87
Ал оқулықта “10 ішінде қосу және азайтудың” әртүрлі жағдайларымен
оқытушылар жүйелі түрде оқушыларды таныстарады.
Сөйтіп, бастауыш сынып математикасы курсының құрылу жүйесі
оқулықпен бағдарламаның үздіксіз байланыстылығының негізінде түзілген.
Сондай-ақ, оқулық бағдарламасындағы түсіндіру хатында баяндалған
негізгі методикалық нұсқауларды ашады. Оқулық оқыту процесінде
теориялық және практиканың өзара байланыстылық талабын ашудың нақты
жолдарын көрсетеді. Бастауыш сыныптың математикасы I-IV сыныпқа
арналған оқулықтарда беріліп, оған мақсатқа сай болған мысал және
мәселелер, жаттығулар, сұрақтар мен тапсырмалар, бағдарлама өз ішіне
алған теориялық сұрақтар, білім мен біліктіліктеріді қалыптастыру жолдары
енгізіледі.
Дидактикалық білімдерді жүйелі нығайту мақсатында жаттығулардың
жиынтығын уақытқа қарап бөлу, оларды түрлі жағдайларда қолдану сияқты
материалдар беріледі.
Оқулықта ұсынылатын жаттығулар өзара байланыста, курстың әртүрлі
сұрақтарымен арнайы түрде түзіледі.
Оқулықта мынадай материалдар берілуі мүмкін, оны оқушының өзі
бұрыннан қолданған болады, бағдарламада оны орындау керек делінген
болса да, оған байланысты түрде оқулықта сол материалға жақын болған
қосымша метраилдар берілмейді. Мұны оқушыға ұқтыру қажет.
Мысалы, бағдарламада I сыныптың бірінші жарты жылдық бойынша
материалдарды оқу біліктіліктері беріледі. Ал оқулықта арифметикалық
материалдар екінші жарты жылдықта беріледі. Соған қатысты мәселелер
оқулықта оқу жылының басынан бастап берілуі қажет. Бұл жағдайда
оқытушының өзі оқушыларына сай етіп, мәселенің мәтінін түзу қажет.
Әр сыныпқа арналған оқулық ауызша есептеудің тәсілдерімен
біліктілікті пайда етуге арналған жеткілікті жаттығуларды өз ішіне алады.
Бірақ бұлардың оқушыларға жылдам және дұрыс іскерлік беретінін таңдау
тиіс. Оқулықтың материалы әртүрлі ауызша жаттығулар, басқа оқу
көздерінен пайдаланған материалдармен толықтырылып барылуы тиіс.
Бағдарламаның әр сұрағына тиісті болған жеткілікті және қажетті
жаттығулардың санын оқытушының өзі таңдауы мүмкін, қашанда бұл
оқытушы тапсырылған жаттығуларды шешу мүмкіндігін толығымен білсе.
Кейбір жағдайларда оқытушы оқулықтан пайдаланған жаттығуларды және
қолданады. Мұнда бұл жаттығулар оқушылар жағынан жақсы меңгерілгені
үшін оған оқушылар қызықпайды.
Бұл мәселеде оқулықта қосымша түрде қолданбаның болуы үлкен пайда
береді. Жаттығулар жүйесін таңдауда оқулық оқытушы үшін негізгі мекен
болып қызмет етуі қажет. Бұл жүйенің құрылуында бағдарламаның барлық
талаптарын орындау үшін жағдай жасалған болуы тиіс. Мысал, мұндай
күрделі мәселенің шешілуі оқулықтың құрамдық түзілуіне мойынсұнуы
қажет.
Do'stlaringiz bilan baham: