Лекция Жалпы инновация түсінігі. ҚР инновациялық қызметтер туралы заңы. Инновациялар мен инновациялық тиімділік түрлері


тақырып. Ұйымның инновациялық потенциалын анықтау



Download 428,67 Kb.
bet12/41
Sana23.02.2022
Hajmi428,67 Kb.
#181505
TuriЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   41
4 тақырып. Ұйымның инновациялық потенциалын анықтау
7 лекция
1. Ұйымның инновациялық потенциалы ұғымын қарастыру.
2. Инновациялық потенциалды анықтау әдістері.
3. Инновациялық климат түсінігі..

1. Инновацияларды жарататын ең кең өріс болып ғылым өрісі есептелінеді. Оның негізгі мәселелері және әрекетінің басты бағыттары - бүл «зерттеу-өндіріс» циклында инновацияларды жарату және амалға асыру. Бул процесте басты ресурс болып - адам ресурсы есептелінеді. Ғылым өрісіндегі инновацияның табысы инновациялық процесс персоналының ғылыми-техникалық хабардарлығына, шығармашылық белсенділігіне және мотивациясына байланысты.


Инновациялық процесті ұйымдастыру көп вариантты сипатқа ие. Инновацияны жарату бағытындағы барлық орындалатын тақырыптар, жұмыстарды орындаудың кеңістік және уақыттық қыйсындастыруымен, инновациялық процесс қатысушыларының түрлі формадағы өзара байланысы және әрекеттестіктерімен ерекшелінеді.
Ғылым өрісіндегі инновациялық процесті ұйымдастыру ерекшелігі тек инновациялық қызмет нәтижесі ерекшелігінде ғана емес, алдымен ғылыми, конструкторлық және жобалау ұжымдары жұмыстарының өзгешілігінде. Сөйтіп, ғылми қызметкер және мамандардың еңбек заты, көп жағдайда, заттық көрініске ие емес. Еңбек заты олар үшін адамзат бүрын жинаған білімдер болады (өткен зерттеулердің нәтижелері, тіркелген өнертабыстар жайлы ақпарат, бар болған конструкция және жұмыс істеп турған жүйенің пайдалану және өндірістік параметрлары жайлы ақпарат, т.с.с.).
Сонымен бірге, ғылыми өрістегі ҒЗТКЖ қолданылатын еңбек затының материалдық құрамыда шикізат, материалдар, шала фабрикаттар, үлкен мәнге ие. Сөйтіп, зерттеулер саласындағы еңбек заты екі жақты сипатка ие. Оны барлық ұйымдастырушылық шешімдер қабылдауда ескеру қажет.
Ғылми қызметкерлер мен мамандардың еңбек құралдарыда өздерінің өзгешілігіне ие. Олардың ғылым саласындағы негізгі міндеті - адамның энергетикалық потенциалын күшейту, оның сезім органдары қабілетің нығайту және интелектуалды потенциалын кеңейту.
Елдің ғылыми-техникалық потенциалы – ұлттық ғылыми-техникалық ұйымдардың күш салуымен және ғылым мен техниканың әлемдік жетістіктерімен жасалынады. Елдің ғылыми-техникалық потенциалына ғылыми-техникалық прогрестің көптеген деңгейі және қарқындары байланысты болады.
2. Ғылыми-техникалық потенциалының талдауы және бағалануы елдің және оның салаларының экономикалық даму деңгейіне, экономикалық және ғылыми техниканың бірлесіп жұмыс істеу мүмкіншілігіне, қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Сонымен ғылыми-техникалық потенциал – бұл ғылымның даму деңгейіне, инженерлік іске, елдің техникасына, мүмкіндіктер және ресурстарға, яғни ғылыми-техникалық проблемаларды шешу үшін көпшіліктің ықыласы болуының қорытынды сипаты.[17]
Ғылыми-техникалық потенциалға мыналар кіреді:

  • ғылымның материалды-техникалық базасы;

  • ғылыми кадрлар;

  • ақпараттық қамсыздандыруы;

  • ғылыми сферадағы ұйымдық-басқару құрылымы.

Ғылымның материалдық-техникалық базасы – бұл ғылыми-зерттеу еңбек құралдарының жиынтығы. Бұған, ғылыми ұйымдар, ғылыми қондырғылар және құралдар, сынақтан өткізу зауыттар, цехтар және зертханаларлар, есептеу орталықтары және тағы басқа жатады.
Ғылыми кадрларға ғылыми зерттеу, жобалау-конструкторлық және технологиялық жұмыстарды орындайтын мамандар және жоғары оқу орындарының ғылыми-педагогикалық қызметкерлері, яғни педагогикалық қызметпен бірге ғылыми-зерттеу бөлімшелерде немесе жоғары оқу орнының кафедраларында ғылыми жұмыстарды орындайтын қызметкерлерде кіреді. Қазақстан Республикасында ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді орындаған ұйымдардағы қызметкерлердің саны 2007 жылы 24309 адамды құрады.(Кесте1)

Кесте 1. Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер орындаған ұйымдардағы қызметкерлердің саны (адам)






Барлығы

одан

Зерттеушілер мен техниктер

Көмекші персонал

Өзгелері

Барлығы













2003

21257

11199

3018

2361

2004

21460

11484

3112

2119

2005

24476

13180

3133

2599

2006

26286

13685

3214

2664

2007

24309

12814

2804

2136

одан ғылыми дәрежесі барлары:

Ғылым докторлары

2003

1435

979

-

-

2004

1499

1013

-

-

2005

1617

1106

-

-

2006

1779

1157

-

-

2007

1722

1166

-

-

ғылым кандидаты

2003

4297

2781

-

-

2004

4280

2739

-

-

2005

4652

3018

-

-

2006

5174

3147

-

-

2007

4854

3058

-

-

Қызмет секторлары бойынша ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді орындаған ұйымдардағы зерттеуші мамандар мен ғылыми-педагогикалық қызметкерлер саны мемлекеттік, кәсіпкерлік, жоғары білім, коммерциялық емес жеке секторларға бөлінеді Жалпы Казақстан Республикасында 2007жылы қызмет секторлары бойынша зерттеуші мамандар мен ғылыми-педагогикалық қызметкерлер саны 18059 адамды құрады. (кесте 2)


Кесте 2. Қызмет секторлары бойынша ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді орындаған ұйымдардағы зерттеуші мамандар мен ғылыми-педагогикалық қызметкерлер саны (адам)






Барлығы

Одан ғылыми дәрежесі барлары

Ғылым докторлары

Ғылым кандидаты

Барлығы










2003

14578

1435

4296

2004

15127

1499

4279

2005

17474

1617

4652

2006

19127

1779

5174

2007

18059

1722

4854

Оның ішінде:

Мемлекеттік сектор

2003

7999

854

2456

2004

5222

594

1641

2005

6538

657

1818

2006

6573

689

1708

2007

5243

574

1442

Кәсіпкерлік сектор

2003

1572

64

175

2004

2721

83

383

2005

2435

78

271

2006

2571

94

309

2007

2867

114

333

Жоғары білім секторы

2003

4909

516

1655

2004

6947

810

2218

2005

8259

861

2513

2006

9791

983

3123

2007

9753

1019

3039

Коммерциялық емес жеке сектор

2003

98

1

10

2004

237

12

37

2005

242

21

50

2006

192

13

34

2007

196

15

40

Ғылыми-техникалық потенциал құрамына кіретің ақпараттық қамсыздандыруда материалды қолданушы сипаттамасы бойынша ақпараттарды келесі түрлерге бөлуге болады:



  • нормативті-техникалық құжаттар (техникалық тапсырмалар, сипаттама берулер, әдістер, нормативтер, стандарттар және техникалық жағдайлар, патенттер);

  • ғылыми есептер;

  • жаңа енгізулер үлгілер (технологиялық процестер, зертханалық және тәжірибелі үлгілер);

  • жобалық-конструкторлық құжаттар (жұмыс сызуларының жиынтығы);

  • жариялаулар және диссертациялар.

Ғылыми ұйымдар олардың салалық бағыныштылығына байланыссыз, ғылымның барлық салаларында іргелі, қолданбалы зерттеулер мен әзірлемелер кіретін ғылыми зерттеулерді, сондай-ақ ғылыми-техникалық қызмет көрсетулерді орындайды.
Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді орындайтын ғылыми ұйымдар мен кәсіпорындарға ғылыми-зерттеу институттары, құрылыстың жобалау және жобалау-іздестіру ұйымдары, шетке өнім шығармайтын тәжірибе зауыттары, жоғары оқу орындары, өнеркәсіп кәсіпорындарындағы ғылыми-зерттеу, жобалау-конструкторлық және технологиялық жұмыстарды орындайтын ғылыми-техникалық бөлімшелер кіреді. Қазақстан Республикасында 2007ж. зерттеулер мен әзірлемелерді орындаған ұйымдардың саны 438 құрады. (Кесте3).

Кесте 3. Зерттеулер мен әзірлемелерді орындаған ұйымдардың саны






2003

2004

2005

2006

2007

Ғылыми ұйымдар – барлығы

273

295

390

437

438

Ғылыми-техникалық ұйымдарды қызмет ету мазмұны бойынша бес түрге бөлуге болады:



  • институттар – сапалы білім зерттеулерімен мамандандырылған және анықталған ғылыми саласының дамуы үшін жауапты ұйымдар;

  • ғылыми-зерттеу институттары – іс жүзінде қолданылатын мамандануды және анықталған өндіріс саласының немесе ғылыми-техникалық бағыттың, ғылыми-техникалық деңгейі үшін жауапты салалық ұйымдар;

  • жобалық конструкторлық, технологиялық ұйымдар, техника-экономикалық зерттеу институты – берілген өндіріс саласында конструкторға, технологияларға, жобаларға немесе ұйымдастырылғын талдауларға, өнімнің, технологиялардың, ұйымдардың жобаларының тиімділігінің жауаптылығына сәйкес мамандандырылған салалық ұйымдар;

  • ғылыми-техникалық ақпараттар институты және басқа да ұйымдар көп таралған жаңа енгізулермен айналысады.

Ғылыми-техникалық потенциалға аяқталған талдаулар да кіреді. Бұл талдаулардың потенциалы белгілі дамыған техникалық шешімдердің осы аймақта, яғни олар осы уақытқа дейін ыңғайлылығымен байланысты.
Оларды бағалауда, жобалық экономикалық нәтижемен қатар, олардың дүние жүзілік ғылыми жетістіктерге дәрежелерінің сәйкес болуы, болашақта ғылым мен қоғамның мұқтаждықты қанағаттандыру мүмкіндігі, енгізілу аумағы (салааралық, салалық, бір ұйым шегінде), игеру мүмкіндігі есепке алынулары керек.
Нарықтық экономика жағдайында керекті ғылыми қызметтер үшін, ғылыми-зерттеу тиімділігін сақтау және жоғарылату, ғылыми-техникалық потенциал бағытындағы ғылыми ресурстарды өз уақытындағы шоғырландыру жағдайлары жасалды. Осы мақсатпен академиялық ғылыми-зерттеу орындарының дербестігін кеңейту, ғылыми-зерттеу ұйымдары және оларды мақсатты бағдарлама арқылы қаржыландыру, конкурстық шарттық принципке өту мақсаты тұрады.
Ғылымды дамытуға едәуір көлемде ақша салу ғылыми ұйымдардың қызмет ету нәтижелерінің бағалануын және ғылыми-техникалық потенциалдың тиімділігін қажет етеді.
Мұнда келесі жағдайларды ескеру керек:

  • жаңалық және перспективтік талдаулар;

  • ілгерілеу және сатылған ғылыми-техникалық ұсыныстардың саны;

  • аяқталған талдаулар және сатудағы жұмыстарды халық шаруашылығында қолдану нәтижесінде болған экономикалық тиімділік;

  • ғылыми ұйымдардың шығындарын салыстыра отырып, кәсіпорынның техника-экономикалық көрсеткіштерін және техникалық деңгейін көтеруге қаржы жұмсау;

  • өндірістің ұсынылған және игерілген техника-экономикалық көрсеткіштер талдауларын шетелдің ең жоғары сапалы ұлгілерімен салыстыру;

  • маңыздылық, ойлап табу және сатылған лицензиялар саны;

  • жоғары сапалылығына қарай жұмыстардың жүргізілу мерзімі;

  • ақшалай, материалдық ресурстарды және ғылыми кадрларды дайындауды үнемдеу.

Қолданылу жағдайына байланысты, егер ғылым мен техниканың дамыуна бағытталған ресурстарды пайдалану тиімділігін жоғарылату проблемасы ерекше орын алған жағдайда, шығындар көлемімен байланысқан, ғылыми-техникалық прогресті қамтамасыз ету шешімімен шешу керек. [17]
Осы уақытқа дейін ғылыми-техникалық прогрестің дамуы бағытындағы ұлттық кірістің көлемі қандай екенін есептейтін принциптер қалыптаспаған. Бұл өте күрделі мәселе және оны шешудің нақты жолдары анықталмаған.
Елде бар гылыми-техникалық потенциалмен 2007 жылы 37041,8 млн.тенгелік ғылыми-техникалық жұмыстар орындалды. (Кесте 4)
Кесте 4. Ғылыми-техникалық жұмыстардың көлемі (млн.тенге)




Барлығы

Оның ішінде өз күштерімен орындағандары

2004

2005

2006

2007

2004

2005

2006

2007

Ғылыми-техникалық жұмыстардың көлемі

18549,5

29591,3

35572

37041,8

15862,8

22261,2

27353

29653,3

Оның ішінде:

Зерттеулер мен әзірлемелер

16402,6

27450,9

33057

32220,2

14017,1

20292,6

25351

25216,1

Ғылыми техникалық қызметтер

2146,9

2140,4

2515

4821,6

1845,7

1968,9

2002

4437,2


Download 428,67 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   41




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish