Лекция Жалпы инновация түсінігі. ҚР инновациялық қызметтер туралы заңы. Инновациялар мен инновациялық тиімділік түрлері



Download 428,67 Kb.
bet6/41
Sana23.02.2022
Hajmi428,67 Kb.
#181505
TuriЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Инновациялардың классификациясы
Инновациялық қызметті тиімді басқару үшін инновацияны ұқыпты үйрену қажет. Инновацияны тауардағы және технологиялық процестердегі шамалы техникалық түр өзгертушіліктерден (эстетикалық өзгерістер, түсін, нысаны т.б.), өнімнің параметрларына, қасиеттеріне, бағасына әсері болмаған өзгерістерден ажырата білу керек. Инновацияның жаңалықтығы технологиялық көрсеткіштермен және нарықтық позициялармен өлшенеді.
Осыларды есепке ала отырып инновацияның классификациясы құрылады.
Технологиялық көрсеткіштерге байланысті инновациялар - өнімдік және процестікке болінеді.
Өнімдік инновациялар жаңа материалдар мен жартылай фабрикаттарды пайдалана отырып жаңа өнім алуға негізделсе, процестік инновациялар өндірісті жаңа технологиялар бойынша ұйымдастырудың тәсілдері болып табылады. Сонымен бірге, өнімнің маңыздылығы мен қызмет ету аясына қарай әлемдік салалар үшін, елдің ішіндегі салалар үшін және белгілі бір кәсіпорын үшін қажетті инновациялар деп жіктелінеді.
Енді технологиялық үрдісті немесе кәсіпорын шығаратын өнімнің жаңаша өзгертілген түрлерін инновация деуге бола ма деген сұраққа жауап берер болсақ, бастапқыда айтқанымыздай, аталған саланың басты сипаты ғылыми-техникалық ізденістердің нәтижесі болып табылатындықтан да өнім түсінің, нысанының өзгеруі сияқты жаңалықтар инновацияға жатпайды. Өйткені, өнім ішінара өзгерістерге ұшырағанымен, ол бұрын болмаған жаңалық емес. Жалпы, 1992 жылы Осло қаласында қабылданған шешім бойынша инновациялық жаңалықтар технологиялық сипаттары мен нарықтық ұстанымдарын айқындайтын халықаралық стандарттарына сәйкес келуі керек.
Өнімді инновациялар жаңа материалдарды, жаңа шала фабрикаттарды, іректегіштерді қолданып мүлдем жаңа онімді алуды көздейді.
Процестік инновациялар - өндірісті ұйымдастырудың жаңа әдістерін қолдауды білдіреді. Процестік инновациялар кәсіпорын құрамында жаңа ұйымдық құрылымдарын қалыптастырумен байланысты болуы мүмкін.
Инновациялар нарыққа жаңалығы бойынша бөлінеді:

  • әлем бойынша саладағы жаңалықтар;

  • мемлекет бойынша саладағы жаңалықтар;

  • белгілі кәсіпорын үшін жаңалықтар

Жүйедегі орны бойынша (кәсіпорында, фирмада):

  • кәсіпорын кірісіндегі инновациялар (материалдар, машина, құрал-жабдықтар, шикізаттар, ақпаратты таңдаудағы, қолдаудағы өзгерістер);

  • кәсіпорын шығысындағы инновациялар (өнімдер, қызметтер, технологиялар, ақпараттар т.б.)

  • кәсіпорынның жүйелік құрылымы инновациялары (басқарушылық, өндірістік, технологиялық).

Өзгерістердің тереңдігіне байланысты инновациялар бөлінеді:

  • радикалды (базалық);

  • жақсартушы;

  • модификациялық.

Кәсіпорындардың қызмет түрлеріне байланысты:
- технологиялық;
- өндірістік;
- экономикалық;
- саудалық;
- әлеуметтік;
- басқару саласында болып болінеді

5. Қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру, экономика құрылымын жетілдіру, экономикалық өсуді қамтамасыз етудің және әлеуметтік мәселелерді шешудің негізгі құралы болып ғылыми-техникалық прогресс есептелінеді.


Ғылыми-техникалық прогресс – бұл қоршаған әлем тұралы ғылыми білімдерді үздіксіз алу және қорлану, олар негізінде прогрессивті еңбек заты мен құралдарын, технологиялық үрдістер мен өндірісті ұйымдастыру формаларын жарату.
Экономикалық өсу теориясының негізгі проблемасын былайша өрнектеуге бодады: «Толық жұмыспен қамтылу жағдайында ЖҰӨ-ні немесе өндірістік қуаттың көлемін қандай жолдармен арттыруға болады?».
Экономикалық өсу екі өзара байланысты тәсілдермен өлшеніп, анықталады:
- бірқатар уақыт ішінде нақты ЖҰӨ мен ТҰӨ-ні арттыру ретінде;
- бірқатар уақыт аралығында жан басына шакқанда нақты ЖҰӨ мен ТҮӨ-ні арттыру ретінде.
Жекелеген елдер мен аймақтардағы халықтардың өмірлік деңгейлерін салыстыруда екінші анықтама қолайлы болады. Мәселен, Үндістаңдағы ЖҰӨ Швейцариядағы ЖҮӨ-ден 70%-ке асады, алайда Үндістаңдағы халықтың өмір деңгейі Швейцариядағыдан 60%-ке төмен.
Экомомикалық өсудің өзін жеке алып қарастыратын болсақ, ол аса маңызды экономикалық мақсат ретінде қарастырылады. Мұндай тәсілдемені жан басына шакқанда қоғамдық өнімді арттыру өмір деңгейін көтеруді білдіретін ұғыммен байланыстырып түсіндіруге болады. Нақты өнімнің өсуі материалдық молшылыққа әкеледі әрі шығындарды азайтады.
Экономикалық өсудің экономикалық мақсат ретінде қарастырылуының тағы бір себебі, өскелең экономика жаңадан пайда болатын қажеттіліктерді қанағаттандыруда үлкен мүмкіндіктерге ие, әрі ел ішінде де, халықаралық деңгейде де әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шеше алады. Мысалы, экомомикалық өсу тұтыну деңгейін төмендетпей-ақ, инвестициялар мен қоғамдық игіліктерді өндірудің көлемін кемітпей-ақ кедейшілікпен және қоршаған ортаның ластануымен күресу бойынша жаңа бағдарламаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Экономикалық өсу ресурстардың шектелуін жояды.
Бұл арада басқарудың тиімділігі мынадан білінеді: экономикалық өсу басқарудың басты объектісі ретінде болып, қоғамда алға қойылған экономикалық мақсаттарды және кең ауқымды жаңа бағдарламаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Кез келген елдің экономикалық өсуі алты негізгі факторлармен анықталады. Оның төртеуі экономиканы өсіруде физикалық мүмкіндіктермен байланысты. Олар:
1) табиғи ресурстардың саны мен сапасы;
2) еңбек ресурстарының саны мен сапасы;
3) негізгі капиталдың көлемі;
4) технология.
Экономикалық өсудің бұл төрт факторын ұсыныс факторлары деген атаумен біріктіруте болады, тек осылар ғана өндірістің өсуіне нақты мүмкіндік бере алады.
Алайда келесі екі ұғымда маңызды орын алатын өсу қабілеті мен өздігінен өсудің аражігін ажыратып алған жөн.
Біріншіден, өсу сұраныс факторына тәуелді. Өндірістік өскелең әлеуетті жүзеге асыру үшін экономика ұлғайтылған ресурстар көлемінің толық пайдаланылуын қамтамасыз етілуі керек. Ол үшін жиынтық шығындардың деңгейін арттыру қажет. Екіншіден, экономикалық өсуге ықпалын тигізетін фактордың бірі – бөлу.
Өндірістік әлеуетті әлдеқайда мақсатка лайықты пайдалану үшін ресурстарды экономикалық айналымға толықтай қатыстырып қана қоймай, оларды тиімді утилизаңиялау (пайдалану) қажет.
Өндірісті ұлғайту мүмкіндігі өнімнің жалпы шығарымын кеңейтуте жеткіліксіз, сондай-ақ өскелең ресурстар көлемін нақты пайдаланып, оларды ең көп шамада өнім алатындай етіп бөлу қажет.
Экономикалық өсудің жалпы теориясының контексінде бағыттар мен тұжырымдамаларды ескеру керек. Біріншіден, бұл өндірістік-шаруашылық қызметтерді ұйымдастыру мен басқаруды осы заманғы ақпараттық және технологиялық негізде қайтадан құрады; екіншіден, корпорациялардың ішкі нарығы мен нарықтық шаруашылықтардың зандылықтары мен принциптерін компаниялардың ішкі қызметіне енгізу тұжырымдамасы; үшіншіден, басқару тиімділігін өлшеу тұжырымдамасы. Көптеген жағдайларда қаржылық емес өлшеуіштер ұйымның жетістіктері туралы өте жақсы айғақтарды бере алады - зияткерлік (интеллектуальный) капитал, тұтынушының қанағаттану деңгейі, коммуникациялардың әсері және т.б.
Төртіншіден, даму барысын басқару - экономиканың тұрақты өсу факторы. Даму барысын басқара білу экономиканы реттейтін жаңа жүйенің қажетті қосалқы жүйесін құрайды. Ол әлеуметтік-экономикалық дамуды индикативтік тұрғыдан жоспарлауды, талдау процедураларын, шаруашылық саясатын жүзеге асыруды және ҒТЖ (ғылыми-техиикалық жетістік) ынталандыру тетіктері мен инновациялық белсенділікті және т.б. қамтиды.
XXI ғасырдың табалдырығында тиімді басқару және өркениет талаптарына жауап беретін кәсіпкерлік сияқты екі негіз қалаушы аспаптарымен макроэкономика қайта өзгертуде алдыңғы қатарға шығады.
Экономикалық қатынастардың жалпы жүйесінде инновациялық қызметтің түпкі нәтижелері - өндіріс тиімділігін арттыру, еңбек өнімділігі мен капиталдың өсуі, жоғары технологиялы өнім көлемі – елдің экономикалық қуатын айқындайтын болғандықтан, оған басты рөл беріледі.
Дамыған индустриялы елдерде технологиялардан, құрал-жабдықтардан, кадрлар даярлаудан, өндірістерді ұйымдастырудан көрініс табатын жаңа ілімдер үлесіне ІЖӨ өсімінің 80-нен 95 %-іне дейін келеді. Бұл елдерде жаңа технологияларды енгізу нарықтық бәсекелестіктің өзекті факторы, өндіріс тиімділігін арттырудың және тауарлар мен қызметтер сапасын жақсартудың негізгі құралы болып отыр.
Әрине жоғарыда айтқанымыздай, инновацияның дамуына қозғаушы тетік-бірінші кезекте нарықтық бәсекелестік болып табылады. Нарық жағдайында өнім өндірушілер немесе қызмет көрсетушілер әрдайым өндірістік дағдарысты болдырмаудың жолы мен тауарларын өткізетін жаңа рыноктарды іздестірумен келеді сондықтан, инновацияны бірінші болып тиімді игерген кәсіпорындар өз бәсекелестеріне қарағанда басымдыққа ие болады.



Download 428,67 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish