Лекция Жалпы инновация түсінігі. ҚР инновациялық қызметтер туралы заңы. Инновациялар мен инновациялық тиімділік түрлері



Download 428,67 Kb.
bet4/41
Sana23.02.2022
Hajmi428,67 Kb.
#181505
TuriЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
2 лекция
4. Инноватика теориясының қалыптасуы– Й. Шумпетер теориясы. Н.Д. Кондратьев толқындары мен инновациялар арасындағы байланыс теориясы (Н.Д. Кондратьев, Й.Шумпетер, Г.Менш, К.Фримен). Р.Фостердің технологиялық айырылымдар теориясы
5. Ғылыми-техникалық прогресс экономикалық өсу факторы ретінде.
4. Шетелдік ғалымдар Н. Мончев, И. Перлаки, Б. Твисс, И. Шумпетер, В.Д. Хартман, Э. Менсфилд, Р. Фостер, Э. Роджерс т.б. инновация ұғымын өздерінің зерттеу обьекті және предметіне байланысты талдайды.
Б.Твисс инновацияны идея немесе ойлаб шығарулар экономикалық маңызына ие болатын процесс ретінде қарастырады [9].
Ф. Никсонның пікірінше инновация - бұл техникалық, өндірістік және коммерциялық, рынокта жаңа және жетілдірілген өндірістік процесстермен жабдықтарды пайда болуына әкелетін іс шаралар жиынтығы [10].
Б. Санто, инновация - бұл қоғамдық - техникалық - экономикалық процесс деп біледі. Ол (процесс) идеяны және ойлаб шығаруларды амалда қолдау арқылы жақсы қасиеттерге ие болған өнім және технологияларды шығаруға алып келеді, ал инновация экономикалық табысқа бағытталған болса, оның рынокта пайда болуы қосымша табыс алып келеді дейді [11].
Э.М. Роджерс инновацияны былайша түсіндіреді: «Инновация – нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея» [10].
И.Шумпетер инновацияны - өндірістік факторлардың жаңа ғылыми ұйымдастырушылық комбинациясы ретінде тұжырымдайды.
Инновацияның әр-түрлі тұжырымдамаларын талдау мынандай қорытындыға әкеледі: инновацияның спецификалық мазмұның өзгерістер құрайды, ал инновациялық қызметтін негізгі функциясы болып өзгерістер функциясы табылады.
Австриялық ғалым И. Шумпетер бес типтік өзгерістерді бөледі:
1) жаңа техниканы, жаңа технологиялық процесстерді қолдану;
2) жаңа қасиеттеріне ие болған өнімдерді амалға асыру;
3) жаңа шикізаттарды қолдану;
4)өндірісті ұйымдастыруды және оны материалдық-техникалық қамтамасыздандырудағы өзгерістер;
5) жаңа рыноктардың пайда болуы[12].
Осы аталғандарды И. Шумпетер 1911 жылы тұжырымдады, соң 1930 жылдары инновация ұғымын кіргізді, оны жаңа тұтыну товарларын, жаңа өңдірістік және көлік құралы, жаңа және өнеркәсіп өндірісіндегі ұйымдастыру формаларын амалға асыру мақсатындағы өзгерістер деп тұсіндіреді.
Инновациялық теорияның қалыптасуына Николай Дмитриевич Кондратьев өзінің үлкен технологиялық циклдер тұжырымдамасымен үлесін қосады. Н.Д.Кондратьев (1892-1938), Петербург университетінің түлегі, кейіннен сонда профессор болған. Экономика институты ғылыми кеңесінін мәжлісінде 1926 ж. «Коньюктураның үлкен циклдары» баяндамасы оған әлемдік атақ әкелді.Зерттеудін толық нәтижесі осы атпен 1928 жылы шыққан кітапта баяндалды. Экономикалық циклдардың 7-11 жылға созылатындығы белгілі болса, бұдан басқа 48-55 жылға созылытын ұзақ циклдардын бар екендігі белгілі бола бастады. Н.Д.Кондратьев үш негізгі циклдарды бөлді. Ол (цикл) қоғамдық өндірістің технологиялық базасын радикалды өзгеруімен және оның құрылымдық қайта құрылуымен түсіндірілді. 1) ХVІІІ ғасырдың 80-жж. аяғы және 90-жж. басы – 1810-1817 жж. (жоғарылайтын толқын) және 1810-1817жж. 1844-1851 жж. (төмендейтін толқын); 2) 1844-1851жж.1870-1875 жж. (жоғарылайтын толқын) 1870-1875жж. 1890-1896 жж. (төмендейтін толқын); 3) 1890-1896жж. 1914-1920 жж. (жоғарылайтын толқын). 1914-1920 жж. болуы иқтимал төмендейтін толқын басталады.
Әдетте циклдарды классификациялағанда екі критерий қолданылады: ұзақтығы немесе циклдың мерзімділігі; оны қозғаушы циклдар, бүл сонғысы оны жүзеге асырудың генезисі мен механизмін алдын-ала анықтайды.
Н.Д.Кондратьевтін циклдары немесе ұзақтығы 40-60 жылға созылған ұзын толқынды циклдар.Оның басты қозғаушы күші - технологиялық өндірістегі технологиялық базаның радикалды өзгеруі және оның құрылымдық қайта құрылуы.
Кондратьевтің пікірі бойынша әр 50 жылда ұзын технологиялық толқын ең максималды шынға жетеді. Бұл циклдың соңғы 20 жылында технология жағынан жетік салалар әсірісе тиімді жұмыс атқарады. Бірақ, бұл рекордтық табыстар іс жүзінде дамуды тоқтатқан салалардың басқа қажеті жоқ болған капиталдарының жоюулы.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін экономикалық дамуды қамтамасыз еткен салалардың жұмысын талдау Кондратьевтің экономикалық цикл идеясын растайды. Бұл автомобиль, металлургия, резина, мұнай, электротехникалық және электрондық салалар. Бұл салаларды технология денгейі бойынша екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі технологияларға жатқызуға болады. Олардың біреуіндеде не технологияларында немесе басқару концепцияларында жаналық тіркелмеген, экономикалық өсудің басталу кезеңінде (екінші дүниежүзілік соғыстан кейін) бұлар жетілген және тұрақты салалар еді. Олар аз қаражаттарымен жаңа жұмыс орындарын ашу, еңбек ақыны шұғыл көтеру, жұмысшыларға женілдіктер беруге, сонымен бірге жоғары табыс алу мүмкіндіктеріне ие еді. Бұл салалар ішінен тоттала бастады. Олардың дамуы біртіндеп ысырылып түспеді. Олар «мұнай шоктары» нәтижесінде (1973-1979жж.) опырылып құлады. Бір неше жыл арасында жоғары табысты салалардан олар банкроттыкқа жақын салаларға айналды. Осыларды көре білу Кондратьевтің қызметі болып саналады.
Кейбір кезде инновация процесс ретінде қарастырылады. Бұл концепцияда жаңалық уақыт аралығында дамиды және оның анық көрсетілген кезеңдері болады.
Халқаралық стандартқа сай – инновация – инновациялық қызметтін жаңа немесе жетілдірілген өнім, жаңа немесе жетілдірілген технологиялық процесс түрінде іске асырылатын нәтіже.
Инновацияға - нәтіже ретіндегі – ғылыми-техникалық жаңалық, өндірісте қолдануы, коммерциялық сатылуы тән.

5. Инновациялардың классификациясы


Инновациялық қызметті тиімді басқару үшін инновацияны ұқыпты үйрену қажет. Инновацияны тауардағы және технологиялық процестердегі шамалы техникалық түр өзгертушіліктерден (эстетикалық өзгерістер, түсін, нысаны т.б.), өнімнің параметрларына, қасиеттеріне, бағасына әсері болмаған өзгерістерден ажырата білу керек. Инновацияның жаңалықтығы технологиялық көрсеткіштермен және нарықтық позициялармен өлшенеді.
Осыларды есепке ала отырып инновацияның классификациясы құрылады.
Технологиялық көрсеткіштерге байланысті инновациялар - өнімдік және процестікке болінеді.

Download 428,67 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish