Инновациялық кәсiпкерлiк
Инновациялық кәсiпкерлiк экономикалық қызметтiң ерекше түрi ретiнде инновациялық процестің негiзгi қозғаушы күшi болып табылады.
Инновациялық кәсiпкерлiктiң субъектілерiне инновациялық қызметтi жүзеге асыратын кәсiпорындар мен ұйымдар жатады. Инновациялық кәсiпорынның қызметi технологиялық немесе өнiмдiк инновацияларды пайдаланудың нәтижесiнде пайда табудан көрiнедi. Дамыған елдерде кәсiпорындардың 70%-на жуығы рыноктың жаңа сегменттерiн игеру мақсатында өнiмнiң ассортиментiн кеңейтумен байланысты инновацияларды жүзеге асырады. Осы ретте ҒЗТКЖ-ға арналған шығыстар инвестициялардың 30%-на жуығын құрайды.
Инновациялық кәсiпорынның кәсiпкерлiк қызметi мыналарға:
жаңа ғылыми идеяларды әзiрлеуге немесе iздеуге және оларды
бағалауға;
қажеттi инвестициялық ресурстарды iздеуге;
жобаны немесе кәсiпорынды басқарудың тиiмдi модельдерiн құруға;
ақшалай табыс алуға негізделген.
Инновациялық кәсiпкерлiктiң басты функцияларының бiрi ғылыми-техникалық және өндiрiстiк сала арасындағы байланыстырушылық (делдалдық) рөлдi жүзеге асыру болып табылады. Инновациялық кәсiпкерлiктiң жұмыс iстеуi ғылыми-техникалық ұйымдар және шаруашылық субъектiлер көтеруге мәжбүр инновациялық өнiмдi құрумен немесе жаңа ғылыми-техникалық шешiмдердi олардың коммерциялық пайдаланылу мүмкiндiктерiне дейiн жеткiзумен байланысты шығындарды азайтуға мүмкiндiк бередi.
Қазiргi уақытта Қазақстанда негізiнен шетелдiк капиталдың қатысуымен iрi корпорацияларда, ұлттық компанияларда, екiншi деңгейлi банктерде, қаржылық-өнеркәсiптiк топтарда менеджменттiң жоғарғы деңгейi бар. Сонымен қатар, технологияларды, теорияларды және құқықтық қорғаудың тәжiрибесiн және зияткерлiк меншiктi пайдалануды коммерциялизациялаудың iскери қағидаттарын кәсiби меңгерген, инновациялық және жоғарғы технологиялық жобаларды басқара алатын кәсiби инновациялық менеджерлер - мамандардың институты мүлдем жоқ.
Кез келген елде және бизнестiң кез келген түрiндегi инвестордың негiзгi тәуекелi барабар емес менеджментпен байланысты болғандықтан бұл тәуекелдi барынша азайту басқару және кәсiпкерлiк мәдениеттi көтерумен, барлық деңгейдегi менеджерлердi сапалы оқытумен және қайта даярлаумен, оларды қажетті қолдаумен (консалтинг және ақпараттық) қамтамасыз етумен қол жеткізіледі.
Ұлттық экономиканың дамудың инновациялық қорына көшуi барлық қоғамның инновацияларды қабылдауынсыз және инновациялық процестердi басқару мен инновацияларды iске асыруды жүзеге асыруға қабiлеттi кадрлар жеткілікті санының болуынсыз мүмкiн емес.
Қолда бар ғылыми-технологиялық әлеуетке қарамастан Қазақстанда инновациялық қызметтің мынадай инновациялық өнімді құру және инновациялық өнімді рынокқа жылжытумен байланысты делдалдық қызметтерді орындау сияқты негізгі түрлерін жүзеге асыратын кәсіпкерліктің болмауы елдегі төменгі инновациялық белсенділік себептерінің бірі болып табылады.
Do'stlaringiz bilan baham: |