Лекция Жалпы инновация түсінігі. ҚР инновациялық қызметтер туралы заңы. Инновациялар мен инновациялық тиімділік түрлері



Download 428,67 Kb.
bet37/41
Sana23.02.2022
Hajmi428,67 Kb.
#181505
TuriЛекция
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
28 лекция
4. Инновациялық бизнестің даму мүмкіншіліктері.
5. Ұлттық инновациялық жүйесінің қалыптасуы мен дамуы.


13 тақырып. Қазақстан Республикасында инновациялық бизнестің қалыптасуы мен дамуы
29 лекция
1. Қазақстан Республикасында инновациялық бизнестің дамуына жасалған жағдайлар.
2. Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық даму стратегиясы.
3. Даму институттарының ролі.

1. Экономиканың қозғаушы күшi ретiнде кәсiпкерлiктi әртараптандыру болып табылады.


Өңiрлерде кәсiпкерлiктi дамыту жөнiнде бiрыңғай бюджеттiк бағдарлама енгiзiлді. Ол «Бизнестiң жол картасы – 2020» деп аталады.
Бағдарламаның басты мақсаты - өңiрлерде кәсiпкерлiктiң, ең алдымен шағын және орта бизнестiң жаңа тобын дамыту арқылы тұрақты жұмыс орындарын ашу.
Кәсiпкерлiктi дамыту бағытында тағы да қосымша нақты шаралар қарастыруды тапсырды:
- несиелер бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау;
- шағын және орта бизнеске несиелердi iшiнара кепiлдендiру;
- бизнес жүргiзуге сервистiк қолдау бiлдiру;
- кадрларды қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру, жастар практикасы және әлеуметтiк жұмыс орындары.
Шағын және орта кәсiпкерлiкпен айналысатын адамдар саны экономикалық белсендi халық санының үштен бiр бөлiгiн құрайды. Облыстық жалпы өңiрлiк өнiмдегi шағын және орта бизнестiң үлесi 23%.
Үкiметке 2011 жылы бизнестi тiркеуге және бизнестi жүргiзуге байланысты операциялық шығындарды 30%-ға, ал 2015 жылы тағы да 30%-ға қысқарту тапсырылды.
2010 жылғы қаңтардың 1-iнен бастап Бiрыңғай кедендiк тарифтер бойынша келiсiм күшiне ендi.
Бұл тауарлардың еркiн жылжуына айтарлықтай әсер ететiнi түсiнiктi. Одаққа мүше мемлекеттер арасындағы сауда жеңiлдейдi. Бизнес бұл жеңiлдiктердi де өз пайдасына шеше бiлуi керек. Яғни бiздер тек сатып алушы емес, сатушы болуға тырысуымыз қажет.
Үкiмет экономиканы әртараптандырудың жаңа тәсiлiн әзiрлеу үстiнде.
Бұл жұмыстардың нәтижесiнде онжылдықтың соңында шағын және орта бизнестiң IЖӨ-дегi үлесi 40%-ға дейiн көтерiлуi тиiс.
2. Экономиканы әртараптандыру және жаңғырту негiзiнде елдiң тұрақты дамуын қамтамасыз ету, өнiмнiң бәсекелiк түрлерiн шығару мен экспортты ұлғайту үшiн жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы N 1096 Жарлығымен қабылданды.
Ол Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Елдегi жағдай туралы және 2002 жылға арналған iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары туралы" Қазақстан халқына Жолдауында және Қазақстан кәсiпкерлерiнiң оныншы форумында берiлген тапсырмаларына сәйкес әзiрлендi.
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда, Бiлiм және ғылым, Көлiк және коммуникациялар, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау, Энергетика және минералдық ресурстар, Қаржы министрлiктерiмен, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiктiң, Ұлттық Банктiң және т.б. қатысуымен әзiрлендi
Стратегияның мақсаты - шикiзат бағытынан қол үзуге ықпал ететiн экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзу, ұзақ мерзiмдi жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өту үшiн жағдай жасау.
Стратегияның мiндеттерi - өңдеушi өнеркәсiпте орташа жылдық өсу қарқынын 8-8,4 % мөлшерiнде қамтамасыз ету, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнiмдiлiгiн кемiнде 3 есе арттыру және ЖIӨ энергия сыйымдылығын 2 есе тө мендету; өңдеушi өнеркәсiптiң негiзгi қорларының өнiмдiлiгiн арттыру; кәсiпкерлiк ахуалды, құрылымды қалыптастыру және жеке секторды ынталандыратын әрi бәсекелестiк артықшылықты жетiлдiретiн қоғамдық институттарды қамту, қосылған құнға барынша қол жеткiзе отырып, нақты өндiрiстерде қосылған құндар тiзбегiндегi элементтердi игеру; ғылымды көп қажет ететiн және жоғары технологиялық экспортқа негiзделген өндiрiстер құруды ынталандыру; елдiң экспорттық әлеуетiн қосылған құны жоғары тауарлар мен қызметтердiң пайдасына қарай әртараптандыру; сапаның әлемдiк стандарттарына көшу; дүниежүзілiк ғылыми-техникалық және инновациялық процестерге қосыла отырып, өңiрлiк және дүниежүзiлiк экономикамен ықпалдасуды күшейту.
Iске асыру мерзiмi 2003-2015 жылдар
1-кезең - 2003-2005 жылдар
2-кезең - 2006-2010 жылдар
3-кезең - 2011-2015 жылдар


3. Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған Индустриалдық-инновациялық стратегияны жүзеге асыру үшін бірнеше Даму институтары құрылды. Олардың қаржысын көздеген мақсатқа пайдалану ниетімен, ҚР Президентінің 2006 ж 16 наурыздағы № 65 «ҚР индрустралды-инновациялық саясаты шеңберіндегі ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттігін әрі қарай арттыру бойынша іс шаралары жайлы» Жарлығын іске асыруда ҚР үкіметінің 2006 ж 15 сәуірдегі № 286 қаулысымен ««Қазына» орнықты даму қоры» АҚ құрылды. (2008 жылы ол «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры болып қайта құрылды).
«Самырұқ-Қазына» АҚ Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға индустриалды-инновациялы даму стратегиясын іске асыру мақсатында құрылған даму институттарын ұлттық басқарушы компания болып табылады. Қордың тапсыруы бойынша «Самырұқ-Қазына» мен оның бөлімшелері үшін арналған негізгі көрсеткіштер тізімі қайта қарастырылды. Бұл тізім 2008 жылдың 14 маусымында Қор Басқармасы Төрағасының ай сайын өткізілетін кеңесінде қолдау тапты.
Даму институттары («Қазақстандық Даму банкі» АҚ, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ, «Қазақстанның Ұлттық инновациялық қоры» АҚ,) 2008 жылдың бірінші жартысында жалпы соммасы 2052594,54 млн. теңге көлемдегі 138 инвестициялық жобаларды ұсынды, ал мұндағы даму институттарының қатысу үлесі 675803,9 млн теңгені құрайды. Даму институттары 154554,61 млн теңгені құрайтын өзінің қатысу үлесі бар жалпы көлемі 345068,85 млн. теңге көлеміндегі сомманы құрайтын 36 инвестициялық жобаларды мақұлдады..
«Самырұқ-Қазына» АҚ-ның құрамына кіретін «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ құрылған кезден, 2003 жылдың 30 мамырынан 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін оған 2 280,199 млрд. теңге сомасына 491 жоба келіп түскен. Ал, 2008 жылы 667, 1 млрд. теңгеге, оның 277,4 млрд.теңгесі Қордың қатысуымен 66 жоба түсті.
Қор құрылған кезден бастап 178,6 млрд. теңгеге 32 жоба қаржыландырылған, оның ішінде Қордың қосқаны- 34,2 млрд. теңге. Қазіргі күні Қор Қазақстанда жүзега асыруға жоспарланған 30 үздік жобалардың тізіміне қосылған бір жобада қатысуын растады, оның тізімін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен.



Download 428,67 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish