110
айыптарын білмейдi. Бұдан қоғам зардап шегеді. Ал бала қоғамда өз орнын
таба алмай әлек болады. Осындай келеңсiз оқиғаларды болдырмау үшін мек-
теп, семья, қоғамдық ұйымдар және өндipіс орындары өзара бірлесіп тәрбие
жұмыстарын алып баруының мәні үлкен. Қазіргі күнде ауылдық кеңестерде,
махаллаларда, кварталдарда балалар және жасөспірiмдермен жұмыс істейтін
бөлiмдер бар. Сондай-ақ, кәмелетке толмаған балалармен iстейтін инспек-
циялар да бар. Бұл қоғамдық ұйымдар жергіліктi жердегі жұртшылықпен бi-
piгіп тәрбиелік жұмыстарының бағытын мектептің тәрбие жұмыстарына бұр-
са, ата-аналармен бipгe бала тәрбиесiне жауапкер екенiн сезiнсе, онда қоғам-ға
шын мәнiндегі салауатты, дені-басы сау, рухы сергек, адамгершілік қа-сиеттері
жоғары, білімді, еңбексүйгiш, Отаны, халқы, ата-анасы алдындағы
жауапкершіліктi сезінетін азаматты жетілдiрiп берген болар едік.
3.3.2. Мектеп – жан-жақты тәрбие берудің жетекшi буыны.
Қоғам, еңбек коллективтері, мектеп, семья, ақпарат құралдары т.с.с.
әлеуметтік тәрбие институттары деп аталады. Осылардың ішінде жас ұрпаққа
жан-жақты тәрбие берудегі жетекшi буын
мектеп
болып табылады. Мектеп-
тің педагогикалық ұжымы семья, еңбек коллективтерінің бала тәрбиесіндегі
үздіксіз жұмысын бағыттап, бақылып отырады.
Мектептің ата-аналармен алып баратын жұмысы
мектеп ата-аналар ко-
митеті арқылы жүргізіледі Әрбір мектепте тәжірибелi, үлгілі, сыйлы ата-ана-
лардан «Ата-аналар комитеті» құрылады.
Ата-аналар комитеті
бала тәрбие-
сiнде мектепке жәрдем береді, мектептің ата-аналармен байланысын нығай-
тады. Комитеттің құрамында жалпыға бірдей оқу, ата-аналардың педагогика-
лық мәдениетiн көтеру, мәдени-көпшілік және спорттық-денсаулық жұмыс-
тары бойынша комиссия құрылады.
Бiрiншi комиссия балаларды мектепке қабылдау, оқушылардың үй жағ-
дайын зерттеу, тәртіп бұзушылықтың, үлгермеушіліктің себебін ашу, мұға-лім,
ата-ана, жұртшылық өкілдерiнің тәрбиеге бағытталған күшін ұйымдас-тыруға
қатынасады.
111
Ата-аналардың педагогикалық мәдениетiн көтеру комиссиясы оларға ар-
налған лекцияларды жоспарлауға, семьяда бала тәрбиелеудің озат тәжірибе-
лерін зерттеу, жинақтау және таратуға қатынасады.
Мәдени-көпшілік және спорттық-денсаулық комиссиясының мiндетi –
экскурсиялар, кештер мен ертеңгілiктер, қоғамдық пайдалы еңбек, туристiк
жұмыстар, жазғы еңбек және демалыс лагерлерi жұмысын ұйымдастыру бо-
лып табылады.
Ата-аналар комитетінің құрамында «Әкелер кеңесi», «Аналар кеңесі»,
«Әже ақылы» сияқты кеңестер құрылуы мүмкін. Бұл кеңестер жоғары
класс
оқушыларына жалпыадамзаттық және ұлттық тәрбие беруде үлкен роль атқа-
рады.
Дәл осы құрылымда класс жетекшісі де ата-аналармен жұмыс
алып ба-
рады. Ата-аналармен жеке пәндерді оқытатын мұғалімдер де жұмыс алып
баруы керек. Мұнда мұғалім оқушының сабақ оқу, үй тапсырмасын орындау
жағдайын, ата ананың баласына пәндердi оқуына көмектесе алу дәрежесін,
оқушының қабілетін дамытуда ата-ананың қатынасуын зерттеп, үйренеді. Пән
мұғалімдері ата-аналармен дұрыс
байланыс орната алса, оқушылардың
танымдық қабілетін дамыту мәселелерiн бірлесіп шеше алады және өзi үшін де,
бала мен ата-ана үшін де қолайлы жұмыс жағдайын орнатады.
Ата-аналармен бiрлесе жүргізілетiн жұмыстарды жүзеге асыру үшін әр-
бір пән мұғалімi баланы семьяда тәрбиелеуге қойылатын жалпы педагогика-
лық талаптарды білуі тиіс.
Do'stlaringiz bilan baham: