«сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы атырау облысы білім беру басқармасының Әдістемелік орталығЫ



Download 3,74 Mb.
Pdf ko'rish
bet52/162
Sana26.06.2022
Hajmi3,74 Mb.
#705534
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   162
Bog'liq
Jinaq123

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
 
1.
Атырау газеті №7, 17 қаңтар, 2013 ж. «Қазақстан саулау алдындағы серпіліс», М. 
Құл-Мұхаммед. 6-7 бет. 
2.
Атырау энциклопедиасы. Алматы баспасы. «Халықтың діни-мемориалдық 
архитектуралық ескерткіштер», С. Әжіғали. 71-367 бет. 
3.
Атырау энциклопедиасы. Алматы: Атамұра баспасы. «Табиғаты және табиғи 
қорлары», Қ. Қарпеков, Ж. Адаев, М. Камбаров. 12-40 бет. 
4.
Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы. 
5.
«Егемен Қазақстан» 2017 ж. 
6.
Атырау облысының топонимикалық атауларының анықтамалығы. Атырау, 
2015 ж. Атырау облыстық тіл басқармасы. 
7.
Алиева Ж.Н. Экологический туризм. Алматы, «Қазақ университеті», 2002. С.101. 
8.
Алексадрова А.Ю. Международный туризм: учебное пособие для вузов. М.: 
аспект пресс, 2001.- 464с. 
9.
Актуальные проблемы экономики Западно – Казахстанского региона.БҚМУ – 
дың баспа орталығы, Орал 2015.57-61 беттер. 
10.
Атырау энциклопедиясы. 
11.Мұфтах Н., «Ана тілі» 1998 ж. 
12.
Вопросы археологии Казахстана. , Алматы, 1993. 
13.
Сапарбаев Е.Е //қазақстанның ескерткіштерін қорғау// «Атырау» газеті., 2007ж. 
№ 14,23,55. 
14.
«Географиялық білім беруді жетілдірудің кейбір өзекті мәселелері» - облыстық 
ғылыми-тәжрибелік конференция жинағынан. Атырау мемлекеттік университеті. 
2016 ж.13-18 бет. 
15.
Ярмұхамедов М. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы. 
Алматы, «Мектеп» баспасы.2001 жыл. 144 бет. 


77 
Б. А. Көшербаева 
Атырау энергетика және құрылыс колледжі, 
тарих пәні оқытушысы 
Атырау қаласы 
 
 
ҚАСИЕТТІ ЖЕРДІҢ СЫРҒА ТОЛЫ ҚОЙНАУЫ 
 
«Айналайын Ақжайық, ат салмай өтер күн қайда» деп рухты батыр
дауылпаз ақын Махамбет Өтемісұлы жырлағандай, бірде аспанға шапшыған 
арсы - гүрсі асау толқындары жағалауды сабалап, кемерінен асып-тасып 
төгілетін,кейде жайсаң мінезбен жайлап ағып, жұп-жуас боп көрінетін Ұлы су - 
Жайық бойында тарлан тарихтың ізі жатыр.Қазақстанның қай түпкіріне барсаңыз 
да, көне тарихтың күмбірі алыстан талып естіліп,ұлтарақтай жер үшін ұрандап 
жауға шапқан бабалардың аруақты үні құлаққа келгендей болады. Сарайшық 
ауылы - Ару Ақжайықтың бойына қоныс тепкен ауыл. 
«Сарайшық топырағы қасиетті, өйткені исі түркі әлеміне ортақ Алтын Орда 
хандары Тоқта, Жәнібек, Бердібек, ноғайлының билеушісі Оқас, одан бергі 
Қасым хан сияқты атақты хандарымыз бен батырларымыздың жаны мәңгілік жай 
тапқан жер, оны еліміздің алғашқы Пантеоны десек те болады».
Шын мәнінде Сарайшықтың қазақ халқының тарихында алатын орны ерекше. 
Айта кету керек, Сарайшық қалашығының орны 1 гектардай жерді алып жатыр. 
Жайық өзенінің оң жағалауында, Атырау қаласынан 55 шақырым жерде 
орналасқан. 
Қасым ханның (1511-1518жж) кезінде Сарайшық қазақ хандығының 
алғашқы астанасы болған.Сарайшық өзге қалалармен қатар, Ертістен Дунайға 
дейінгі ұлан - байтақ өлкені билеген кейінірек Алтын Орда аталған империя - 
Жошы ұлысының алғаш құрылған бірінші онжылдығында салынған. Сарайшық 
- Ұлы Жібек жолының бойындағы ірі сауда қалаларының бірі болған және Алтын 
Ордадағы ең маңызды саяси, экономикалық мәдени- тарихи және рухани 
орталықтардың бірі болып,кейіннен Ноғай Ордасы мен қазақ хандығының 
қалыптасуында шешуші рөл атқарған. 
Еуропалықтар кезінде Сарайшықты Азияға шығатын қақпа деп бағалаған. 
Ал мен бұл азиялықтардың Еуропаға шығатын қақпасы болды деп айтар едім. 
1513 жылға дейін Сыр бойындағы қалалардың барлығы Қазақ хандығының 
құрамына қосылып болды. Дегенмен, Қазақ хандығының күшеюі құрамына 
Сарайшық қаласы қосылғаннан кейін толық жүзеге асты. Халқының саны 1 
миллионнан асты, әскері 300 мыңға жетті» деген баға берді. Қасым ханның 
тұсында Сарайшық Қазақ хандығының саяси-әкімшілік орталығы болды. Атақты 
тарихшы Қадырғали Жалайри: «Қасым хан Сарайшық қаласында жерленген» деп 


78 
жазып кеткен. Бұл тарихи факт. Сарайшықты сақтау, болашақ ұрпаққа мұра 
ретінде қалдыру өркендеуіміздің, рухани дамуымыздың бір негізі болып 
табылады». Алтын Орда мемлекеті Жәнібек ханның тұсында (1342-1357) 
барынша гүлденген болатын. Осы кезде Сарайшық қаласы да әлемдегі ең көрікті 
қалалардың бірі және Алтын Орда ұлысында алатын орны ерекше болды. 
Сондықтан да алтынордалықтар Ильбан мен Алыпқожа (1360-1380 жылдары) 
қайта-қайта күресті. Олар мұнда өз есімдерімен теңге ойып шығарды. 1395-1396 
жылдары Ақсақ Темір Алтын Орданың күл талқанын шығарып, қалаларын 
қиратқанымен Сарайшыққа онша тимеді. Сондықтан Алтын Орда жерінен 
жаңадан құрылған мемлекет – Ноғай Ордасының ХVІ ғасырдың 40 – жылдары 
астанасы болды. Ноғай ордасы негізінен қазақ жерінде құрылды, сондықтан 
оларды алшындар (кіші жүз қазақтарының жиынтық атауы) деген. Ноғай ордасы 
негізінен алшындардан тұрды. 
Сарайшықтан көненің көзі жәдігерлер көптеп табылуда. Мәселен, 2001 
жылы қазба жұмыстары кезінде археологтар ерекше кесе тауып алды. Әлемде 
мұндай кесе екі дана ғана екен, біреуі – Египетте, екіншісі – Қазақстанда. Кесенің 
қасиеті ішіне уланған тағам құйылғанда ол түсін өзгертеді екен. Сарайшық 
қаласының өмірінің бір кезеңі XV-XVI ғасырларға сәйкес келеді. Сарайшықтың 
мәні де осы кезеңде көрінеді. Бұл кезде тұрғын үйлер көп бөлмелі болып 
салынған. Бөлмелердің едені күйдірілген кірпіштен төселіп, ташнаулар да 
орнатылды. Көгілдір күмбездері және жерасты склепі бар XVI ғасырға жататын 
кірпіштен жасалған мавзолей қалдықтары кездесетін үлкен алаңды қоршаған 
қабырға қалдықтары сақталған. 
Дәстүрлі қазақ қоғамында атадан балаға жалғасқан далалық ауызша 
тарихнаманың арқасында бірқатар тарихи мәліметтер мен деректер аңыз түрінде 
болса да бүгінге жетті. Сарайшықтағы Аққу көлі, алтын қайық, көмілген мол 
қазына туралы халық аузында аңыздар көп айтылады. Сарайшықтың өркендеу 
кезеңі монғол Өзбек ханның баласы Жәнібек (1341-1357) ханның тұсында сәйкес 
келсе керек. Тарихшылардың мәліметтерінде Жәнібек хан өз жанына ел сыйлаған 
билерді, шешендер мен жырауларды, халық қамын ойлаған жақсыларды жинаған 
дейді. Сол Жәнібек керуеннен толассыз түсіп жатқан байлықты халықтың 
игілігіне, қаланы көркейтуге жұмсапты. Талай ел өкілдерін тамсантқан Аққу 
көлін осы кезеңде салдырыпты. Көл суына керуенмен келген қап-қап қант 
төктіріп, аққу мен қаз қондырған. Оларды ұшырып жібермеудің барлық 
шараларын алыпты. Хан қызы өзінің құрбыларымен бірге әкесі жасатып берген 
аққу мүсінді алтын қайығымен құстарға дән беріп, бірте-бірте қолға үйреткен. 
Көл маңында өзіне қауіптің жоқтығына көзі жеткен құс атаулы жаз бойы Секер 
көлде еркін сайраңдап, керуенмен келген шет жерліктер алдында қаланың сәнін 
арттырады. Сарайшықтың Аққу көлі туралы хабар ел-елге тарайды. Жәнібек хан 
онымен де шектелмей, оңтүстік бал татыған жеміс ағаштарының түр-түрін 
алдырып, көл жағалай отырғызады. Балғын шыбықтарды отырғызып, 


79 
жерсіндіріп жібергенше, сол жақтың шебер бағбандарын да жалдап алады. Осы 
ғажайыпты көзімен көріп, куәгер болған италиялық саяхатшылардың бірі «сол 
ғасырларда бау-бақша отаны саналған парсыларда кездеспеген жүзім мен жеміс 
ағаштарының ерекше түрлері Сарайшықта өседі екен» деп жазды. 
Келесі бір аңызда: жасауын жасап, ұзатқалы отырғанда, Жәнібек ханның 
жалғыз қызы, он бес жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болады. Қыз 
жасауына сол кезгі бір мемлекеттің тұтас бір қазынасына тең байлық 
жұмсалыпты деседі. Қызын алтын табытпен, барлық жасауымен, алтын 
қайығымен қоса жерлеуге әмір етіпті хан. «Сонша байлықтың жерге көмілгенін 
естіген бір қара жүрек қарақшы қызыңыздың денесін ит пен құсқа жем қылып, 
қабірінен шығарып тастап, байлықты алып кетсе, Сіз қай қарақшының артынан 
қуып жүресіз?» - деп сақтандырған уәзірлер, ханға қызын жасырын жерлеуге 
ақыл қосады. Ханнан жеке тапсырма алған жетеу сол түні таң қараңғылығына 
дейін қызды жерлеп үлгереді. Хан тапсырмасы «Ұшқан құс, жүгірген аң, тірі жан 
қызымның қайда жерленгенін білмейтін болсын. Орындасаңдар әрқайсысың ат 
басындай алтын аласыңдар» болыпты. Таң қараңғылығында уәделі алтындарын 
алғалы келген жетеуді хан емес, оның жендеттері қарсы алыпты да, түгел 
бастарын алып тастапты-мыс. Ханның қызының денесімен бірге қомақты қазына- 
байлықтың жерге көмілуі туралы аңыз және мұнда бірнеше хандардың жерленуі 
(хандар қабіріне өздері тірі кезінде тұтынған қымбат дүниелері мен қарулары 
қоса көміліпті-міс), түптің түбінде Сарайшықтың сан қайтара тоналуына, ақыры 
бір кезгі Шыңғыс хан қиратқан Отырардай күлі ғана қалған үйіндіге айналуына 
соқтырады. 
1397 жылы Ақсақ Темір Кавказдың Дербент қақпасы арқылы келіп Алтын 
Ордаға жорық жасағанда Хаджы Тарханды, Сарай Беркені де шауып, бұл 
қалаларды жермен-жексен қылды. Кейін, Алтын Орданың еңсесін қайта көтерген 
Едіге би Сарайшықты астана етті. Алтын Орда құлағанда Сарайшық қаласы 
Ноғай Ордасының орталықтарының бірі еді. 1513 жылы Қазақ тағына отырған 
Қасым ханның Сарайшықты астана етуінің негізгі сыры Солтүстік Кавказ, Еділ- 
Жайық, Орал тауларын жайлаған Ноғай елі өз арасынан үлкен Ноғай, кіші Ноғай 
болып екіге жарылды. Солтүстік Кавказбен Орал тауларын жайлаған Ноғайлар 
өзара қырқыста Ресейге арқа сүйеді. Ал, Еділ-Жайық арасын жайлаған Ноғайлар 
түбі туыс деп Қазақ хандығына жақындады. Қасым хан осы Еділ-Жайық 
арасындағы Ноғайлы жұртын Қазаққа қосып алу үшін Ақжайықтың жағасындағы 
Сарайшықты астана етті. 1523 жылы Қасым хан өлгеннен кейін ұлдары Мамаш, 
Бұйдаш, Таһир хандар өзара талас-тартыста қаза тапты. Бұл кезде Қазақтың 
астанасы қандай қала болғандығы туралы нақты деректер жоқтың қасы. Тарихи 
деректерде Қазақ хандығының қайта етек-жеңін жинап, еңсесін көтерген 1538 
жылы таққа отырған Хақназар хан саналады. Хақназар ханның тұсында Қасым 
ханнан қалған жол түбі туыс жұрт Ноғайлыны Қазаққа қосып алу саясаты екпінді 
түрде қолға алынғанмен, Қазақ хандығы Сарайшық қаласына ие бола алмады. 


80 
Орыс патшасы Иван Грозныймен дос болған ағылшын көпесі Антоний 
Джениксон 1558-1559 жылдары Сарайшық қаласы туралы: «Теңізден бір күндік 
сапарда үлкен өзен жағасында гүлденген Сарайшық деген қалаға келдік. Бұл қала 
орыс патшасымен дос Измайл деген татар (ноғай) кньязының қол астында екен» 
деп жазады өз естелігінде. 
Сарайшықтың қирауы, құлауы Ресей тарихымен тығыз байланысты. 1556 
жылы Астрахань хандығын қолына қаратқан Иван Грозный 1559 жылы Ноғай 
ордасын да бағындырады. 1580 жылы Сарайшық Жайыққа көшіп келген орыс- 
казактардың шапқыншылығына ұшырады. 
Көне тарихы бар Сарайшық өлкесі тарих сахнасында «Мәңгілік Ел» мұрасы 
болып қалары сөзсіз. Ол Еділ – Жайық кеңістігіндегі, Каспий өңірін жайлаған 
халықтардың мың жылдық тарихын сақтаған саяси-мәдени орталығы болған қала 
ретінде маңызды. Бұл заманда күні өтіп, күлі қалған Сарайшықтың тарихын әлем 
біледі десек артық болмас. 

Download 3,74 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   162




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish