293
Қазақилықтың қаймағы бұзылмаған өзіміздің Сағыз ауылы
басқа ұлттың өкілдері тұратынына әлдекімдер таңданып,
қайран қалатын да шығар. Әйтсе де, шыны солай. Солардың
бірі - Сағыз ауылының тұрғыны, орыс қызы Мария
Николаевна Ревкова. Ол 1938 жылы Гурьев облысы Бақсай
ауданында шаруа отбасында дүниеге келген. Соғыс
басталғанда әкесі Николай қазақтың жігіттерімен бірге
соғысқа аттанып, анасы сегіз баламен қалады. Ревковтар
отбасы тіршіліктің қызығы мен қиындығын сол жерде қазақ
халқымен бірге бөлісті. Бірақ, тыл тауқыметі майдандағыдан
кем түспеді. Ерінің есен-сау
елге оралуын тілеген жан-
жары, балаларының да амандығын ойлады. Отбасының бар
ауыртпалығы өзінің мойнына түссе де мойымаған әйел-ана
күнелтіс қамымен Мақат ауданындағы Комсомол мұнай
кәсіпшілігіне көшіп келіп, осында жұмыс жасайды. Әне-
міне келіп қалады-ау, деп ардақтысын аңсаған аяулы жар
бір сәтке де үмітін үзбеді. Осылайша күндер, айлар, жылдар
жылжып өте берді. Отты жылдарды майдандағы жолдасын
күтумен өткізген қайран ана қиындыққа қажымастан ұл-
қыздарын осы күнге жеткізді.
Біздің кейіпкеріміз Мария апай да, жеті жылдықты тәмамдасымен
кәсіпшілікке жұмысқа орналасады.
1953 жылы комсомолдық жолдамамен Қызылқоға ауданына келген жас қыз
мұндағы
«Алғабас»
колхозында
әр
түрлі
жұмыстар
атқарады.
Еңбектің дәмін
ерте татып
өскен
жан
жұмыстан
тартынбады.
Колхоздың
озат сауыншысы атанған
орыс қызы зеректігімен,
өнерге машықтығымен де
көзге түсіп, 1966 жылдан
Сағыз селосында
біраз жыл
клуб меңгерушісі болды. Кейінірек кулинария оқуын оқып келіп, Ленин
атындағы совхозда аспазшы, 1979 жылдан наубайханашы қызметтерін атқарып,
зейнеткерлікке шықты. Құдай қосқан қосағы Қойшығали Кенжеғалиев екеуі
құрған отбасынан сегіз ұл мен қыз өсіп-өнді. Балаларынан бүгінде жиырманың
үстінде немере-жиен сүйсе, үш шөбере көріп отыр.
294
Мария апай келін түсіріп, қыз ұзатқан бақытты шаңырақтың абзал анасы.
– Қызылқоғадай қасиетті де киелі өңірдің
топырағын басып, суын ішіп жүргеніме
алпыс жылға жуықтады. Халқы кеңпейіл,
қонақжай, жері берекелі аудан ғой бұл.
Сондықтан да, осы өлкені өз туған жерімдей
сезінемін.Тек қана заманымыз осылайша
тыныш болып, бірлігіміз жарасып, еліміз
өркендесін. Қазақ елін татулыққа, бірлікке
жеткізген Елбасымыз аман болып, ұлттар
мен ұлыстар арасындағы туыстық жарасым тапқай,-дейді Мария апай үлкен
тебіреніспен бір сәт.
2008 жылы құрылған селодағы «Нұр тамшы» атты әжелер ансамблінің белді
мүшесі, әрі солисі. Әншінің репертуарындағы «Ахау керім», «Ойылым»,
«Теріскей», «Қазақ қызы», «Сарыарқа», «Дудар-ай», тағы да басқа әндердің
тыңдарманды тәнті қылып, көрерменнің көңілінен шығып жүргеніне өзіміз де
талай мәрте куә болдық.
Әжесінің жолымен өнер қуған немересі Александра былтырғы жылы Астанада
өткен КАТЕV Халықаралық қоры ұйымдастырған «Жарқын болашақ» атты қазақ
тілі олимпиадасының «Әнші бұлбұлдар»
бағыты бойынша І орынды иеленіп, Алтын
медальды жеңіп алған еді. Байқаудың
қорытындысымен Алматы қаласындағы
Сүлеймен
Демирел
атындағы
университеттің
грантын
иеленді.
Журналист мамандығын таңдаған ол
бүгінде аталмыш оқу орнының
бірінші
курсын бітірді. Қазақстан – жүз отыздан
астам ұлт пен ұлыстың құтты шаңырағына
айналған, қиын-қыстау кезеңдерде қол-ұшын созып, баршаны жатсынбай
бауырына басқан ыстық ұя. Дүйім елді бірлікке бастаған бауырластығымыз
ұзағынан болып, көпұлтты қазақ елінің ертеңі бүгінгіден де нұрлы болғай!
Do'stlaringiz bilan baham: