Оспанова М. Қ.
Аухадиева Қ. С.
Белоусова Т. Г.
Жалпы білім беретін мектептің
|
10
|
|
жаратылыстану-математика
|
|
бағытындағы 10-сыныбына
|
|
арналған оқулық
|
|
1-бөлім
Оспанова М.Қ. т.б.
Химия. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық (1-бөлім) / М.Қ.Оспанова, Қ.С.Аухадиева, Т.Г.Белоусова. — Алматы: Мектеп. — 186 б., сур.
© Оспанова М.Қ., Аухадиева Қ.С.,
Белоусова Т.Г., 2019
© “Мектеп” баспасы, көркем
безендірілуі, 2019
Барлық құқықтары қорғалған
Басылымның мүліктік құқықтары
“Мектеп” баспасына тиесілі
І тарау
АТОМ ҚҰРЫЛЫСЫ
ІІ тарау
ХИМИЯЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕР МЕН ОЛАРДЫҢ ҚОСЫЛЫСТАРЫ ҚАСИЕТТЕРІНІҢ ӨЗГЕРУ ПЕРИОДТЫЛЫҒЫ
ІІІ тарау
ХИМИЯЛЫҚ БАЙЛАНЫС
ІV тарау
СТЕХИОМЕТРИЯ
V тарау
ТЕРМОДИНАМИКАҒА КІРІСПЕ
VІ тарау
КИНЕТИКА
VІІ тарау
ХИМИЯЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІК
VІІІ тарау
ТОТЫҒУ-ТОТЫҚСЫЗДАНУ РЕАКЦИЯЛАРЫ
Шартты
белгілер:
— біліміңді
тексер
— күрделен- дірілген тапсырмалар
— өзіміз жасаймыз
— есте сақтаңдар
— бұл қызық
— сен білесің бе?
— ойлан
— ең белгілі 10 дерек
— өте маңызды
АЛҒЫ СӨЗ
Қымбатты оқушылар!
Биылғы оқу жылын атом туралы алған білімде ріңді атом құрылысының заманауи теориясы тұр
ғысынан тереңдетуден бастайсыңдар. Радиоактив тілік ұғымымен танысып, радиоактивті изотоптар мен ядролық реакцияларды қолдану аясын біле сіңдер. “Стехиометрия” тарауында химияның негізгі стехиометриялық заңдарын қолданып әр типті есептер шығару дағдысын игересіңдер. “Химиялық байланыс” тарауында коваленттік байланыс түзілуінің донор-лы-акцепторлы, алмасу механизмдерін, коваленттік байланыстың негізгі сипаттамаларын қарастырасыңдар.
Химиялық байланыстың барлық типінің (коваленттік, иондық, сутектік, металдық) табиғаты электрондық екенін түсінесіңдер. Органикалық химияға кіріспе та рауында мұнай мен мұнай өнімдерінің адам тіршілігінде кеңінен қолданылатыны туралы мағлұмат аласыңдар.
“Тотығу-тотықсыздану реакциялары” тарауында әртүрлі денелердің (бұйымдардың) көшірмесін алуға және металдарды жемірілуден қорғауда, сондай-ақ ме-талл бұйымдарды қалайымен, алтынмен қаптау үшін электролиздің қолданылатынын білесіңдер.
Заманауи зерттеулерде қолданылатын хроматогра-фия әдісімен танысасыңдар.
Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтарын оқи отырып, кейбір реакциялардың жылдам, екін шілерінің лезде, тіпті кейбіреулерінің қопарыла жүру себептерін зерделейсіңдер. Химиялық процестерді басқару жөнінде білім негіздерін аласыңдар.
Химиялық элементтер мен олардың қосылыстары
ның қасиеттерін, қолданылуы мен алынуын оқып-үйрену галогендер және сілтілікжер металдарының мысалында қарастырылады.
Оқулық бойынша жөн сілтейтін, 7-сыныптан өзде ріңе таныс арнайы шартты белгілер бар. Келтірілген
шартты белгілерге зейін сала қарап, ол белгілердің нені білдіретінін естеріңе сақтаңдар.
Өткен жылдардағыдай, оқулықта “Сен білесің бе?”, “Өзіміз жасаймыз”, “Химиядан алған білімдеріңді қолдана біл”, “Ойлан”, “Бұл қызық” т.б. айдарларға ерекше көңіл бөлінген.
Олар сендердің химияның таңғажайып әлеміне терең бойлауларыңа көмектеседі. Сонымен қатар химиялық сауаттылық қоршаған ортаны қорғауда бізге дұрыс бағыт-бағдар ұстануымызға жол сілтейді.
Сондықтан сендердің химиядан алған білімдерің одан әрі бекіп, болашақта таңдаған мамандықтарыңда химияның да өзіндік орны болатынына сенеміз. Сен-дерге табыс тілейміз!
Do'stlaringiz bilan baham: |