Бағдарламасы негізінде оқытуды көздейді. Оқулықтың жазылуында


-§. 10 ішінде номерлеу методикасы



Download 3,25 Mb.
Pdf ko'rish
bet49/106
Sana22.02.2022
Hajmi3,25 Mb.
#81130
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   106
Bog'liq
Математика ўкити Жумаев М (kозоkча)

17-§. 10 ішінде номерлеу методикасы 
“Ондық” тақырыбында сандарды номерлеу, дайындық кезеңі 
Бірінші сыныпқа келген балалар түрлі жерлерден және түрлі 
математикалық дайындыққа ие болады. Балалар бақшасында немесе кейбір 
отбасылардағы дайындығы бар балалар 1-10-ға дейінгі сандарды оқу, санау, 
теріс санау, жазу біліктіліктеріне ие болады. Кейде мүлдем дайындыққа ие 
болмаған балалар да келеді. Сондықтан оқытушының міндеті 1-сыныпқа 
келген балалардың дайындығын индивидуал анықтау болып табылады. Бұл 
жұмыс оқу басталғанға дейін немесе оқудың бірінші аптасында жүзеге 
асырылуы тиіс. Анықтауда төмендегідей тұжырымдық сұрақтар болуы 
мүмкін: 
1. Санауды білесің бе? Санап берші? 
2.Дөңгелек, қалам, жалауларды санап берші. 
3. Столда қанша қарындаш болса, сонша жалау ал. 
4. Қайсы шеңберлер көп? Қызылы ма, көгі ме? 
5. Ретімен қойылған заттарды рет-ретімен сана. 
6. 5-1, 8-2, 4-3 сияқты сұрақтар. 
Әрбір оқушының білім денгейін есепке алу мақсатында оқытушы 
төмендегі кестемен бекіту түзеді: 
¹ Уақыт
ы 
Аты-
жөні 
... ға 
дейін 
санай 
алады 
Предеме
ттің 
санағы 
Қанша 
болса, 
сонша 
Көзде 
шамал
ап 
Қайта 
санау 
Сал
ысы
тыр
у 
О
ң
ы
на
н 
со
лғ
а 
қа
Ж
оғ
ар
ы
ға 
Тө
мен
ге 


98 
ра
й 

25.08 
Ахмедов
а А. 










25.08 
Валиева 
С. 
15 








Дайындық кезеңінің (6-7 жаттығу) негізгі қызметі номерлеуді үйренуге 
өту үшін қажет болатын білімдерді, біліктіліктерді және дағдыларды 
анықтау. 
1-сыныптың 1-тақырыбы 1-ондық сандарды номерлеудан тұрады. Мұнда 
балалар санау біліктілігін пайда ету, 1-10-ға дейінгі болған сан туралы елесті 
қалыптастыру, сандардың ретін пайда ету сияқты жұмыстарыды атқару 
керек. 10 ішінде номерлеуда оқытушының міндеті балалардың санау 
біліктілігін қалыптастыру және 1-10 сандардың кесіндісінде натурал 
қатардың түзілуін ашу және бұл негізде натурал қатардың мүшесі ретінде 
сипаттаудан 
тұрады. 
Номерлеуді 
білудің 
нәтижесінде 
оқушылар 
төмендегілерге қол жеткізеді:
1. 1-ден 10-ға дейінгі сандардың ретін толығымен меңгеру. 
2. Заттарды санау және санау реті көрсетілген әрбір заттың реттік 
цифрын айтып беру. 
3.Сандардың 1-ден 10-ға дейінгі әрбір сан қалай пайда болуы (1-ді қосу 
немесе 1-ді алу). 
4. Санды оқи алу және әр санға сәйкес келетін заттардың жиынтығын 
сәйкестеу. 
5.Сандардың үлкен-кіші, теңдіктерін білу. 
6. 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 сандарын бірнеше қосылғыштардан тұратын етіп 
жазу. 
7. 2+1, 4-1, 1+3 тәрізді жазуларды оқи алу және оның нәтижесін есептей 
алу. 
8. Дөңгелек, квадрат, үшбұрыштарды бір-бірінен ерекшелеп, аттарын 
айту және оларды сызу. 
Нәтижеде төмендегі сұрақтарға жауап бере алатын болуы тиіс: 
1. Ол немесе бұл сан қалай пайда болуы мүмкін? 4+1=5, 6-1=5 сияқты. 
2.Сан қалай аталады, ол баспа және жазба цифрлармен қалай жазылады? 
3. Берілген санмен көрші сандардың арасында қандай қатынастар бар 
(<,>,=) 
Бұл міндеттерден келіп шығып тақырыпты үйрену жоспары түзіледі. 
Натурал цифрлардың реті оқушыларда бұл қатардың пайда болу ұғымдарын 
саналы түрде меңгеруге мүмкіндік береді. Мына нәрсеге көңіл бөлу қажет, 
яғни үнемі бұрын өтілген сандардың қатары қайта қаралып шығылады және 
үйреніліп жатқан жаңа сандардың бұрынғы реттің жалғасы екеніне көңіл 
бөлінеді. 

Download 3,25 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   106




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish