Тірек ұғымдар
• элементтер қосылыс тарының тотықтырғыш-тотықсыздандырғыш
қасиеттерінің период және топ бойынша өз геру заңдылықтарын
түсінетін боламыз;
• химиялық элементтің периодтық жүйедегі орны бойынша оның қосылыстарының қа
сиеттерін болжауды үйренеміз
Бүгінгі сабақта:
§ 9. ЭЛЕМЕНТТЕР ҚОСЫЛЫСТАРЫНЫҢ ТОТЫҚТЫРҒЫШ-ТОТЫҚСЫЗДАНДЫРҒЫШ ҚАСИЕТТЕРІНІҢ ПЕРИОД ЖӘНЕ ТОП БОЙЫНША ӨЗГЕРУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесіндегі кез келген элементті сипаттай отырып, оның маңызды параметрлерін анықтай аламыз. Оны кальций мен бромның мысалында қарас тырайық (20-кесте).
Заттардың қасиеттері олардың құрылысына байланысты болатыны белгілі. Металдар мен бейметалдар атомдары сыртқы электрон
қабаттарының құрылысымен және валенттік электрондарының санымен ерекшеленеді. Металдардың сыртқы энергетикалық дең гейінде 1-ден 3-ке дейін электрон болады.
Металдардағы химиялық байланыс типі — металдық байланыс. Бейметалл атомдарының сыртқы электрон қабатында үштен сегізге дейін электрон болады. Бейметалдар — жай заттарға коваленттік полюссіз химиялық байланыс тән. Атом құрылысы элементтер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын айқындайды: периодта солдан оңға қарай металдық қасиет әлсіреп, бейметалдық қасиет күшейеді; негізгі топ-
шаларда атомдық нөмір өскен сайын металдық қасиет күшейеді де, бейметалдық қасиет әлсірейді. Металл атомдары валенттік электрон-дарын оңай беріп катиондарға, ал бейметалл атомдары керісінше электрондарды қосып алып аниондарға айналуымен сипатталады.
Атомдардың электрондарды беру немесе қосып алу қабілеттері бірнеше жағдайға байланысты:
— ядро зарядының шамасына;
— атом радиусына;
— атомдардың иондану энергиясы мен электронтартқыштығына. Металдар мен бейметалдардың бұл сипаттамаларында айтарлықтай
айырмашылық бар. Металл атомдарымен салыстырғанда бейметалдардың атом радиусы кіші болады. Металл атомдарына қарағанда бейметалл атомдарының иондану энергиясы мен электронтартқыштығы жоғары. Бейметалдардың салыстырмалы электртерістігі үлкен, ал металдардың электртерістігі бейметалдармен салыстырғанда аз шамамен сипаттала-ды (электртерістілік шкаласы). Сондықтан, октеттік тұрақты ns2np6 электрондық конфигурациясын аяқтау үшін бейметалдарға электрон-дарды қосып алу қасиеті тән. Периодтарда солдан оңға қарай жай заттардың тотықсыздандырғыштық қасиеттері әлсіреп, тотықтырғыш
қасиеті күшейеді. Негізгі топшаларда элементтің атомдық нөмірі өскен сайын бейметалдардың тотықтырғыш қасиеті әлсіреп, металдардың тотықсыздандырғыш қасиеті артады.
Химиялық реакцияларда электрондар, әдетте, электртерістігі аз атомнан электртерістігі үлкен атомға қарай ығысатынын біз білеміз. Сондықтан металдар химиялық әрекеттесулерде тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді:
Mg0 + O0 = 2Mg+2O–2
|
|
2
|
|
|
Ал фтордан басқа бейметалдар тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш
|
та қасиет көрсетеді:
|
|
А)H0+S0
|
= H+1S–2
|
S — тотықтырғыш;
|
2
|
2
|
S — тотықсыздандырғыш
|
Б)S0+O0
|
= S+4O–2
|
2
|
2
|
|
Бейметалдардың тотықтырғыш-тотықсыздандырғыш қасиеттерінің өзгеруін калий бромиді мен хлор арасындағы реакциядан көруге бо-лады (24-cурет)
2KBr–1 + Cl20 = 2KI–1 + Br20
Хлор тотықтырғыш қасиеті бромнан жоғары болғандықтан,оны тұзының құрамынан ығыстырады. Химиялық элементтердің периодтық жүйесін пайдаланып, элемент атомдарының құрылысын сипаттауға
болады, оларға тән жай заттардың, күрделі заттардың-оксидтерінің, оларға сәйкес гидроксидтерінің, сондай-ақ ұшқыш сутекті қосылыс тарының қасиеттерін болжауға болады. Мұны кальций мен бромның мысалында қарастырайық (20-кесте).
Do'stlaringiz bilan baham: |