Әдебиет: 1 негізгі (270-274)
Бақылау сұрақтары:
1) Жер иелігінде қандай бөлікшелер таңдап алынады және олар не үшін арналған?
2) Тау-кен өндіру кәсіпорынының жерге тигізетін тура әсері
3) Жанама әсер анықтамасы неге негізделген?
13-дәріс. Табиғи ландшафты тау-кен өндірісінде қорғау.
Пайдалы қазбаларды өндіргенде жерді қорғау, оны тиімді пайдалану және бастапқы қалпына келтіру мақсатындағы шаралар екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа алдын алу шаралары жатады. Олар барынша мүмкін, экономия тұрғысынан үнемді, іске асырулы техника тұрғысынан мүмкін жерге тигізілетін тура және жанама әсерлерді азайтатын шаралар жатады.
Жерге тигізілетін тура әсерді төмендетудің негізгі құралы карьер қия бетін орналасуын басқару.Ол үшін біріншіден қиябеттің сенімді, бірақ беріктілік көрсеткішін тым жоғарылатпайтын бұрышын дәл табу қажет, екіншіден қиябетті бекітетін жасанды әдістер мен жабдықтар ойластыру, сиымдылығын арттыру жерді тиімді пайдаланудың тағы бір жолы.
Мүжілу (эрозия) өнімдерінің қоршаған ортаға тигізетін кері әсерлерінің негізгі түрлері:
1) Топырақ қабатының құрамы және құрылымының қайта қалпына келмейтін өзгеріске түсуі – топырақтың аграрлық - физикалық күйін төмендетеді; гумус және тұз құрамы құрғайды, олардың ылғал ұстап тұратын қабілеті төмендеп, тіптен құрғап кетуіне немесе кей жағдайда батпақтануына әкеліп соқтырады;
2) Рекультивация жасау үшін бүлінген жер бетіне әкеліп төселген құнарлы топырақтың құрамы және күйінің қайта қалпына келмейтін өзгеріске түсуі;
3) Кен жыныстарының химиялық мүжілу өнімдерімен өсімдіктердің улануы, топырақ қабатының шамадан тыс тұздауы;
4) Жел эрозиясы өнімдерімен ауа бассейнінің шаңдануы (қалдықтар қоймасы, жолдар, үйінділер және т .б.);
5) Су бассейнінің жел және су эрозиясы (қатты қосындылар мен химиялық ерітінділер) өнімдерімен ластануы;
6) Түрлі ғимараттар тұрғызуға қолданылған кен жыныстары физикалық - техникалық параметрлерінің нашарлауы. Мысалы, гидротехникалық ғимараттардың конструкциялық элементтері. Мықтылығы және су сүзу параметрлерінің нашарлауы.
Аталған факторлардың әсер ету дәрежесі және олардан әкелетін залал мөлшері желден мүжілуге қарсы тұратын қасиетіне байланысты.
Кен өндіру кәсіпорнында эрозияға ұшырап қоршаған ортаға үлкен залал келтіретін объектілер:
- қалдық қоймалары және оларға ұқсас объектілер (гидроүйінділер, шламқоймалар және т.б.
- құмсазды кен жынысы үйінділері;
- ауыр жабдықтар мен автокөлік жүретін түрлі беткейлер (үйінді бермасы, қалдықтар қоймасы тоғаны, карьер жолдары және т.б.)
Беткейлерді эрозиядан қорғаудың механикалық әдісі
Жел немесе су ағымы жолына тосқауыл қоюға негізделген. Бұл әдіс көп еңбекті қажет етеді. Сондықтан басқа әдістермен бірге қосымша қолданылады.
Эрозиядан қорғаудың биологиялық әдісі бекітілген кен жынысы бетіне өсімдіктер өсіруге немесе оның қыртысына микроорганизмдер жіберуге негізделген.
Эрозиядан қорғаудың физикалық-химиялық әдісі бекітілетін қабат қыртысына түрлі тұтқыр заттар ендіріп, сол қабаттың құрылымы және ерекшеліктерін қажетті деңгейге дейін өзгертуге негізделген. Қолданылатын тұтқыр заттар түріне байланысты бұл әдіс бірнеше топқа жіктеледі: цементтеу, бітімдеу, силикаттау, синтетикалық смоламен күрделі жоғарғы полимерлі композициялармен бекіту және т.б.
Топырақ қыртысын беріктендіру процесіне екі физикалық-химиялық жүйе қатысады: топырақ және құрылым құрастырушы (тұтқырғыш). Процесс осы екі жүйенің түйіскен шекарасында өтеді.
Тұтқырғыш заттардың түрлері көп: бейорганикалық тұтқырғыштар, битум, синтетикалық смола, лигнин, латекс, электролиттік композициялар, сирек қолданылатыны- цемент.
Синтетикалық смола негізінде тұтқырғыш заттарды қолдану үшін қабылдағанда олардың қауіпсіздігін және улы еместігін, тез қататындығын, суда тез ерігіштігін, таралу кеңдігін, бекітілген жердің ұзақ мерзімде қажетті беріктілік ұстап тұру керектігін ескеру керек.
Аталған әдіс басқаларға қарағанда анағұрлым арзан, әрі еңбекті көп қажет етпейді және бекітілетін кен жыныстары өзгешеліктеріне аса тәуелді емес. Оның тиімділігін көтеру үшін тұтқыр зат құрамын және оны кен жынысы қыртысына жеткізу әдісін жергілікті жердің ерекшеліктерін ескере отырып, ұтымды табу қажет.
Do'stlaringiz bilan baham: |