Лекция Жалпы инновация түсінігі. ҚР инновациялық қызметтер туралы заңы. Инновациялар мен инновациялық тиімділік түрлері



Download 428,67 Kb.
bet13/41
Sana23.02.2022
Hajmi428,67 Kb.
#181505
TuriЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   41
8 лекция
4. Кәсіпорынның инновациялық процесстері мен қызметін басқару және ұйымдастыру.
5.Инновациялық потенциалды анықтаудың корпоративті, маркетингтік, қаржылық және ғылыми-техникалық жақтары
6. Ұйым инновациялық даму деңгейін анықтайтын көрсеткіштер

4. Инновациялық қызмет өзінің көптүрлілігіне қарамастан белгілі бір қисынға бағына дамиды. Сондықтан да оларды бір жүйеге келтіруге және оларды басқарудың тетіктерін жетілдіре түсуге болады. Басқару дегеніміздің өзі түптеп келгенде реттеу іске қосу. Өйткені, экономикалық үдеріске қатысушы тараптар тек тікелей бұйрықпен немесе бағдарламамен жүретін робот болмағандықтан, басқару тетіктері олардың жұмысын алға апаруға көмектесетін реттеу тетіктері болып табылады. Ол тетіктер жалпыға ортақ заңдар, заңнамалық актілер тәрізді кей жерде мәжбүрлеу, салық жеңілдіктері, несие секілді кей жерде ынталандыру тетіктері түрінде көрініс береді. Басқару тетіктері сөз болғанда көше қозғалысын реттеп отыратын бағдаршамды мысалға келтірген дұрыс болар. Бағдаршам істеп тұрғанда оның рөлінің қаншалықты маңызды екенін жұрт бағамдай бермейді, ол солай болуға тиісті болып көрінеді. Ал, бағдаршам істен шықты дегенше қолайсыздық басталады.


Инновациялық қызметтің басқару тетіктері шартты түрде былай етіп қарастыруға болады:
1. Инновациялық қызметті құқықтық тұрғыдан реттеу. Бұл тетікті бірнеше бөлікке бөліп қарастыру керек:
- «Инновация», «Инновациялық қызмет» жайлы заңдар және инновацияға қандай да болсын қатысы бар, мысалы «Білім туралы», «Ғылым туралы» заңдар;
- заңдардың іске асуын қамтамасыз етуге бағытталатын, әрі мемлекеттің осы саладағы басым бағыты мен мақсатын айқындайтын қаулылар мен бағдарламалар;
- бәсекелестікті қорғауға арналған антимонополиялық заңнамалар;
- мемлекеттің ішкі мүддесіне сәйкес баж салығын реттеп отыру.
- ақша, валюта саласын мемлекеттік тұрғыдан реттеп отыру.
2. Инновациялық қызметті экономикалық тұрғыдан реттеу.
Бұған инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау тетіктері жатады. Олар - салықтық жеңілдіктер, бюджеттік қаржыландыру, субсидия, несие, және амортизация.
Инновациялық қызметтің жоғарыда аталған басқару тетіктерін мемлекеттік ықпал ету сипатына қарай тікелей және жанама реттеу әдістері түрінде де ажыратады.
Тікелей реттеу, бірінші кезекте, ғылыми саланы бюджеттік қаржыландыру мен ғылым мен техниканың болашағына болжам жасауды және жақын болашақтағы инновациялық үдерістердің үрдісін айқындауды, сонымен қатар инновациялық қызметтің мазмұндық жағын қамтиды. Соңғысына мемлекеттік басымдылықтарды таңдау, үкіметтік келісімшарттарды түзу, мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру, инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру, жекеменшік сектордағы инновация саласының маман-кадрларын дайындау, жеке банктерді субсидиялау және кепілдік беру, т.б. кіреді.
Жанама әдістер қатарына: салықтық жеңілдіктер; жеңілдетілген несие-қаржылық саясат; аммортизацияны үдемелі түрде есептеу; қаржылық лизингке көрсетілер мемлекеттік қолдау; франчайзинг, форфейтинг және т.б. әдістерді ынталандыру шаралары және сыртқы экономикалық саясат шеңберінде жүргізілетін, нарық механизміне енгізілген әдістер жатады.
Қазіргі таңда әлемдік экономика индустриалдық даму кезеңін артқа тастап, постиндустриалдық кезеңге аяқ басты деуге толық негіз бар. Себебі, индустриалдық кезең экономикалық құрылымда өнеркәсіп үлесінің басымдығымен, тікелей байланыстардың күштілігімен ерекшеленсе, постиндустриалдық кезең жаңа материалдарға, озық техника мен жоғары, ғылыми сыйымдылығы мол технологияға негізделуімен, капиталдың, өндірістің және сауданың жаһандануымен, инфрақұрылымдардың рөлінің күшеюімен ерекшеленетініне бүгін бәріміз куәміз. Осы жағдайда экономикасы кеңес заманынан біржақты шикізат өндіруге бағытталған, өңдеуші өнеркәсібі тиісті деңгейде дами алмай қалған Қазақстан шикізатқа деген әлемдік сұранысқа, оның ойнамалы бағасына тәуелді болып отыр. Бұл тәуелділіктен құтылудың жалғыз жолы экономиканы білімге, яғни инновацияға негіздеп қайта құру болып табылады. Басқа ешқандай жол бізге еліміздегі жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) көлемін 15 жылда 2-3 есе өсіруге мүмкіндік бермейді. Жаһандану заманында өнімнің көлемінің өсуі ғана емес, ең бастысы шығарған өнімнің бәсекелестікке қабілетті бола алуы елдің ғылыми-техникалық дамуына, оның ішінде инновациялық дамуына тікелей байланысты.
Біздің еліміз де бұл үрдістен сырт қалып отырған жоқ. Ол Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған Индустриалдық-инновациялық стратегиясында лайықты көрініс тапқан. Бұл стратегияны жүзеге асыру үшін бірнеше Даму институтары құрылды. Олардың қаржысын көздеген мақсатқа пайдалану ниетімен, ҚР Президентінің 2006 ж 16 наурыздағы № 65 «ҚР индрустралды-инновациялық саясаты шеңберіндегі ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттігін әрі қарай арттыру бойынша іс шаралары жайлы» Жарлығын іске асыруда ҚР үкіметінің 2006 ж 15 сәуірдегі № 286 қаулысымен ««Қазына» орнықты даму қоры» АҚ (одан әрі қарай «Қазына» АҚ) құрылды. (2008 жылы ол «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры болып қайта құрылды).
«Самырұқ-Қазына» АҚ Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға индустриалды-инновациялы даму стратегиясын іске асыру мақсатында құрылған даму институттарын ұлттық басқарушы компания болып табылады. Қордың тапсыруы бойынша «Самырұқ-Қазына» мен оның бөлімшелері үшін арналған негізгі көрсеткіштер тізімі қайта қарастырылды. Бұл тізім 2008 жылдың 14 маусымында Қор Басқармасы Төрағасының ай сайын өткізілетін кеңесінде қолдау тапты.
Даму институттары («Қазақстандық Даму банкі» АҚ, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ, «Қазақстанның Ұлттық инновациялық қоры» АҚ,) 2008 жылдың бірінші жартысында жалпы соммасы 2052594,54 млн. теңге көлемдегі 138 инвестициялық жобаларды ұсынды, ал мұндағы даму институттарының қатысу үлесі 675803,9 млн теңгені құрайды. Даму институттары 154554,61 млн теңгені құрайтын өзінің қатысу үлесі бар жалпы көлемі 345068,85 млн. теңге көлеміндегі сомманы құрайтын 36 инвестициялық жобаларды мақұлдады..
«Самырұқ-Қазына» АҚ-ның құрамына кіретін «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ құрылған кезден, 2003 жылдың 30 мамырынан 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін оған 2 280,199 млрд. теңге сомасына 491 жоба келіп түскен(2-сурет). Ал, 2008 жылы 667, 1 млрд. теңгеге, оның 277,4 млрд.теңгесі Қордың қатысуымен 66 жоба түсті.
Қор құрылған кезден бастап 178,6 млрд. теңгеге 32 жоба қаржыландырылған, оның ішінде Қордың қосқаны- 34,2 млрд. теңге. Қазіргі күні Қор Қазақстанда жүзега асыруға жоспарланған 30 үздік жобалардың тізіміне қосылған бір жобада қатысуын растады, оның тізімін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен.
Ғылыми қызмет соңғы нәтижеге жұмыс істегендігімен – қорғау құжаттарының, жаңа технология жасаған ұйымдар мен олар жасаған технология санының көбеюімен, кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің артуымен, соның арқасында өнеркәсіп өнімінің ішіндегі инновациялық өнімнің үлесінің артуымен құнды. Қазақстанда қорғау құжаттарына өтініш беру үдерісі мен оны алу – екеуі біріне-бірі тікелей байланыссыз үдерістер. Өтініш берудің динамикасы негізінен оң сипатқа, ал, берілген құжаттардың динамикасы көбіне теріс сипатқа ие, сондай-ақ берілген өтініштер саны мен алынған құжаттар санының арасындағы айырма үлкен. Жаңа технологиялар мен техника нысандарын құрған ұйымдар мен құрылған жаңа технологиялар мен техника нысандар санының (6-кесте) 2008 жылы 2005 жылғы, қолданылған жаңа технология санының 2004 жылғы деңгейге қайта түскені, жаңа технология мен техника нысандарын пайдаланған ұйымдар санының соңғы 4 жылдағы динамикасы тек төмендеу үстінде екендігі, құрылған жаңа технология көлемі 2004 жылғыдан 1,6 есе өскенімен оны пайдаланған ұйымдар санының 2004 жылғы деңгейден өспегендігі және осы көрсеткіштердің барлығының ширегінен жартысына жуығы бір ғана Алматының еншісіне тиіп отырғаны инновация жайының қаншалықты мүшкілдігінен хабардар етсе керек. Бұл - кәсіпорындар сырттың технологиясын көп қолданып, отандық технологияны енгізуге құлықты болмай отыр деген сөз.
Қазақстанда соңғы 5 жыл ішінде зерттеу жүргізілген кәсіпорындар саны 1,5 есе өскен болса, инновацияны қолдайтын, енгізуге, жасап шығаруға әрекет етіп жатқандардың үлесі 3 есе өскен. Яғни, заман талабын түсіну бар, соған қарай қимылдау бар. Соған сәйкес инновациялық белсенділік 2 еседен астам көтерілген. Бірақ, оның деңгейі әлемдік тұрғыдан келгенде өте төмен.
Төмендегі 7-кестеден көріп отырғанымыздай 2005 жылы жаңадан енгізілген өнімнің жалпы инновациялық өнім көлеміндегі үлесі 36,7 %-ға тең болса, 2006 жылы 56,8%-ға, бұл көрсеткіш 2008 жылы 80,3 %-ға жеткен Ал, жетілдірілген өнімдер үлесі 2005 жылы – 59 %, 2006 жылы – 36,3%, 2007 жылы – 25,5%, 2008 жылы – 13,8%. Бірақ, ашығын айту керек, жаңадан енгізілген өнімнің жалпы инновациялық өнім көлеміндегі үлесі жетілдірілген өнімдер үлесінен көп болуы көңілге күдік ұялатады.
7 кесте - ҚР кәсіпорындардың инновациялық қызметінің негізгі көрсеткіштері






2003 ж.

2004 ж.

2005 ж.

2006 ж.



2007 ж.



2008 ж.

Респонденттер саны

7212

8055

10392

10591

10889

11172

олардың ішінде:
инновация барлар

148

184

352

505

526

447

Инновац. активтік деңгейі, %

2,1

2,3

3,4

4,8

4,8

4,0

ғылыми-зерттеулер саны

363

463

677

724

763

745

Техн.инновациялар шығыны (млн.теңге)




35360,3

67088,9

79985,9

83523,4

113460,1

Шығарылған өнім
көлемі (млн. теңге)

65020,3

74718,5

120408,3

156039,8



152500,6

111531,1

оның ішінде:



















Қазақстаннан сыртқа

43944,8

48076,0

65686,1

81149,9

82841,6

60655,7

жаңа немесе түбегейлі өзгертілген өнім

9538,9

21384,7

44133,1

88416,5

107585,8

89650,3

Жетілдірілген өнім

46963,7

48004,1

70870,1

56570,1

38818,0

15492,4

Өзге инновациялық өнімдер

8517,7

5329,7

5231,2

10835,5

5936,5

5474,9

Көрсетілген инновац.қызмет

4380,9

1917,4

5866,7

6431,1

7512,5

18240,4

Ескертпе - Статистикалық жинақтар негізінде автор құрастырған.






Сонымен, еліміздің инновациялық әлеуетіне талдау жасай келе мынадай қорытынды жасауға болады: ЖІӨ-гі ғылымның үлесі өте төмен; зерттеу ұйымдарының саны зерттеушілер санына қарағанда жоғары қарқынмен өсуде; мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін зерттеушілердің үлесі азаю үстінде; ғылымға құйылар инвестиция өсуде, ғылымға жас мамандар аздап болса да келе бастады; орындалған жұмыстар көлемі өсуде, бірінші кезекте бюджеттік қаржының көбеюі арқасында; қорғау құжаттарының саны аз; Қазақстанда жасалып жатқан технология негізінен ендірілмей қалып отыр; кәсіпорындардың инвестициялық белсенділігі өте төмен; өнеркәсіп өнімінде инновациялық өнімдердің үлесі де төмен.



Download 428,67 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   41




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish