4 Дәріс. Ауа бассейніне тигізілетін антропогендік әсерлер



Download 0,68 Mb.
bet3/16
Sana14.04.2023
Hajmi0,68 Mb.
#928013
TuriЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Bog'liq
оклекказ Экология

Аршу жұмыстары




Роторлы экскаватор

6900

Шөмішті экскаватор
шөміш сиымдылығы, м3 :
5 -ке дейін
5 –тен жоғар
Үйінділеуіш ОШР-5250/190

500
800
4000

Қайта тиегіштер:
ПГ2500/60
ПГ-5250/60

1500
3500



Шанап-ұсатқыш (Тау Ғылымы И-ты)

4000

Бульдозер Д-572

2000

Өндіру жұмыстары




Роторлы экскаватор

11000







Забой конвейері ( 1 м ұзындыққа)

10

Магистраль конвейері (1 м ұзындыққа)

40

Күректі экскаватор (көмір тиеу)

730

Бульдозер ДЭТ-250 (өндіру кертпештерін тазалау, кіріс жолдарын әзірлеу, т.б.)

2000


Қайта тиегіш



2000—2200



Үйінді құрастыру




Үйінділеуіш ОШР-5250/190

4000

Драглайн ЭШ-20/90

6000

Бульдозер Д-572

2000

Автоөзітүсіргіш

320

Думпкарден кен түсіру

230



Бақылау сұрақтары:
1.Тау-кен өндірісінде ауа ластануы түрлерін айтып беріңіз.
2. Әдейі ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған атмосфера ластаушы шығарымдар түрлері.
3. Ауаны қолданылған газбен уландыратын технологиялық мәшинелер және механизмдер.
4. Ашық қазбалар жүргізгенде ауаны ластайтын көздер.
6-Дәріс. Ауа бассейнін қорғау

Экология және әлеуметік – экономикалық жағынан атмосфера ластануына қарсы қолданатын шараларды тау-кен өндірісінің өзінде жүргізген жөн. Себебі, ластанған ауа бассейнін тазартуға бағытталған шаралар, оның масштабына байланысты тиімсіз, әрі күш, қаражатты көп талап етеді, тіпті кейде оларды іс жүзіне асыру мүмкін емес. Ауа бассейнін қорғау шараларын екі топқа бөлуге болады:


- жалпы сипаттағы, тау-кен өндіріс орны төңірегіндегі ауа бассейнінің күйін жақсартуға себебін тигізетін шаралар;
- арнайы, ауа бассейні ластануының алдын алуға бағытталған шаралар.
Бірінші топқа енгізілген шаралар:
1) шаң-газ бөлетін көздерді –тау-кен өндірісі объектілерін-жергілікті жердің табиғи-климаттық ерекшеліктерін, бәрінен бұрын желдің үстем бағытын ескере отырып орналастыруға бағытталған аумақтық-жоспарлау шаралары; Жер бетін бүлдіру және қайта қалпына жұмыстарын жоспарлы түрде жүргізу;
2) ашық кен қазбалары, террикондар, қалдық және минералды шикізаттар қоймалары тағы осылар сияқты техногендік туындылардың оптимальды параметрлерін тауып, олардың эрозияға ұшырайтын ауданын неғұрлым кішірейтуге бағытталған шаралар;
3) ауыл шаруашылығында қолдануға жарайтындай, жел эрозиясына ұшырамайтындай қылып, бүлінген жерді қайта өңдеу (рекультивация);
4) шаң мөлшерін, эрозияға ұшырайтын ауданды азайту үшін минералды ресурстарды кешенді пайдалану, тау-кен өндірісінің қалдықтарын кәдеге жарату;
Екінші топқа енгізілген шаралар :
1) өндірістік технология тізбегіндегі түрлі объектілердің шаң-газ бөлуін азайта отырып, тау-кен жұмыстары жүргізіліп жатқан зонада ауа сапасын жақсартуға бағытталған шаралар;
2) шаңды-газды тастандыларды тежеуге,бағытын бұруға және тазартуға арналған шаралар;
3) өндіріс салалары арасындағы шаралар, мысалы қолданылған жанғыш-жарылғыш заттардың газ балансын жақсарту, т.т.
Белгілі бір объектілерде, немесе атмосфераны ластау көздерінде жекеленген қорғану тәсілдері, немесе олардың комбинациясы қолданылуы мүмкін.
Үйінділер кертпештері және қалдық қоймалары беткейлерін эрозиядан қорғау үшін механикалық, биологиялық және физикалық-химиялық әдістер қолданылады.
Жалпы жарылыстың қоршаған ортаға келтіретін кері әсерін төмендетуге арналған тәсілдер мен жолдарды талдау нәтижесінде оларды шартты түрде енжар әдістерге жатқызып, үш топқа бөлуге болады:
- шаң-газ бұлты пайда болуынын алдын алу әдістері;
- шаң-газ бұлтын басу әдістері;
- шаң-газ бұлтын кәдеге асыру әдістері.
Суық аймақтарда технологиялық процесстердегі шаң бөлінуіне қарсы қолданылатын әдістердің бірі - мұз және қар түйіршіктерін қолдану. Ауысым бойы шаңдылықты санитарлық мөлшерде ұстау үшін пайдалы қазбаның әрбір текше метріне 2 кг дейін қар жұмсалады.
Сол сиқты әртүрлі аймақта технологиялық процесстерде шаң басу үшін ауа-механикалық көбік, түрлі заттардың су ерітіндісі,т.б. заттар қолданылады.Жол табаны шаңды аз бөлуі үшін оған ауысым бойы белгілі-бір уақыттардан соң су немесе су ерітінділері шашылып отырылады.
Ауа бассейнін зиянды газдар қосындысынан қорғау мақсатында, ластау көзінің түріне байланысты, төмендегі шаралар қолданылады.
Жерасты қазбаларынан шығатын ауаны зиянды қоспалардан тазарту үшін арнаулы тазалағыш қондырғылар орнатылады. Технологиялық операциялар жүргізу кезінде бөлінетін газ мөлшерін азайту мақсатында қазба жұмыстарынан пайда болған кеңістіктерді оңашалайды,дизель техникасын тоқ күшімен істейтін мәшинелер және жабдықтарға алмастырады.
Шахталардан желдету ағымымен шығарылатын метанды кәдеге жарату бағытының болашағы зор. Қазіргі кезеңде оның екі түрі қалыптасқан:
- газды бөліп алып,кажетті концентрацияға жеткізіп қазандық оттығында жағу;
- алдын-ала дегазация тәсілімен көмір қабаттарынан және тау жыныстарынан сорып алып, оны қазандықтарда қолдану.
Өрт қауыпінің алдын алуға қолданылатын шаралар:
- кен қабаттарына қысыммен су немесе арнайы антипироген ерітінділерін айдау;
- жер қойнауынан өртке қауіпті пайдалы қазбаларды, тау жыныстарын толық алу;
- бұзылған сілемде жылу жиналуының алдын алу үшін, аршылған пайдалы қазбаларды тиісті жылдамдықпен қазып алу;
- тез өздігінен жануға бейім тау жыныстарында дайындалған ұңғымаларды ертерек жару;
- өрттен қауіпсіз қазу жүйелерін қолдану.
Маңызды проблемалардың бірі-ауаны карьер автомобильдерінен шығатын газдармен бүлінуін азайту. Бұл проблеманы шешудің төте әдістеріне карбюратор жұмысын жақсарту, жағар майды тұтандыру үшін электронды жүйе қолдану, бөлінген газдарды залалсыздандыру жатады.
Атмосфера ауасының ластануын азайтуда, байыту және брикеттеу фабрикаларында, ұсату-іріктеу цехтарында қазандықтарда және басқадай пайдалы қазбаларды өндірумен айналысатын өндіріс орындарында қолданылатын щаралардың мәні өте зор.
Газды жүзінділерден тазартудың түрлі мәнісі бар:
- технологиялық–дайын ұнтақтарды тұтып алу немесе газды қайта өңдеуге дайындау;
- экономикалық-пайдалы өнімдердің орны толмайтын жоғалуын азайту;
- табиғатты қорғау –атмосфераның шаңмен ластануының алдын алу.
Шаң тұту мақсатына байланысты қажетті технология және жабдықтар таңдап алынады. Ол үшін шаңтұту әсерлігін бағалайтын критерий (тазалау коффициенті) қолданылады:
η = 100 Gтұтул/ G түсух, (6.1)
мұнда: Gтұту және Gтүсу — тиісішінше тұтылған және газбен бірге тазалануға түскен шаң мөлшері;
Қондырғы жұмысы тиімділігін шаңның шыққан жалпы мөлшерінің көрсеткіші сипаттайды:
М = Gшығу – G тұту., , кг/ сағат (6.2)
Ірі тау-кен өндіріс орындарында атмосфераны ластанудан сақтау үшін көпсатылы шаңтұту жүйелері қолданылады. Олардың шаңтұтуы 99,99% дейін жетеді. Тазарту коффициенті төмендегі өрнекпен есептелінеді:
η = 1 - (1 – η1) (1- η2 )-(1 – ηn ) (6.3)
мұндағы η 1,η 2,……ηn — әр сатыда газ тазартылуының коэффициенттері.
Ең қарапайым, сенімді және тиімді шаңтұту әдісі – жоғары концентрациялы шаңды тұтуда орнықты жұмыс істейтін құйындатқыштар (циклон) қолдану.
Көптеген салаларда газдарды тазарту үшін электр және газ фильтрлері, газды су бүрку арқылы жуу әдістері қолданылады.
Өндірісте шаңнан, газдан тазалау әдістерін жетілдіру бағыттары:
- тұйық технологиялық циклдер қолдану (атмосфераға шаң және газ шығармайтын);
- шаң түзетін технологияларды жетілдіру;
- газды зиянды компоненттерден тазалайтын әдістерді, жабдықтарды (құйындатқыш, электр,мата сүзгіштер,скруббер және т.б.) жетілдіру;
- ескірген қазандықтарды жетілдірілген түріне алмастыру.



Download 0,68 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish