Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі



Download 1,46 Mb.
Pdf ko'rish
bet97/188
Sana13.03.2022
Hajmi1,46 Mb.
#492502
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   188
Bog'liq
2 5307809992731005381

«Ақсақалдар 
кеңесі» 
құрылған. «Ақсақалдар кеңесі» әрбiр үйге барып, олардың тұрмыс-
тіршiлiгiмен танысады, балаларының бос уақыттарында немен шұғылдана-
тынын үйренедi, олардың жүріс-тұрысын бақылайды.
Бұл ұйымдастырылып жатқан шаралардың барлығы өсіп келе жатқан 
ұрпақ тәрбиесінде ағаттық жіберiп алмау мақсатын көздейдi.


113 
Егер мектеп, семья, жұртшылық бірлесіп тәрбие жұмыстарын жүргізсе, 
онда тәрбиелiк ықпалдың күші әлдеқайда жоғары болады.
3.3.4. Семьядағы бала тәрбиесі. 
Баланы дұрыс тәрбиелеу бойынша әрбір ата-ана қоғам алдында жауап-кер. 
Ата-ана семья жағдайында баласын тек бағып, өсіріп қана қоймайды, оған жан-
жақты тәрбие де бepeдi.
Ең алдымен, семьяда баланың тіршілік әрекеті дұрыс ұйымдастырылуы 
керек. Егер бала өзi туып-өскен 
семьясында 
өмір сүрудің дұрыс жолына түс-
се, онда ол келешекте қағылмайды. Сондықтан баланың күн 
режимін 
жасап 
алу керек. Оған күнделiктi дене тәрбиесі, уақтында тамақтану, ұйқы, демалу, 
еңбек, ойын, сабаққа әзірлену т.б. кіреді. Бала еңбек пен демалысты ауыс-
тырып отыруы тиіс.
Ата-ана балаға Отан, Отанды сүю, оны қорғау, Отан алдындағы борыш 
деген түсінiктердi береді. Баланың Отанға деген махаббаты әке-шешесін, ту-
ған-туысқандарын, дос-жолдастарын, туып өскен жерiн, мектебiн сүюден 
басталады. Сондықтан ата-ана баласының жүрегіне үлкен махаббаты ұялата 
алуы керек. Оның үшін семьяда баланы үлкендердi құрметтеуге; туысқанда-
рын танып білуге; көршi-қолаңмен, үлкендермен сәлемдесуге; қажет жағдай-
да тіптi қолғабыс етуге; оқытушыларын құрметтеуге; үйiн, мектебiн ең қаси-
етті жер деп ұғынуға үйрету керек. Өзi жасайтын жерiнің тарихын, ұлағатты 
адамдарын, қызықты оқиғаларын айтып беру арқылы да баланың, туған жер-ге 
деген сүйiспеншілiгiн оятуға болады. Сондай-ақ, тәрбие процесінде бала-ның 
адамгершілік қасиеттерi де қалыптасады. Егер ата-ана баланың мінез-құлқын, 
іс-әрекетiн, қарым-қатынасын дұрыс жолға салып отырса, сонда ғана бала 
семьяда адамгершілік нормаларды игере алады. Сонымен бірге, әке-ше-шесiнің 
ұнамды өнегесінің де орны ерекше.
Баланың эстетикалық талғампаздығы да семьяда қалыптасады. Баланың 
кітап оқуына, музыка тыңдауына жағдай жасап беру керек. Кино, радио, те-
лехабарларды талғап көруге және есiтуге, оларды талдай алуға үйрету керек. 


114 
Киіну мәдениетi, мода туралы сұхбаттасып, жарасымды киiм киюге, әшекей-
рдi орынды тағуға үйрету де ата-ананың міндеті болып табылады.
Баланы семьяда еңбек етуге ерте баулу керек. Мысалы, өзiне-өзi қызмет 
ету, ата-анаға көмектесу, тамақ дайындау, үй күту т.б. Семьяның еңбек сал-ты, 
дәстүрлерi баланың келешек қоғамдық өміріндeгi орнын анықтауға зор ықпал 
жасайды.
Бала жеткiншектiк жасқа жеткеннен кейін жыныстық жетілуге бет ала-ды. 
Әке-шеше бұл кезде баланың досына, сырласына айналуы керек. Оған 
жыныстық, гигиеналық тәрбие бергенде, бiр-бiрiнен ұялмайтындай болсын. 
Сонда ғана ата-ана мен баланың ортасында өзара сенім пайда болады.
Ата-аналардың тағы да бір аса жауапты қызметтерінің бipi оқушылар-дың 
оқу іс-әрекетінің тиiмділігiн арттыру болып табылады. Алдымен ата-ана 
оқушы оқуы үшін қажетті материалдық базаны жасайды. Одан соң баласы-ның 
оқуға қабілетін, сабаққа қатысуын бақылайды. Үйде баланың оқу жұмы-сын 
басқарып, бақылап, көмектесіп отыру керек. Өз бетінше орындауға қина-латын 
сабақгарын байқап, пән оқытушыларына, класс жетекшiсiне хабарлау керек 
болады. Бұл мәселенi бiрлесе отырып шешкен абзал. Сабақта мұғалім-нің де 
оқушымен жеке жұмыс жүргізуіне оңай болады.
«Құс ұясында көргенiн iстейдi» демекші, бала өз үйiнде әке-шешесінің 
тәрбиесі, өнегесі арқылы азамат болып қалыптасады. Ал мектептің тәрбиесi, 
ортаның ықпалы алған тәрбиені беки түседi. Семья, мектеп, жұртшылық ын-
тымақтасып тәрбие жұмысын алып барғанда ғана, тәрбие нәтижелі болады.

Download 1,46 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   188




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish