белль-ланкастер жүйесі
қолданыл-ды.
Бұл оқытуда 200-300 оқушыны бiр оқытушы оқытады. Түске дейiн мұға-лім
ересектердi оқытады, түстен кейін олар өздерiнен кішілерге сабақ берді.
XIX және ХХ ғасыр арасында оқушыларды қабілетiне қарай кластарға
топтастырып оқытатын
мангеймдiк жүйе
пайда болды. Бұл жүйе қазіргі кез-
де Англияда, АҚШта, басқа да Европалық елдерде бар. Еңбекшi халықтың
балалары жоғары білім алатын мектертерде оқи алмайды.
XX ғасыр басында АҚШта Елена Паркхерст ұсынған
дальтон-жоспар
(Дальтон – қаланың аты) бойынша әр пәнге арнап өз алдына кабинет-лабора-
тория ұйымдастырылады. Мұғалімнің тапсырмасы бойынша әр бір оқушы
кабинет-лабораторияда жұмысты өз бетімен жеке орындайды.
Кеңес мектебінің алғашқы жылдарында Дальтон-жоспарды біраз өзгер-
тіп, яғни оқушылар жекеленбей,
бригада түрінде лабораториялық тапсыр-
маларды
орындайтын болды. Оқу жұмысын ұйымдастырудың бұл түрі «ла-
бораториялық-бригадалық» әдіс деп аталды. Бұл әдіспен оқыту оқушылар-дың
білiм сапасын төмендетiп жiберді. Оқытудың бұл түрі ашық сыналып, 1932
жылы 25-тамыздағы
«Бастауыш, орта мектепте оқу программалары және
оқудың тәртібі туралы»
қаулысында мектепте оқу жұмысын ұйым-
дастырудың негізгі түрі сабақ болуы көрсетілді.
2.4.2. Сабақ
–
оқытудың негізгі түpi, оған қойылатын
талаптар.
80
Оқытуда негізгі рольдi
сабақ
процесі атқарады. Сабақ барлық балалар
үшін мiндеттi. Сабақ білiм, iскерлiк, дағдыны игертумен қатар, балалар то-бын
құруға, онда өміp сүріп, іс-әрекетпен шұғылдануға, балалардың бiр-бiрi-мен
дұрыс қарым-қатынас жасап, адамгершілік қасиеттерін, мінез-құлқын қа-
лыптастыруға үйретеді.
Сабақ мұғалімнің басшылығымен өтедi. Ол сабақтың мазмұнын, мақсат-
мiндеттерiн, көрнекi құралдарын белгілейдi, әдіс-тәсілдерiн таңдап алып, ба-
лалардың бiлiмдi, iскерлiктi, дағдыны меңгеру әрекетiн басқарады.
Қазіргі заман мектептерiнде сабаққа мынадай талаптар қойылады:
1. Әрбір сабақтың айқын мақсаты, мазмұны, жоспары, сабақтың құры-
лысы алдан ала белгілі болуы тиіс.
2. Сабақта оқытудың негізгi мақсаты білiм беру, тәрбие беру, дамыту-
шылық бiрлiкте жүзеге асырылуы тиіс.
3. Сабақта оқу материалының ерекшелігіне сай, проблемалық ситуация-
ларды туғызу керек.
4. Әр сабақтың өзіндік дидактикалық міндеттері алдын-ала ойластыры-
луы керек.
5. Оқу материалына, тақырыпқа оқушылардың қызығушылығын оятып
отыру, танып-білу қажеттілігін қалыптастыру керек.
6. Оқушылардың жеке және жас ерекшелiктерiн ескере отырып, оқыту-
дың әдістері мен оқу материалының қиындық және жеңіл дәрежесiн дұрыс
айқындау, оқытуды дифференциялау және даралау қажет.
7. Оқушылардың психикалық ерекшелiктерiне сай оларға шамадан тыс
күш түсірмеу, жағдайын ескеру керек.
8. Қaзipгi қоғамның үздіксiз білім
беру бағытына сай жас ұрпақты ғы-лым
негіздерімен қаруландыру ғана емес, оларда білімдi өздігінен меңгеру-дiң әдіс-
тәсілдеріне қажетті iскерлiк пен дағдыларды қалыптастыру да керек.
Оқушыларды оқулықпен, оқу құралдарымен т.б. әдебиеттермен, баспа-сөзбен
жұмыс iстеуге үйрету керек.
81
9. Дарынды балаларды анықтау, әр оқушының бейiмділігін, қабілетiн
дамытуға жағдай жасау қажет.
10. Бүгінгі күнде әрбір сабақты берудің гуманистiк мақсатымен педаго-
гикалық ынтымақтастық негізiнде өткізу және жоғарыда аталған талаптарды
бiрлiкте жүзеге асыру барлық мұғалімдердің борышы болып есептеледi.
Do'stlaringiz bilan baham: |