2.4.3. Сабақтың түрлерi және құрылымы.
Сабақта оқушылардың танымдық және творчестволық қабілеттерiн да-
мытуда, оларды өз бетiнше жұмыс істеу iскерлiгi мен дағдыларын қалыптас-
тыруда оқытудың жалпы, топтық, жеке және дифференциал түрлері қолда-
нылады.
Сабақтың мынадай негізгі түрлері бар:
1. Kipіспe
2. Жаңа білімдi хабарлау.
3. Бiлімдi, іскерлiктi және дағдыны бекіту сабағы.
4. Жаттығу мен практикалық сабақтар.
5. Лабораториялық сабақ.
6. Қайталау-қорыту сабағы.
7. Оқушылардың білімдерi, iскерлiктері мен дағдыларын тексеру және баға-
лау сабағы.
8. Аралас сабақ.
Сабақ элементтері:
1. Жалпы немесе аралас типтi сабақ.
1) ұйымдастыру бөлімі;
2) үйге берiлген жазбаша тапсырманы тексеру;
3) үй тапсырмасын ауызша сұрау;
4) жаңа білімдi баяндау, жаңа материалды талдау;
5) жаңа материалды бекіту;
6) үйге тапсырма беру;
7) сабақтың аяқталуы;
82
П. Білімді бекіту сабағы.
1) ұйымдастыру бөлімі;
2) жазбаша тапсырманы тексеру;
3) сұрау-бекіту;
4) үй тапсырмасы;
5) сабақтың аяқталуы.
Сабақтың типтерiне қарай сабақ элементтерi әр түрлі болады. Мысалға
аралас сабақты қарастырайық. 6-класта «Сын eciм» сабағын өту. Алдыменен
сабақтың басталуын ұйымдастырып алу қажет. Ұйымдастыру бөлімінде клас-
тың, оқушылардың жеке-дара ерекшелiктерiне сай тура талаптар қоя білсе, бұл
сабақ барысында жетiстiкке жетедi. Сонымен берге оқытушы кластың са-
нитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуын, тазалық, жылулық, жарықтық
тәртібіне, құрал-жабдықтарының сaй болуын, оқушылардың отыруы, сабақ-
тың құрылымы сияқты мәселелерге көңіл аударуы керек. Сабақтың екінші
бөлімiнде оқытушы оқушылардың көңілін үй жұмыстарын орындауға ауда-
руы керек. Тапсырманы барлығы орындады ма, орындамады ма, қандай қи-
ыншылықтарға кез келгенiн тексередi. Үй тапсырмасын жазбаша жұмыстар-ды
тексеру арқылы, сөз парақтарын тарқатып, оларға жауап алу арқылы, ау-ызша
сұрақ-жауап арқылы сұрайды. Өтілген материалдарды меңгергенiне қарай
оқушылардың білімiн, іскерлігін, дағдыларын бағалайды. Содан кейін өтiлген
сабақты оқытушы бекiтiп, қорытады.
Сабақтың кейінгі элементі жаңа бiлiмдi баяндау, яғни 6-класта «Сын eciм»
тақырыбын өтедi. Алдымен оқытушы мысалдар арқылы сын есiм зат-тың түр-
түсін, сапасын, көлемдiк аймағын, дәмін білдiретiнiн түсіндіреді. Осыдан сын
есiмнің ережесiн шығарады. Ереженi бiр-екі рет қайталайды.
Одан кейін сұрақ-жауап арқылы жаңа сабақ талданады. Оқушылардың
сын есімді түсінгенін бақылағаннан кейін, оларға жаттығу жұмыстарын
орындауды тапсырады.
Жаңа сабақты бекіту мақсатында оқытушы оқушыларға мынадай сұрақ-
тар қояды: «Сын есімнің белгiлерi қандай?». «Сын есiмнiң сұраулары қан-
83
дай?». «Сын есімнің ережесiн айт». «Мысалдар келтiр» т.б. Сабақ бекітілген-
нен кейін үй тапсырмасы берiледi. Оқытушы оны қалай орындау жолдарын
түсіндіреді. Бірнеше оқушыдан тапсырманы қалай түсінгенін сұрап көредi.
Сабақтың аяқталуы – бұл сабақтың өзiндік бөлімi болып саналады. Оқытушы
1-3 минут барысында негізгі мазмұнын қайталайды. Орындаған істерінің
кемшіліктері болса айтады. Белсенді қатысқандарды мадақтайды, бағалайды.
Do'stlaringiz bilan baham: |