1-ші тапсырмадағы сұрақтарға өз сөзіңізбен жауап жазыңыз. (10 балл)
3. Мәтінде берілген мәліметті қайда қолдануға болады? (10 балл) 
4. Мәтінге қатысты қосымша ақпарат келтіріңіз. (10 балл) 
5. Мәтінге тақырып қойыңыз. (10 балл) 


Жазылым. Эссе. 50 балл 
1.
Отбасы құндылықтары
2.
Ұрпақ арасындағы қайшылық 
3. Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ 
4. 30 жылда – 30 жетістік 
5. Қазақтың ұлттық брендтері 
Эссеге қойылатын талаптар: 

Эссе құрылымының сақталуы (10 балл) 

Оқушының жеке көзқарасын білдіруі, жазба жұмысының 
өмірмен байланысы (10 балл); 

Ұсынылған тезистердің нақты дәлелдемелермен дәйектелуі 
(аргументтер) (10 балл);

Тақырып бойынша ой жүйесі; мағыналық тұтастық (10 балл); 

Сауаттылық (пунктуация, орфография, логикалық заңдылықтың 
сақталынуы) (10 балл). 
 
 

Download 119,43 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish