Лекция Жалпы инновация түсінігі. ҚР инновациялық қызметтер туралы заңы. Инновациялар мен инновациялық тиімділік түрлері


тақырып. Шағын инновациялық бизнес



Download 428,67 Kb.
bet26/41
Sana23.02.2022
Hajmi428,67 Kb.
#181505
TuriЛекция
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   41
9 тақырып. Шағын инновациялық бизнес
18 лекция
1. Ірі компаниялардың инновациялық қызметі және шағын инновациялық компаниялардың қызметінің айырмашылығы.
2. Шағын инновациялық кәсіпорындардың негізгі мінездемелері.
3. Шағын инновациялық бизнестің рыноктағы орны.
4. Шағын кәсіпорындарды инновациялық процесстердің қалыптасу және жүзеге асу сатылары.

1. Әлемде шағын бизнестің қарқынды дамуы 60-шы жылдардың соңы – 70-ші жылдардан басталады. Шағын зерттеуші бизнес 1960 ж. қалыптасты. Шағын және орта зерттеу фирмалар ірі университет орталықтары қасында ұйымдастырыла басталған. Олар бірлесіп жер участкілерін жалға алып университеттің лаборатория және ақпараттық техникаларын қолдаңған. АҚШта Стенфорд университетінің қасында 3 мыңдан астам орта және шағын (адам саны 190-200 мыңдан астам құрайтын) электрондық фирмалар орналасқан. Олардың әр қайсысы 1-2 жаңа өнім түрін жарату және меңгеруге беимделеді. Жалпы алғанда олар белгілі түрдегі компьютерлік және электрондық компоненттерге әлемдік қажеттіліктің 20% қамтамасыз етеді. Бундай шағын фирмалардың қатарына венчуралық, эксплерент, патиент, комутант, виолент фирмалар т.б. жатады.


Шағын және орта кәсіпорындардың жалпы фирмалар санындағы үлесі Германияда 95%-дан, Жапонияда 99.7%-ға дейін ауытқып тұр. Бұл секторда барлық қызметкерлердің 45-75% жұмыс жасайды.
Жүз мыңдаған жабдықтармен байланысқан ірі өнеркәсіптік ұйымдар инновацияларды қоғамдық өндірістің кең салаларына таратты. Сонымен қатар, айтарлықтай жылдам және икемді болатын ұсақ капиталдар мен ұйымдар ғылыми-техникалық идеяларды өңдеу оларды енгізу үшін қолайлы және өтімділігі жоғары технологияларға жеткізу қызметін табысты орындайды. Инновациялық процестің осы бірінші кезеңдерінде шағын және орта кәсіпорындардың ролі өте маңызды болады.
Енді, шағын және орта кәсіпорындар қызметінің артықшылықтарын қарастырайық. Мұндай кәсіпорындар нарық конъюнктурасына және өндірістегі өзгерістерге жылдам бейімделеді. Ірі фирмалардың мүмкіндіктерінен едәуір жоғары болатын жаңа техника мен технологияны оперативті түрде құруға және ендіруге қабілетті. Келесі бір артықшылығы, фирмаларға инициативтілік, қарқындылық рухы тән.
Ірі фирмалар шағын бизнестің дамуына қызығушылық танытады. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, шағын бизнес инновацияның қайнар көзі және тәуекелді іс-шараларды жүзеге асыратын сала ретінде қызмет жасайды.
Шағын фирмалар несие алуда қиындықтармен соқтығысады. Өйткені, банктер ірі ұйымдармен байланыс орнатқанды қалайды. Әдетте, шағын фирмаларға салынған инвестициядан табыс 10-20 жылдан кейін алуға болады. Осыған орай, мұндай фирмалардың 80% ерте жойылады.
Жоғары технологиялық өндіріске маманданған шағын фирмаларға шаруашылықты жүргізудің өзіндік стратегиясы тән.
Олар төрт негізгі кезеңдерден қалыптасады:
1. Дамушы жоғары технологиялық фирмалар бәсекелестікке қызығушылық танытпайды, сондықтан тар маманданған өнімдерді құра отырып, пайданың үлкен бөлігін жаулап алуға ұмтылады.
2. Электроникамен айналысатын фирмалар ірі өндірушілерден комплекті бұйымдарды сатып алып шығындарды минимизациялайды.
3. Мұндай фирмалардың көпшілігі бір өнім (технология) өндірумен шұғылданады.Және олардың міндетті тұтынушылардың ерекше қажеттіліктеріне осы өнімнің немесе технологияның бейімделуі.
4. Барлық фирмалар өз дербестігін сақтау үшін бөтен капиталды аз тартуға ұмтылады.
Шағын фирмалардың менеджерлері банктерге оң қарамайды. Олардың пікірінше,банктер қаржылық қолдау көрсеткеннен гөрі, істі басқарғанды жөн көреді.

2. Инновациялық менеджметтін ұйымдастырылу құрылымдарында ерекше орынды шағын фирмалар алады. Шағын кәсіпорын – меншіктің әр түрлі негізінде халықшаруашылық салаларында құрылады және шаруашылық қызметтің барлық түрін жүзеге асырады. Қандай кәсіпорындар шағын бизнеске қатысты болады? Бұл сұраққа жауап жұмысбастылар санынан және капитал айналым көлемінен тәуелді. Сонымен қатар салалық мамандануы да ескеріледі. Бірінші критерийге байланысты әлемдік тәжірибеде 500-ге жуық адам жұмыс істейтін кәсіпорындар шағын және орта бизнеске қатысты болады. Мәселен, Германияда шағын бизнес тобындағы ко-да 49 дейін, Жапонияда 30-ға дейін, Францияда-50-ге дейін адамдар қызмет жасайды. Шығыс Европа елдерінде (Венгрия, Болгария және т.б) шағын ко-ғы жұмысбастылар саны 30-50 адаммен шектелген.


Шағын ұжым жаңа идеяларады анағұрлым жылдам қабылдай алады және дамытады. Шағын кәсіпорынға жеке тулғалар мен серіктестіктер немесе өндірістік кооперативтер түріндегі заңды тұлғалар, қызметкерлерінің орташа жылдық саны 50 адамнан аспайтын орташа жыл ішіндегі активтерінің жалпы құны есепті көрсеткіштің алпыс мың есесінен жоғары емес, кәсіпкерлік қызметімен шұғылданатын субъектілер жатады.
Шағын кәсіпорынның артықшылықтары мыналар:
- өндірістің маневр жасауға икемділігі;
- эксперименттер жасауға ынғайлылығы;
- шешім қабылдағанда икемділік қасиеті;
- нарыққа тез араласып, сіңісіп (кіріп) кетеді;
- жаңалықтарды тез қабылдайды;
- басқарудың қарапайымдылығы.

3. Инновациялық қызметтегі мемлекеттің орны оның ғылымға бөлген қаражаттарымен анықталады. Əлемдік тəжірибе көрсеткендей, дамыған елдерде ғылымға бөлген қаражаттары жыл сайын өсіп, ЖҰӨ-нің 2,5-3,8%-ын құрап отыр. Бұл қаражаттың 25-34%-ы мемлекет үлесіне тиесілі. Бұндай мемлекеттерге Оңтүстік Корея, Израиль, Швейцария, Жапония, Швеция,Финляндия кіреді. 90-шы жылдардың соңында Жапония ЖІӨ-нің 3,04%-ын, Америка 2,64%-ын, Еуропа Одағы 1,92%-ын ғылымға бөлді.


Ғылыми зерттеулерді қаржыландыруда мемлекеттің жəне коммерциялық құрылымдардың қатысу деңгейі Еуропа мен одан тыс жерлерде əптүрлі: егер Жапония мен АҚШ-та ғылымдағы коммерциялық құрылымдардардың үлестері сəйкесінше 75 жəне 77%-ы құраса, Еуропада 66%-ды құрайды. Еуропа елдерінің ішінен ҒЗТКЖ-ларды мемлекеттік қазынадан қаржыландырудан келесілер алдынғы орындарды алып отыр:
Португалия (70%), Италия ен Греция (50%-ға жуық), Польша (58%), Венгрия (53%),Словакия (48%) жəне Чехия (42%). Əлемдік нарыққа ғылыми өнімді шығарудан көшбасшы тұрған елдер ЖІӨ есебінен ғылымға бөлінген қаражаттарға қатаң бақылау орнатады. Ол үшін мемлекет тарапынан салықтық жеңілдіктер, бюджеттік қолдау, инвестициялар тарту, құрал-жабдықтар лизингі сияқты экономикалық механизмдер қолданылады. Əдетте əлсіз дамыған елдерде ЖІӨ есебінен ғылымға бөлінетін үлес- 0,5%-ды құрайды. Қазақстан да осындай елдердің құрамына кіреді. 2005 жылы Қазақстан зерттеулер мен əзірлемелерге ЖІӨ-нің 0,29%-ын бөлді, соның ішінде бюджеттің қатысуы 51,2%-ды құрап огыр. Осындай шектеулі қаржыландырудың арқасында Қазақстанның əлемдік нарыққа ғылыми өнімді шығару деңгейі нөлге тең болады.Басқа елдермен салыстырсақ, ғылыми өнімді шығару жағынан əлемдік нарықтағы Ресей үлесі 0,3-0,5%, Еуропа Одақ елдері-35%,АҚШ-25%,Жапония-11%,Сингапур-7%,Оңтүстік Корея-4%, 38 Қытай-2%. Ғылыми өнімді шығару жағынан əлемдік нарықтағы мемлекеттер үлесі ғылыми-техникалық жəне инновациялық қызмет тиімділігінің көрсеткіші болып табылады].
4.



Download 428,67 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   41




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish