Лекция Жалпы инновация түсінігі. ҚР инновациялық қызметтер туралы заңы. Инновациялар мен инновациялық тиімділік түрлері



Download 428,67 Kb.
bet27/41
Sana23.02.2022
Hajmi428,67 Kb.
#181505
TuriЛекция
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   41
19 лекция
5. Шағын инновациялық бизнесті мемлекеттік қолдау (шет ел тәжирибесі).
6. Венчурлы бизнестің ерекшеліктері мен маңыздылығы.
7. Венчурлы капитал артықшылығы мен кемшіліктері.
5. Инновациялық қызметті дамыту жолында жетістіктерге жеткен мемлекеттердегі басқарудың мемлекеттік институттары жаңа техниканы енгізудің тəуекелдіктерді төмендету, ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету, нарық субъектілерінің ғылыми-зерттеу əзірлемелер бағытындағы басымдықтарды анықтайды. Ғылыми-техникалық прогреспен байланысты қауіп-қатерлерді төмендету үшін мемлекет дамыту субъектісі ретінде үлкен қаражаттар жұмсайды. Еуропа мен Солтүстік Американың дамыған елдерінде инновациялық қызмет экономиканы дамытудың негізгі факторы болып табылады. Еуропаның түрлі елдерінде ірі жəне шағын инновациялық кəсіпорындардың үлесі 60-тан 90%-ға дейін жетеді. Қазақстан Республикасы инновациялық қызметті мемлекеттік баспалдақтарында тұр. Қазақстан үшін инновациялық қызметті қолдаудың экономикалық жағынан дамыған мемлекеттердің тəжірибесімен танысу өте маңызды болып келеді. Мысалы АҚШ-тың мол тəжірибесімен танысу инновациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың күрделі жүйесінің құрылымы туралы көптеген қорытындылар жасауға көмек береді. АҚШ-тың инновациялық инновациялық қызметінің заңнамалық негізі 1980-1990 жылдары Конгреспен қабылданған мемлекеттік актілері болып табылады. Олардың ішіндегі маңыздылары: Доул-Бейлидің «Федералды патенттік саясат туралы», С.Уайлдердің «Технологияларды жіберу туралы»(1980,1986), «Бəсекеқабілеттілік пен технологияларды жіберу туралы»(1988), «Критикалық технологиялар туралы», «Американдық технологияның артықшылықтары туралы», «Технологияларды мемлекеттік жіберу туралы»(1995). АҚШ-та инновациялық қызметтегі мемлекеттік саясатты анықтайтын 20-ға жуық федералды заң мен актілері бар.
АҚШ-та инновациялық қызметті басқаратын əртүрлі мемлекеттік органдар мен мекемелер бар. Алайда мемлекетте инновациялық қызмет үшін жауапты бірегей орган жоқ. Федералды деңгейде инновациялық қызметке 39 қатысы бар енгізгі органдар: Президент əкімшілігі жанынан құрылған ғылыми-техникалық саясат басқармасы, Конгресстің ғылыми комитеттері, оның зерттеу қызметтері, бюджеттік басқарма. Ғылыми-техникалық саясатты құруда маңызды рөлді мемлекеттік емес органдар атқарады: Ұлттық зерттеу одағы, ғылымды дамытудың Американдық ассоциациясы, РЭНД корпорациясы жəне т.б. Өндіріске жаңалықтарды енгізу процесін тездету мен технологиялық прогресті үйлестіру жұмыстарын бақылауға жауапты мемлекеттік орган - Сауда Министрлігі. Оның құрамында стандарттар мен технологиялардың ұлттық институты, технологиялық ақпараттың ұлттық мекемесі жəне технологиялық саясат басқармасы сияқты үш құрылымды біріктіретін технологиялар əкімшілігі құрылды.
Технологиялық саясат басқармасы - федералды үкіметте ұлттық инновациялық саясатты жүзеге асыруда бірден бір маңызды орган. Яғни бұл орган өндіріс салаларының даму ерекшеліктері мен қажеттіліктерін зерттейді, отандық жəне əлемдік нарықтарға инновациялық технологияларды өндірістік компаниялардың тездетіп шығаруы мен əзірлемелер жасауына əсер ететін факторларды анықтайды. Қазіргі кезде АҚШ-тың инновациялық дамыту облысындағы мемлекеттік саясат келесі міндеттерді атқаруға бағытталған:
- жеке сектордың бəсекеқабілеттілігін арттыратын, инновация саласындағы қызметін белсенді жүргізу үшін қолайлы климат жасау;
- инновациялық əзірлемелерді іске асыру жəне ғылыми зерттеулерді қаржыландыру;
- АҚШ өндірісінің бəсекеқабілеттілігін арттыру үшін ХХІ ғасыр инфрақұрылымын құру;
- азаматтық жəне қауіпсіздік ҒЗТКЖ-лардың интеграциясы, яғни алда қойылған міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету;
- ғылымға негізделген жəне үнемі өзгермелі экономика жағдайына белсенді маманданған жұмыс күшін даярлау.
АҚШ-тың ғылыми-техникалық жəне инновациялық дамуын мемлекеттік басқарудың негізгі механизмі бюджеттен тікелей қаржыландыру болып табылады. Бұдан басқа ғылыми-техникалық зерттеулер мен əзірлемелерді қолдаудың маңызды принциптерінің бірі инновациялық қызметті жанама бақылаудың түрлі əдістері қолданылады. Олар:
- салықтық жеңілдіктер. Жеке кəсіпкерлік сектордың инновациялық қызметі үшін қолайлы жағдайларды құру үшін:
1) ҒЗТКЖ-ларға кеткен шығындарды өнімнің өзіндік құнына кіргізу;
2) ғылыми құрал-жабдықтарды шығару кезінде амортизацияның тездетілген нормаларын қолдану;
3) ғылыми-техникалық жобаларды несиелеуде жеңілдіктер беру;
4) инновациялық кəсіпорындарды ұйымдастыру үшін жеңілдік шарттармен не ақысыз түрде мемлекеттің меншігіндегі мүліктерді немесе жер учаскелерін беру.
- сыртқы сауда саясаты. Яғни, жоғары технологиялы қызметтер мен өнімдер экспортын бақылау мен жетілдіру жəне ғылыми-техникалық сала мен өндірістің негізгі факторы болып табылатын тікелей шетелдік инвестицияларды тарту;
- инновациялық қызметті заңнамалық қамтамасыздандыру. Патент саясаты мен авторлық құқықтарды қорғау саясатын мемлекеттік инновациялық қызметтің ажырамас бөлігі ретінде қарастыру;
- инновациялық қызметті басқарудың маңызды механизмі болып табылатын федералды келісім-шарттық жүйені ауқымды қолдану;
- антимонопольді заңдарға өзгертулер енгізу - ғылыми зерттеулер мен əзірлемелерді бірлесіп жүргізу үшін консорциумдар мен жеке кəсіпорындардың бірлестігін құру кезіндегі кейбір шектеулерді алып тастауға бағытталған.
АҚШ-тағы шағын иновациялық кəсіпкерлікті қолдау үкіметтік деңгейде 5,5 млрд. долларды құрап отыр, алайда жеке қолдау бұл соманың 17%-нан аспай отыр. АҚШ-та шағын инновациялық кəсіпкерлікті қолдаудың арнайы бағдарламасы бар, оның ішінде шағын кəсіпкерлікті қолдау мен дамытуға қарыздар беру- 0,8 млрд. доллар, мемлекеттік инвестициялар-3,1 млрд.доллар, шағын кəсіпоындардың шығындарын бірлесіп жабу-0,6 млрд.доллар бөлініп отыр.Осы шараларды үкімет іске асырады. Қолдаудың жеке формадлары да бар. Оларға тəуекелді венчурлық қорлар(0,75 млрд.доллар) жəне жеке инвесторлар жатады [15].
Жапонияға келетін болсақ, бұл ел жоғары технологияларды дамытудан алдыңғы орындарға ие болып отыр. Жапонияның ЖІӨ құрамындағы шағын инновациялық кəсіпорындар үлесі 52%-ды (3 трлн.доллар шамасында), капитал салымдарында-40% шамасында, ал барлық жапон өнімінің экспортында 15%-ды құрап отыр. Осы жағдайда мемлекеттің рөлі өте маңызды. Жапонияның кəсіпкерлік жүйесі мемлекеттің негізгі екі жүйесін қолданады. Біріншіден, бұл мамандандырылған мемлекеттік мекемелер- бұл шағын инновациялық кəсіпорындардағы жиналыс комиссиялары, оларды қолдайтын басқарма, аймақтық қызметтер, кіші префектуралық органдар, дамытудың мемлекеттік корпорациясы, шағын инновациялық кəсіпорындар Академиясы жəне т.б. Екіншіден, қаржылық кепілдіктер мен қаржылық көмек. Оны мемлекеттік қаржылық корпорация жүзеге асырады. Оның құрамында 59 филиал, ұлттық қаржылық корпорациялар, сауда жəне өндірістік корпорациялардың орталық банкі, шағын инновациялық кəсіпорындардың несиелерін сақтандыратын корпорация, инновациялық кəсіпорындар кіреді. Сонымен қатар Жапонияда шағын инновациялық кəсіпорынды несиелендірудің арнайы механизмі қолданылады жəне оны «жұмсақ займдар» деп атайды. Яғни егер жай несие жылына 4-8%-ға берілсе, «жұмсақ займ» инновациялық қызметпен айналысатын кəсіпорындар үшін несиені 2-4%-ға беріледі.
Осымен қатар инновациялық кəсіпорындарды корпоративке біріктіру саясаты да белсенді жүзеге асырылуда. Бұл шағын инновациялық кəсіпорындар үшін тиімді, өйткені оларға жаңа технологияларды жүзеге асыру үшін жер, жеңілдікті шарттармен несиелер, транспорттық құрал-жабдықтарды сатып алу үшін қаражаттар беріледі.
Көршілес елдер, соның ішінде Ресейдің мемлекеттік инновациялық қызметті қолдаудың тəжірибесіне де баса назар аудару өте маңызды. Ресейде инновациялық қызметті дамытуға өнеркəсіп, ғылым жəне технология Министрлігі жəне РФ-сының білім Министрлігі жауапты. Сонымен қатар Ресейде мемлекеттік деңгейде өткен ғасырдың 90-жылдардың басынан технологиялық дамыту қоры, ғылыми-техникалық салада шағын кəсіпорындарды дамыту қоры, Санкт-Петербургтегі ғылыми-техникалық дамытудың аймақтық қоры жұмыс жасап отыр. 1997 жылдан бастап «Ғылыми-техникалық сферада инновациялық қызметті ынталандыру» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылып отыр. Оны білім Министрлігі, ғылым Министрлігі,Ресейдің технологиялық дамыту қоры жəне жəрдемдесу қоры бірігіп жүзеге асырады, сондықтан оны «төрттіктің бағдарламасы» деп те атайды. Оның мақсаты- инновациялық қызметтің жаңа заманғы инфрақұрылымы болып табылатын инновациялық технологиялық орталықтарды(ИТО) құру. ИТО- бұл бір жерде орналасқан көптеген шағын кəсіпорындар конгломераты. Оған шағын кəсіпорындарды қолдау үшін күрделі қаржы салымдары бөлінеді. Осы бағдарламаның нəтижесінде 18 ИТО құрылды жəне алдағы жылдары 44 мемлекет олардың санын екі есеге өсірмек болып отыр. 1999 жылы инновациялық инфрақұрылымның тағы да бір жаңа элементі- ғылым мен жоғары технологиялардың федералды орталықтары(ҒЖТФО) пайда болды. 1999 жылғы Үкіметтің «Ғылым мен жоғары технологиялардың федералды орталықтарын құру туралы» қаулысына сəйкес, ҒЖТФО мəртебесі экономика саласындағы жоғары технологиялы салалардың маңызды мəселелерін шешетін ғылыми кəсіпорындарға берілуі тиіс.
ҒЖТФО статусын иеленген кəсіпорындар мемлекет тарапынан кепілді қаржыландыру мен əртүрлі жеңілдіктерге ие болады. Ресейде қазіргі кезде 40 мыңға жуық шағын инновациялық кəсіпорындар жұмыс істеуде. Аймақтарда 70-ке жуық технологиялық парктер мен 40-қа жуық инновациялық-технологиялық орталықтар орналасқан. Олардың құрамына əзірлемелермен айналысатын жəне ғылыми, бəсекеге қабілетті өнімді шығаратын жүздеген шағын кəсіпорындар кіреді. Яғни Ресейдегі инновациялық саясаттың мақсаты-тұрақты экономикалық өсу үшін жағдайларды жасау, инновациялық өнімді сыртқы жəне ішкі нарықтарға шығару, импорттық өнімдерді жоғары технологиялы жəне бəсекеге қабілетті отандық өнімдермен алмастыру.
Инновациялық қызметтің шетелдік тəжірибесін жалпыласақ, мемлекеттің инновациялық саясат шаралары инновациялар үшін қолайлы əлеуметтік-экономикалық ортаны қамтамасыз ететін жəне инновациялық процестерді тікелей реттейтін болып екіге бөлінеді. Инновацияларды таратудың маңызды жалпыэкономикалық шарттары бəсекеқабілеттілікті ынталандыру, монополияларды шектеу болып табылады

6. Венчуралы бизнес «тәукелді» технологияны өнеркәсіпке жеткізумен байланысты іс-әрекет. Венчуралық бизнес – жаңа өнімді зерттеу, әзірлемелеу және өндіруге мамаңданатын шағын фирмалар түрінде болады. Оларды ғылыми-зерттеушілер, инженерлер, новаторлар ұйымдастырады. Венчуралық фирмалар ойлаб шығарудың белсенділігінің даму кезеңіңде, бірақ ғылыми ізденуінің бәлсенділігінің төмендеу кезеніңде жұмыс атқарады.


Венчуралық фирмалар – белсенді кіші фирмалар, олардың негізгі қызмет саласы зерттеулер, жаңа өнімдерді шығару.
Венчуралы фирмаларды ұйымдастыру келесі компонеттердің болуын талап етеді: инновациялық идеяны, ұсынылған идея негізінде жаңа фирманы ашуға дайын болған кәсіпкердің болуы, қаржыландыру үшін тәукелді капиталдын болуы.
Венчуралық қаржыландыру екі негізгі түрде болады: жаңа фирмалардың акцияларын сатып алу немесе әр түрлі кредиттер түрінде.
Венчуралық капитал тек ірі компаниялардың салымдары ғана болмай, банктердің, мемлекеттің, сақтандыру, зейнеткерлік қорлардың тәуекелі жоғары деңгейдегі сфераларға салымдары.
Шағын бизнестің тәуекелділік деңгейіне байланысты, орташа есеппен алғанда әрбір он венчурлік фирмалардың тек бір-екеуі ғана жетістікке жететін фактісі белгілі. Тағы да инновациялық жобалардың көңіл толтырмайтындығы: орташа алғанда жүзден тек екеуі ғана қаржыландырылады.
Жоғары тәуекел сонымен қатар, оның жоғары дәрежеде орнын толтыруымен де сипатталады. Инновациялық жобаларды енгізуден мүмкін пайда нормасы бұрынғыға қарағанда жоғары болуы мүмкін, бұның өзі инновациялық салаға және сәйкес шағын бизнестің өмір сүруіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қысқа салаларды қамтитын инновациялық жобаның жүзеге аспау қаупі жоғары екенін есте сақтау қажет. Егер осындай жобалар көп болып, олар салалық жоспарда жайғастырылса, заң бойынша тәуекел саны төмендейді және инновациялық бизнестің жетістікке жету ықтималдылығы жоғарылайды. Сондай-ақ, сәтті соншалықты, ол сәтсіз басталған барлық шығындардың орнын толтыра алады. Осыдан тәжірибе жүзінде дәлелденген инновациялық жобаларды орталықтандырумен және қаржылық тәуекелді диверсификациялау негізінде оларды енгізуді ұйымдастырумен айналысатын венчурлік қор деп аталатын қызмет ету тиімділігі дәлелденеді. Мұндай қорларда шетелде шағын инновациялық фирмаларды қаржыландыруға арналған капитал шоғырланады.
Венчурлік кәсіпкерліктің көптеген ұйымдастырушылық формалары бар. Олардың ішінде «тәуелсіз», көбінесе инвестициялық қор капиталын пайдаланатын ұсақ, инновациялық фирмалар, сыртқы венчурлік қор капиталы деп аталатын, өнеркәсіптік корпорациялардың үлестік негізде ұйымдастырылған енгізушілік фирмалар, ерікті венчурлі бөлімше ретіндегі кәсіпкерлік топтың негізі болып табылатын корпорацияның «ішкі венчурлі бөлімі» («спин офф»).
Оның ұйымдастырушылық құрылымы икемді, динамикалы, жаңа формаларды шығарып басқа құрылымдармен оңай әсерлесе және үйлесетін венчурлік бизнес жіктеуінің басқа да нұсқалары болуы мүмкін.
Үлкен қызығушылықты өнеркәсіптік корпорациялармен құрылатын венчурлік қорлар тудырады. Ірі компанияларда жүздеген кәсіпқой мамандарды біріктіруші жеткілікті шашыраңқы ҒЗТКЖ қызметтері бар. Осы буындарда нарықтық стратегиялардың өзгеруі, диверсификацияларды ұғыну талап етілетін үнемі құрылымды қайта ұйымдастыру жүреді. Әрине, барлық зерттеулер және өңдеулер табыс әкелмейді, сондай-ақ ол корпорацияның жаңа салаларға және жаңа нарықты иемденуге кіргенде жоғарылайды. [16]
Шетелдегі венчурлы бизнес. Ғылыми-техникалық саладағы шағын бизнес нашар ғылыми – техникалық нәтижелер мен қаржылық шығындардың болу тәуекелімен байланысты.Ғылыми –техникалық прогресс саласындағы шағын бизнесті венчурлы кәсіпкерліктен бөлі қарай алмаймыз. Бұл жүйе оның қызмет жасауын қамтамасыз ететін институттар мен қызметтерді өз ішіне алады.
ХХғ. 50-60-шы жылдары АҚШ-та жоғары коммерциялық әлеуетіне ие жаңа технологиялық жасауларды қаржыландырудың ерекше формасы «венчурлы бизнес» пайда болды. Венчурлы капитал «Силикон даласы» компаниясы жасайтын компьютерлерге қажетті алдыңғы қатардағы технологияларды жасау мен жүзеге асыруға бағдарланған шағын және орта жеке кәсіпорындардың бастапқы кезеңдерін дамытуды қаржыландыру үшін пулдар түрінде қалыптасты. Жеке бизнесті қаржыландырудың балама көзі ретінде венчурлы капитал Еуропада тек 70-ші жылдардың соңында пайда болды.
«Венчурлы бизнесте» кәсіпкерліктің екі түрі үйлесімдікте болады: қаржылық және инновациялық..

7. Венчурлы капитал – бұл тікелей инвестициялау капиталының қайнар көзі және жеке фирмаларға қаржы құралдарын салу формасы. Венчурлы капитал бастапқы даму кезеңіндегі, даму кезеңіндегі немесе бизнесті кеңейту кезеңіндегі компанияларға тікелей инвестиция түрінде салынады.


Венчурлы капиталист – бұл синдикатты инвестор мен кәсіпкердің арасындағы делдал. Бұл инвестициялау типінің ерекшелігінің бірі. Бір жағынан, венчурлы капиталист инвестицияны салу объектісін таңдау туралы шешімді дербес қабылдайды, директорлар кеңесінің жұмысына қатысады және де осы компанияның бизнесін дамыту мен кеңейтуге жағдайлар жасайды. Екіншіден, инвестицияны жасау туралы соңғы шешімді инвесторлардың мүдделерін ұсынатын инвестициялық комитет қабылдайды. Нәтижесінде, венчурлы инвестор алған пайда барлық инвесторларға тиесілі болады. Ол пайданың бір бөлігін ғана алуға құқылы. Бұл принциптер венчурлы капиталдың бастапқы қалыптасу кезеңінде жасалады.
Оның негізін қалаушылар: Т.Перкинс, Ю.Клейнер,Ф.Кофилд, Б.Байерс және тағы басқалар. Инновациялық процестегі венчурлы капиталдың алатын орны төрт өзара қиылысқан желілерге бөлінеді. (сурет 10). Біріншісін, әдетте, капиталды шоғырландыру үшін пайдаланады. Бұл – венчурлы қорлардың инвесторлармен басқа инвестициялық фирмалар.
Екінші желі әлеуетті инвестицияларды іздеу мен анықтау үшін пайдаланылады. Және жетістікке жеткен кәсіпкерлерден, басқа да венчурлы капиталистерден, заңгерлерден құралады. Үшінші желі –венчурлы фирмалар және арнайы қызмет көрсететін қызмет (кеңестік, заңдық, бухгалтерлік). Төртінші желіні еңбек және басқа да ресурстардың қайнар көздері құрайды. Істі бастау, өндірісті жалғастыру мен өнімді өткізу үшін менеджерлер мен басқа да мамандарды қызметке алуға мүмкіндік беретін байланыстарға негізделген.
Венчурлы инвестиция шағын және орта жеке немесе жекешелендірген кәсіпорындарға ешқандай кепілдемесіз жасалады. Оның банктік несиелеуден ерекшелігі осында.
Венчурлы инвестор, әдеттте компанияның бақылау пакет акциясына иемденуге ұмтылмайды. Компанияға бақылау орнатуға ұмтылатын «стратегиялық инвестордан» негізгі ерекшелігі болады. Бақылау пакетінен аз үлесті немесе акциялар пакетін иеленген инвестор өз ақшасын бизнестің едәір жылдам өсімін және жамуын қамтамасыз етуге қаржылық иін ретінде компания менеджменті пайдаланады. Инвестор оның өкілетті адамдары қаржылық тәуекелден басқа (техникалық, нарықтық, басқару, баға, т.б.) тәуекелдерді өз мойнына жүктемейді. Аталған тәуекелдерді компания және оның менеджерлері өз мойнына алады.
Сурет 10. Инновациялық процестегі венчурлы капиталдың алатын орны.

Қаржы жүйесінің екі моделі бар:


1. экономикаға инвестицияны қаржыландыруда банктерге сүйенетін континенталды – европалық жүйе;
2. капитал нарықтары нақты секторды қаржыландыруда белсенді рол ойнайтын -американдық жүйе;
Осы моделдерге сәйкес жоғарғы технологиялық секторды қаржыландыру формалары қалыптасады. Осы ерекшеліктерге сай АҚШ-та қаржыландырудың венчурлы формасы қалыптасып, кеңінен тарай бастады. (кесте1.)

Кесте 1. Әлемдегі венчурлы капиталдың таралуы.





Ел немесе аудан

Инвестиция көлемі(млн.$. ағымдық бағада)

1995жыл

2000жыл

1.АҚШ

4566

103170

2.Ұлыбритания

19

2937

3.Жапония

21

1665

4.Германия

13

1211

5.Франция

8

1124

6.Гонконг

245

769

7.Сингапур

5

651

8.Швеция

-

560

9.Израиль

8

474

10.Үндістан

3

342

Бұл жайт келесімен байланысты, инновациямен айналысатын фирмаларды қаржыландыру мемлекеттік және жеке инвесторлар, коммерциялық ұйымдар мен жеке тұлғалар үшін пайдалы болады. Бұл саладағы инвестицияның орташа көлемі Америкада 1992 жылы 3.5 млн-нан 90-жылдардың соңында 7 млн-ға дейін өсті. Инновациялық қызметппен айналысатын фирмаларға салынған жалпы капитал көлемі бойынша әлемдік көшбасшы АҚШ болды. Қазіргі таңда әлемдегі венчурлы инвестицияның жартысы АҚШ-тың үлесінде.


Шағын инновациялық фирмаларды немесе ірі компаниялардағы жеке жобаларды ұйымдастыру және қаржыландыру формаларын Жапонияда, Ұлыбританияда, ГФР-де, Францияда, Швецияда, Венгрияда, ҚХР-де және тағы басқатәжірибе жүзінде пайдалануда.
Тәуекелді капиталдың еуропалық және жапондық варианттары күшті мемлекеттік қолдау барысында дамыды. Мұнда мемлекет қаржыгер, ұйымдастырушы, ақпарат қайнар көзі, тапсырыс беруші ролін ойнайды. Өйткені, бұл елдердің кәсіпкерлері жоғары тәуекелден гөрі қаржылық қауіпсіздікті және ірі ұйымдардың қамсыздандырылғанын қалайды. Ірі фирмалар жасауларды, жаңалықтарды ендіруді де бақылауда ұстайды, ал тәуекел бизнесі ішкі фирмалық ұйымдасуда болады.



Download 428,67 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   41




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish