11 тақырып. Инновациялық инфрақұрылым
24 лекция
1. Инновациялық инфрақұрылым мазмұны мен түсінігі.
2. Инновациялық қызметті атқарушы және дамытушы кәсіпорындар үшін жасалатын өндірістік, консалтингтік, мамандығын жоғарылатушы, ақпараттық орталықтар және инновациялық процесстің тиімді жүзеге асырылуына басқа да жағдай жасаушы қызмет көрсетуші комплекстер.
1. ҚР экономикасы дамуының перспективалы бағыттары ғылыми-техникалық, инновациялық және өндірістік әлеуетті ұлғайтуға бағытталған. Солардаң бірі жоғары ғылыми-технологиялық әлеуетті бар ғылыми-техникалық және өнеркәсіптік ұйымдар мен кәсіпорындарды казіргі замаңғы ғылыми және инновациялық инфрақұрылымды жасап онын кәзіргі замаңғы элементтерінің қызметін (технопарктер, ұлттық ғылыми орталықтар, ғылыми технологиялық аймақтар т.б.) қолдау.
Инновациялық инфрақұрылым - Қазақстан Республикасы инновациялық қызметiнiң бiр-бiрiмен өзара iс-қимыл жасайтын мамандандырылған субъектiлерiнiң жүйесi
ҚР «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» заңында мемлекет инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектiлерiн құруға қатысуға құқылы және жеке және (немесе) заңды тұлғалар инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектiлерiнiң құрылтайшылары бола алады дейілген. Жергiлiктi атқарушы органдар, сондай-ақ мемлекеттiң қатысуымен құрылған заңды тұлғалар инновациялық қызметке жәрдемдесу мақсатында инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектiлерiнiң жарғылық капиталына қатыса алады.
Инновациялар құруды және енгiзудi қаржыландыру, шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң инновациялық қызметтi iске асыруы үшiн қаржы қаражатын iздестiру және тарту, инновациялық қызметтiң субъектiлерiне маркетинг, консультация және басқарушылық қызметтерiн көрсету мақсатында инновациялық кор қалыптастырылады.
Инновациялық қор - инновациялық жобаларды және инфрақұрылымды қаржыландыру, сондай-ақ инновациялық қызмет саласында қызметтер көрсету арқылы инновациялық қызметтiң дамуына жәрдемдесетiн заңды тұлға.
Инновациялық қорлар жылдық қаржылық есептiлiк аудитiн жүргiзуге мiндеттi.
Инновациялық инфрақұрылым субъектілерi орындайтын негiзгі функциялардың тiзбесi:
инновациялық даму субъектісiн ұйымдық-құқықтық қалыптастыру процесiне жәрдемдесу жөнiндегi қызметтер;
бизнес-қызметтердiң кешенi (кешендiк консалтинг);
ақпараттық-коммуникациялық қамтамасыз ету;
жалпы пайдалану - зертханалық, өндiрiстік жабдығына қол жеткiзудi қамтамасыз ету;
бiлiм беру қызметтер кешенi;
технологиялар трансфертi;
өкілдiк қызметтер (серiктестік байланыстар орнату).
Қазiргi сәтте Қазақстанның инновациялық инфрақұрылымын мемлекеттiк бюджет (республикалық, жергiлiктi бюджеттер, мемлекет қатысатын ұйым қаражаты) қаражатының қатысуымен құрылған, сондай-ақ мемлекет құрған сервистік даму институттарының қатысуымен құрылған жұмыс iстеп тұрған субъектілер құрайды.
Қолданыстағы инфрақұрылым оның субъектілерiнiң арасындағы өзара әрекет етудiң қажетті деңгейiн қамтамасыз етпейдi және ҰИЖ-ға қатысушылардың қызметiнiң процесiне және өзара iс-әрекетiне қажеттi сервистердiң барлық тiзбесiн ұсынатын кешендiк ұйымдардың жүйесi болып табылмайды.
Қазақстанда ұсынылған инновациялық инфрақұрылымның сапасы мен саны Қазақстанның инновациялық даму ерекшелiгiн, нақты алғанда мыналарды:
инновациялық әлеуетке ие өңiрлердi аумақтық шоғырландыру және өңiрлердiң инновациялық инфрақұрылымды жеткiлiксiз қамтуы;
қолдау инфрақұрылымын салалық та, өңiрлiк инновациялық даму процестер ретінде де құру қажеттілігін;
Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуының бiрiншi кезеңiндегі, бiр өңiрде инновациялық инфрақұрылым объектілерiнiң көп санын қажет етпейтiн инновациялық бастамалардың салыстырмалы төменгi санын;
шығындардың орындылық қағидатының қажеттілiгiн және олардың мемлекеттiк бюджеттiң мүмкiндiгiне сәйкестігін;
инновациялық инфрақұрылым ұйымдарының олар жекелеген функцияларды қайталаумен болдырмау үшiн мейлiнше оңтайлы нысандарын таңдауды;
ҰИЖ-дың барлық элементтерi мен қатысушыларының өзара iс-қимыл процестерiн ақпараттық қамтамасыз ету жүйесiнiң нақты болмауын және оны құрудың аса қажеттілiгiн қанағаттандырмайды.
2.
Do'stlaringiz bilan baham: |