«сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы атырау облысы білім беру басқармасының Әдістемелік орталығЫ



Download 3,74 Mb.
Pdf ko'rish
bet67/162
Sana26.06.2022
Hajmi3,74 Mb.
#705534
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   162
Bog'liq
Jinaq123

Пайдаланылған әдебиеттер: 
 
1.
Қазақ тарихы ғылыми – әдістемелік журнал. 5-6.2008 жыл. 
2.
Орынғали Қ., «Сарайшық хандар» Алматы: «Арыс» 2004жыл. 
3.
Әлімгериев Ө., «Сарайшықтың жеті ханы», «Атырау» газеті 1999 жыл. 
А.Р.Исмагулова 
Б. Бегалиев атындағы жалпы орта мектебі, 
география пәні мұғалімі 
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы 
 
САРҚЫЛМАС СЫРЫ БАР – САРАЙШЫҚ 
 
Тарихы алпауыт шешіреге толы, жүрген жолы жауһарлармен 
көмкерілген қазақтың тарихы кім-кімдіде таңғалдырмай қоймайды. Ұлан ғайыр 
кең даланы мекен еткен әр қазақ ұрпағы айналасына көз жүгіртсе ата- 
бабаларының аманат еткен атамененімен мақтана алады, өз тарихын ауыз 
толтырып та айта алады. Болашаққа бағдар: «Рухани жанғыру» мақалада ұлттық 
құндылықтарды сақтап, оны қастерлеп, қоғам болып жұмылып, өскелең ұрпақ 


107 
санасына сіңіру керектігін айтудан кем емес. Ұлы түркі елінің қара шаңырағы 
атанған қазақ даласының ежелгі қазақ жерінің төрі, астанасы болған - 
Сарайшық туралы мәліметтер зерттелгенімен әлі де болса, бүгінгі таңда өте 
өзекті де тартымды тақырыптардын бірі. Ел тарихын, өлке тарихын жақын 
тануда жас ұрпақ тұлғасын тарихи жәдігерлермен сусындатып, еңсесін 
беріктендіруде мектеп бағдарламасына «Өлкетану» оқулығы енгізіліп, 
оқушының біліктілік аясын молайтуда. «Мың рет естігенше, бір рет көрген 
артық» дегендей бүгінде Сарайшық қаласының аумағына көптеген саяхат 
сапарлар оқушылар, жастар үшін жүйелі ұйымдастырылуда. 
Географиялық жағдайы. Қазіргі Атырау қаласынан 50 шақырым жерде, 
Жайық өзенінің оң жақ жағасында бір кездегі ұлы да атақты Сарйджук (қазіргі 
атауы Сарайшық) қаласының қираған құландысы жатыр. Көне Сарайшық 
қаласы Атырау облысы, Махамбет ауданы, Сарайшық селосы маңында 
орналасқан. 1999 жылы бұрынғының символы ретінде «Хан Ордалы 
Сарайшық» атты мемориальды кешен тұрғызылды. Кешеннің аумағы 65552 
шаршы метр, бұл жерде биіктігі 14,5 метр болатын «Хан пантеоны» 
орналасқан. [1] Тарихынан. Әбілғазы Баһадүр ханның (ХҮІІ) Сарайшықтың 
негізін Бату хан (билік құрған уақыты 12212-1256 жж) салған деген тарихи 
пікірімен келісуге болады. Сарайшық өзге қалалармен қатар, Ертістен Дунайға 
дейінгі ұланбайтақ өлкені билеген, кейінірек Алтын Орда аталған империя - 
Жошы ұлысының алғаш құрылған бірінші онжылдығында салынған. Бұл 
қалалардың құрылыстары алғашында нөкер, ноян және басқа да ел басқарушы 
шонжарлар үшін Сарай және әкімшілік ғимараттар ретінде бой көтерген. 
Ондағы орталық ғимараттың төңірегінен кейінірек біртіндеп қолөнершілер, 
еркін тұрғындар, көпестер және т.б. әр түрлі адамдарға арналған үй-жайлар 
салынған. Сарайшық сондай қалалардың бірі еді. Оның стратегиялық жағынан 
Европа мен Азияның түйісер тұсынан ұтымды орнығуы, Европа елдері мен 
Еділдің бойындағы Алтын Орда астаналарынан Хорезм шаһарларына
Үндістан және Қытайға баратын құрлықаралық керуен жолының қауіпсіздігін 
қамтамасыз етті. [2] 
Сарайшықта жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижесі көрсеткендей – 
ондағы үйлер, сарайлар, қоғамдық кешендердің барлығы бұзылып – қираудың 
екі кезеңін бастан кешкен. Алдымен кездейсоқ шайқас кезіндегі бұзулылар,
ал сосын арнаулы мақсатпен бағытталған түрде барлық ағаш бөліктері алынып, 
қабырғалары құлатылған. Құлаған үйлердің арасынан жебе, найза ұштары, 
қылыш сынықтары, катапульттардың тас оқтары мен ортағасырлық 
бомбалардың қыштан жасалған ядролары табылды. Тарихшы И.Казанцевтің 
жазуынша, ХХІ ғасырдың бірінші жартысында Сарайшық қамалының 
маңында қазақтың Әлімұлы, Байұлы және Жетіру сияқты рулары көшіп-қонып 
жүрген, олар сауда керуендеріне не атқосшы, кейбірі керуен басы болған. Осы 
жұмысты жазудағы мақсатым-тарих мұнары бұлдыратып тастаған шежірелі 


108 
сырға толы қаланың тарихына қанығу, осы қалаға билік еткен қазақ 
хандарының өмірімен танысу, осы тарихи астананы бүгінгі және келешек 
ұрпақтың рухани асыл қазынасы деп тану. Сарайшық туралы алғашқы жазба 
дерек қалдырған арабтың белгілі географ –ғалымы, саяхатшысы Ибн-Батута. Ол 
өзінің саяхаттарының бірінде, 1334 жылы «Үлкен Сарай» қаласынан шығып 
(Сарай-Берке-Алтын Орданың астанасы), Азияға жасаған сапарында Сарайшық 
қаласында болған. Бұл жөнінде ол, «Біз Сарайшық қаласынан ат жеккен арбамен 
он күн жол жүріп, Сарайжүк қаласына жеттік. Бұл «Ұлысу деп аталатын» үлкен, 
терең, ағысы қатты өзеннің жағасындағы гүлденген әсем қала екен және дүние 
жүзіндегі Бағдаттан кейінгі екінші жүзбелі көпір осында екен». Сарай-жүк 
монғолша кіші Сарай деген мағынаны білдіреді. Ол кезде Алтын Орда үлкен 
Сарай, Сарайшықты кіші Сарай деп атаған. Бұдан кейін Сарайшық жөнінде жазба 
дерек қалдырған орыс патшасы 6 Иван Грозныймен дос болған ағылшын көпесі 
Антоний Дженкинсон. Ол 1558-1559 жылдары Каспий теңізінің солтүстік және 
шығыс жағалауына саяхат жасауы кезінде Сарайшық қаласына соғады. «Теңізден 
бір күндік сапарда үлкен өзен жағасындағы гүлденген Сарайшық деген қалаға 
келдік. Бұл қала орыс патшасымен көңілдес Измаил деген татар князінің қол 
астында екен. Шығыс пен Батысты байланыстыратын керуен жолының үстінде 
болғандықтан қолөнері мен саудасы дамыған қала екен» деп жазған. «Сара 
қаласынан кеткеннен кейін, 10 күн дегенде Сараджук қаласына келдік,«джук» - 
кішкентай деген мағынаны білдірді. Олар осы атаумен Кішкене Сара дегісі 
келді.Бұл қала толыққанды суы бар,Улусу «Ұлы су» деп аталатын ірі өзенннің 
жанында орналасқан.Өзен арқылы Бағдаттағыдай қайықтан көпір жасалған».
Ибн 
Баттут. 
Міндетіміз – халық арасында тараған естелік аңыз-әңгімелер арқылы 
Сарайшықта билік еткен қазақ хандарының өмірлерінің беймәлім жақтарын 
зерттеу. Ибн Батута жазбасы ел тарихы үшін өте құнды дереккөзі болып 
табылады. Оның 1333 жылы шығысқа жасаған сапары Атырау даласы арқылы 
өтті. Ибн Батута Алтын Орданың астанасы – Сарайдан шығып, 10 күн өткеннен 
соң Сарайджук, яғни, Сарайшыққа жетіп, қалашықтың топографиясы мен 
топонимикасына қатысты бірқатар мәліметтер қалдырады. Ибн-Батудан кейін 
1338 жылы Сарайшық арқылы Үргенішке испандық монах миссионер Пасхалия 
сапар жасайды. [3] 
Ол бір жылдан астам Сарайда тұрып, жергілікті халықтардың тілін 
меңгереді. Пасхалия Тигрис (Еділ) өзенінің бойымен Ватук (Каспий) теңізінің 
жағалауымен келіп, 12 күн дегенде Сарайшыққа жетеді. ХIV ғасырдың 40- шы 
жылдарына дейін керуен жолымен жүріп өткен Франческо Пегалотти 
жазбасында Сарайшықтың өзге қалалардан қашықтығы көрсетіледі. Ол бойынша 
Сары (Сарай) мен Саракано (Сарайшық) арасына теңіз немесе құрлық арқылы 
сегіз күнде жетуге болатын болса, Сарайшықтан Органчиға (Үргенішке) түйеге 
жегілген арбамен 20 күнде жетуге болатындығы айтылады. Картада Алтын Орда 
аумағы жақсы сипатталған, оның ішінде сол кезеңдегі қалалар мен мекендердің 


109 
атаулары берілген. Алтын орда (1243-1503) – Орта ғасырларда Шыңғыс хан 
империясының құрамында Дешті қыпшақта құрылған түрік мемлекеті. 
Экономикалық және әскери күш-қуаты толысып мәдениеті өркендеген кезеңде 
(ХІІІ-ХІV ғғ.) мемлекет жерінің көлемі 10 млн км2 -ден асты. Батыста Днестрге, 
Шығыста Ертіске, оңтүстікте солтүстік Кавказға дейін жетті. Орыс княздықтары 
да Алтын ордаға тәуелді болды. Бату хан тұсында астанасы Еділ бойындағы 
Сарай қаласы болып кейін Берке сарайына (Сарай әл-Жадид) көшірілді. Негізгі 
әскери күші қыпшақтар болды. Берке ханның кезеңінен бастап Алтын орда 
хандары өздерін тәуелсізбіз деп есептеді. Сонымен қатар дерек көздері Мұхамед 
Қайдар, Ноғай Ордасын зерттеген В.Трепаловтың, Э.Челеби, И.Г.Гербер, 
П.Рычковв, 
П.Палластың, 
И.П.Фальк, 
А.Левшин, 
Карамзиннің 
шығармаларынан, Н.К.Арзютовтың, Ә.Х.Марғұланның жетекшілігі мен 
жүргізілген зерттеу жұмыстары Сарайшықтың тарихи мәні, оның қазақ 
мемлекетінің қалыптасу кезеңіндегі ролі және ұрпақтар арасындағы 
байланыстар үшін ата-бабалар мұраларының төтенше маңыздылығы ескерілді. 
2000 жылғы зерттеулер нәтижесінде Сарайшықтың қалыптасып дамуының үш 
кезеңі анықталды. Ерте кезеңі қала өмірінің алғашқы он жылдығына сәйкес 
келеді. Дамуының екінші кезеңінде, 1330-шы жылдардан бастап әртүрлі 
факторлардың әсерімен Сарайшықтың кірпіштен соғылған орталық бөлігіне 
жүйелі түрде салынып шоғырланады да, Жайық сағаларында жайғасқан 
аралдың шеңберінде дамып кеңейді. Қаланың гүлдену уақыты ХІҮ ғ. сәйкес 
келеді. ХҮ-ХҮІ ғғ. шаһар тағы да өзгеріске ұшырады. Орталық бөлігі көлемі 
жағынан біртіндеп кішірейе келе, оңтүстік шығыста Жайықтың қазір сорочинка 
деп аталатын саласына қарай жылжыды. Жыл сайынғы су тасқыны қаланың біраз 
бөліктерін шайып кетіп отырды. Қазіргі уақытта көне Сарайшықтың қалған 
ауданы, жапсарлас көне зираттарды есептемегенде шамамен 600х600 метр. 
Керуен жолының тоғыз торабында орналасқан қала, сөз жоқ, кең ауқымдағы 
халықаралық саудаға қатысқан. Жанданған сауда Қытаймен, Кавказбен, 
Иранмен, Үндістанмен, Орта Азиямен және Русь мемлекеттерімен жүргізілді. 
1558 жылы осы жерлерде болып қайтқан ағылшын көпесі А.Дженкинсон пікірі 
бойынша Сарайшық Ноғай Ордасының астанасы болған делінген. [4] 
Мақаламды түйіндей келе:Сарайшықтың сарқылмаған сырлары бар. Айта 
берсе көптеген әңгіме құрауға болады. Дегенмен «Сарайшық» тақырыбы білім 
беру саласында меңгерілгенімен, білім берудің басқа да қосалқы пәндерін 
меңгертуде жан-жақты мысал болар мәлімет бере алады: тарих, география
экономикалық байланыс, сауда-саттық, кейбір ақындар өз поэзиясында жыр 
шумақтарын да арнаған. Математика, физика, әдебиет, тарих, география, 
экономика т.б. салалар сабақтастығында көруге болады. Сарайшық тақырыбын 
оқытуда көне кезеңдегі қазақ даласындағы өркениет, хандар билігінің тарихы, 
сауда жолы торабы, тұрмыс жағдайы, салт-дәстүр, діни түсініктердің 
қалыптасуы, архетиктуралық кешендердің салыну ерекшелігі, су шаруашылығы, 


110 
ауылшаруашылығы, математикалық, физикалық бағыттағы түсініктерді кеңінен 
алуға болады. Жас ұрпақты тәрбиелеуде қазақ халхының тарихын 
қалыптастыруда бірнеше саланы тоғыстырған «Сарайшық» қазақ хандық 
билігінің төрі, ата-бабаларымыздың құтты мекені болған жиһанкезге, 
көпестерге таптырмас пана болған, бүгінде сырлары сананы сусындатқан 
Сарайшық ұлттық құндылыққа тарихтың тамаша тартпасына айналып төл 
тарихымыздың өшпес шежіре парақтарына айналды.Керуен жолының тоғыз 
торабында орналасқан қала, сөз жоқ, кесе ауқымдағы халықаралық саудаға 
қатысқан. Жанданған сауда Қытаймен, Кавказбен, Иранмен, Үндістанмен, Орта 
Азиямен және Русь мемлекеттерімен жүргізіледі. Қытай фарфоры ауқатты 
қалалықтардың дастарханын көріктендіріп тұрды.Оқушылардың бойында ата- 
бабаларымыздың сан ғасырлар бойы ұрпағына азық болған ұлттық рух, ұлттық 
мақтанышы, ұлттық намысы, ана тілі мен ұлттық мәдениеті қалыптасады. Ел- 
жұртын, атамкенін сүйетін, салт-дәстүрін сыйлайтын, үлкенге құрмет, кішіге ізет 
көрсете алатын, нағыз ұлттық намысы жоғары тұлға қалыптастыру. 
Халқымыздың асыл мұрасын қастерлеуге оқушылар Сарайшық жайында оқи 
отырып, деректер жинау арқылы шығармашылыққа, ізденушілікке жетелеу; 
Атырау 
қаласының 
көрікті 
жерлері 
туралы 
келешек 
ұрпаққа 
насихаттау.Нәтижесінде Қазақстанның даму тарихын бойына жинақтайды, алған 
білімін дамытуды ары қарай 
жетілдіреді. 
Болашаққа бағдар алып, рухани 
құндылығымызды жаңғыртып, ұрпақ санасына себелеп сіңгіртіп отырсақ 
келешегіміз жарқын, ұлттық жәдігеріміз сақтаулы, шежіреміз шертілген, 
өркендеп- өнген Мәңгілік елге айналарымыз хақ. 
Описание: 
Город этот расположен на берегу полноводной, крупной реки, 
навзываемой Улусу, значение чего «великая вода». Через нее переброшен мост 
из лодок, такой же, как в Багдаде. В этом городе наше путешествие на лошадях, 
тянувших арбы, закончилось. Так мы продали их по четыре динара за лошадь и 
меньше этого, ввиду их слабости и дешевизны в этом городе, и наняли 
верблюдов, чтобы тянуть арбы. В этом городе находится завия праведного старца 
из тюрков, которого называют ата, что значит «отец». Он угостил нас в завии и 
благославил. Принимал нас также кади этого города, имени которого я уже не 
помню». Ибн Батута. «Путешествие». 
Әдебиеттер тізімі: 
1.
Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы. №7 том, 554 бет. 
2.
Жанұзақ Ғ. «Сарайшық-астана қала». Ақтөбе, 2004 ж. 
3.
Жұмабаева К., Қипиев Қ. «Сарайшық –бабалар мұрасы».. Атырау, 2015 ж. 
4.
Тасмагамбетов И., Самашев З. «Сарайшық». 


111 

Download 3,74 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   162




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish