Лекция Жалпы инновация түсінігі. ҚР инновациялық қызметтер туралы заңы. Инновациялар мен инновациялық тиімділік түрлері


тақырып. Қазақстан Республикасындағы инновациялық саланың жағдайы



Download 428,67 Kb.
bet36/41
Sana23.02.2022
Hajmi428,67 Kb.
#181505
TuriЛекция
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
12 тақырып. Қазақстан Республикасындағы инновациялық саланың жағдайы.
27 лекция
1. Қазіргі күнгі Қазақстандағы инновациялық саланың өсу деңгейі.
2. Қазақстандағы инновациялық қызметті бағалайтын көрсеткіштер деңгейі.
3. Инновациялық саланың дамуына кедергі жасаушы мәселелер.

1. Қазақстандағы инновациялық қызмет индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттік стратегиясы қабылданғаннан кейін ғана дами бастады. Əрине сол күнге дейін республикамызда инновациялық қызметтің дамуына қажетті жағдайлар жеткіліксіз түрде жасалынып отыр. Əйтсе де, инновациялық кор мемлекеттік қаржыландырудың арқасында көптеген инновациялық жобалар жасап, оларды іске асырып отыр.


Инновациялық өнімдердің құрылымында ең үлкен үлесті жетілдіруге ұшыраған өнімдер алып отыр. Яғни бұл белгілі бір өнімдердің сапалық сипаттамаларын жақсартуға, ең жоғары тиімді компоненттерді немесе материалдарды, бір немесе одан да көп техникалық қосалқы жүйелерді жартылай өзгертуді (кешенді өнім үшін) пайдалану арқылы өндірістің экономикалық тиімділігін арттыруға арналған қолда бар өнім болып табылады.Бұл əрине инновациялық қызметті белсенді жүргізуге, сондай-ақ сыйымды өндірісті жедел дамытуға, кəсіпкерлік қызметтің инновациялық сипатын күшейтуге мүмкіндік береді. Ал бұл өз алдына мемлекеттің экономикалық саясатын дамытып, экономика салаларын əртараптандыру арқылы дамудың шикізаттық бағытынан қол үзу арқылы елдің тұрақты дамуына қол жеткізуге өз үлесін қоса алады. Бұндай тауарлар Қазақстанда барлық инновациялық өнімдердің 64,3%-ын алып отыр. Ал қайтадан немесе елеулі технологиялық өзгерістерге ұшыраған өнімдер инновациялық өнімдердің 28,6 %-ын алып отыр. Яғни бұл технологиялық сипаттамалары ескірген немесе шамаланған пайдалануда болған тауарларға жаңа, не осыған ұқсас бұрын шығарылған өнімдерден елеулі айырмашылығы бар өнім. Қазақстанда көбінесе мұндай иновациялар негізіндегі жаңа технологияларда немесе бар технологиялардың жаңа пайдалануға сəйкес келуі немесе зерттеулер мен əзірлемелер нəтижесін пайдалануда негізделді. Осылардың ішінде ең аз үлесті (7,1%) өзге де инновациялық өнімдер алып отыр. Бұл біздің республикамызда өндірістің күрделі салалары бойынша инновацияның даму деңгейінің əлі төмен екендігін көрсетеді.
Облыста республикалық және аймақтық индустрияландыру Картасы аумағында 2009 жылы 8 жоба жүзеге асырылатын болады.
Олар:
- «Тарақталған және иiрiлген жiп өндiру»,
- «Гигроскопиялық мақта, мақта целлюлозамен шикiзатты мақтадан жасалған техникалық карбоксиметилцеллюлозаның өндiрiсi,
- «Иiрiлген жiп және дайын мата өндiрiсi»,
- «Керамикалық гранит өндiру»,
- «Жоғары сапалы техникалық және трансмиссиялық майлар өндiрiсi»
- «Цемент зауытының құрылысы»,
- «Күркетауық өсiру және етiн өңдеу бойынша құс комплексiн құру»,
- «Мақтаның асыл тұқымын өндiру зауыты» жобалары.
Осы жобаларды жүзеге асыру барысында жалпы құны 55,3 млрд.теңгенi құрайтын құрылыс жұмыстары жүргiзiледi. Осы құрылыс жұмыстарына бүгiнгi күнi 1975 адам тартылып отыр. Кәсiпорындар толық iске қосылғанда 2200-ге жуық адам тұрақты жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз етiлетiн болады.
Облыстың өнеркәсiбi – нақты сектордың негiзiн қалаушы және айқындаушысы екенi белгiлi. Өнiмнiң бәсекелестiк қабiлетiн бүгiнгi күннiң талабына сай арттыратын, тұрақты жұмыс iстейтiн кәсiпорын - облыс экономикасының өсуiнiң кепiлi болып табылады.
Облысымызда өнеркәсiп орындарында шығарылатын бiрқатар өнiмдер «Santo», «Доня», «Petro Kazakstan», «ЭкоПродуктГрупп» атты брендiлерi арқылы сыртқы нарықта танымал болуда.
2010 жылы экспортқа бағытталған өнiмдердiң санын көбейту, атап айтқанда: жаңа кәсiпорындарының брендтерiнiң бiрi «НILL», «Азия Керамик» өнеркәсiп орындарының өнiмдерiн сыртқы нарыққа шығару - бiздiң негiзгi мақсатымыз болуы тиiс.
Облыстың 2009-2011 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарына сәйкес 2010 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын тамшылатып суару әдiсiн 20 000 (жиырма мың) гектарға, 2011 жылы және 25 000 (жиырма бес мың) гектарға жеткiзу жоспарланған.
Ауыл шаруашылығында инновациялық тәжiрибенi енгiзу мақсатында 2010 жылдан бастап сүттi мал шаруашылығында эмбрионды трансплантациялау әдiсiн, мақтаны зиянкестерден биологиялық қорғау әдiсiн, биогаз және органикалық тыңайтқыш шығаратын биореакторлар жасап, кеңiнен тарату, мақсарының жаңа сорттарын, мақтаның М-4007, «Береке», «Мырзашөл 80» сияқты жаңа сорттарын шығару, асыл тұқымды шаруашылықтарды көбейту шараларын қолға алу жоспарлануда.
Шаруашылықтағы процестердi механикаландыру деңгейiн арттыру жөнiнде бiршама жұмыстар межеленiп отыр.
2010-2014 жылдары қайта өңдеу саласында 14 ет өңдейтiн, 33 сүт өңдейтiн және 19 көкөнiс өнiмдерiн қайта өңдейтiн кәсiпорындар iске қосылмақ.
Нәтижесiнде 2014 жылы облыс бойынша өндiрiлетiн ет пен сүттiң қайта өңдеу көлемiнiң үлесi 40%, ал көкөнiс өнiмдерiнiң үлесi 25%-ды құрайтын болады.
2. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы әлемдік экономикада тым үлкен салмаққа ие мемлекеттер қатарына жатпайды. Мысалы, дүниежүзілік мұнай өндірісіндегі оның үлесі 2,0 %, түсті металдар өндірісіндегі үлесі 5 % шамасында. Солай бола тұрса да Қазақстан экономикалық болашағы зор мемлекет деуге толық негіз бар. Және ол ең алдымен аса мол қазба байлықтарға байланысты. Қазіргі күнге 1225 минералдық шикізаты бар 493 кен орыны белгілі. Оның үстіне 2000 жылы аса үлкен Қашаған кен орынының ашылуы Қазақстанды мұнай қоры жөнінен бірінші бестікке кіргізіп отыр
Бірақ, бүгінгі заманда қазба байлыққа негізделген дәстүрлі, индустриалды экономика мемлекет қуатының биік деңгейін қамтамасыз ететін әлеуетінен айрылып қалды. Бұрын ғылым мен техниканың жекелеген жетістіктерін пайдалана білу арқылы жекелеген елдер алдыңғы орынға шықса, ол енді бәсекеге шыдауға мүмкіндік туғызатын басты құрал ғана болып қалды. Білім еңбек өнімділігін айқындайтын ең негізгі көрсеткішке айналды. Білім мен ақпараттың әлемді бір сәтте жаулап ала алатын қабілетке ие болуының арқасында жаһандану құбылысы пайда болды. Мемлекеттер арасындағы экономикалық шекара жойылды десек те болады. Күні кеше ғана бітіспес бәсекелес еуропалық және америкалық немесе жапондық және америкалық алпауыт компаниялар бір-бірімен бірігуге көшті, өйтпеген күнде бәсекелестікке төтеп беру, саптың алдындағы орынын сақтап қалу қиынға айналды. «Бәсекелестікке қабілеттілік» ұғымы бүгінгі күннің басты ұғымына айналды.

кесте - ТМД елдерінің бәсекеге қабілеттілік критерийлері(2007-2008 ж.)






Ресей

Қазақстан


Өзбекстан

Әзірбайжан

Украина

Тәжікстан

Қырғызстан

Жаһандық бәсекеге қабілеттілік

58

61

62

66

73

117

119

«Негізгі критерийлер»,

68

66

69

65

90

114

122

А индексшесі






















1.Институттар

116

80

56

83

115

88

127

2.Инфрақұрылым

65

71

66

60

77

109

110

3.Макроэкономикалық тұрақтылық

37

25

103

23

82

127

128

4.Денсаулық сақтау және бастауыш білім

60

94

59

103

74

104

96

«Тиімділік күшейткіштері», В индексшесі

48

58

76

84

66

124

112

5.Жоғары білім және кәсіби дайындық

45

57

49

89

53

106

87

6.тауар мен қызмет нарығының тиімділігі

84

63

66

95

101

119

118

7.Еңбек нарығының тиімділігі

33

15

43

46

65

72

67

8.Қаржы нарығының даму деңгейі

109

80

115

91

85

124

12

9.Технологиялық деңгей

72

77

84

83

93

123

29

10.Нарық өлшемі

9

56

70

71

26

118

117

«Инновация және бизнес дамуының» С индексшесі

77

77

51

68

75

108

121

11.Компанияның бәсекеге қабілеттілігі

88

85

59

80

81

121

117

12.Инновациялық әлеует

57

75

42

54

65

97

120

Осы жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингінің 2008-2009 жылдарға арналған соңғы кестесімен салыстыратын болсақ, онда біздің еліміз үшін теріс бағыттағы біраз өзгерістерді байқаймыз. «Мектептің менеджменттік сапасы» бойынша 95 орында, ал «Жаңа технологияға қол жеткізуде» - 90, «Шетелдік тікелей инвестициялар мен технологиялық трансфертте» - 101, «Интернет жүйесіне тіркелгендердің саны(статмәлімет)» бойынша – 106, «Интернетті пайдаланушылардың саны (статмәлімет)» бойынша – 112 орында тұруымыздың өзі көп нәрсені аңғартады деп ойлаймыз. Біздің еліміздің көрсеткіштері бір жылдың ішінде 12 позицияның 9-да кері кеткенін көреміз.


Нарыққа көшерде ТМД-ның басқа елдерімен салыстырғанда стратегиялық шикізат ресурстарына бай Қазақстан әлдеқайда қолайлы экономикалық жағдайда болды. Бірақ, шикізатқа ғана сену елді әлемдік конъюнктураға бағынышты етіп қояды. Экономика әсіресе қазіргі таңда ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалана отырып, ресурстарды үнемдеуші технологияларды өндіріске енгізе отырып қана дами алады.
Бұл өнеркәсіптік өндірісті инновациялық, инвестициялық және құрылымдық тұрғыдан қайта құрумен, қызметтің жаңа түрлерінің дамуымен тікелей байланысты. Шикізатқа деген тәуелділікті азайту үшін отандық экономика салаларын әр-тараптандыру, жіліктеу әрі олардағы жоғары технологиялы кәсіпорындарды қарқындата дамыту керек. Осы факторлардың бәрі бүгінгі таңдағы ең басты мәселеге – экономиканың бәсекелестікке қабілетті болуына жұмыс істейді.
Бәсекеге қабілетті болу үшін Қазақстанға әлемдік нарықтағы өз «қуысын», яғни жақын болашақта бәсекеге жарай алатын өнеркәсіп салаларын таба білу әрі дамыта алу қажет. Бүгінгі заман тауарларының құндылығы олардың бойындағы озық ғылыми-техникалық жетістіктердің молдығымен ерекшеленетіндіктен, отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігі Қазақстанның ғылыми-техникалық және инновациялық даму деңгейімен өлшенеді. Қай елдің болсын ғылыми-техникалық әлеуеті сол елдің алдында тұрған экономикалық дамуды шешуге мүмкіндік беретін мамандық, материалдық-техникалық, қаржылық және ұйымдастырушылық ресурстардың жиынтығынан тұратыны мәлім. Қазақстанда отандық ғылыми сыйымдылығы мол өндірісті дамытуға, жаңа ақпараттық технологияны жасауға және меңгеруге, нәтижеде бәсекеге қабілетті өнім шығаруды қолға алуға бағыт-бағдар қабылданды. Осы жолда жаңа технологияны енгізу үшін, ғылымның өндірістен алшақтығын жою үшін, ұлттық ғылыми-техникалық әлеуетті дамыту үшін бірқатар іс-шаралар қолға алынып жатыр.
кесте - Ғылымның жағдайы мен дамуының негізгі көрсеткіштері




2005 ж.

2006 ж.

2007 ж.

2008 ж.

Жалпы ішкі өнім, млрд. теңге

7590,6

10213,7

12849,8

16052,9

Зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалған ішкі шығындар қолданыстағы бағада, млн. теңге

21527,4

24799,9

26835,5

34761,6

ЖІӨ, %

0,28

0,24

0,21

0,22

Зерттеулер мен әзірлемелерді орындаған ұйымдар саны

390

437

438

421

Мемлекеттік сектор

149

151

134

104

Жоғары білім секторы

114

123

133

126

Кәсіпкерлік сектор

112

152

155

166

Бейкоммерциялық жеке сектор

15

11

16

25

Зерттеулер мен әзірлемелермен айналысатын персонал саны/жыл соңында/, адам

18912

19563

17774

16304

Соның ішінде: зерттеушілер

11910

12404

11524

10780

Одан: Ғылым докторлары

1106

1157

1166

1191

Ғылым кандидаттары

3018

3147

3058

2861

Зерттеулер және әзірлемелермен айыналысатын ұйымдардың негізгі қаражаттары, млн. теңге

14584,2

19247,7

18782

19176,7

Төмендегі кестеде негізгі құрал-жабдықтардың бағасының өсуі байқалып тұр, оның ішінде негізгі қордың белсенді бөлігі саналатын машиналар мен жабдықтардың үлесінің өскені зерттеу мекемелерінің капиталдық шығынын қаржыландыру жұмысы жақсарып келе жатқанын көрсетеді. Негізгі құрал-жабдықтардың тозу дәрежесінің 30% төңірегінде қалып отыруы, яғни жоғары болуы, ал оларды жою коэффициентінің төмен болуы, негізгі құрал-жабдықтарды жаңарту коэффициентінің көтерілудің орнына 4 жылда үнемі кеміп бара жатқандығы – басты мәселелердің бірі.
кесте - Зерттеулер мен әзірлемелерге арналған негізгі құрал-жабдықтар және негізгі капиталға жұмсалған инвестиция (нақты құны бойынша, млн.т.)






2005 ж.

2006 ж.

2007 ж.

2008 ж.

Негізгі құрал-жабдықтардың орташа жылдық құны, млн.теңге. Одан:

14584,2

19247,7

18781,9

19176,7

Машиналар мен жабдықтар

7105,7

9809,8

10005,4

9654,5

Негізгі құрал-жабдықтардың тозу дәрежесі,%

32,6

29,7

27,5

31,3

Негізгі құрал-жабдықтарды жаңарту коэффиценті,%

18,6

14,5

16,2

10,6

Негізгі құрал-жабдықтарды жою коэффиценті,%

1,4

3,2

1,2

2,0

Негізгі капиталға жұмсалған инвестиция, барлығы

11582

13382

15448

17778

о.і. құрылыс-монтаж жұмысына

4247

4177

6880

10146

жабдықтар

5284,2

6072

6555

7375

Инвестицияның жалпы көлеміндегі үлесі, %

0,48

0,47

0,46

0,42

кесте - Қаржы көздері бойынша технологиялық инновацияларға жұмсалған шығын (млн.теңге)






2004 ж.

2005 ж.

2006 ж.

2007 ж.

2008 ж.

Барлығы

35360,3

67088,9

79985,9

83523,4

113460,1

Республикалық бюджет

1905,9

5381,8

6478,4

4359,7

5613,2

Жергілікті бюджет

10,3

106,1

2321,2

184,5

36,9

Кәсіпорынның жеке қаржысы

32058,3

43936,9

68407,3

70576,3

96860,0

Шетел инвестициялары

1385,8

14994,7

2762,7

8379,7

9413,6

оның ішінде ТМД елдері

6,4

70,0

0,7

46,6

46,4

Даму институттарының қаржысы

-

2669,4

16,3

23,2

1536,3

кесте – Қазақстан Республикасында жаңа технологияны құру және қолдау






2004 ж.

2005 ж.

2006 ж.

2007 ж.

2008 ж.

Жаңа технология құрған ұйым саны

98

125

135

135

124

Құрылған жаңа технология саны

355

577

665

506

578

Жаңа технол.қолданған
ұйым саны

58

133

127

110

84

Қолданылған жаңа
технология саны

244

210

255

196

245

3. Қазақстанда экономикалық қызмет субъектілерінің инновациялық белсенділігін арттыру үшін заңдық жəне нормативтік-құқықтық негізі құрылған жəне жетілдіріліп келеді. Республикамызда Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру үшін даму институттары құрылды. Олар «Қазына» тұрақты даму қоры құрамына кіреді. Оған «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ,«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ, «Ұлттық инновациялық қоры» АҚ, «Орта кəсіпкерлікті даму қоры» АҚ, «Маркетингтік-талдамалық зерттеу орталығы» АҚ, «Экспортты жəне инвестицияларды сақтандыру жөнідегі мемлекеттік сақтандыру ұйымы» АҚ, «Шағын кəсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «ҚазИнвест», «Қазқстанның ипотекалық компаниясы»,
«Өмірді сақтандыру жөніндегі компания» сынды даму институттары кіреді. «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ы, «Ұлттық инновациялық қор» АҚ-ы сияқты даму институттары алғашқы тұрақтану кезеңінен өтіп,инновациялық жобаларды кешенді қолдау тəртібіне көшті.
2006 жылдың 1 шілдесіне «Қазақстан даму Банкі» АҚ-на жалпы сомасы 10756,6 млн АҚШ долларын құрайтын жобалар(324) мен экспорттық операцияларды(87) қаржыландыруға 411 өтініш түсті. Бұл соманың 6086,6 млн АҚШ долларын Қазақстан даму банкі қаржыландырады.Келіп түскен өтініштердің 289-ы(72,5%-ы)
қарастырылмай қалды, оның ішінде инвестициялық жобалар-263, экспорттық операциялар-35. Қарастырмаудың негізгі себептері- жобалардың банкпен бекітілген несиелік саясат туралы меморандум талаптарына сай келмеуі, қажетті қаражатпен қамтамасыз етілмеуі, қарыз алушылардың қаржылық жағдайының төмен болуы. Жыл басынан банкпен қарастырылған өтініштердің ішінен жалпы сомасы 1970,2 млн долларын құрайтын 84 инвестициялық жобалар мен экспорттық операциялар таңдап алынды. Банктің қатысу үлесі-807,7 млн АҚШ доллары. Нəтижесінде банкпен қаржыландырылған жобалардың ішінен келесі объектілерде жұмыстар іске асырыла бастады:
- Кентау қаласындағы реновация мен жүйелік аударымдарды жасайтын өндіріс;
- Шымкент қаласындағы мақта талшықтарынан тоқыма жасау өндірісі;
- Ақтөбе қаласындағы полиэфирлік шыны талшығынан құбыр жасау зауыты;
- Астана қаласындағы пластикалық шаныдан құбыр жасау зауыты.
4. Болашақта инновациялық қызмет саласындағы саясатты жүзеге асыру мақсатында шаралар бір жүйеге біріктіріліп, ғылыми-техникалық жəне өндірістік əлуеттің өсуіне əсер ету үшін келесі басымдық бағыттары ұсынылады:
1.Қазіргі бар ғылыми-техникалық əлуетті постиндустриалды экономикада қолдану мақсатында елдің ғылыми-техникалық капитал жағдайына мониторинг биотехнология, биохимия; ядролық технология; сирек металлдар негізінде жаңа материалдар жасау өндіріс салаларында жасалуы қажет.
2.Жаңа материалдар мен химиялық технологиялар; ақпараттық технология; «тірі жүйелер» технологиясы ғылыми-техникалық бағыттарды жүзеге асыру үшін басымдық негізде мемлекеттік деңгейде қолдау жасау қажет.
3.Өндіріс саласында индустриалды-инновациялық қызметті ендіруді жылдамдатуға бағытталған заңнамалық базаны жетілдіру мақсатында мемлекеттік қолдауға бағытталған қолданыстағы құқықтық базаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мен заңдар мен нормативтік актілерді шығару үрдісін жеделдету қажет.
Қазіргі мезгілде тек мемлекет қана экономиканы жаңартудың қозғаушы күші бола алады, өйткені отандық жеке сектор əлі ұзақ уақыт ірі жəне ұзақ мерзімді инвестициялар жасай алмайды. Мемлекеттік қолдау бірнеше салааралық жобалар мен жаңа экспортқа бағытталған өнім шығару шеңберін жүзеге асыруға бағытталуы керек. 2003-2015 жылға арналған стартегияға сəйкес жақын арада мақсатты зерттеу мен жағымды жағдайлар негізінде жоғары технологиялық өнім кешені құрылуы мақсатында төмендегі бағыттарда: бейбіт мақсаттағы атом энергиясы мен басқа да дəстүрлі емес энергия көздері; сирек металлдар негізінде жасалатын жаңа материалдар, ерітінділер , түрлі қабаты бар тот баспайтын болат т.б.; химия, мұнай химиясы, жоғары сапалы мұнай
химиялық өнімдері, соның ішінде этилен, полиэтилен, т.б. салаларындағы жетістіктер; қатты денелер физикасы, радиофизика салаларындағы нəтижелер; биотехнология, биохимия шаралар қолдануы ұсынылады[3].
Шет ел фирмаларымен бірігіп, дүниежүзілік нарықта орын алуларына мүмкіндік беретін Қазақстанда ғылыми тұрғыдан қамтамасыз етілген бағыттар бар. Қазақстанның экономикалық түрлі салалары түрлі техникалық деңгейге сай. Олар бəсекеге қабілетті, сондықтан олар үшін де жеке жобалар жасалуы қажет. Мемлекетте ғылыми-техникалық өндірістік орталықтар Алматы, Қарағанды, Өскемен, Астана, т.б. қалаларда шоғырланған. Олардың кейбіреулерінде қазіргі кездің өзінде технопарктер құрылған. Ал олар өз кезегінде болашақта интеллектуалды өнім, ғарыштық қызмет, ақпараттық технология, радиоэлектроника, атом технологиясында көп мүмкіндіктер береді.
Ғылыми негізде ядролық отын, уран ерітінділерін, мыс-берилл ерітінділерін, тантал-ниобий түрлерін игеруге, титан гупкасы өндірістік базаларын кеңейтуге болады. Бұларға сұраныс атомдық, ғарыштық, радиоэлектронды өндіріс салаларының өсуіне байланысты артып отырады.
Қазақстандағы ғылымның қазіргі жағдайы аяқталған, бірақ тауарлық түрге жеткізілмегендігімен, ғылыми зерттеулер санының көп болуымен сипатталады. Бұл айтарлықтай əлует жəне оны қолдану инновациялық қызметтің дамуының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.Қазақстандық ғалымдармен 10 жыл ішінде 877 патент алынды, жаңа техниканың 136 нұсқасы өнделді. Ғалымдармен орындалған ғылыми зерттеулер жаңа фундаменталды білімдерге жəне олардың негізінде – отандық ғылым мен технологияның бəсеке қабілеттілігін жоғарылатуға бағдарланған. Геолог-ғалымдармен өткізілген зерттеу нəтижелері қара жəне түсті металлургияның өндірістік кəсіпорындарын шикізатпен тұрақтықамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Қазіргі уақытта ғылыми сыйымды өндірістер қатарын құру мақсатында жобалық-конструкторлық жəне техникалық құжаттама дайын елде отандық технологияларда қолдану негізінде бар химиялық жəне мұнай химиялық өндірістерді қалпына келтіру жəне кеңейту, сонымен қатар мұнай, газ , көмірді жəне басқаны қайта өңдеу бойынша кіші жəне орта тиімді жəне бəсеке қабілетті өндірістер құрылыс жобалары дайындалуда.
Ғылыми-техникалық бағдарламаларды, жоғары тиімді биотехнологияларды құру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, өнеркəсіп үшін биотехнологиялық өнім өндірісі, теориялар мен технологияларды өңдеу саласындағы қоршаған ортаны қорғау, сонымен қатар қара жəне түсті металлургияның кəсіпорындарында жаңа технологиялық үрдістерді игеру басымдық негізге ие[12].
2005 жылғы 25 сəуірдегі ҚР Үкіметінің №387 « ҚР-ның ұлттық инновациялық жүйесін құру мен дамыту жөніндегі 2005-2015 жылдарға арналған Бағдарламасын бекіту туралы» қаулысына сəйкес келесі мақсаттар мен міндеттері анықталған: ғылыми əлеуетті дамыту, инновациялық кəсіпкерлік ортасын дамытуды құру мен қолдау, көпдеңгейлі инновациялық инфрақұрылымды құру мен дамыту, ҰИЖ элементтері арасындағы тиімді арақатынасты қамтамасыз ету, заңдық-құқықтық базаны жетілдіру. Осы міндеттерді мемлекет тиімді жүзеге асыратын болса, болашақта экономиканың барлық сферасына жағымды əсер ететін Ұлттық Инновациялық Жүйені қалыптастыруға мүмкін болады. Осының нəтижесінде,2015 жылы келесі жетістіктерге жетуге болады:
-ғылыми жəне ғылыми-техникалық қызметтер көрсетудің ЖІӨ-гі үлесі 2005 жылдағы 0,8%-дан 2015 жылы 1,7%-ға өсуі;
- 2003 жылмен салыстырғанда Қазақстанның инновациялық жəне ғылыми-техникалық қызметіне тартылатын инвестициялардың 2015 жылы 10-15 есе өсуі;
- қолданбалы ҒЗТКЖ-ларды бюджеттік қаржыландыру жүйесін жақсарту[7].
Президенттің 2004 жылғы Жолдауында ұлттың бəсеке қабілеттілігі бірінші кезекте оның білім деңгейімен анықталады деп көрсетілген. Сонымен қатар «2015 жылға дейін Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамыту тұжырымдамасын» қабылдау қазақстандық білім беру жүйесінің əлемдік білім беру кеңістігінде шоғырлану үрдісін жеделдетуге мүмкіндік береді. Ғылым мен техниканың жаңа бағыттарының шапшаң дамуы, ғылымдар түйісіндегі жетістіктер жоғары жəне орта кəсіби білімі бар мамандарды дайындау үрдісі құрылымдық қайта қарау қажеттілігін талап етеді. Əлемнің дамыған елдерінің тəжірибесі көрсеткендей, жақын болашақта ақпараттық технологиялар, биоинженерия, қуатты компьютерлік қолдаумен жаңа физикалық принциптерді үйлестіретін жоғары өндірістік технологиялар, экология жəне тағы басқа облыстарының мамандарына сұраныс аса жоғары жəне тұрақты болады [8].
Қазақстанның инновациялық əлеуетін көтеру үшін келесі шаралар кешенін ұсынамын:
1) мемлекет бюджетінен тиімділігі жоғары жəне технологиялық даму бағдарламаларын, мемлекеттік маңыздылығы бар инновациялық жобаларды, коммерциялық жағынан тиімді инновациялық жобаларды толығымен жəне үлесті қаржыландыру;
2) жоғары технологиялық өндіріске қаражаттарын салатын инвесторларға мемлекет тарапынан қолдау көрсету жəне оларды ынталандыру;
3) əртүрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы кəсіпорындарға инновацияларды игерген кезеңде) жеңілдіктермен несиелер, субсидиялар, субвенциялар беру;
4) ғылыми сыйымдылығы бар құрал-жабдық лизингін жəне инновациялық өнімді дамыту;
5) инновациялық жобалар мен оларды іске асырушыларды конкурстық таңдау жүйесін жетілдіру;
6) экономика саласында шағын, тиімді жəне тез сатылатын инновациялық жобалардың үлестік салмағын арттыру;
7) инновациялық сфераға шағын кəсіпкерлік субъектілерін тарту;
8) заңдық-құқықтық базаға өзгертулер енгізу;
9) экономикалық ынталандыру жүйесін құру, яғни салықтық, несиелік жəне т.б.жеңілдіктер жасау;
10) ақпаратпен қамтамасыз ету.

Download 428,67 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish