«сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы атырау облысы білім беру басқармасының Әдістемелік орталығЫ



Download 3,74 Mb.
Pdf ko'rish
bet151/162
Sana26.06.2022
Hajmi3,74 Mb.
#705534
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   162
Bog'liq
Jinaq123

А. Тілекқабыл 
Сағыз орта мектебі КММ, 
8сынып оқушысы 
Қызылқоға ауданы, Сағыз ауылы 
 
ТОБАНИЯЗ ӘЛНИЯЗҰЛЫ 
(1875-1930 ж.ж.) 
 
 
Бүгінгі тәуелсіз қазақ елінің де ғасырлар сынына төтеп беріп небір 
жаугершілік заманда да ұлттық тұтастығын сақтап қана қоймай дербес 
мемлекеттігін қалпына келтіруінің өзі халқымыздың біртуар перзенттерінің 
ақылгөй билері мен ел қорғаған ерлеріміздің, жақсы мен жайсаңдарымыздың 
ұлттық бірлікті қамтамасыз ету жолындағы ғасырлар бойғы күрестерінің 


299 
нәтижелері екені даусыз. Бүгінгі әңгімеміз-сол жайсаңдарымыздың бірі, кешегі 
алмағайып заманда халқына қорған бола білген, ел еркіндігі жолында құрбан 
болған жұмбақ та, заңғар тұлға Тобанияз Әлниязұлы хақында. 
Жастайынан сөзге жүйрік, тілге шешен, 14 жасынан бастап дау 
жанжалдарға билік айта бастайды. Патша үкіметі тұсында Бозащы түбегіндегі 
Шылым болысына болыс болып сайланады. Кейіннен 1916 жылдары қазақ 
жастарын армияға алуға қарсы шығып сол үшін түрмеге жабылады. 1918 жылы 
Адай уезі төңкеріс комитетінің төрағасы болып сайланады. Кейіннен уезде 
«Жеке дара хандық билік орнатқаны үшін» деген айыппен 1923 жылы кері 
тұтқындалады. Сол жылы халық комиссары Айтышевпен, Қаратаевтардың 
араласуымен босатылып елге келіп, Сағыз, Мұқыр өңірлерінде ел арасындағы 
жұмыстарға араласады. 1929 жылы кері тұтқынға алынып ату жазасына кесіледі. 
Тобанияз 1990 жылдың 26 сәуірінде Қазақ КСР Жоғарғы Сотының шешімімен 
ақталады. Өз перзентін өз халқына жау етіп көрсеткен, кешегі аласапыран заман 
талабы, Тобанияз туралы ақиқат деректерді халыққа жеткізуге мүмкіндік 
бермейді. Тобекеңнің 1922 жылы ревком төрағалығынан босағаннан кейін өлке 
мектептерінің құрушысы оның өзі болған. Қандай ел болмасын білімсіз, 
ғылымсыз жарқын болашағын қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан, Тобанияз 
басшылық қызметінде болған кезінде халықты ағартуға ерекше мән беріп, 
әсіресе, балаларға көптеген қамқорлықтар жасаған. Маңғыстау уезінің 
революциялық комитетінің төрағасы болысымен, бір жылдың көлемінде 
Маңғыстауда көптеп мектептер аша бастаған. Алғашқы мектептер Ақмышта, 
Жыңғылды мен Тигенде, Қызылқоға ауданының Ақшелек, Сағыздың Қопа, 
Буракөл деген жерлерінде ашылған. Осы мезгілдерде Фортта балалар үйі және 
интернат ашылып, қызмет істей бастады. Интернатта шалғай жатқан елді 
мекендер балалары жатып оқыса, балалар үйінде жетім балалар тәрбиеленеді. ... 
Ревком төрағасының мәмлегерлігі арқасында Дағыстан, Әзербайжан, 
Астраханьмен арадағы айырбас саудасы да бір сыдырғы жолға қойылды. 
«Тобекеңнің 
дипломатиялық-мәмлегерлік 
қызметінің 
шыңы 
Хорезм 
республикасымен арадағы бейбіт қарым-қатынасты жолға қоюы»-деп Ә. Спанов 
осы саладағы қайраткерлігін әділ бағалайды. (Ә. Спанов. Тобанияз 44 бет, 1995 
ж. Ақтау) Тобекеңнің қайраткерлігінің жаңа қырын дипломат ретінде ашқан, осы 
1921 жылғы Бесқалаға барған сапары. Хиуа хандығы мен Адайлар арасындағы 
ежелден келе жатқан барымта-тартыс күшейіп, шекаралас отырған ауылдарды 
түрікпен жасақтары жиі шауып кетіп отырған соң, Тобанияз бұл мәселені 
орталықтың алдына қойған. Алайда, Қазақстан үкіметі бұл жағдайға ықпал ете 
алмайды, әрі, үкімет басшылары өздерін бейтараптау ұстап бұл іске жете маңыз 
бермейді. Тобанияз бұл мәселені ревком мүшелерінің сұрауымен өз қолына алды. 
Бұл кезде Тобанияздың жақсы қаруланған мықты әскери күш құруға мүмкіндігі 
бар еді. (Қару-жарақтың көбі Толстов армиясын талқандағанда қолға түсірілген, 
әрі бұрын Тобанияздың Түркістан майданының қолбасшысымен тікелей 


300 
байланысы болған). Түрікпен және қарақалпақ халықтарының беделді 
адамдарымен, жергілікті үкімет мүшелерімен келіссөз жүргізіп, жағдайды 
талқылайды. Шекара, сауда-саттық, көші-қон, ел арасындағы қақтығыс 
мәселелерін ағайынгершілікпен, бейбіт шешу туралы келісімге келеді. Осылайша 
жауласқан көршілер арасындағы ұзақ жылғы жанжал тиылып, екі ел арасында 
бейбіт заман орнайды. 30-шы жылдардағы аштықтан босқан Адайлардың көбі 
Түрікменстанға барып жан сауғалағанда, екі ел арасындағы негізін Тобекең 
қалаған татулықтың маңызы зор болды. Қазіргі ашылып жатқан архив 
материалдары Тобекеңнің қазіргі Маңғыстау аумағының осы деңгейде 
қалыптасуына тікелей атсалысқан қайраткер екенін дәлелдейді. Бүгінгі 
Маңғыстау облысы, кезінде Закаспий облысының құрамында Түрікменстанға 
қарап келсе, 1920 жылы Тобекеңнің Орынборда Адай уезін Қазақстан құрамына 
қосу туралы мәселе көтеруі нәтижесінде, қазір егеменді Республикамыздың бай 
өндірістік өлкесі болып отыр. Бұл да Тобекеңнің еңбегінің жемісі екенін 
ұмытпағанымыз абзал. 1922 жылы, сол кездегі бірден-бір дара билік иесі және ел 
таныған көсем ретінде, халқы «қарадан шыққан хан» атаған Тобанияз қудаланып, 
қызметінен алынады және, «ұлт араздығына жол берген, дінді, ескілікті 
дәріптейді» деген сияқты айыптармен кінәланып, тұтқындалады. Алайда, оның 
халық ішіндегі беделінің зор екенінен сескеніп, абақтыдан амалсыз босатады. 
Тобанияз «Кіші Қазан» науқанына да қарсылық білдірді. «Ұжымдастыру елдің 
тұрмыс-салтына қарай біртіндеп, асықпай жүргізілгені дұрыс. Қазақта 
орыстардағыдай көп бай жоқ, сондықтан оларға салық саясатын қолданған жөн. 
Әйтпесе ел бүлінеді. Тізгінді қолдан бір шығарып алған соң бұл тарпаң ел 
қайтпайды, жұртын сипап қаласыздар» дейді Тобекең. (Ә. Спанов. Маңғыстау. 21 
қаңтар. 1995 ж.) Мұның қаншалықты дұрыс пікір екенін уақыттың өзі дәлелдеді. 
Қазақстандағы ПП ОГПУ төрағасының орынбасары жендет Алшанский 
Голощекинге 
жазған 
хатында... 
Әлниязов 
Тобанияз 
басқаратын 
контрреволюциялық ұйымдарды әшкерелегенін хабарлайды. Тобаниязға және 
оның «контрреволюциялық ұйымына». «1922 жылы Форт-Александровскіде 
кеңес үкіметіне қарсы қарулы көтеріліс дайындаған, Адай даласында жергілікті 
ұлтшылдықты қоздырып орыстарды қуғындаған, кеңес үкіметінің нұсқауын 
елемей оларды шариғат заңдарымен ауыстырған, Түрікменстан мен Ауғанстанға 
халықтың жаппай көшуін ұйымдастырған, Құрмаш Қосжанов бандысын 
қолдаған»-деген сияқты толып жатқан айыптар таққан. Алайда, ОГПУ оларды 
дәлелсіз, негізсіз айыптайды. «Дегенмен жергілікті халыққа сыйлы да құрметті, 
әрі өзінің де едәуір ауқатты шаруашылығы бар Тобанияз секілді көзі қарақты, 
көкірегі ояу ірі тұлғалардың дәстүрлі шаруашылықты қорғап, күшпен 
ұжымдастыруға наразы болғаны, Адай даласын басқаруға бөтен, орыс ұлты 
өкілдерінің жіберілуіне қырын қарағаны, зорлық, зомбылық пен аштық апаты 
төніп келе жатқан Адайлардың жан бағып Түрікменстанға жаппай көше 
бастауларын ұйымдастыруы заңды, табиғи еді деп ойлаймыз». (Т. Омарбеков. 


301 
Ақиқат. №6, 1995 ж.) Осы пікірлердің иесі тарихшы, ғалым Талас Омарбеков сол 
кездегі жағдайды дәл, әділ бағалаған. 1929 жылы желтоқсанда Тобанияз ұсталып 
Ақтөбе түрмесіне жөнелтіледі. 1930 жылы ОГПУ-дың үштігі Тобанияз бастаған 
69 азаматтарды соттайды. Тобаниязбен бірге 20 адам мал-мүлкі тәркіленіп 
атылады. Қалғандары әр түрлі мерзімге түрмеге айдалады. Бұлардың көбі Гурьев 
округтік партия конференциясына 1928-1929 жылдары Форт Александровскіден 
сайланған коммунистер еді. Халқымыздың ең көзі ашық зиялы деген 22 мың 
азаматтары атылып, 44 мыңы түрмелерге қамалған. Тобанияздың Дидар атты 
баласы жасынан қайтыс болды, ал Бердіхан мен Зәкіржан деген балалары әкесі 
үшін қудалауға түсті. Бердіхан азап түрмесінде көп зардап шегіп, аман оралған, 
кейін соғыста айып батальонында қаза тапса керек. Ал нағашыларын паналап 
Түрікменстанға қоныс аударған Зәкіржан сол жақта өмір сүріп, 1974 жылы 52 
жасында өмірден өткен. Тобанияз бабамыздың өзі айтқанындай, 12 атасынан бері 
қара табан кедей болған, етікші де болған, жона тіліп, ер шапқан, киіз үй 
жиһаздарын да жасай білген. Жастайынан тілге шешен, аңғарымды, зерек болып 
өседі. 12 жасынан бастап, ел ісіне араласа бастайды. Бала би де атанады. Ат 
құлағында ойнайтын шабандоз әрі ержүрек болып өседі...патша заманында болыс 
та болады. 16 жылдың дүрбелеңінде патша жарлығына қарсы шыққаны үшін, 
екінші рет түрмеге түседі, одан Ақпан көтерілісінен кейін бостандыққа шығады. 
Қазан төңкерісінен соң да қоғамдық істен шет қалмайды. 1918 жылы Маңғыстау 
ревкомының төрағасы болып тағайындалады. Жергілікті тұрғындар арасында 
ескі ұғыммен оны «хан» деп түсінгендері де болған. Алайда, Тобанияз 
Әлниязұлы ондай орынсыз даңғаза мадаққа қарсы болған. Оның үстіне, сол 
заманға сай орысша-қазақша сауатты хатшылары болғаны тарихтан белгілі. 
Оның қазақ халқының алдындағы орасан зор еңбегінің бірі –1920 жылы 
Маңғыстауды Закаспий облысынан Қазақстанға қосу кезінде атқарған айрықша 
еңбегі. Төрт ай бойы айтыс-талас, дау-шарды басынан өткерген. Оның алдында, 
жұртқа белгілі Әліби Жанкелдиннің отрядына байланысты, академик Салық 
Зимановтың айтуынша, Тобанияз 40 күн бойы ат үстінен түспеген. Алмағайып 
кезеңде оның басынан нелер келіп, нелер өтпеді дейсіз. «Жақтым – жала, жақтым 
– күйе» демекші, қаралаудың неше түрін естіді. Голощекиннің оны «князь!» деп 
атауын қайтерсің. Өткен ғасырдың 50 жылдарына дейін, кез келген милиция 
қызметкері «Тобаниязды мен ұстаған едім...» «Тобанияз бостандыққа шығыпты, 
елге келе жатыр екен» деген сияқты қауесеттер таралған-ды... «Аққа – Құдай 
жақ»,- демекші, ақырында, Тобанияз Әлниязұлы түбегейлі ақталып шықты.Тағы 
бір әңгіменің ұшығы Тобанияз бабамыздың әке-шешесіне тіреледі. Оның анасы 
Маңғыбай Көрпе Төртқара деген кісінің қызы, кенже Пұсырман келіні Жансұлу 
80 жасында дүниеден өткен. Бүкіл ауыл оны «кәрі шеке» деп атап кеткен. 
Тобанияздың жазғы жайлауы - ұлы бабасы, халық батыры Ер Қонайдан қалған 
қонысы, қазіргі Қызылқоға ауданына қарасты Буракөл деген елді мекен. Сол 
көлдің солтүстігіндегі шағын қауымда біраз ағайындары мен анасы Жансұлу 


302 
қария да жерленген. «Тобекеңнің әкесі Әлнияз жайлы ел аузында не жақсы, не 
жаман деген сөз жоқ. Мүрдесі қайда екені де белгісіз. Әлнияз, Құлнияз, Тұрнияз, 
тіпті, түпкі атасы Пұсырман зираттары не Алып Ана, не Түкті Ата не болмаса 
Көкмешітте болса керек. Олардың қайсы бірі осы маңда жерленген сияқты. 
Себебі Тобекеңнің жаз жайлауы Буракөл-Қопа маңынан ұзамаған, отырықшылық 
кезінде де осы аймақта тұрақтайды. Оның үстіне құдасы Уәли ( Абдолла 
хазіреттің ұлы –Т.Ж ) де осы атырапта тұратын. Көнекөз қариялар Тобекеңнің 
арғы аталары Жоңғар шабуылынан көп бұрын Алтай өлкесін жайлаған деседі. 
Адайдың Жеменей атты тайпасы болып есептелінетін бір бөлігін құрайды. Оның 
өзі Алтайдағы Жеменей өзенімен аттас. Ал, бұлардың Сауран айналып, 
Маңғыстауға жетуі тарихта 18 ғасырдың орта кезеңі деп есептелінеді. Содан 
тарайтын Тобекеңнің бесінші атасы Қонай ел аузына іліккен атақты батыр, 
өмірде болған адам. Оның ерлігі жайлы аңызға бергісіз әңгімелер бар. Белгілі 
халық ақыны Сәттіғұл Жанғабылов оған жыр арнаған. Сол Қонайдың жасөспірім 
кезін бейнелейтін бір аңыз әңгіме төмендегідей.Бірде ел үдере көшіп, 
қалмақтардан қашып келе жатады. Көштің алды Сырдан өтіп кетсе керек. Көш 
соңында жасы жеткен Есен қартқа қарайлап, оның екіқабат тоқалы, бір кішкене 
қызы мен он төрт жасар Қонай қалады. Кенеттен жау шоғыры көрінеді. Ойланып- 
толғанып тұруға уақыт жоқ. Есен қарт астындағы атын Қонайға ұсынып: «Шешең 
мен қарындасыңды мінгестіріп, мына атпен дариядан жалдап өт!» -,дейді. – Кәке, 
өзіңді қалай тастап кетемін, - деп, жылайды бала Қонай.«Мен жауға қарсы 
тосқауыл жасай тұрамын, тез атқа мін!» -,деп ақырады.Амалсыздан тоқал 
шешесін артына мінгестіріп, қарындасын алдына алып, дариядан жүзіп өтеді. 
Жағаға шыққан соң, артына бұрылып қараса, әкесі Есенді қалмақтар 
найзаларымен түйреп алып, жоғары көтеріп тұр екен. Сонда Есен қарт: -Көш 
бетін құбылаға түзесін. Бөгелме, кете бер! Елге сәлем айт, қош бол, балам! – деп, 
айқайлап үлгереді... Қонай бала батыр болып өседі, ел қорғанына айналады. Жем, 
Сағыз бен Ойыл бойында да Тобанияз бабамыздың бедерлі іздері қалды, талай 
дау-шарларда, айтыс, таластарда қара қылды қақ жарған әділ биліктері мен игі 
істері халық жадынан өшпек емес. Қазіргі жас ұрпақ тәуелсіздігіміздің қадірін 
елім деп еңіреп өткен кешегі аға ұрпақ өкілдерінің тарихи өмір шындығын тек 
жете білгенде ғана түсінетін болады. 
Ерін ардақтаған ел азбас, Тобекең халқымен қайта табысты. Осы күнге 
дейін Тобанияз туған халқының назарынан қағыс қалып келсе ол біздің кінәміз 
емес, заман кінәсі, уақыт кінәсі деп ұғынайық, ағайын. 

Download 3,74 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   162




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish