III. Оқулықтың негізгі ерекшеліктері
1. Оқулық сабақтар бойынша түзілген (әр бет бір сабақ).Әр бетте жаңа
сабаққа тиісті материал ғана берілмей, бұрынғы өтілгендерге негізделген
материал да берілген. Мұнда оқулықтың авторлары өз алдына әрбір жаңа
мәселені қарау үшін алдыннан дайындық көруді және жүйелі түрде дамыту,
тереңдету мен нығайтуды қалыптастырылып жатқан білім мен біліктіліктерді
жетідіру сондай-ақ ықшамдауды мақсат етіп қойған.
Мұнда “әрбір бет бір сабақ” деген жалпы қағидадан шетке шығулар
болуы мүмкін. Мысалы қос беттер (кітап “развораттары”) дерлік барлық
уақыт сурет сюжеттерімен біріктірілген болады (мысалы, “мектеп”, “ойын
алаңы”, “үй”, “көше”, “бор” және сол сияқтылар). Көбінесе бұл беттердегі
суреттер берілген оқу материалының тақырыбымен біріктірілген болады.
Оқытушы оқулықтың бұл ерекшелігінен пайдалана отырып, сыныпта ол
немесе бұл материалды үйренуге екі сабақ бөлу қажет еместігін, оқушылар
бұл мәселе бойынша жеткілікті болжам алуларын көрсе, екі бет
материалынан бір сабақта пайдалану мүмкін.
2. Кітаптың жаңа материалымен таныстыру және дамыту жүйесін
анықтайтын оқулыққа өзінің математикалық мазмұнына орай қызықты
сайыс, кейде дидактикалық ойындар өткізу мүмкіндігін беретін негізгі
материалды өз ішіне алған бет енгізілген. Кітапқа енгізілген оқу
материалдарының негізгі қызметі өтілгендерді дамытудан тұрады. Олардан
алуан түрде пайдалану мүмкін: кейде тақырып (тақырып бөлігі) бойынша
дамыту сабағында пайдаланады, кейде жаттығуларды өтіліп жатқан қалаған
сабаққа енгізу мүмкін. Берілген қызықты жаттығулар және олардың
мазмұнынан оқытушы үлгі ретінде пайдалануы мүмкін. Оларды пайдаланып,
оқытушы жыл барысында сабақтарға арналған сондай тапсырмалар мен
жаттығуларды жеңіл ғана түзуі мүмкін.
Оқулықта берілген тапсырмалар, сұрақтар, логикалық характердегі
жаттығу материалын балалармен өткізілетін сабақтан тыс болған
жұмыстарда да, ертеңгіліктер дайындауда тағы басқа жағдайларда пайдалану
мүмкін.
3. Кітапта бүкіл оқу материалын беру ерекшеліктері және олардың
оқытуға дайындық денгейін есепке алу қажеттілігі бүкіл оқу материалын
берумен түсіндіріледі.Оның беттерге мәтінді материал біраз кейінірек
102
енгізілген, Сондықтан кітаптың дерлік бүкіл мазмұны онда әртүрлі суреттер
мен математикалық жазулардың жәрдемімен беріледі. Бұл жазулар
балалардың сандар мен амалдар, тиісті цифрлар және белгілермен
таныстырылуына қарап жайлап енгізіледі және күрделеніп барылады.
Алдын арнаулы үйрену үлгісі болған цифрлар мен белігілер көрстеу
материалы болып қалады. Жазу амал орындау үшін тірек болып қалады.
Мысалы, қосуда сандардың ауыстыру тәсілі үйренілген соң оқулықта осы
көріністегі жазу ұсынылады:
4+6=10
6+4=10
Шешіліп жатқан мысалдың түбіне сызылған, ал оның астында
“жәрдемші” мысал беріліп, балалар бұл мысалды пайдаланып және
үйренілген тәсілді қолданып, бірінші мысалды шешеді.
4. Бастауыш мектепке арналған барлық математика оқулықтары сияқты
бақша-мектеп оқушыларының 1-сыныпқа арналған оқулық курсын мақсатқа
сай таңдалған мәселелер мен сұрақтар ашып береді. Оқытушы жаттығулар
жүйесінің барлығын түгелдей елестете алуы, олардың курстағы және әрбір
сабақтағы орнын көруі маңызды саналады. Бұл жаттығулардың ішінде
есептеу дағдылары ықшамдауға бағытталған жаттығулар орын алады.
Сонымен бірге есептеуге тиісті жаттығуларды таңдау салыстырулар,
бақылаулар өткізу, жалпылаулар жасау мүмкіндігін береді.
Мысалы: 9+1; 8-1; 3+2; 10-1; 8+1; 5-3.
а+3, а-3 көрінісіндегі қосу және азайту жағдайларын қарастыруда
балалардың білмдері жүйеге салынады және жалпыландырылады, мұнда
көрсету формасы оларды жүйелеу мүмкіндігін береді: жұмыстың сюжеті
суретке таянып орындалады, сосын жалпы абстаркт материалдарға (кубтарға,
дөңгелектерге) өту жүзеге асырылады. Бірнеше сабақтың барысында балалар
үш санын қосу (азайту) тәсілін үйренеді, содан соң жалпалаушы жұмыс
атқарылады. 3 санын қосу және азайтуға тиісті кесте түзіледі және
үйреніледі; кестедегі қосу және азайту мысалдардың қатарында шешіледі,
аралатып шешіледі, екеулеп шешеліеді, т.б.
5. Сабақта балалар мәтінді арифметикалық мәселелерді шешуге үйретуге
бағытталған барған сайын күрделеніп барылатын әртүрлі жаттығулардың
жүйесі үлкен орын иелейді. Бірақ бұл “мәтінді” мәселелер оқулықта алдымен
мәтінмен емес, (балалар оқуды әлі білмегені үшін), суреттермен де
өрнектелген. Оқыту табысты болуы үшін бұл суреттердің қызметі мен
олардың ерекшеліктерін жақсы елестету маңызды саналады. Осындай
қатынаста ең алдымен айта кеткен жөн, әртүрлі жағдайда да бірінші кезекте
суреттерден мәтінді оқытушының өзі айтатын мәселелерге тиіс суреттер
ретінде пайдалану тиіс. Бұл жағдай сурет балаларға мәселенің мазмұны
меңгеруге жәрдем береді және оны шешуде көрсету тірегі болады.
Балаларды суреттерге қарап отырып, мәселелер түзуге жұмылдыру оқытудың
кезектегі басқыштарында, балалардың дайындығы жеткілікті болғаннан соң
мүмкін болады. Оқулықтағы суреттер мәселелер үстінде істеудің белгілі
методикасын көрсетеді.
103
Do'stlaringiz bilan baham: |