Инновациялық қызмет – нәтижелері экономикалық өсу мен бәсекелестік қабілеттілігі үшін пайдаланатын, өндірістің және қоғамды басқарудың әртүрлі салаларына жаңа идеяларды, ғылыми білімдерді, технологиялар мен өнім түрлерін енгізуге бағытталған қызмет.
Ресей ғалымдары - «Инновациялық қызмет дегеніміз жаңа және жетілдірілген өнім, қызмет, технология, шикізат пен материалдардың түрлерін ойлап табу, сатып алу, игеру және іздестіру, өндірісті үйымдастыру мен басқару әдістері бойынша барлық шаралар жиынтығын құрайды» - деп жазады. [13].
Инвестициялық және инновациялық шараларды кешенді жүргізу өнімнің бәсекелік қабілетін және өндірістің индустриялық деңгейін көтеруге, технологиялық базисті қалыптастыруға ықпал ете отырып, ғылыми-технологиялық, экономикалық кешендерді қамтиды. Оның себебіне, инновациялық өнімдерді өнеркәсіптік кәсіпорындарға енгізу қаржы ресурстарын қажет ететіндігі жатады.
Инновациялық қызметке мынадай қызмет түрлері жатады:
қоғамды басқару саласына жаңа идеялар мен ғылыми білімдерді енгізу;
экономикалық айналымда іске асырылатын жаңа немесе жетілдірілген өнімді (жұмысты, көрсетілетін қызметті), жаңа немесе жетілдірілген технологиялық процесті жасауға бағытталған ғылыми-зерттеу, жобалау, ізденіс, тәжірибе-конструкторлық және технологиялық жұмысты орындау мен оларға қызмет көрсету;
инновациялық тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу рыногын ұйымдастыру;
өндірісті технологиялық қайта жарақтандыруды және дайындауды жүзеге асыру;
инновациялық инфрақұрылымды құру мен дамыту;
Қазіргі уақытта ғылымды көп қажетсінетін отандық өндірісті дамыту, бәсекеге қабілетті өнімдерді алуға бағдарланған жаңа ақпараттық технологияларды әзірлеу мен игеру және республиканың өнеркәсіп пен ғылыми-техникадағы әлеуетін сақтау мен дамыту есебінен ұлттық экономикалық қауіпсіздік мүдделерін қамтамасыз ету Қазақстан экономикасының өзекті стратегиялық міндеттері болып табылады.
Жаңалықтардың енуін, талдануын, құрылуын қамтамасыз ететін басқарушылық, технологиялық және экономикалық әдістердің бірігуі кәсіпорынның инновациялық қызметін құрайды. Оның мақсаты – басқа фирмалармен бәсекелестігін жоғарылату және өндіру мен сату рентабельділігін жоғарлату.
Кәсіпорынның инновациялық қызметін әзірлеуде, енгізуде, жаңалықтарды пайдалануда қосылатындары:
жаңалық идеяны әзірлеу, зертханалық ғылыми жұмыстар, өнімнің жаңа зертханалық үлгілерін, техниканың жаңа түрлерін, жаңа конструкцияны және бұйымдарды дайындауда ғылыми-зерттеу және конструкциялық жұмыстарды жүргізу;
өнімнің жаңа түрлерін дайындау үшін шикізаттар мен материалдың қажеті түрлерін таңдап алу;
жаңа өнімді дайындауда технологиялық процесті әзірлеу;
қажетті өнімдерді дайындау үшін жобалау, жасау, сынақтан өткізу және жаңа техникалық үлгілерін енгізу;
қажетті ақпараттық ресурстарды және инновацияны ақпаратпен қамтамасыз етуді зерттеу және әзірлеу;
қажетті ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстарды жүргізу үшін дайындау, оқыту, жаңа мамандық беру және қызметкерлерді арнайы әдіспен іріктеу;
инновацияны жетілдіруді ұйымдастыру және маркетингтік зерттеулерді жүргізу.
Кәсіпорын инновациялық қызметте үлкен нәтижелілікке жету үшін белгілі бір объектіге негізделінуі керек және де ішкі және сыртқы орта факторларын ескеруі қажет. Ол үшін инновациялардың толық классификациясын, олардың қасиеттерін және де қаражаттану көздерін білу керек. Жаңалықтардың мінездемесінің бірден – бір көрсеткіштері болып олардың абсолютті және қатысты жаңалығы, басымдылығы мен прогрессивтілігі, унификация мен стандартизация деңгейі, бәсекелестігі, шаруашылықтың жаңа талаптарына сай болуы, модернизацияға бейімділігі, экономикалық эффективтілігінің көрсеткіштері, экологиялық қауіпсіздік, бұл көрсеткіштердің барлығын жаңалықтардың технико – ұйымдастырушылық деңгейінің және бәсекелестігінің көрсеткіштері деп атауаға болады. Олардың маңыздылығы осы факторлардың кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижелеріне әсер ету дәрежесіне байланысты болып келеді.
Инновациялық қызмет ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін жаңа немесе жетілдірілген өнімге айналуымен байланысты қызмет, ол ғылыми, технологиялық, ұйымдастырушылық, қаржылық, коммерциялық іс-шаралардың бір бүтін кешенің болжайды. Дәл солар өздерінің жиынтығында инновацияларға алып келеді.
Инновациялық қызметтің мотивтері болып сыртқы және ішкі факторлар саналады. Сыртқы мотивтері:
шаруашылықтың жаңа талаптарына кәсіпорынның бейімделуі;
салық, несие – ақша және қаржы саясатындағы өзгерістер;
сату нарығын жетілдіру мен динамикалау;
бәсекелестерді активизациялау;
конъюнктуралық тербелістер;
құрылымдық салалық өзгерістер;
жаңа арзан ресурстардың пайда болуы, өндіріс факторлар нарығының кеңеюі.
Инновациялық қызметтің ішкі мотивтеріне келесілер жатады:
сатудың көлемін ұлғайтуға ұмтылу;
нарық бөлігінің кенеюі, жаңа нарықтарға көшу;
фирма бәсекелестігін жақсарту;
кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігі және қаржылық тұрақтылығы;
ұзақ уақыт кезеңінде пайданы өсіру.
Do'stlaringiz bilan baham: |