4 Дәріс. Ауа бассейніне тигізілетін антропогендік әсерлер



Download 0,68 Mb.
bet5/16
Sana14.04.2023
Hajmi0,68 Mb.
#928013
TuriЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Bog'liq
оклекказ Экология

Бақылау сұрақтары:
1. Планетаның су қабаты, немесе гидросфера қандай түрлерден құралады?
2. Су қолдану ұғымы дегеніміз не.
3. Су ресурстарының көлемінің азаюы.
4. Су ресурстары сапасының төмендеуі.


8-Дәріс. Тау-кен өндірісінің су бассейніне тигізетін әсері

Тау-кен өндірісі су бассейініне әсерін тигізеді: су режимін өзгертеді, судың ластануына, қоқыстануына әкеліп соқтырады.


Су режимінің өзгеруі.
Тау-кен өндіріс орындарын ашқанда және оны қолданғанда жер үсті және жер асты сулары әсерінен біраз қиындықтар туындайды. Кен қазбалары деформациясы, жабдықтар өнімділігінің төмендеуі, жарылыс жұмыстарының қиындауы. Осы себептерден кен орнын құрғатуға тура келеді. Осы мақсатпен кен орнын игерерде осы аудандағы айдындар мен су ағындары көшіріледі және қазбаларды су басып кетуі қаупінің алдын алатын шаралар жүргізіледі. Тау-кен жұмыстары жүргізілетін аймақты құрғатудың негізгі әдісі су төмендету: әртүрлі тау-кен қазбаларын жүргізу, суды бір жерге жинап, қазба жүретін ауданнан алысырақ жердегі гидравликалық жүйеге тастау.
Іс жүзінде су төмендету үш тәсілмен жүргізіледі - жер бетіндегі, жер астындағы және қисындастырылған су төмендету тәсілдері.
Жер бетіндегі тәсілді қолдану үшін дренаждау құралдарын- ұңғыма, қарық (канава) инефильтрлеу-жер бетінде салу қарастырылады.
Жер астындағы су төмендету жабдықтары тау-кен қазбаларында орналастырылады. Соңғы кездері жер асты қазбаларын фильтрация көрсеткіші төмен тау жынысы арқылы жүргізгенде забойдағы су төмендету жұмыстары жүргізіледі. Ол үшін қазба забойындағы тау жынысының әртүрлі тереңдігіне инефильтрлер жүргізіледі. Олар жеңдер мен зор вакуумды сужинағышқа қосылады. Су осы жеңдер арқылы сорылып алынады (8.1-сурет)







8.1.-сурет. Забойда су төмендету қондырғысының жалпы түрі УЗВМ-Зу: 1 - инефильтр; 2 - сужинауыш коллектор; 3 – сорушы жең; 4 - су насосы; 5 – сыртқа тебетін су насосы ( Н.С. Болотских және М.С. Райтруб бойынша); 6 -ашық циркуляция ыдысы
1 2 3 4 5 6
Қиыстырылған әдіс жер үсті және жер асты су төмендету әдістерінің қосындысы. Ол іс жүзінде екі кезеңмен жүргізіледі. Алдымен жер бетінен су төмендету шаралары жүргізіліп, екінші шекте жер асты төмендету жүйелері іске қосылады. Жер асты су режимі жер бетіне жақын орналасқан сулы жиекті технологиялық немесе дренаждау қазбаларымен аршу сәтінен және ол қабаттағы суды сору сәтінен басталады. Осы кезден бастап жер асты суының қоры сарқыла бастайды, әрі жер бетіндегі судың сапасы және күйі өзгере бастайды. Кен орнын құрғату жер асты және жер үсті суының табиғи режимдерін күрт өзгерістерге әкеледі. Айдын, өзендердегі судың қоры азайып, құдықтар мен таяз су алатын ұңғымалар кеуіп, кішігірім өзекшелер, жылғалар, көлдер тартылып қалады. Құрғату жұмыстары тоқтатылғанда су асты сулары режимі байыпқы қалпына келуі мүмкін. Ол бүліну масштабына байланысты. Жер асты қазба жұмыстары тоқтатылғанда қалпына келу процестері қарқынды жүреді, ал ашық қазба жұмыстары жүргізілген жерде бұл процестер карьердің тереңдігіне және күйіне, қазба кеңістігінің аршылым тау жыныстарымен толтырылу деңгейіне, рекультивация бағытына байланысты.
Күрделі гидрогеологиялық жағдайда пайдалы қазбалар өндіру жұмыстарын жүргізгенде табиғи суларды қорғау шараларын жүзеге асыру өте маңызды. Ашық қазба тау-кен жұмыстары жүргізілгенде кен орнын құрғату әсерінен бірінші шекте жоғары сапалы ауыз су қоры азаяды. Дренаждау тәсілімен алынған судың құрамында химиялық элементтер мен олардың қосылыстары болады. Осы су тастау алдында тазалаудан өтпесе, жер беті суына қосылып оны одан сайын ластайды. Халық шаруашылығына бальнеологиялық қасиеті бар су қорының азаюы үлкен зиян келтіреді.
Жер беті, жер асты сулар режиміне және күйіне тау-кен өндірісінің үйінділері мен гидромеханикалық ғимараттары (су тоспалары, қалдықтар және су қоймалары т.б.) едәуір әсер етеді. Көлемді үйінділерде үлкен мөлшерде су жинайтын аудандары болады. Жауын-шашыннан түскен сулар үйінді беті немесе оның қатпарлары арқылы өтіп ондағы заттармен қоқыстанады, және жер беті айдындары мен ағындарға түсіп оларды ластайды. Гидромеханикалық ғимараттар және үйінділер табанынан өтіп кеткен сулар топырақ суы деңгейінің көтерілуіне, маңайдағы жердің батпақтануы әкеліп соқтырады және олар жер бетіне жақын орналасқан сулы қыртыстарға өтіп кетеді.
Судың ластануы.
Кен өндіру орындарының тау-кен қайта өңдеу орындарынан айырықшылығы оларда технологиялық процесстерді, басқа қажеттілікті орындау үшін тұтынған сулардың көлемінен ақаба (ластанған) сулардың көлемі әжептәуір артық болады. Дренаждау арқылы алынған су және үйінділерден аққан су тазартылмай тау-кен өндірісінің тұйық цикліне тартылуы мүмкін емес. Іс жүзінде оның көпшілігі ағызылып жіберіледі. Тазарту ғимараттары арқылы өтпеген су айдын, өзендерге түсіп, оларды ластайды және жер беті сулары және ауыл шаруашылық иелігінің флорасы және фаунасына, жергілікті жердің санитарлық-гигиеналық жағдайына кері әсерін тигізеді. Көмірді өндіргенде сорып алынғанда сулар аса көп ластанады. Олардың құрамында хлор және күкірт қосылыстары, кальций, магний, натрий және калий болады. Сондықтан мұндай су алдын ала тазартылмай және залалсыздандырылмай техникалық қажеттіктерді өтеуге жарамайды. Кеніштен шыққан судың құрамының ауыр металдар: мыстың, мырыштың, марганецтің, қорғасынның, сынаптың, уранның, никельдің т.б. тұзы болуы мүмкін. Осылар суға түсіп, табиғи айналымға қосылады. Олар топырақ арқылы өсімдіктер, малдар организміне түсіп, олар арқылы адам ағзасына түседі. Пайдалы қазбалар өндіру кезіндегі айдындар мен топырақта жүретін геохимиялық процесстер табиғи жағдайдағы процесстерге ұқсас, дегенмен табиғи процесстер әлсіз жүріп, геожүйесіндегі тепе-теңдікті бұзбайды. Ал антропогендік әсерлер нәтижесінде ластаушы заттар көлемі ұлғайып, аталған тепе-теңдіктің бұзылуына, экологиялық жағдайдың нашарлауына әкеледі. Ластаушы заттардың алыс қашықтықтарға таралуына байланысты тау-кен өндірісінің әсері аймақтық көрініс алуы мүмкін. Дренаж арқылы алынған суды кішігірім және орташа көлемдегі өзендерге құйғанда олардағы су мөлшері 1,5 нан 3 есеге дейін көбеюі мүмкін. Бұл жағдай осындағы судың жылулық режимінің және сапасының өзгеруіне себеп болады.
Судың қоқыстануы
Көл, теңіз және мұхит жағалауына жақын орналасқан жерде пайдалы қазба өндіру жұмыстары жүргізілгенде су бассейнінің қоқыстануы, жағалауға жақын аймақтың өзгерістерге енуі мүмкін.
Қорытындылап айтқанда, тау-кен өндірісі табиғи суға туралай немесе жанама әсер етеді.
Бірінші топқа су қорын азайтатын, оның режимін, күйін және сапасын өзгертетін, су объектілеріне тікелей әсер ететін түрлер жатады. Олар: кен орнын құрғату, кен байыту технологиялық процесстері үшін су алу, кен қабатын аршу және оны өндіру үшін су қолдану әдістері, дренаж және ақаба суын жер бетіндегі айдындарға, ағымдарға, жер қыртысына тастау т.б.
Екінші топқа қоршаған ортаның басқа элементтеріне (жер, ауа, өсімдіктер) әсер етіп, табиғи су күйін және сапасын төмендететін түрлер жатады.
Әсер етудің қай түрі болмасын, олардың залалы суға тікелей әсер ету аймағынан едәуір үлкен ауданда байқалады. Бұл биосферада жүретін процесстердің бір-бірімен тығыз байланысқанын көрсетеді, әрі олардың антропогендік әсерлерге өте сезімталдығын көрсетеді.



Download 0,68 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish