Бағдарламасы негізінде оқытуды көздейді. Оқулықтың жазылуында


 ішіндегі сандардың пайда болуы және оқылуы



Download 3,25 Mb.
Pdf ko'rish
bet57/106
Sana22.02.2022
Hajmi3,25 Mb.
#81130
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   106
Bog'liq
Математика ўкити Жумаев М (kозоkча)

1000 ішіндегі сандардың пайда болуы және оқылуы
1. 1) Жеке тұрған шыбықты 1-ден 10-ға дейін сана. 10 шыбық 1 ондық 
шыбық болады. 
2) Ондық шыбықтарды сана. 10 ондық шыбық 1 жүздік шыбық болады. 
3) Жүздіктерді де сондай санау. 
1 жүздік — жүз 6 жүздік — алты жүз 
2 жүздік — екі жүз 7 жүздік — жеті жүз 
3 жүздік — үш жүз 8 жүздік — сегіз жүз 
4 жүздік — төрт жүз 9 жүздік — тоғыз жүз 
5 жүздік — бес жүз 10 жүздік — мың 
2. 1) Жетпістен жүзге дейін 10-нан қосып санау. 
2) Жүзден алпысқа дейін 10-нан азайтып санау. 
3) Сегіз жүзден мыңға дейін 100-ден қосып санау. 
4) Мыңнан бес жүзге 10-нан азайтып санау. 
3. 5м 2дм * 2м 5дм 6 м 7дм *7 м 1 дм 
3м 2 дм * 8 дм 8 м 2дм * 6 м 9дм 
4. Оқушылардың екі тобы 42 түп алманың өнімін жинап алу керек еді. 
Бірінші топ бүкіл жұмыстың ¼ бөлігін орындады. Ал екінші топ неше түп 
алманың өнімін жинап алуы керек? 
5. Балықшы 12 сазан балық және одан 6 дана артық жылан балық 
ұстады. Ол ұстаған балықтың 1/3 бөлігін жолдасына берді. Балықшы 
жолдасына неше балық берді? 
6. Еңбек сабағы үшін әрбірі 20 сумнан 26 парақ жасыл қағаз және бір 
құты түсті қарындаш алынды. Алынған барлық нәрсе үшін 1000 сум төленді. 
Бір құты қарындаш неше сум тұрады? 
72:24 
51:17 
27*3-39 
80:5+28 
91:13 
80:16 
4*16-58 
32:2+16 
78:6 
54:9 
32:2+39 
60:3+80 
42:3 
68:4 
18*4+18 
75:5+18 
19-§. Көп таңбалы сандарды номерлеу методикасы 
 


113 
Бұл тақырыпта оқытушының міндеті төмендегілерден тұрады: 
а) прендметтерді біреулеп, ондап, жүздеп, топтарға біріктіріп санау; 
ә) 1000 ішінде сандарды оқу және жазу сондай-ақ олардың натурал 
қатарды келуін білу; 
б) сандарды жүздік, ондық және бірліктерден пайда ету. 
в) оңынан солға қарай есептегенде, бірліктер, ондықтар, жүздіктер қай 
орында тұруын білу; 
г) санды таңба қосылғыштарының қосындысы түрінде жаза алу және 
таңба бірліктерін білу. 
1000 ішінде сандарды номерлеуді үйренудің нәтижесінде оқушылар 
төмендегі білімдер, біліктіліктер мен дағдыларды иелеп алуы тиіс: 
1. 1000 ішінде сандарды номерлеуді, санның пайда болуын, өзінен 
алдынғы және кейінгі сандармен байланысын білу. 
2. Әрбір санды сандардың қатарындағы орнын білу. 
3. Сандардың орын мәндерін білген жағдайда оқу және жаза алу. 
4. Салыстыру. 
5. Санды таңбаның жиынтығы түрінде жаза білу. 
6.Сандардың натурал реттігін білген жағдайда қосу мен азайтуды 
орындау. 
7. Үш таңбалы сан мен үшінші таңба бірліктері ұғымын білу. 
8. 100, ...., 200, ....., 300, ...., 400, ...., 500, ....., 600, ...., 700, ....., 800, ....., 
900, ...., 1000 сандарының арасын толықтыра білу. Сол негізінде 100-ден 
1000-ға дейінгі сандарды номерлеу. 
9.Жұмыстың кезектегі басқышында үш таңбалы сандардың ондық ретін, 
яғни, олардың жүздіктерден, ондықтардан, бірліктерден пайда болуын 
түсіндіру керек. Мұның үшін жоғарыдағы шыбықтардың саны немесе 
квадрат формаларды пайдалану мүмкін. Абак, шыбық сияқты көрнекіліктер 
де пайдалы. 
Үлкен бірліктерде өрнектелген сандарды майда сандармен ауыстыру 
және керісінше ауыстыруға жаттығулар орындауы тиіс. Мысалы, 2м, 3, 5,-ді 
см-ге айналдырыңыз. 600 см неше метрге тең, т.б. 
Жазбаша номерлеу. Бұл жерде де алдын екі таңбалы сандарды 
номерлеуді қайталау қажет: 1) “Сан” және “цифр” атауларының мағыналары 
мен олардың арасындағы ерекшеліктер. 2) Сандардың жазылуында 
цифрлардың орындық мәні. 3) Екі таңбалы сандардың таңба құрамының 
талқылауына тиісті жаттығулар орындалу тиіс. 
Төмендегі жаттығуларды жазбаша номерлеуге тиісті білімдерді 
дамытады:
1. Сандарды дәптеріңізге ретімен жазып шығыңыз:
2. Үш жүз бір саны мен үш жүз он санын жазыңыз. 
3. 696 мен 703 санының арасындағы сандарды жазыңыз. 
4. 5, 7, 9 цифрларымен жазылатын барлық сандарды жазыңыз. 
5. 635, 67, 306, 666 сандарындағы 6 цифыры нені білдіреді? 
6. 6 жүздік және 3 бірлік, 5 ондық пен 2 бірлік, 10 жүздік, 4 ондықтан 
тұратын сандарды жазыңыз. 


114 
7. 71 және 701, 333 және 33, 500 және 501, 600, 601 және 160 сандарын 
жазу үшін неше цифр және неше сан керек. 
Бұл тақырыпта негізгі тапсырма мыңдық ұғымын құрастыру, сыныптың 
ұғымының маңызын анықтау және сол негізде көп таңбалы сандарды оқу 
және жазуға үйрету, балалардың ондық санақ жүйесіне қатысты білімдерін, 
натурал ретін, сандарды жазудың позициондық принциптеріне тиісті 
білімдерін жалпылаудан тұрады. 
Көп таңбалы сандарды номерлеу методикасы алдын өтілген 
тақырыптардың жалғасы ретінде жалғастырылады. 
Көп таңбалы сандарды номерлеуді (ауызша және жазбаша) үйрену 
жұмысын бірнеше басқышқа бөлу мүмкін: 
I. Дайындық жұмыс.
Бұл басқыштың қызметі бір таңбалы, екі таңбалы және үш таңбалы 
сандарды номерлеудың негізгі мәселелерін қайталау. 
1) Сандарды оқыңыз. 526, 308, 700, 999, 1000, 528. Бұл сандардың 
әрқайсысында жалпы қанша ондық, бірлік, жүздік бар? 
2) Төмендегілерден тұратын сандарды жазыңыз: 8 жүздік, 2 ондық, 6 
бірлік; 9 жүздік, 4 бірлік. 
3) Мыңда неше жүздік, ондық, бірлік бар? 
4) 2,5, 3 цифырларын пайдалану мүмкін болған үш таңбалы сандарды 
жазыңыз. Сол сандардың бірін оның таңба қосылғыштарының жиынтығы 
түрінде суреттеңіз. 
II. Номерлеуді үйрену 
Бұл басқыш балаларды I класс — бірліктер сыныбы және II класс — 
математикалар сыныбымен әр класс бірліктерінің аттарымен таныстырудан 
тұрады. 
III. Екінші класс сандарының пайда болуы, оқылуы және жазылуымен 
таныстыру. 
IV. Алты таңбалы сандардың пайда болуы, оқылуы және жазылуымен 
таныстыру. 
V. Оқушылардың білім және біліктіліктерін нығайту. 
VI. Миллиондар класының пайда болуымен таныстыру. 
Бұл тақырыпты үйренуде класс ұғымына жеке көңіл бөлінеді. Өйткені 
бұл оқу материалын оқушылар жағынан жақсы түсініп алуы көп таңбалы 
сандарды ауызша немесе жазбаша цифрлау жемісті болуына фактор болады. 
Сондықтан I класс — бірліктер класы және II класс — мыңдықтар класымен, 
олардың құрылымымен және әрбір класс бірліктерінің атауларымен 
таныстырудан тұрады. Төменгі класс таңба бірліктерін жоғары класс таңба 
бірліктері қандай пайда болуын оқушылардың санасына жеткізу керек. 
Көп таңбалы сандарды номерлеуге үйренуде оқытушының негізгі 
қызметі, яғни санақ бірлігі — мыңдық ұғымын құрастыру,класс түсінгінің 
маңызын ашу және соның негізінде көп таңбалы сандарды оқу және жазуға 
үйрету, балалардың ондық санақ жүйесіне қатысты білімдерін, натурал 
реттік, сандарды жазудың мазмұндық тұрғыдан принципке тиісті білімдерді 
анықтау және жалпылаудан тұрады. 


115 
Көп таңбалы сандарды номерлеуді үйрену нәтижесінде оқушылар: 
1. Миллиондар класының ішінде қатар сандардың аттарын меңгеруі, 
олардың қалай пайда болуын түсінуі және олардың ондық құрамын біліп 
алулары қажет. 
2. Кластардың атауларын және әр кластың ішіндегі бірліктерді білуі 
керек. 
3. Миллиондар класының ішінде кез келген санды оқи алуы және жаза 
алуы тиіс. 
4. Сандарды салыстыра білуі тиіс. 
5.Кез келген санды бірлік қосылғыштарының қосындысы түрінде 
суреттей алуы тиіс (берілген сандағы бірліктердің, ондықтардың, т.б.). 
6.Жалпы санды таба білуі, майда бірліктерді үлкен бірліктермен немесе 
керісінше, үлкен бірліктерді майда бірліктермен ауыстыра алуы тиіс. 
7. Сандарды 10, 100, 1000 есе үлкейте алатын және нөлдермен 
аяқталатын сандарды 10, 100, 1000 есеге азайта алатын болуы да тиіс. 
1-тапсырма. Номерлеу методикасын меңгеру процесінде төмендегі көп 
таңбалы сандарды пайда етуде: 999, 9999, 99, 999, ....., .... пайдаланып, көп 
таңбалы сандарды пайда ету методикасын талқылаңыз. 
Бұл жерде таңба бірлігі бойынша жаңа санақ бірлігінің пайда болуында, 
мысал, 9+1, пайда болады. 10 бұл жаңа санақ бірлігінің пайда болуы. 
Оқушыларға негізінен қиындық 10 000-1, 100 000-1,т.б.
Бұл үшін төмендегі заңдылықты пайдаланымыз: 
9+1=10 10-1=9 
99+1=100 100-1=99 
999+1=1000 1000-1=999 
9999+1=10 000 10 000-1=9999 
Мұны төмендегідей етіп жалғастыру мүмкін: 
9999-1=(9900+99)+1=(99+1)+9900=100+9900=10 000 
10 000-1=(9990+10)-1=9990+(10-1)=9990+9=9999 
2-тапсырма. 
Оқушыларға “Номерлеуді” қалыптастыру бойынша 
тапсырма, жаттығуларды үйренудің концентрлері бойынша аналогияны 
пайдаланып талқылаңыз.
3-тапсырма. Мектеп оқулығын пайдаланып төмендегілерді нығайтатын 
жаттығулар түзіңіз: 
а) көп таңбалы сандардың реттігін сақтайтын натурал қатарды 
анықтаңыз; 
ә) сандар мен сыныптардың құрамын анықтаңыз; 
б) ондық, жүздік, мыңдық және көп таңбалы сандардың ондық құрамын 
талқылауға қатысты жаттығуларды бөліңіз; 
в) цифрлардың орналасуы бойынша пікірін жүргізіңіз. 

Download 3,25 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   106




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish