Лекция Жалпы инновация түсінігі. ҚР инновациялық қызметтер туралы заңы. Инновациялар мен инновациялық тиімділік түрлері


тақырып. Инновациялық проектерді басқару



Download 428,67 Kb.
bet14/41
Sana23.02.2022
Hajmi428,67 Kb.
#181505
TuriЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   41
5 тақырып. Инновациялық проектерді басқару
9 лекция
1. Инновациялық проектердің құрамы және құрылымы.
2. Проект мақсаты, өмір циклі.
3. Приоритеттік бағыттарды таңдау.

1. Кәсіпорыннның инновациялық саясатының негізгі ережелерін анықтайтын құжаттық форма – бағдарлама болады. Бағдарламада мерзімі, ресурстар мен орындаушылардың өзара байланысқан салыстырмалы түрдегі ұзақ, не орта перспективаға негізгі мақсаттар, жүзеге асыру мәселелері мен кезеңдері көрініс табады. Бағдарламада тауар өндірушінің инновациялық саясатының жалпы тенденцияларына сәйкес шаралар тізімі болады. Оларды жүзеге асырудың және иннновациялық менеджментің мақсаттарына жетудің едәуір тиімді варианты әрбір шаралар бойынша өндірістік, технологиялық зерттеу жобаларын құру мен орындау болып табылады. Мұнда менеджменттің ең тиімді құралдарының бірі ретінде жобаларды басқару алдынғы қатарда болады.


Инновациялық жобалар экономикалық экологиялық немесе әлеуметтік тиімділікті арттыру мақсатында өзгерістерді ендіру процессіне бағытталады.
Инновациялық жобаның бір формасы болып зерттеу жобасы есептелінеді. Зерттеу жобасы актуалды теориялық және іс тәжірібелік мәселелерді шешуге бағытталған әлеуметтік-мәдениеттік, халық-шаруашылықтық, саяси мәніне ие болған зерттеулер және әзірлемелер жоспары. Зерттеу жобаларында ғылыми негізделінген техникалық, экономикалық және технологиялық шешімдер беріледі.
Зерттеу жобалар ғылыми инициативалық; ғылыми зерттеулердің материалды-техникалық базасын дамыту; ақпараттық жүйелерді және мәліметтер базасын қалыптастыру; баспадан шығару; экспедиция жұмыстарын ұйымдастыру жобалары деп бөлінеді. [14]
Инициативалық жобаларды, әдетте, кіші ғылыми ұжымдар (10 адамға дейін) немесе жеке ғалымдар амалға асырады және олардың нақтылы тапсырма берушісі болмайды. Инициативалық жобаны орындау мерзімі 1-3 жыл.
Жобаларға қайталанбауы, алдынала тұжырымдалған мақсатқа иелігі, белгіленген басталуы және аяқталау болғаны, уақытпен және құралдармен шектілгендігі, күрделілігі, жоғары приоритетке иелігі тәң.
Әр бір жобаның анық аталуы, қысқа аннотациясы, орындаушылар саны, орындалу мерзімі (басталуы, аяқталуы) бір жылдық қаржыландыру көлем болады.
Жобаларды басқару дегенде қызметтін мақсатын анықтау процесін және адамдармен техниканы ұйымдастыру түсініледі.
Басқару процессі өнімнің өмірлік циклын жоспарлау және стратегиялық талдаумен басталады. Оның негізінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын алып бару идеясының пайда болуы, соң өнімнің өндірістік нұсқауын жасау, тауарды сериалық шығару, сатуды амалға асыру. (Жоба кезеңдері слайд).
Жобаларды басқаруда келесі принциптер қолданады:

  • тауарды және қызметті жетілдіру мақсатының тұрақтылығы;

  • жаппай бақылаудан тәуелділікті жою;

  • өндіріс және қызмет ету жүйені үнемі жетілдіру;

  • кадрларды жүйелі түрде даярлау және қайта даярлау;

  • үрейді жою;

  • тосқаулды жою;

  • қалай болса, солай жасалатын сандық нормалар және тапсырмаларды жою;

  • сапаны жоғарылату мақсатында әрекет жасау.


2. Жаңа технология конструкция және өндірісті ұйымдастырумен байланысты барша өзгерістер техникалық және психологиялық сипаттағы қиыншылықтарға ие. Сондықтан ең алдымен анық мақсатты белгілеп, оған жету жолдарын анықтау қажет. Инновациялық процесінде өзгерістердің тиімділігін қамтамасыз ету үшін жұмыстарды жобалауда ынталандыру күштерге әсер ететін барлық факторларды (жалақының көбеюі, жұмыстың қолайлы орындалуы, жұмыс жағдайларының жақсаруы) есепке алу қажет. Жобаларды таңдап алуда экономикалық, экологиялық әлеуметтік тиімділіктердің ұлғаюі критерий болады.
Жоба анық қойылған мақсатқа белгіленген уақыт кезеңіңде және шектелген құралдардан қолданып жетуге бағытталуы қажет.
Инновациялық жобаларды таңдау критерийлеріне келесілер жатады:

  • жобаның жиынтық коммерциялық тиімділігі;

  • жаңалықтардың жалпы мемлекеттік және әлеуметтік мәні;

  • ғылыми және техникалық жаңалықтар деңгейі;

  • тиісті облыстарда өзекті техникалық және технологиялық міндеттерді шешуге бағыттау;

  • әлемдік нарықта тауарлар мен қызмет түрлерінің позициясын күшейту;

  • мамандармен қамтамасыз ету, санаткерлік әлеуеттің өсуін ынталандыру;

  • ақпараттармен және патенттермен, лицензиялармен қамтамасыз ету дәрежесі;

  • қаржыландырудың әртүрлі көздерін тарту мүмкіндіктерін күшейту;

  • жобаны жүзеге асырудың ұйымдастыру-басқару механизмінің болуы;

  • қоршаған орта жағдайына әсер ету;

  • тәуекел деңгейі.

Қазіргі замаңғы экономикалық ғылымға сай, бәсекелестік қабілетке ие болған өндірістік кәсіпорын әр бір нақтылы кезеңде, техниканың үш үрпағына, ескірген, үстемдік етуші және перспективалы, қатысты товардың үстінде жұмыс істеуге мәжбүр.
Техниканың ерекше үрпағының толық өмірлік циклы (ең бірінші ғылыми әзірлемелерден өнеркәсіптік өндірістен алып тастауға дейін), нарықтық экономикалық жағдайында, кәсіпорын көптеген бөлімдерінің әр жақты күш салуларымен қалыптасады. Ол үш жеке циклды қамтиды: ғылыми, ойлап тапқыштық және өндірістік. Аталған циклдар техниканың бір ұрпағының өмірінің бойында бірінен кейін бірі, бір ізді, бірақ уақыт аралығында біріне бірі қондыру арқылы өтеді.
Шетел әдебиеттерінде ғылыми-техникалық өнім нарығын зерттеу бойынша оның өмірлік циклы қалыптасқан нарықтық қатынастар заңдылығы жағынан қаралады. Сонымен өнімнің толық өмірлік циклы екі негізгі кезеңнен тұрады: өнімді жасау кезеңі және нарықтық кезең. (Сүрет 2).
Өнімді жасау кезеңі өнімнің нарыққа шығыумен және оның сатылуымен аяқталады. Өнім өндіру, өткізу фазасы және өнімнің қызмет істеу мерзім фазасы нарықтық кезеңнін құрамы, ол сатылғаннан кейінгі қызмет істеу кезеңі, яғни қолданудағы өнім саны нөльге жақындайды.
Сонымен нарықтық кезең – бұл өнімнің өндіріс және тұтыну сферасындағы өмірлік цикл, ал оның өндіріс пен өткізу кезенін қамтитын бөлімін, сонымен қатар тауардың нарықта өту кезеңіндегі өмірлік цикл дейміз.
Инновациялық өнімнің өмірлік цикл концепциясына сәйкес нарықта өткізу кезеңінде әр бір тауар белгілі бір уақыт аралығында сатылады. Сонымен бірге оның өтуі мынандай этаптардан тұрады: нарыққа еңгізу, даму, жетілу, қанығу және төмендеу. Инновациялық өнімді өндіруде шығындар тауарды жасау кезеңінде, сонымен бірге нарықтық кезеңінде жұмсалады, ал оның бағыты ҒЗТКЖ өндірушінің стратегиясының мазмұнына қарай анықталады.
Бірінші этапта тұтынушылық сұранысты жан-жақты қамту мақсатында инновациялық өнімнің қажетті көпшілік модификациясын ескеріп жұмыс жүргізу көзделеді. Инновациялық өнімдерді жаратушылар тауарға қандай жаңалық енгізгенде тұтынушының талабын жан-жақты қанағаттандыруға болатынын ескеріп, мамандандырылған және басқа аналогы жоқ товар өндіруді қолдайды.
Екінші этапта ҒЗТКЖ өндірушілер стратегиясы аналогы жоқ модификацияланған товар жаратады. Товардың моделдерін шексіз жаңарту мүмкін емес, ол өндіріс шығындарын өсіріп пайданы азайтуы мүмкін. Сондықтан нарықтағы өнім номенклатурасы тұрақтанып бәсекелес инновациялық өнімдердің сапасы теңеледі.
Үшінші этапта, ҒЗТКЖ өндірушілер стратегиясы бойынша өнім бірлігіне шығынның кемуімен байланысты баға деңгейін төмендету жағдайы мүмкін болады.
Төртінші этапта технологиялар арасында бәсекелестік жаңа қарқын мен өршиді, сондықтан инновациялық өнімдердің жаңа өмірлік циклы басталады.

3. Зерттеулердің және әзірлемелердің приоритет бағыттарын таңдау инновациялық менеджментте маңызды рольді атқарады. Зерттеулер мен әзірлемелердің приоритет бағыттары ірі ғылыми-зерттеу жобалар түрінде амалға асырылады. Олар технологиялық процестерді түп негізімен өзгертетін технологияларды меңгеру және таратуға, қолданбалы зерттеулерді дамытуға, әр түрлі инвестициялық бағдарламаларды ғылыми-техникалық қамсыздандыруға мүмкіндік береді.


Қазақстанда ғылымды, технологияны және инновациялық қызметті жоспарлау 17 мамыр 2003 жылы №1096 ҚР Президентінің жарлығымен қабылданған «2003-2015 жылдарға Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму стратегиясы» бағдарламасына сәйкес жүргізіледі.
Стратегия елімізде инновациялық қызметті ынталандыруға бағытталған мемлекеттік ғылыми және инновациялық саясатты белсенді жүргізуді қарастырады. Индустриялық-инновациялық саясаттың басымдылықтарына шикізаттық емес бағыттағы экономика салаларында экспортқа бағдарланған өндірісті құру және дамыту болып саналады. Солай бола тұрса да индустриялық-инновациялық саясатты жұзеге асыру өндірістің технико-технологиялық деңгейін және экономиканың әртүрлі салаларындағы инновациялық қызмет жағдайын объективті түрде айқындайтын статистикалық көрсеткіштер жүйесін қалыптастырмай мүмкін емес.
Бұл үшін ҚР Статистика Агенствосының салалық министрліктермен біріге отырып өнеркәсіптік кәсіпорындардағы технологиялық инновациялар жөнінде таңдамалы зерттеулер әдісін енгізу және жасаумен айналысуы тиіс.
Еліміздің ТМД елдері арасында көшбасшылық бағытын ескере отырып, әрі қалыптасқан экономикалық және геосаяси факторларға сәйкес Үкімет мәшине жасау, құрылыс материалдарының өндірісі, химия және мұнай-химия өнеркәсібі, ақпараттық технологиялар, металлургия, аэроғарыштық салаларда жаңа жоғары технологиялық өндірістерді дамытуға бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін компаниялармен ынтымақтастықты арттыруға жағдай жасайды.



Download 428,67 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   41




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish