4 Дәріс. Ауа бассейніне тигізілетін антропогендік әсерлер


Әдебиет: 1 негізгі [275-288]



Download 0,68 Mb.
bet14/16
Sana14.04.2023
Hajmi0,68 Mb.
#928013
TuriЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Bog'liq
оклекказ Экология

Әдебиет: 1 негізгі [275-288]
Бақылау сұрақтары:

  1. Ландшафт қорғау ұғымы.

  2. Жер қорғауға және оны тиімді пайдалануға бағытталған шаралар топтарын атаңыз.

  3. Жерге тигізілетін тура әсерді әлсірететін жолдардың бірін атаңыз.

  4. Эрозия (мүжілу) өнімдерінің қоршаған ортаға тигізетін кері әсерлерінің негізгі түрлерін атаңыз.

  5. Жер бетін эрозиядан қорғаудың механикалық әдісі неге негізделген?

  6. Жер бетін эрозиядан қорғаудың биологиялық әдісі нені қарастырады?

  7. Беткейлерді эрозияға қарсы физикалық-химиялық әдісі неге негізделген?

14-дәріс. Қоршаған ортаның ластануынан туындайтын залалды экономикалық тұрғыдан бағалаудың қазіргі кезеңдегі əдістерін болжау.
Қоршаған ортаны ластау залалы экономикалық, экологиялық және әлеуметтік болуы мүмкін. Экологиялық залал деп- қоршаған ортаның, гидросфера, флолара және фаунаның нашарлауын түсіну қажет. Әлеуметтік залал адам денсаулығы және оның әлеуметтік тіршілік жағдайының нашарлауын суреттейді. Экономикалық залал атмосфераның негізгі өзгешелігі ластану әсерінен өзгеруінен туындайтын ақшалай шығындармен анықталады.
Залал зардабы кең спектр құрайды: адам денсаулығы нашарлауынан бастап, металл коррозиясынан, егінжай азуынан өнімінің төмендеуінен, флора және фаунаның келетін зарядтарымен аяқталады.
Уақытша типтік әдістеме экономикалық залал реципиектерге тигізілетін кері әсердің алдын алуға жұмсалатын және осы кері әсерлер туындыратын шығындардың ең кіші суммасы ретінде қарастырылады.
Залал мөлшері белгілі бір өндіріс саласындағы жоғалтылатын өнімдер мөлшерінен анағұрлым көп болуы мүмкін.
Қоршаған орта ластануынан туындайтын залал екі бөліктен, атап айтқанда табиғатты қорғау шараларына кеткен шығында және экология тепе-теңдігі бұзылуынан туындайтын экономикалық шығындар. Экономикалық залал құрамында табиғатты қорғау залалды қалыпқа келтіру шығындары, алынбай қалған өнімнен жоғалтылған пайда есептелуі керек.
Атмосфераның қалыпты жағдайын, немесе ол қандай жағдайда болуы тиісті екенін және оның қалай өзгергенін білу керек. Мысалы, бір сәтте тасталымдар көлемі V. әлеуметтік –экономикалық көрсеткіштер U тең болса, ал уақыт өткенде тасталымдар көлемі -ға көбейіп, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне төмендесе, онда тастандылардың көлемінен келген залал. Дегенмен бір қарағанда бұл идея қарапайым көрінгенімен оны іс жүзінде асыру үлкен қиындықтарға ұшырайды. Себебі әрбір физикалық айырмашылықтардың өзгеруі туралы терең мағлұматтарды қажет етеді. Жекелік жағдайлар үшін арнаулы зерттеулер жүргізілуі тиіс.
Қоршаған ортаның ластануынан халық шаруашылығына келтірген залалдық экономикалық тұрғыдан бағалау және табиғатты қорғау шараларының экономикалық тиімділігін анықтаудың Уақытша типтік әдістемесінде төмендегі формула ұсынылады:


(14.1)
i=1

мұндағы mi-ластаушы затының көлемі.


Аі-түрлі қосындыларды біріккен агрегат түріне келтіретін коэффициент
Σ-уақытша кері әсерге ұшыраған кеңістіктің аймақтық ерекшеліктерін ескеретін коэффициент.
f- тасталған биіктігіне және температурасына байланысты таралуын және түйіршіктердің шөгу жылдамдығын ескеретін коэффициент.
γ- тастанды бірлігінің қаржы түріндегі бағаламасы.
Іс жүзінде эмпирикалық байланыстарды есептеу үшін алғашқы сәттегі көрсеткіштер қабылданады. Қолданылып жүрген әдістемелердің басты кемшілігі залалды бағалау мен қоршаған ортаны ластағаны үшін мекемелер төлейтін қаржы көлемінің бір-бірімен сәйкестендірілмеуі. Белгілі бір уақытта аймақта тастандылар үшін төлемнің мөлшерін анықтау үшін атмосфераның қорғауға жұмсалған барлық шығын көлемі ластаушы заттардың келтірілген массасына бөлінеді.
Балацкин О.Ф. тұжырымы бойынша қоршаған ортаның ластануынан туындайтын экономикалық залалдың толық шығынын табу үшін түрлі әдістер көмегімен төмендегі жоғалымдар көлемін есептеу керек:

  1. ластану залалын аластау шаралары үшін жұмсалған қаржыны есептеу

арқылы материал және еңбек ресурстары жоғалымы;

  1. халық сұрамын талдау негізінде;

  2. тура есептеу әдістемесі көмегімен.

Бірінші әдістің мағынасы-атмосфера ластану деңгейі; халық шаруашылық объектілерінің сақталу көрсеткіштері, халықтың денсаулық және экожүйе жағдайда арақатынастары арқылы материалдық залалдың үлесті көлемі немесе халықтың ауыршаңдық деңгейі анықталады. Осыдан кейін атмосфера ластануынан туындаған зардаптарды жою үшін жұмсалатын қосымша шығындар көлемі анықталады.
Эмпирикалық қатынастар әдісі. Атмосфера ластануынан туындаған ортаға тигізетін әсерінің статистикалық көрсеткіштеріне негізделеді.
Экономикалық залалды есептеу жолдарының тиімді екі бағытын таңдап алуға болады: 1) жоғалатын өнімдердің орнын толтыруға жұмсалатын қаржыны есептеу әдісі; 2) ластанған ортаның реципиенттерге тигізетін кері әсерін болдырмауға жұмсалатын шығындар көлемін есептеу әдісі. Көпшілік жағдайда негізгі ретінде тура есептеу әдісі қабылданады. Себебі, бұл әдіс реципиенттерге тиген зиянды тікелей анықтауға мүмкіндік береді.
Қоршаған орта ластануынан туындайтын экономикалық залал мөлшерін анықтайтын бағыттарды талдау негізінде келесі тұжырымға келуге болады: өте-мөте жақсы дайындалған және тәжірибелік есептеулерде сынақтан өткен төмендегі әдістер:

  1. тура есептеу әдісі-қалада ортаны қорғау шаралар жүйесі жүргізілмеу

себепті қоғамның шеккен тікелей зиянын бағалауға негізделген. Бұл зиян деңгейі ластанған қаланың немесе басқа объектілердің толық заласын ластанбаған, ұқсас қаламен салыстыру арқылы анықтау арқылы табылады.

  1. Залал көлемі қоршаған ортаға халық шаруашылығының тигізетін кері

әсердің алдын алуға жұмсалған шығындармен өлшенеді. Бұл әдіс ортаны қорғауға жұмсалған шығынды қорғау шаралары жүргізілмеу себепті пайда болған жоғалымдардың орнын толтыруға кеткен шығын көлемімен салыстыруға мүмкіндік береді;

  1. Қоршаған орта ластануының халық шаруашылығында пайда болған

жоғалымдар орнын толтыруға жұмсалған шығындар көлемі арқылы залалды бағалау әдісі;
4)Ластанған ортаның реципиенттерге тигізілетін кері әсерінің алдын алуға жұмсалған шығындар көлемін анықтау арқылы залалды бағалау әдісі.
Қалада ортаның ластануынан туындайтын экономикалық залал
көлемін анықтау тура есептеу әдісімен үш түрлі жолмен жүргізіледі: шынайы тәжірибелік зерттеу, аналитикалық және эмпирикалық жолдар.
Шынайы тәжірибелік зерттер жолы күрделі және ұзақ процесс. Бұл жол санитарлық-гигиеналық тәжірибе әдісіне, әлеуметтік –экономикалық талдауға және экологиялық жағдайдың болашақтағы көрінісін нұсқаулауға (модельдеу) негізделген. Бұл процесс көрінісін қазіргі жобалау және жоспарлау деңгейінде дайындау іс жүзінде үлкен қиындықтар туғызады. Дегенмен, бұл әдіс аналитикалық және эмпирикалық әдістер көмегімен залал мөлшерін анықтау нормативтер жүйесін дайындаудың негізін құрайды.
Эмпирикалық тәуелділіктер әдісі түрлі факторлардың экономикалық залал мөлшеріне тигізетін әсерінің фактілік көрсеткіштерін өңдеуге негізделген.
Регрессиялық анализ әдістерін қолдану зерттелетін көрсеткіштер және реципиектер жағдайының бір-бірімен ара қатынасының жуық көрінісін табуға мүмкіндік береді.
Мағлұматтарды статистикалық өңдеу нәтижесінде мәнсіз факторлар есептен шығарылып тасталып, мәнді факторлардан функционалды үлгі (модель) құрастырылады.
Әлеуметтік-экономикалық залал көлемі және ортаның ластануы факторлық-эмпирикалық арақатынасы үлгісін жасау өте көлемді мағлұматтарды жинастыруды және оларды өңдеуді талап етеді. Көптеген факторларды біріктіретін, әрі статистика тұрғысынан сенімді регрессия теңдеуін тұрғызу үлкен қиындықтарға жолықтырады. Сондықтан факторлар санын азайтуға, жекелеген зиянды заттар әсерін бірегей синтетикалық бағаламамен алмастыруға тура келеді.
Эмпирикалық тәуелділіктер әдісі шынайы тәжірибелік зерттеулер мен алынған нәтижелері ірілендіруге қолданылады. Бұл үшін елдің түрлі региондарында қоршаған ортаның ластану деңгейін және реципиенттер жағдайын анықтайтын факторлардың көп жылғы статистикалық көрсеткіштері регрессиялық талдау әдісімен өңделеді.
Рынок экономикасы жағдайында экономикалық залал мөлшерін есептеу жүйесі нормативтік базаға негізделуі тиіс. Бұл база ретінде экономикалық залалдың дайын өнімінің, қолданылған шикізаттың, отынның және т.б. әр бірлігіне сәйкес үлесті мағынасын қолданған тиімді. Экономикалық залалдың үлесті мағынасын халық шаруашылық кешенінің түрлі сферасына, саласына жеке-жеке есептелуі тиіс. Ал толық экономикалық залал мөлшері барлық салалар жоғалымының қосындысы ретінде анықталады. Бұл әдісте ескерілетін негізгі факторлар: ластану аймағындағы халықтың шоғырлану, орналасу тығыздығы, негізгі өндіріс фондыларының құны, орман-ауыл шаруашылық территориялары ауданы көрсеткіштері. Мұнда экономикалық залалдың шоғырлану бірлігіне сәйкес есептелген үлесті мағынасы елдің барлық табиғи географиялық аудандарына бірдей деп қабылданады. Дегенмен, бұл көрсеткіштер бағалануға тиісті объектілердің әлеуметтік-экономикалық тікелей ерекшеліктерін мысалы, территория игеру деңгейі, оның тығыздығы, мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету дәрежесі, т.б. ескере алмайды. Бұл әдіс сондай-ақ тастанды көздерінен түсетін зиянды заттар массасын ескермейді. Бұл көрсеткіштің түрлі көздерінің қоршаған ортада шоғырланған зиянды заттардың жалпы көлеміндегі үлесін анықтауға мағынасы зор.
Қарастырылып отырған әдістің негізгі түрлерінің әрі қарай өрбу түрлерін табиғат қорғау шараларының экономикалық тиімділігін анықтау және қоршаған ортаның ластануынан халық шаруашылығы шеккен экономикалық залалды есептеу «Уақытша типтік методикасынан» табуға болады. Бұл методиканы ССРО-ға және Мемлекеттік комитеттің ГКНТ біріккен комиссиясына құрастырған. Бұл әдістің негізін шартты түрде алынған ластаушы заттың тасталу бірлігінің үлесті экономикалық залал мөлшерін қолдану құрайды. Зияндылығы әртүрлі ластаушы заттарды шартты мөлшерге келтіру олардың шекті рұқсат етілген концентрациясынан (ШРК) қабылданған стандарттан асып кету дәрежесі арқылы жүргізіледі.

Бұл әдістің негізін құрастыратын әдістемелік принциптің дұрыстығында сөз жоқ, дегенмен Балацкий О.Ф. пайымдауы бойынша жекелеген көрсеткіштердің кейбір экономикалық - математикалық түрлендіру қалыптары жобалаушылар және жоспарлаушылар тарабынан сынауға түседі. Осының себебіне тоқталып өтелік.


Бұл әдіс, зиянды заттарды белгілі мөлшерінің түсуінен тұрақталған. Жер бетіне жақын атмосфера қабаты күйін анықтайтын жиынды көрсеткішті толық ескермейді. Бүгінгі уақытта мұндай көрсеткіш ретінде жер бетіне жақын ауа қабатындағы ластаушы заттың орта тәуліктік концентрациясы қабылданады. Осы тұрғыдан Харьков политехникалық институтының Сумский филиалы ұсынған экономикалық залалды анықтайтын әдіс неғұрлым нақты, себебі ол атмосферадағы ластаушы заттың көрсеткішіне сүйенеді.
Қарастырылған әдістердің ортақ кемшілігі –экономикалық залал мөлшеріне әсер ететін региондық факторларды толықтай есепке алмау. Тәжірибе көрсеткендей, атмосфера ластануынан туындайтын жоғалым көлемі территориясының өзгешеліктерінен және оны жергілікті жағдайларынан қатты тәуелді.
Жүргізілген зерттеулер нәтижелері көрсетуі бойынша ортаның ластану деңгейі және залал мөлшері табиғи-климаттың жағдайы (жер бетіне жақын атмосфера қабатының стратификациялану түрі, жел жылдамдығы, оның бағыты, жауын-шашын мөлшері, т.б.) нашарлаған сайын арта түседі.
Ортаның ластануы аудан игерілуінің дәрежесі және қала шоғырлануы артқан сайын, әсіресе қалада қара және түсті металдар, химия, мұнай өңдеу, жылу энергетика, кен қазу, құрылыс индустриясы т.б. өнеркәсібі өркен алса үдей түседі.
Аталған регионалдық факторлар қазіргі атмосфера қорғау шараларының әлеуметтік-экономикалық нәтижесін бағалайтын методикалық құжаттарда тиісті орнын тапқан жоқ. Бұл оның іс жүзіндегі бағасын төмендетеді.
Айта кетейік, қоршаған орта ластануынан туындайтын экологиялық залалды анықтайтын әдістердің көптілігіне қарамастан, күні бүгінге дейін олардың ортақ кемшіліктері бар, әрі әмбебап әдіс жоқ. Дегенмен Балацкий О.Ф., Гофмак Г.К., Виленский М.А. дайындаған әдіс кең танымал. Соңғы жылдары орта ластануынан туындайтын залалды экономикалық тұрғыдан бағалауға тікелей қатысты іргелі жұмыстар пайда болды. Оларға Камарницкий, Анцырев, Нестеров А.П., Чепруных Н.П., Шамкина Э.Э., Соловьева А.К. және басқалардың жұмыстары жатады.
Экономикалық залалды анықтау және автокөліктердің ауаны тастанды газдармен ластанғаны үшін төлеу жүйесін жетілдіруге бағытталған терең зерттеулер бар.
(Рузский А.В., Чусева И.Г., Хильченко Н.) мұны қысқаша айта кеткен себебіміз, экономика саласында көлік жүйесі қоршаған ортаны ластаушы көздерінің ең ірілерінің бірі болып есептеледі.

Download 0,68 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish