20 лекция
8.Венчурлы қаржыландыру
9. Венчурлы компаниялардың түрлері.
8. Қазақстанда венчурлы бизнестің дамуы білгілі бір алғы шарттарды құруды қажет етеді. Және бүтін жүйенің қалыптасуын болжайды. Бұл жүйе қызмет жасауын қамтамасыз ететін мамандалған институттар мен қызметтерді, қаржыландырудың белгілі бір моделін өз ішіне алады.
1995 жылы «Венчурлы фирмаларды құру тәртібі туралы» ҚР-ның Министрлер Кабинетінің Жарғысы қабылданды. Алайда венчурлы қаржыландыру елде кеңінен дамымады. Себебі, ұйымдастырушылық құрылым мәселелері венчурлы фирмаларды тарту шарттары және қайнар көздері жетерліктей ойластырылмаған.
Нормативті – құқықтық актілерге сәйкес Қазақстанда тәуекел бизнесті қаржыландыру көздері ғылыми-техникалық салаға тартылатын жеке және бюджеттен тыс қаржы құралдары, сонымен бірге кәсіпкерлікке қолдау көрсету бағдарламаларының шеңберіндегі мемлекеттік несие ресурстары болады. Тәуекелді инвестициялаудың статусын, венчурлы қорлар құралдарының құрылымын және оның көлемін заң жүзінде анықтау қажет.
Венчурлы қаржыландыру үшін кем дегенде үш шарт қажет:
1. инвестицияға жұмсалатын құралдар;
2. инвестициялауға тартымды компаниялар;
3. инвестицияның өтімділігі.
Егер венчурлы индустриясы дамыған елдерде шамамен 50% венчурлы капитал ұлттық болса, Қазақстандағы венчурлы индустрияда ұлттық капитал тіптен жоқ. Ал бұл оның дамуын тежейді.
Қазақстандағы венчурлы қаржыландырудың дамуына Еуропалық қайта құра және даму банкі елеулі ықпал етуде. Банк өз қызметінде әртүрлі қаржы құралдарын қолданады: гранттар ұсыну, несиелер беру акционерлік капиталға және басқа да баламалы акционерлік қаржыландыруға инвестициялау, ЕҚҚДБ кепілдемелерін ұсыну, жеке кәсіпкерлер мен кіші-гірім фирмалардың иелеріне микронесиелер ұсыну жолымен қолдау көрсету: 30 мың долл.-дан 100 мың долл.-ға дейін (сауда, қызмет көрсету, өндіріс салалары қаржыландырылады.) және 125мфң долларға дейін (қызмет көрсету мен өндірісті қаржыландырылады).
Қазіргі таңда ЕҚҚДБ-і Қазақстанда 700млн. евро көлеміндегі 14 жобаны қаржыландырады.Сонымен бірге, үшінші жақтардың құралдарын қоса есептегенде, жалпы қаржыландыру сомасы 1.5млрд $ құрайды.
ЕҚҚДБ-і шағын және орта кәсіпорындарға несие ұсыну шеңберінде венчурлы капиталдың екі қорына шамамен 90млн.$ инвестициялады.
Бірақ, шетел банктер мен қорлардың көмегімен Қазақстандағы венчурлы бизнес мәселелерін шешуге болмайды. Венчурлы қаржыландырудыңұлттық жүйесін қалыптастыру үшін корпоративті инвесторлардың – сақтандыру компаниялардың, зейнетақы қорлардың және банктердың қатысу шарттарын анықтау қажет. Олардың қаржы құралдары венчурлы қорларға, резервтік қорларға және «тәуекел» операцияларды сақтандыру қорларға бағытталуы мүмкін. Осыған сәйкес еншілес венчурлы қаржы компаниялардың немесе қорлардың қалыптасу, өнеркәсіптік компаниялармен қаржы ресурстарын біріктіру шарттарын анықтау қажет.
Қазақстандағы венчурлы инвестиция мен бизнеске жүйелік сипат беру үшін инновациялық - венчурлы қорлардың желілерін құрған жөн. Және Республикалық Инновациялық қор негізгі звено болуы тиіс. Инновациялық қор кәсіпкерлік және ғылыми секторлар арасында өзара қатынасты қамтамасыз ете алады. Инновацияны қаржыландыру процесіне ішкі және шетел инвестицияларын жеке венчурлы капитал түрінде тарта алады.
Венчурлы компанияның өмір циклінің негізгі алты кезеңі. Стартқа дейінгі кезең. Seed «өсіруге арналған компания». Старт кезеңі: Start-up – «жаңа ғана пайда болған компания». Алғашқы өсу кезеңі Early Stag – «дамудың алғашқы қадамдары». Тұрақты өсу кезеңі: Expansion – «кеңейу». Тұрақты даму.
Do'stlaringiz bilan baham: |