Лекция Жалпы инновация түсінігі. ҚР инновациялық қызметтер туралы заңы. Инновациялар мен инновациялық тиімділік түрлері


тақырып. Инновациялық стратегиялар



Download 428,67 Kb.
bet21/41
Sana23.02.2022
Hajmi428,67 Kb.
#181505
TuriЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   41
7 тақырып. Инновациялық стратегиялар
1. Инновациялық стратегия түсінігі, ерекшелігі және оның түрлері.
2. Шабуылдаушы, қорғанушы және иммитациялық инновациялық стратегиялар
3. Инновациялық стратегияны таңдау.

1. Инновациялық қызметтің нәтижелері инновациялық өнім түрінде көрініс алады, ол белгілі заттық формада немесе затқа айналмаған формада (мысалы «ноу-хау») болуы мүмкін.


Инновациялық қызметтің материалдық нәтижелері жасалған және менгерілген жаңа машина, жабдық, аппарат, автоматизация құралдар үлгілері - жаңа модернизацияланған және модификацияланған деб бөлінеді.
Ішкі және сыртқы нарықта инновациялық қызмет нәтижелері ғылыми-техникалық білімдерді және тәжірибені тарату, жаңа технологиялар арқылы көрініс алады. Инновациялық қызметтің тиімділігі жаңа өнімнің бәсекелестігімен, оны ішкі және сыртқы нарықта табысты ұсынуы мен бағаланады. Бұл инновациялық қызметтің жақсы стратегиясы болғаның білдіреді.
Стратегия – инновациялық процестердің белгілі бір реттілігі мен өзара байланысын анықтайтын, оның уақыт бойынша барлық ұзақтылығына байланысты ұзақ мерзімді жоспар мен әрекеттер бағдарламасы.
Инновациялық стратегияны жасау жалпы мақсатты анықтаумен басталады.
Әр бір кәсіпорын басшысы өзінің бизнесін анық көре білуі қажет. Кәсіпорынның қоғамдық арнауы (тағайындалуы), іс-әрекетінің мазмұнын айқындайтын бас мақсат – кәсіпорынның миссиясы деп аталады. Яғни миссия – бүл кәсіпорынның қоғамдағы қалайтын ролі. Миссия – мақсатты анықтайтын негіз болады, ұйымға қоғамдық ігілік жаратуда оның қосқан үлесін сездіріді.
Кәсіпорын басшысының шешімдері мен іс-әрекеттері тиімді болуы үшін миссия және мақсат анық болулары тиіс. Миссияны таңдау үшін, басшы – «біздің клиенттеріміз кім», «тутынушыларымызға қандай пайда келтіруіміз мүмкін» деген сұрақтарға жауап беру қажет.
Стратегиялық мақсат және экономикалық көрсеткіштерден миссияның ерекшелігі, ол формасыз (аморфты), фирманың тірішілік әрекетінің жалпы нысанасын белгілейді.
Миссия қарапайым тұжырымдалуы және өте түсінікті болуы, оның негізінде тұтынушылардың мүдделері және қажеттіліктері, не үшін тұтынушылар тек осы кампанияның (басқа емес) товарларын алады деген сұрақтарға жауап болуы тиіс. Стратегия жасауда миссияның ролі ерекше. Мақсатты анықтау фирманың сыртқы ортамен, нарық пен, тұтынушылар мен қатынастарында үлкен рөлді атқарады.
Ұйымның жалпы мақсаты келесілерді ескеруі қажет:
- фирма әрекетінің негізгі бағытын;
- сыртқы ортадағы жұмысшы қағидаларды (сату қағидасы, тұтынушыға қатынасы, іскерлік қатынастарды алып бару);
- ұйымның мәдениетің, оның дәстүрлерін.
Мақсатты анықтауда екі аспекті есепке алу керек:
- фирманың клиентері кімдер;
- ол қандай қажеттіліктерді қанағаттандыра алады.
Жалпы мақсат анықталғандан кейін стратегиялық жоспарлаудың екінші кезені - мақсатты дәлдеу амалға асырылады.
Мақсат амалға асырылатың дәрежеде болу үшін оны анықтағанда келесі талаптар есепке алыну керек:
- мақсаттың белгілі көрсеткіштермен айқындалған анық тұжырымдамасы (ақшалай, натуралды, еңбек);
- мақсат уақытпен шектелген болуы керек. Мақсатқа жету мерзімі анық болуы керек.
Стратегияны орындау үшін нақтылы іс-қимылдардың қысқа мерзімде үйлестірілуі, тактиканы жарату қажет.
Жоғарыда айтылғандарға қоса, инновациялық кәсіпорындарда басшыға жақсы өнімге ие болу жеткілікті емес, ол жаңа технологиялардың пайда болуын зер салып қадағалауы және бәсекелесте артта қалмауы үшін оларды өзінің фирмасында еңгізілуін жоспарлау қажет. Сонымен қатар фирма, егер өзгеретін жағдайларды болжай алмаса және оларға өз уақытында жауап бермесе дағдарысқа ұшырауы мүмкін. Қойылған мақсаттарға жету үшін іс-әрекеттердің бағытын яғни стратегияны анықтау қажет.
Инновациялық стратегиялар объекті бойынша - кәсіпорын стратегиясы, кәсіпорынды басқару стратегиясы, кәсіпорынды баскаруды қайта ұйымдастыру стратегияларына бөлінеді.

2. Нарықтық мінез құлқына байланысты инновациялық стратегияның келесі түрлері белгілі: шабуылды, қорғаныстық, имитациялық.


1. Шабуылды стратегияның шамданушылығы – нарықта бірінші (озық) болу. Бұл стратегия менеджерлердің жоғары мамандылығын және үлкен ұйымдастырушылық жұмысты талап етеді. Оған тиімді инновациялық процесс (зерттеулерге бейімделу), қызметкерлердің шығармашыл болулары, рынокты жақсы білу, маркетингтік функцияларының дамығандығы қажет. Шабуылды стратегия жеке бір жолға инновацияға емес олардың сериясына негізделеді.
2. Қорғаныстық - қалыптасқан нарықта фирманың бәсекелестік жағдайын үстап қалуға бағытталады. Бұл стратегияның негізгі функциясы - инновациялық процесте «шығын - нәтиже» қатынасын белсендіру болады. Бұндай стратегия қарқынды ғылыми-зерттеу тәжирібе конструкторлық жұмыстарын талап етеді.
3. Имитациялық - күшті нарықтық және технологиялық позицияларға ие болған фирмалар қолдайды, яғни нарыққа жаңалықтарды шығаруда түнғыш болмаған фирмалар. Бұл кезде рынокқа шағын инновациялық фирмалармен немесе лидер-фирмалармен шығарылған жаңалықтардың негізгі тұтынушылық қасиеттері көшеріледі.
3. Табысты инновациялық даму белгіленген мақсаттарға жетуге, оларды дұрыс тұжырымдауға, таңдалған жолдың объектівтілігіне, яғни таңдалған стратегияға байланысты.
Инновациялық стратегияны жарату негізің өнімнің өмірлік циклы теориясы, фирманың нарықтағы орны және ол алып баражатқан ғылыми-техникалық саясат қалыптастырады.
Өнімнің өмірлік циклы негізінде жаратылған инновациялық стратегия өнім қайсы фазадалығын есепке алады. Онім келесі фазалардан өтеді:
1. Идеяның пайда болуы. Ойлаб табу циклы. Фирма эксплерент пайда болады.
2. Дүниеге келу. Жаңа жүйенің пайда болуы. Техниканың жаңа түрінің жалпылама көрінісі. Фирма-эксплерент фирма-патиентқа өтеді.
3. Нығайту. Патиент фирманың виолент фирмаға өтеуі.
4. Тұрақтаңдыру. Виолент фимнаның әлемдік нарыққа шығуы.
5. Жеңілдету. Жүйенің «солуы».
6. Құлау. Негізгі көрсеткіштердің төмендеу.
7. Қорытынды. Негізгі көрсеткіштердің төмендеунің тоқталуы.
8. Деструкцизациялау. Жүйенің тоқталыу, жою технологиясын орындау.
Қазіргі замаңғы экономикалық ғылымға сай, бәсекелестік қабілетке ие болған өндірістік кәсіпорын әр бір нақтылы кезеңде, техниканың үш үрпағына, ескірген, үстемдік етуші және перспективалы, қатысты товардың үстінде жұмыс істеуге мәжбүр.
Техниканың ерекше үрпағының толық өмірлік циклы (ең бірінші ғылыми әзірлемелерден өнеркәсіптік өндірістен алып тастауға дейін), нарықтық экономикалық жағдайында, кәсіпорын көптеген бөлімдерінің әр жақты күш салуларымен қалыптасады. Ол үш жеке циклды қамтиды: ғылыми, ойлап тапқыштық және өндірістік. Аталған циклдар техниканың бір ұрпағының өмірінің бойында бірінен кейін бірі, бір ізді, бірақ уақыт аралығында біріне бірі қондыру арқылы өтеді.
Шетел әдебиеттерінде ғылыми-техникалық өнім нарығын зерттеу бойынша оның өмірлік циклы қалыптасқан нарықтық қатынастар заңдылығы жағынан қаралады. Сонымен өнімнің толық өмірлік циклы екі негізгі кезеңнен тұрады: өнімді жасау кезеңі және нарықтық кезең. (Сүрет 2).
Өнімді жасау кезеңі өнімнің нарыққа шығыумен және оның сатылуымен аяқталады. Өнім өндіру, өткізу фазасы және өнімнің қызмет істеу мерзім фазасы нарықтық кезеңнін құрамы, ол сатылғаннан кейінгі қызмет істеу кезеңі, яғни қолданудағы өнім саны нөльге жақындайды.
Сонымен нарықтық кезең – бұл өнімнің өндіріс және тұтыну сферасындағы өмірлік цикл, ал оның өндіріс пен өткізу кезенін қамтитын бөлімін, сонымен қатар тауардың нарықта өту кезеңіндегі өмірлік цикл дейміз.
Инновациялық өнімнің өмірлік цикл концепциясына сәйкес нарықта өткізу кезеңінде әр бір тауар белгілі бір уақыт аралығында сатылады. Сонымен бірге оның өтуі мынандай этаптардан тұрады: нарыққа еңгізу, даму, жетілу, қанығу және төмендеу. Инновациялық өнімді өндіруде шығындар тауарды жасау кезеңінде, сонымен бірге нарықтық кезеңінде жұмсалады, ал оның бағыты ҒЗТКЖ өндірушінің стратегиясының мазмұнына қарай анықталады.
Бірінші этапта тұтынушылық сұранысты жан-жақты қамту мақсатында инновациялық өнімнің қажетті көпшілік модификациясын ескеріп жұмыс жүргізу көзделеді.
Инновациялық өнімдерді жаратушылар тауарға қандай жаңалық енгізгенде тұтынушының талабын жан-жақты қанағаттандыруға болатынын ескеріп, мамандандырылған және басқа аналогы жоқ товар өндіруді қолдайды.
Екінші этапта ҒЗТКЖ өндірушілер стратегиясы аналогы жоқ модификацияланған товар жаратады. Товардың моделдерін шексіз жаңарту мүмкін емес, ол өндіріс шығындарын өсіріп пайданы азайтуы мүмкін. Сондықтан нарықтағы өнім номенклатурасы тұрақтанып бәсекелес инновациялық өнімдердің сапасы теңеледі.
Үшінші этапта, ҒЗТКЖ өндірушілер стратегиясы бойынша өнім бірлігіне шығынның кемуімен байланысты баға деңгейін төмендету жағдайы мүмкін болады.
Төртінші этапта технологиялар арасында бәсекелестік жаңа қарқын мен өршиді, сондықтан инновациялық өнімдердің жаңа өмірлік циклы басталады.
Фирманың нарықтағы позициясын ескере өтырып инновациялық стратегияны таңдаудың жеңілдетілген моделі Бостон кеңесшілер тобымен жаратылған.
«Бостон консалтинг тобы» қалыптамасын АҚШ-та Массачусетс штатындағы Бостон қаласындағы кеңес беруші тобы ұсынған. Бұл қалыптамасы тауар көлемін рынок үлесі мен саланың өсу қарқынына сәйкес белгілеуді ұсынады. Қалыптама негізінде қандай тауардың бәсекелестердікіне қарағанда артықшылығы бар екенін және рынок серпінің анықтауға болады. Бұл қалыптамасының ерекшелігі оның стратегиялық тауар топтарының аталған аттары ерекше болғанымен негізделген. (Сүрет)
Сүретте көрсетілгендей фирма тауарлары саланың өсу қарқыны мен олардың рыноктағы үлесіне сәйкес төрт түрлі топқа бөлінген. Топтағы тауарлардың беделіне қарай топтардың аттары қойылған («жұлдыздар», «сауынды сиыр», «тентек балалар», «қуылатын иттер»). «Жұлдыздар» тобындағы тауарлары дамып келе жатқан салада жетекші орын алады. Мұндағы көзделген мақсат бәсеке жағдайында фирманың ұтымды жақтарын күшейтуге арналған. Бұл айтарлықтай табыс әкеледі. Алайда сату өсімін одан әрі жалғастыру үшін қаржы қорын талап етеді.
Рыноктағы қол жеткен үлесін бағаны төмендету арқылы, жарнама көлемін ұлғайту арқылы, өнімді ұтымды өзгертіп оны айтарлықтай кеңірек тарату арқылы сақтап қалуға болады. Саланың даму қарқынына байланысты «жұлдыздар» тобы «сауынды сиыр» тобына ауысуы мүмкін.

«Жұлдыздар»

«Тентек балалар»

«Сауынды сиыр»

«Қуылатын иттер»

жоғары

Саланың
өсу қарқыны
төмен
жоғары төмен
Рынок үлесі

Рынок үлесі мен саланың қарқынына байланысты тауар көлемі


«Сауынды сиыр» тауарлары тобы рынокта жоғары үлесін алады. Тұтынушылар арасында ол тауарлардың жақтауашылары көбейіп, бәсекелестерге өз тауарларын қызықтыру аса қиынға соғады. Өйткені өткізудің салыстырмалы көлемі көп өзгермей тұрақты болады. «Сауынды сиыр» тобы маркетинг және тауарды жетілдіруге кететін шығындарын аса көп қажет етпейді де, одан түскен табыс айтарлықтай асады. Осылай артық түскен қаражат фирманың басқа стратегиялық шаруашылық бөлімшелерінің дамуына жұмсалады. Фирманың маркетинг стратегиясы халықтың «есіне түсіру» жарнамасына, кезеңдік баға жеңілдіктерін қолдануға, өткізу арналарын сақтап қалуға, сатып алуды ынталандырудың жаңа тәсілдерін енгізуге жұмсалады.


«Тентек балалар» (немесе «сұрақ белгісі») тауар тобы рынокқа айтарлықтай әсер етпейді. Тұтынушылардың ол тауарлар тобын қолдауы шамалы және олардың ерекше жағымды қасиеттері анықталмаған. Сондықтан рынокта маңызды орынға бәсекелестердің тауарлары ие болады. Ал ол тауарлардың рыноктағы үлесін көбейту үшін аса көп қаражат қажет. Бұл тауарларға байланысты фирма екі түрлі шешім қабылдауы мүмкін.

  1. Жылжыту шығындарын көбейтіп, жаңа өткізу арналарын жедел іздеп тауып, тауардың жағымды қасиеттерін жақсартып бағасын төмендету керек.

  2. Немесе рыноктан шығару керек.

Стратегиялық шаруашылық бөлімшелерінің бәсекелік қабілеттілігіне қарай осы шешімдердің біреуі тандалып алынады.
«Қуылатын иттер» тауар тобы әдетте кемелінен асқан, тарылған салада шектеулі өтім көлемін алған стратегиялық шаруашылық бөлімшелері орын алады. Рынокта айтарлықтай тараса да, бұл тауар тобы өзіне қажетті тұтынушыларды тарта алмайды және де тауарды өткізу көлемі, шығын құрылымы мен түрі жағынан өз бәсекелестерінен едәуір артта қалған. Бұл топты жетілдіру үшін көптеген шығындар қажет. Оның үстіне оның даму мүмкіндіктері де шамалы. Сондықтан бұл тауар тобы фирмалары мамандырылған рынокқа шығуға, тауардың басқа қолдану жолдарын іздеуге тырысады, немесе рыноктан кетуге мәжбур болады.



Download 428,67 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   41




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish