«сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы атырау облысы білім беру басқармасының Әдістемелік орталығЫ



Download 3,74 Mb.
Pdf ko'rish
bet69/162
Sana26.06.2022
Hajmi3,74 Mb.
#705534
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   162
Bog'liq
Jinaq123

Д. Ғалымжанова 
Б. Бегалиев атындағы жалпы орта мектебі, 
8 «б» сынып оқушысы 
Құрманғазы ауданы 
 
САРАЙШЫҚ – ТАРИХЫ ТЕРЕҢ ҚАЛА 
 
Сарайшық

Кіші Сарай 
— Қазақ даласындағы ең көне тарихи 
орындардың бірі. Ол орта ғасырларда Алтын Орданың ірі сауда және 
экономикалық орталығы болып, Жайық өзенінің қазіргі Атырау қаласынан 50 
шақырым жоғары аумақта орналасқан. 
Тарихшы ғалымдар оның пайда болуын XIII ғасырда, яғни Шыңғыс хан 
мен Батудың жасаған шапқыншылығымен байланыстырады. Әзірге белгілі 
болған деректерге сүйенсек, бұл орын туралы жазба мәліметтер XIV ғасырдың 
алғашқы жартысынан басталады да, оларда Сарайшық гүлденген қолөнері мен 
сауда қаласы болғандығы айтылады. 
Сарайшық туралы алғашқы жазба дерек қалдырған арабтың белгілі географ 
–ғалымы, саяхатшысы Ибн-Батута болатын. Ол өзінің саяхаттарының бірінде, 


114 
1334 жылы «Үлкен Сарай» қаласынан шығып (Сарай-Берке-Алтын Орданың 
астанасы), Азияға жасаған сапарында Сарайшық қаласында болған. Бұл жөнінде 
ол, «Біз Сарайшық қаласынан атжеккен арбамен он күн жол жүріп, Сарайжүк 
қаласына жеттік. Бұл «Ұлысу деп аталатын» үлкен, терең, ағысы қатты өзеннің 
жағасындағы гүлденген әсем қала екен және дүние жүзіндегі Бағдаттан кейінгі 
екінші жүзбелі көпір осында екен» деген дерек қалдырған. Сарайжүк монғолша 
кіші Сарай деген мағынаны білдіреді. Ол кезде Алтын Орда үлкен Сарай, 
Сарайшықты кіші Сарай деп атаған. Бұдан кейін Сарайшық жөнінде жазба дерек 
қалдырған орыс патшасы Иван Грозныймен дос болған ағылшын көпесі Антоний 
Дженкинсон. Ол 1558-1559 жылдары Каспий теңізінің солтүстік және шығыс 
жағалауына саяхат жасауы кезінде Сарайшық қаласына соғады... [1] 
Бір замандарда гүлденген қаланың қақ ортасындағы биік дуалмен 
қоршалған хан сарайы Қызыл алаңдағы Кремльді елестетеді. «... Иван Калита 
(Қалталы Иван) Мәскеу Кремлінің құрылысын Сарай-Бату қаласының жобасы 
бойынша жүргізді. Кейін Иван Грозныйдың заманында орыс княздары Алтын 
Орданың екі қаласын - Сарай Бату мен Сарай-Беркені ұрпақтары ешқашан есіне 
түсіре алмайтындай етіп жер бетінен жойып жіберуге шешім қабылдады» деген 
тарихи мұрағаттық құжаттар бар. 1395 жылы Ақсақ Темір шауып алып
күйреткен Сарайшықты Үлкен Ноғай Ордасының орталығы (1490 жылдан 
бастап) болып тұрған кезінде Иван Грозныйдың бұйрығы бойынша, Жайық 
бойына кемемен келген казактар 1580 жылы тас-талқан етіп қиратып, түк 
қалдырмай өртеп жібергені тарихтан белгілі. Кезінде негізін Бату хан қалаған, 
кейіннен 1457-1458 жылдары Керей ханмен бірге Қазақ хандығының негізін 
қалаған Жәнібектің ұлы Қасым хан 1513 жылы қазақ мемлекетінің астанасы деп 
жариялаған қала тұрғындарының саны сол заманда жүз мыңға жеткен екен. Орта 
ғасырдағы тарихшы Әбілғазы Баһадүр ханның дерегі бойынша, Сарайшықта әз 
Жәнібек хан таққа отырып, 17 жыл хандық құрған, сүйегі осында қойылған. Одан 
кейін оның баласы Бердібек хан Сарайшыққа келіп, хан сайланған. 1395 жылы 
Ақсақ Темір күйретіп кеткен Сарайшық қаласы XV ғасырдың бірінші 
жартысында қайта қалпына келтіріліп, Жәнібек хан мен Бұрындық хан тұсында- 
ақ Қазақ мемлекетінің астанасы болған деген дерек бар. Қадырғали би өз 
еңбегінде Қасым ханның Сарайшықта дүние салғанын, қабірі Сарайшықта 
жатқанын жазып қалдырған. ХІХ ғасырдың ортасында өмір сүрген ақын Шынияз 
Шанайұлының қалдырған дерегі бойынша, Сарайшықта Сартақ, Берке, Тоқтақия, 
әз Жәнібек, Қасым хандар және Ноғай хандары Ысмайыл мен Ораз жерленген. 
Бүгінде көне қала орнында осы жеті ханға құлпытас қойылған. [2] 
Белгілі археологтар Толстов пен Пацевич Сарайшықты Хорезм 
тұтқындарының көмегімен сауда жолының бойында Х-ХІ ғасырларда салынған 
Сааксин қаласының орнында бой көтерген деп санайды. Ал Сарайшық атының 
шығу тегін зерттеушілердің кейбіріне жүгінсек, негізгі атауы әу баста Сарай-Жук 
(моңғолша «жук» сөзі «жуық» дегенді білдіреді) болған. Осыған ден қойсақ, 


115 
Шыңғыс ханның негізгі ордасы Үлкен Сарай елінде қалып, Жайық бойында оған 
жуық, яғни таяу тұрғызған ордасын Сарай-Жук атаған тәрізді. Тағы бір дерек 
бойынша, Сарайшық (Кіші Сарай) аты Берке ханның Еділ бойында 1254 жылы 
негізін қалаған «Сарай Бату» (Көне Сарай), 1262 жылы негізі қаланған «Сарай 
Берке» (Жаңа Сарай) қалаларынан кейін бой көтерген қалашыққа берілген 
секілді. Сондай-ақ Сарайшық моңғол дәуіріне дейінгі Дешті Қыпшақтың 
батыстағы астанасы (Шығыстағы астанасы Сығанақ болған) болғандай. 
Кейбіреулер Сарайшық атын орысша Сарайчик (Кіші Сарай) дегеннен 
шығарады. Алтын Орданың ХІV ғасырда ханы болған әз Жәнібектің жалғыз 
қызының аты Сара болған екен, хан қызына қырындағандар үй сыртынан: «Сара 
шық!» деп дауыстайды екен, қаланың аты содан шығыпты деп те айтылады... Ал 
негізінде, исламның белгісі жарты айды бейнелейтін мешіттің алтын айшықты 
алып мұнараларына байланысты Сары Айшық дегеннен шықса керек. 1950 
жылдары Сарайшықта қазба жұмыстарын жүргізген қазақ археологиясының 
атасы Әлкей Марғұлан қаланың қалыптасу кезеңін ХІІ ғасырға телісе, көне шаһар 
орнына 1996 жылдан бері зерттеу жүргізіп келе жатқан экспедиция жетекшісі, 
белгілі археолог, профессор Зейнолла Самашов та осындай тоқтамға келіп отыр. 
Сарайшықтан көненің көзі жәдігерлер көптеп табылуда. Мәселен, 2001 жылы 
қазба жұмыстары кезінде археологтар ерекше кесе тауып алды. Әлемде бұндай 
кесе екі дана ғана екен, біреуі - Египетте, екіншісі - Қазақстанда. Кесенің қасиеті 
неде десек, ол мынада: ішіне уланған тағам құйылғанда ол түсін өзгертеді екен. 
Осыған қарағанда, бұл хандар ас ішкен кесе болса керек. Сарайшыққа алыс емес 
жерден З.Самашовтың жетекшілігімен «Екінші Алтын адам» аталған сармат 
сарбазының мүрдесі табылуы бөлек әңгіме. Сарайшыққа байланысты бір аңыз- 
деректі де келтірелік. Сарайшықта 1341-1359 жылдары хандық құрған әз Жәнібек 
ханның маңдайына басқан жалғыз қызы болыпты. Сүйікті қызы үшін сарай 
алдына қолдан көл жасап, жасанды көлдің суы екі аптада бір ауыстырылып 
тұрған. Аққулардың көлді жайлауы үшін көлге 40 атанмен шекер төгілген 
көрінеді. Сол себепті кейде көлді «Тәтті көл» деп атайтын болған. Ханшайым он 
бесте болғанда, кенеттен қайтыс болып, хан қызын алтын табытқа салып, алтын 
қайығымен қосып жасырын жерлеген. 1929 жылы Лондоннан саяхатшылар келіп, 
Сарайшықтан әлдебір қайық тауып алыпты. Бірақ ол шегелері ғана алтын, 
Жәнібектің өзіне жасалған қайық екен. Сарайшықты бертінде Бөкей хан 
жайлаған деген дерек бар. 1885-1890 жылдары Сарайшықта екі мектеп болыпты. 
Оның бірі - «Церковно-Приходская школа» деп аталатын діни оқу орны болса, 
екіншісі - қазіргі Сарайшық орта мектебінің бастапқы негізі болған мектеп. 1999 
жылы көне қала орнына өткен тарихтың даңқты символы ретінде «Хан ордалы - 
Сарайшық» атты мемориалды кешен тұрғызылды. 6552 шаршы метр жерді алып 
жатқан кешенде биіктігі 14,5 метрлік «Хандар пантеоны» да орналасқан. [3] 
Түйін 


116 
Сарайшық қаласының географиялық жағынан орналасу ерекшелігі Каспий 
атырабы аймағындағы ғана емес, тұтас Шығыс пен Батыс елдерінің геосаяси 
мүддесінің осы жерде тоғысуына, оның ерекше байланыстырушы роліне, 
экономикалық, мәдени, саяси қарым-қатынастарды қамтамасыз ету шараларын 
жүзеге асыру көне Сарайшықтың қираған орнына жақын орналасқан Атырау 
қаласына ауысты. Ата бабаларымыздың қажырлы еңбегінің арқасында осынау 
шұрайлы жерге орныққан мұнайға бай, саудасы ғайбат Атырау қаласына жарқын, 
әрі ұзақ болашағы бар. 

Download 3,74 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   162




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish