269
фразеологизмдер тілдің керемет, өнімді қайнар көзі болумен қатар, білім, мəдениет,
əдебиет, бизнес жəне саясат сияқты салаларында қолданылады.
Фразеологизмдердің күрделі табиғатын толық біліп, терең түсіну үшін оның толып
жатқан тың проблемалары жан-жақты зерттелу үстінде. Фразеологиялық жүйені тіркеп
талдау жəне даму барысын анықтау үшін оларды тақырыптық топтарға бөліп
қарастырудың маңызы зор. Қазақ тілі фразеологиясының семантикасын зерттеуші ғалым
Р.Ә.Авакова фразеологиялық бірліктердің ішкі формаларының туындау көздеріне
байланысты шартты түрде топтастырулар жасай келе, оларды көптеген топтарға бөледі:
адамның анатомиялық атаулары (соматизмдер) мен қимыл-қозғалыстарына байланысты
туған
фраземалар; жануарлар (зооморфтық фраземалар) əлемі; өсімдіктер (флора) əлемі;
табиғат құбылыстары; өлшем бірліктері (метеорология); сандық (нумеративтік)
фраземалар; түр-түс жəне сындық; алғыс жəне қарғыс мəнді; мифтік жəне діни; тарихи
кезеңдермен жəне тұлғалармен байланысты туған фраземалар жəне т.б [Кеңесбаев, 1977:
53-55]. Осылардың ішінен тілде ең жиі кездесетіндері адамның анатомиялық атаулары
мен қимыл-қозғалыстарына байланысты туындаған фразеологизмдер. Осыған орай,
бүгінде терең зерттеліп жатқан фразеологизмдердің үлкен бір тармағы -
соматикалық
фразеологизмдер
.
Ә.Болғанбаев: «Анатомиялық атаулар негізгі сөздік қорға
жататындықтан, көп мағыналы, туынды жаңа сөз жасауға соншама бейімділігімен ғана
сипатталмайды, сонымен бірге тұрақты тіркестер жасаудағы белсенді қызметімен де
айрықша көзге түседі»,-деп, соматизмдердің фразеология жасаудағы маңызын айтады.
[Болғанбаев, Қалиұлы, 1997: 107б]. Бүгінгі таңда бұл топ фразеологизмдерінің нысаны,
қолдану аясы мен қызметі жан-жақты толық зерттеуді қажет етеді.
Адам - табиғат туындысы, ондағы себептіліктің жемісі. Адам сыртқы ортамен
белсенді қарым-қатынас жасай отырып, бірте-бірте өз табиғатын да, қоршаған ортаны да
өзгертіп отыратын белсенді тұлға. Оған қимыл-қозғалыс, іс-əрекет, амал, қалып, жай-күй,
ойлау, сөйлеу, көру, есту, бағыт-бағдар, бейнелеу сияқты өзге де процестер тəн. Оның
сезім мүшелері арқылы қоршаған ортаны қабылдауының көрінісін фразеологизмдерге
адамның дене мүшелерінің ұйытқы болғанынан көруге болады.
Сонымен қатар, адамның өмір сүруіне, тіршілік етуіне аса қажетті физиологиялық,
биологиялық, психологиялық
процестерді, ойлау, сезіну, түйсіну жəне белгілі бір іс-
қимылдарды орындау жайлы ақпараттарды қарапайым сөз тіркестері түрінде емес, адамға
əсер ететін, ой салатын, көз алдына елестететін айшықты бейнелер арқылы, теңеу-
салыстыру тəсілімен бейнелеудің маңызы өте зор.
Қазақ тіліндегі етістікті фразеологизмдерді этнолингвистикалық жағынан зерттеген
Б.К.Уызбаева 83 дене мүшесінің атауына қатысты мың соматикалық етістікті
фразеологизмдер жинағанын
айта келіп, тілдегі қазіргі таңда айқындалған соматикалық
етістікті фразеологизмдердің жалпы саны адам болмысына тəн соматикалық процестерден
əлдəқайда аз деген тұжырым жасайды [Уызбаева,1994: 6].
Б.К.Уызбаева
өзінің
еңбегінде
соматикалық
фразеологизмдердің
ішінен
соматикалық етістік фразеологизмдерді
бөліп қарастырады [Уызбаева,1994: 3].
Соматикалық етістік фразеологизмдер адамның анатомиялық атауларын ғана емес, оның
дене мүшелері мен ішкі ағзаларына қатысты əр түрлі қимыл-қозғалыстар мен іс-
əрекеттердің тілдегі сипатын көрсетеді.
Лингвистикада ең алғаш «соматизм» терминін енгізген финн-угортанушы ғалым
Ф.Вакк болды. Ол еңбегінде эстон тілінің құрамындағы соматикалық фразеологиялық
бірліктерді қарастыра отырып, мұндай бірліктер осы тілдің фразеологиялық қорының өте
ежелгі класы деген тұжырымға келді [Өтебаева, Садыбекова, 2010: 33-36].
Соматикалық фразеологияға жүгінуден бұрын біз «соматизм» терминіне тоқталып
өтсек. «Соматизм» грек тілінен алынған болып, «дене» дегенді білдіреді. Соматизмдерде
270
адам ағзасына қатысты сөздер ғана емес, адамдар мен жануарлар организмдеріне қатысты
сөздер де түсінікті болады.
Соматикалық фразеологизмдер - адамның өзі мен оның мүшелері мен ағзаларына
(бас, көз, қол, аяқ, жүрек, тіл жəне т.б.) қатысты пайда болған алуан түрлі тұрақты сөз
тіркестері мен сөз оралымдары. Лексикографтардың пікірінше, кез келген тілдің
фразеологиялық қорының 30% соматикалық тіркестер құрайды. Соматикалық
фразеологизмдер (грек. soma - дене) əр тілде көлемі жағынан үлкен жəне жиі
қолданылатын тұрақты тіркестері. Олар коммуникативтік мағынасы зор тіл бірліктері.
Қандайда бір соматикалық процесті іс жүзіне асырушы, орындаушы - адамның өзі.
Соматикалық фразеологизмдерді объектіден алынған мағынасына қарай
былайша
жіктеуге болады:
Do'stlaringiz bilan baham: